Жазушы Дүкенбай Досжаның «Алаң» шығармасының тілі


Ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев“Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы”



бет13/25
Дата13.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480676
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
asem

Ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев“Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы”атты еңбегінде:Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады. 1990ж шыққан «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» фразеологизмге мынадай анықтама берілген: «Фразеологизм дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық және мағыналық байланыста қолданылады».
Зерттеуші-ғалымдар Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев“Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы”атты еңбегінде фразеологизмдердің пайда болу негіздерін үшке бөледі:
  • Кітаби фразеологизм.
  • Ауызекі-тұрмыстық фразеологизм.
  • Стильаралық фразеологизм

Ғалым І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегі тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркологияға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің « Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы » атты бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологимдердің теориялық мәселелерін жан- жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан. Орыс тілі білімінде академик, В.В. Виноградовтың классификациясын негізге алып бөледі. Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тұтастық.Бұл топқа фразеологизм құрамындағы сөздер бір –бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады
Фразеологиялық бірлік.Мұнда да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері
Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет