Жедел ларингит көмей шырышты қабығының қабынуы



бет1/11
Дата18.08.2023
өлшемі56.7 Kb.
#476124
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тыныс алу ағзалары және Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары


Жедел ларингит
Жедел ларингит – көмей шырышты қабығының қабынуы.
Себептері: Ларингиттер парагрипп, А гриппі, респираторлы-синцитиалды және аденовирус жұқпасымен қоздырылатын ауру. Кейбір кездерде бактериялар, механикалық және химиялық тітіркендіргіштер де аурудың себебі болуы мүмкін.
Патогенезі. Қабыну процессі көмей қақпашығының, дауыс байламының, байлам асты кеңістігінің шырышты қабығында орналасуы мүмкін. Шырышты қабығы ісінеді, қызарады, шырыштың пайда болуы жоғарылайды. Қабыну процессі байлам асты кеңістігіне түскен кезде патологиялық жағдайдың келесі негізгі компоненттері пайда болады: ісіну, шырыштың көп мөлшерде пайда болуы, қөмей бұлшық еттерінің жиырылуы. 
Клиникалық көріністері. Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дауысы қарлығып шығады, құрғақ, «үрмелі» жөтел пайда болады, дене қызуы кетеріледі. Тыныс алуы қиындамайды. 4-5 күннен кейін бала жызылып кетеді.
Емі. Бала қатты сөйлемеуі, айқайламауы керек. Ыстық, ащы тамақ берілмейді. Балаға жылы сусындар ішкізу, кеудесіне қыша қағаздарын қою, ингаляцияциялар жасау.
Көмейдің жедел тарылуы (жалған круп) - қабыну процессі байлам асты кеңістігінде пайда болады. Көбіне, аллергиялық диатезбен ауыратын 6 айлық-3 жасар балаларда кездеседі. Осы кезде балалардың дыбыс желбезектері астының клетчаткасы ісініп, тыныс саңылауы тарылып бітеледі. Стеноз көбіне түнде кенеттен дамиды, баланың тыныс алуы қиындайды, даусы өзгереді, дөрекі жөтел пайда болады. Бала мазасыз, терлейді, көзіне үрей пайда болады, еріндері мен мұрын - ауыз ушбұрышы көгереді.
Жалған круптың ауырлығына байланысты 4 дәрежесі бар.
І дәрежесі, компенсаторлық - «үрмелі», дөрекі жөтел, дауыс қарлығу, жылағанда шулы тыныс алу.
ІІ дәрежесі - мазасыздық, жиі жөтел, қосымша бұлшық еттердің қатысуымен болатын ентікпе, мұрын асты үшбұрышының көгеруі. Балада қатты тершеңдік пайда болады.
ІІІ дәрежесі, декомпенсаторлық - бала мазасыз, үрейі ұшқан, төсекте маза таба алмай жатады. Терісі көкшіл, жабысқақ суық тер, еріндері көк, қол-аяқтары көгерген (акроцианоз). Кеудесінің қосымша бұлшық еттері, эпигастрий аймағы дем алуға қатысады, өте қатты ентікпе. Пульсі жиі, әдетен тыс, жүрек тондары күңгірт.
ІV дәрежесі (асфиксия) - бала басын шалқайтып жатады, қиналып дем алуға тырысады, мойынныың қосымша бұлшық еттері қатаяды. Біртіндеп тыныс алуы доғарады. Пульсы әлсіз, ретсіз. Жүрек тондары керең. Біртіндеп жүрек тондары басылады, ретсізденеді, содан кейін тоқтайды.
Емі. Көмейдің жедел тарылуы кезінде бала тез ауруханаға жеткізіледі. Бала бөлек бөлмеге жатқызылады, физикалық және психикалық тыныштық қамтамасыз етіледі, ұзақ үзіліссіз үйқы, таза ауа, жеке бас күтімі өткізіледі. Баланың шырышты қабықтарының құрғақтығын азайту үшін бала ұзақ уақыт өте ылғалды ауада (тропикалық ауа райы) болғаны жөн. Сілекейді сұйықтыратын дәрілер (бикарбонат натрий ерітіндісі, сүт қосқан «Боржоми»), ингаляциялар, протеолиздық ферменттер (трипсин, ацетилцистеин терремитин, дезоксирибонуклеаза)
2) қақыртатын дәрілер: мукалтин, бромгексин, қақыртатын микстуралар (алтей, термопсис)
3) бронхолитиктер - эуфиллин, эфедринмен буландыру, ауыз арқылы бронхолитин не солутан, ауыр кезде эуфиллин тамыр арқылы. Ингаляциялар жылылығы +40-450 С.
4) Оттегітерапия (гелиймен немесе шөптер тұнбасымен).
5) Рефлекторлық ем: ыстық аяқ ванналары, кеудеге қыша қағазы, озокерит «етікшелері».
Бала сөйлемеу керек.
Бронхит
Жедел бронхит - басқа вирустық жұқпалармен қоса жүретін бронхтардың қабынуы.
Себептері: вирустар, бактериялық микрофлора, микоплазмалар. Бейімділіктер арасында газды және булы химиялық заттар, аллергендер, темекінің түтіні, бронхқа түскен бөгде заттар, салқын ауамен тыныс алу жатады.
Патогенезі: Бронхит кезінде тыныс жолдарының эпителийі зақымданады, бронх талының қоректенуі бұзылады. Шырышты қабықтың ісінуі, бронхтар ішіне патологиялы шырыш бөлінуі, бронхтардың көшіру қабілеті бұзылуы, бронхтың тарылуы - өкпедегі ауа алмасуының нашарлауына соқтырады.
Клиникалық көріністері: Негізгі белгілері болып жөтел, бронхтардың екі жағында да естілетін тұрақсыз әр түрлі құрғақ және ылғал сырылдар, өкпе және тамырлар суретінің күшеюі, өкпеде ошақты және инфильтратты өзгерістердің жоқтығы. Ауру баланың жалпы жағдайы нашарлаудан, дене қызуы көтерілуден басталады. Ересек балалар бас ауруына, төс артының күйінуіне, қысылуына шағым айтады. Ауру басында құрғақ, үзіліспен, қажырлы, түнде күшейетін жөтел бес-алты күннен кейін ылғал болады. Жас балалар бөлінген қақырықты түкіріп тастай алмаған соң құсық пайда болуы мүмкін, сәби қақырықты жұтып қояды. Өкпе үстендгі перкуторлық үн өзгермеген. Аускультациялау кезінде өкпе үстенде әртүрлі ылғал және тұрақсыз құрғақ сырылдар. Жедел бронхиттен 2-3 жұма өткеннен кейін бала оңалады.
Емінде жөтелге, дене қызуына, ентікпеге, көгеруге назар аудару. Ауру бала жақсы желдететін, ылғалдығы жоғары бөлмеде орналастырылады. Вирусты этиологиясына байланысты бірінші екі күнде балаға лейкоцитты интерферон, гамма-глобулин, ДНК-аза тағайындалады. Вирусты-бактериялық жұқпада антибиотиктер беріледі. Ересек балаларға бронхиттің жеңіл немесе орташа ауырлық ағымында сульфаниламидтермен ғана тынуға болады. Қақырықты сұйқтандыру және бөлінуін жеңілдету үшін мол мөлшерде жылы сілтілі сұйықтықтар («Боржоми», ас содасы қосылған сүт), қақыртатын тұнбалар, мукалтин, «Пертуссин», «Бромгексин» беру керек. Бронхтардың тарылуын азайту және өкпелер қанағымын жақсарту үшін эуфиллин, төс артындағы ауырсынуды азайту үшін-төске, жауырын аралығына қыша қағазын, жылыту компресстерін, ыстық аяқ ванналарды қолдану. 
Тыныс жетіспеушілігіне қарсы - оттегі беру. Бронхтардың қан ағымын қалпына келтіру үшін физиоем (индуктотермия, электрофорез, микротолқынды ем), емдік дене шынықтыру, діріл әсерлі массаж жасалады. Қайталанатын бронхит кезінде өкпе және тыныс гимнастикасына, созылмалы жұқпалар ошақтарын жоюға десенсибилиздаушы емге қөңіл аудару керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет