Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


тарау. Бұрғылау мұнарасын және бұрғылық



бет3/25
Дата24.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#14056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

2 тарау. Бұрғылау мұнарасын және бұрғылық

қондырғыларды тұрғызып – жинау
174. Мұнараны тұрғызу операциялары тәуліктің жарық мезгілдерінде, жұмыс жетекшілері қатысуымен жүргізіледі.

175. Мұнараны жинау арнайы стеллаждарда жүргізіледі. Сатыларды, балконды, сақтандырғыш роликтер, тальдік блок биіктігін тежегіш роликтер мұнараны көтерер алдында орнатылады.

Мұнараның тіреуші негізі ретінде бір бірімен байланыспаған, бөлек негіздері пайдалануға болмайды.

176. Жерде жиналған мұнараны көтеруге пайдаланылатын механизмдер мен құрылғылардың жүк көтеру запасы (шығыршықтар, стеллаждар, болат арқандар, роликтер және тағы басқалар.) күтілетін салмақ қатынасына үш еседен кем болмауы тиіс. Мұнараны көтерер алдында көтеру механизмдері, қосымша құрылғылар, болат арқандар, шынжырлар жұмыс жетекшісімен жарамдылығына тексеріледі.

177. Мұнараны көтеру, іргетасқа түсіру төменгі жылдамдықта, сілкілеусіз жүргізіледі. Сонымен қоса болат арқанның, көтеру шығыршығы барабанына оралу дұрыстығы бақыланады.

178. Көтерілетін мұнараны, құлап қалудан немесе түсіру кезінде іргетасқа соққы болмауы үшін ұстап тұратын сақтандырғыш кергішпен жабдықталады.

179. Жиналған мұнараны немесе оның бөліктерін көтеру (түсіру) көтергіш шығыршықтар, кран немесе тракторлармен жүргізіледі. Осы уақытта осы көтеру механизмдері және жұмысшылар мұнара биіктігіне 10 м қосқандағыдай ара қашықтықта орналасады. Мұнара тіреуіштері негіздері нығыздап қатайтылады.

180. Мұнараларды түсіріп – жинау мекеменің техникалық жетекшісімен бекітілген, жұмыстар тәртібі және ретін анықтаушы технологиялық регламенттермен жүргізіледі.

181. Қыртыс бұзушы органның негізгі құрастырмалы бөліктерін жинап – құру операцияларын жүргізу мекеменің қыртыс бұзушы органның жасаушының пайдалану құжаттары талаптарына сай жүргізіледі.

182. Стационарлық және бағана қазуға қолданылатын жылжымалы көтеру машиналары қондырғылары, крандық жұмыстары өндірісі кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкес жасалынады.

183. Қазғыш айналмаларын орнату, шешу және тексеру, оларды жалғанған жерлерінен ажыратқан соң, мұнара астынан алып кетіліп және жұмысшы бөлігі (ұршығы) жоғары қаратылған кезінде жүргізіледі.

184. Қыртыс қазушы органның айналмала – шешу жұмыстарын бағана үстінде және ілініп тұрған жүк астында жүргізуге болмайды.



3 тарау. Бұрғылау қондырғыларын және

құрал – жабдықтарын пайдалану
185. Кеніштік газдың сыртқа шығып кету қауіпі бар шахта бағаналарын қазу кезінде бақылау тұлғасы, жуу сұйықтықтарын тазалау бұрғылау сораптары ғимараттарында және кездесетін қатпарларда 10 м сайын, қатпарларды қазып өткен соң қатпардан 5 м төмен қашықтықтарда ұңғы бағанасы аузында метан (сутегі және тағы сол сияқты.) концентрациясы құрамын өлшеуді жүргізеді.

Өлшеу ауысымында үш реттен сирек болмауы, ауа температурасы – 100 С болғанда резиналық ыдыстар қолданып, қыздыру арқылы құрамында газ болуын анықтау үшін санды портативтік газ анықтағыштар пайдаланылады. Өлшеу нәтижелері «Бұрғылау журналына» жазылып, өлшеген тұлғаның қолы қойылады.

Газ құрамы 1 % жеткенде бұрғылау қондырғысының жұмысы тоқтатылады, ғимарат ішіндегі бұрғылау ерітіндісін тазалау электрлік қондырғылар ажыратылады. Әрі қарай жұмысты жалғастыруға, газдалған орындардағы желдеткіштердің нәтижелі жұмысы арқасында газ концентрациясын 1 % төмендету мүмкін болған жағдайда болады.

186. Ұңғы бағанасын қазу кезінде жуу сұйықтығымен тұрақты түрде толтырып тұрады. Жуу сұйықтығымен ұңғыны толтыру деңгейі ұңғы қазуға арналған жобада көрсетіледі.

187. Бұрғылау шығыршығындағы салмақ көрсеткіштеріндегі салмақ, мұнара шыдамдылығынан асып кеткен жағдайда бұрғылау шығыршығы жұмыстары тоқтатылады.

188. Ұңғы аузындағы платформаларды, қыртыс бұзғыш органды түсіру және бекіту тізбегін түсіру кезіндегі уақыттардан басқа уақытта ашық қалдыруға болмайды.

189. Машиналық кілттері ауа қысымы арқылы ашқышының білегіне баратын болат арқаннан басқа мұнараға бекітілген құрылғыларға екіден кем емес бұрандалы қысқышпен қатайтылған сақтандырғыш болат арқандармен жабдықталады.

190. Қызмет етуші тұлғалар, машиналық кілттің қозғалысы радиусында және кілттің кергіш болат арқанына жақын жерде, бұрғылау құбырларын шешіп – қатайту кезінде орналасуына болмайды.

191. Бұрғылау құбырларын қатайту және босату, бұрғылау құрал – жабдықтарын қозғалту операциялары автоматтық катушка, машиналық кілттер және басқа құрылғылар көмегімен жүргізіледі.

192. Машиналық кілттердің размерлеріне сәйкес келмесе, кілттердің ұстайтын жерлері сынса, тістері желінсе және ұстайтын жерлеріндебекітрілетін айналма бұрандалар болмаған жағдайда машиналық кілттерден жұмыс жасауға болмайды.

193. Сазараластырғыш жұмыс істеп тұрғанда оған сазды және басқа заттармен тығындауға, люктен торды алып тастауға және люк арқылы ерітінді үлгісін алуға болмайды.

194. Сазараластырғышты жөндеуге тоқтатқан кезде саз араластырғыштың тегершігінен қозғалтқыш белдіктері шешіледі, ал қозғалтқыштық қосқыш құрылғыларына «Қосуға болмайды – адамдар жұмыс жүргізуде!» деген плакаттар ілінеді.

195. Ұңғының ашық бағанасы, бағанадағы тюбингтік тығындаманы шешу жұмыстарына жұмылдырылған жұмысшылар сенімді негіздерге бекітілген сақтандырғыш белдіктер пайдаланады.

196. Бағанадағы жарықтарды жамайтын барлық жұмыстар, элементтер араластыру және бекітпені суастындағы амалдар арқылы көтерудегі басқа жұмыстар бекітпеге бекітілмеген ілінбелі сөре арқылы жүргізіледі.

197. Мұнараның тальдік жүйенің ілгешегімен бекітпе бөлігін, егер бекітпе бөлігінің, жалғамалық құрылғымен қосқандағы салмағы мұнара және тальдік жүйенің жүккөтергішінің 3/4 бөлігінен асып кетсе көтеруге болмайды.

198. Шегендеу құрылғылары сақтандырғыш клапанмен және екі монометрлермен жабдықталады, монометрдің біреуі агрегатта, екіншісі тампонаждық құбыр басында болады.

199. Бұрғылау қондырғысының машинисті қазу кезіндегі барлық жарамсыздықтардарды «Бұрғылау журналына» жазады және қабылдаушы ауысымға осы туралы хабарлайды.

4 тарау. Ұңғы бағанасын бекіту
200. Қазылған ұңғылар жабылады немесе қоршаланады.

201. Бекітпені түсірер алдында, шахта бағанасын бекіту жұмыстарының жетекшісі, мұнараның, қондырғылардың, тальдік жүйенің, бақылау - өлшеу приборларының жарамдылығын және іргетас жағдайын өзі тексереді. Анықталған кемшіліктер бекітпені түсірер алдында жойылады. Бекітпе тізбегін түсіру жұмыстарын ҰЖЖ сәйкес бақылау тұлғасы басшылығымен жүргізіледі.

202. Бекітпенің бөліктерін орнату кезіндегі дәнекерлеу жұмыстарын бағана аузында жүргізілгенде, ұңғыда жуу сұйықтықтары толтырылуы қажет.

203. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезіндегі бағанадағы барлық өлшемелер, ұңғы қазуға арналған маркшейдерлік құжаттамаларда көрсетіледі.

204. Бұрғылау жұмыстары және ұңғы бағанасын бекіту жұмыстары аяқталған соң оның айналасы биіктігі 2,5 м қоршаумен қоршаланады.

205. Қазылған бағананы көлденең (қиғаш) тау қазбаларымен, бағана толық кепкенше және бекітпені жобалық шамаларға жеткенше қосуға болмайды.



6 бөлімше. Қыртыстарды алдын ала қатыру

арқылы шахта бағаналарын қазу

1 тарау. Қатыру жүйелерін жобалау, құрастыру және пайдалану
206. Шахта бағаналарын қыртысты алдын ала қатыру арқылы қазу кезіндегі қатыру амалдары және қатыру бекеттері түрлері, бағана қазу жобаларында анықталады.

207. Бағана қазу жобаларында қатыру тереңдіктері, ұңғы орналасуының аумағы диаметрі, тау қазбаларының типтік остеріне ұңғыны жалғау, қатырылатын және бақылау ұңғылар саны, қатырылатын тізбектік құбырлар диаметрлері, ұңғы құрылымы, геологтық – техникалық наряд көрсетіледі.

208. Аммиактік қатыру бекетін жобалауға, орнатуға және пайдалануға, аммиакты салқындату құрылғылары құрылымы және талаптары басшылыққа алынады.

209. Машиналық бөлімшелері немесе бір қабаттық компрессорлық бөлмелері, төбелері қиын жанатын материалдардан салынады.

210. Қатыру бекіттері ғимараттары өндірістік ғимараттардан 10 м жақын емес және тұрмыстық ғимараттардан 40 м жақын емес қашықтықтарға әкеледі.

Қатыру бекеттерін орнату және пайдалану кезінде, қолданыстағы аммиакты мұздатқыштық қондырғыларды қауіпсіз пайдалану кезінде, қолданыстағы аммиакты мұздатқаштық қондырғыларды қауіпсіз пайдалану нормалары басшылыққа алынуы керек.



2 тарау. Мұздатқыштық қондырғылар

1 параграф. Жалпы талаптары
211. Мұздату қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуге жіберілген қызметкерлер төмендегілерді білуі керек:

1) мұздату қондырғыларын қауіпсіз пайдалану ережелерін және құрылымы, жұмыс істеу принципі;

2) мұздату процестеріне байланысты элементарлық физикалық ақпараттарды;

3) мұздатқыш агенттер қасиеттерін;

4) мұздатқыш құрылғылардың жұмыс режимдерін;

5) құрылғыларға қуат беру және жөндеу ережелерін;

6) мұздатқыш құрылғылардың жұмысын есептеу құжаттарын жүргізу тәртібін.

212. Қатыру бекеттерін қауіпсіз пайдалануын бақылау тұлғасы қамтамасыз етеді.



2 параграф. Өрт қауіпсіздігі шаралары
213. Қатыру бекеттері ғимараттарында ашық алау пайдаланылмайды.

214. Қатыру бекеттері ғимараттарында жанар – жағармай материалдарын және материалдарды сақтауға болмайды.

215. Әрбір мұздатқыш қондырғыларда ОУ – 5 типтік от сөндіргіштер пайдаланылады.

216. Барлық өрт сөндіру құралдары, өртке қарсы қондырғылар және жабдықтар, еркін баруға мүмкіндік беретін ашық, көрінетін жерлерге орналастырылады.


Параграф 3. Арматуралар және бақылау - өлшеу приборлар
217. Сақтандырғыш клапандар оларға арналған қысымға сыналады және пломбаланады. Сақтандырғыш клапандардың жарамдылығы бір жылдан сирек емес уақытта акт толтыру арқылы тексеріледі.

218. Жарамсыз сақтандырғыш клапандары орындарын бітеп тастауға болмайды.

219. Компрессорлар мен аппараттарда орналастырылған монометрлер және мановакуумметрлер 2,5 нан жоғары класты болады.

220. Пломбасы немесе сүргісі жоқ, тексеру уақыты өтіп кеткен, жарылған немесе бүлінген шынысымен монометрлерді қолдануға болмайды.



4 параграф. Орнату
221. Машиналарды, аппараттарды және өткізгіш құбырларды орнату кезінде ашып – жабу арматуралары салқындату агенті қозғалысы бағытына орнатылады және оны клапанға бұрады. Ашып – жабу құрылғылардың бұрамасын төмен қаратып орнатуға болмайды.

222. Өткізгіш құбырлар жүйесі және мұздату агенті толтырылуы керек аппараттар, орнатқаннан (бояу және оқшаулау) соң, зауыт – жасаушының аталған қондырғыларға орнатқан қысымына сәйкес акт толтыру арқылы қысыммен сыналады.

223. Мұздатқыш агенттігін толтырар алдында барлық компрессорлар, өткізгіш құбырлар және аппараттар қоқымдардан мұқият тазаланады, кептіріледі және 40 мм сынап бағанасынан жоғары емес қалдық қысымына дейін вакуумдалады.

224. Салқындату жүйесін салқындату агентімен толтырар алдында, баллондарда керекті салқындату агенті бар екеніне көз жеткізіледі. Тексеру, баллон температурасы, қоршаған орта температурасына тең болған кездегі қысымда жүргізіледі. Тексеру алдында баллон осы ғимаратта 6 сағаттан кем емес уақыт тұруы қажет. Салқындату агенті қысымының температураға байланысы бу толтырылу кестесіне сай тексеріледі.

225. Баллон бұрамасы ниппеліндегі қалпақтық бұранданы ашу қорғаныш көзілдірігі арқылы жүргізіледі. Сонымен қоса, баллон бұрамасы шығыс тесігі жұмысшыдан қарсы бағытқа бағытталады.

226. Жүйені толтыру кезінде мұздату агенті төменгі қысым бағытына беріледі. Баллондарды жүйеге жалғау үшін күйдірілген мыс құбырлар немесе мықтылығы және қаттылығына сыналған май бензинге шыдамды шлангалар қолданылады.

227. Салқындату жүйесін толтыру немесе одан салқындату агенті алу жұмыстарынан басқа кезде, салқындату агенті бар баллондарды салқындату қондырғысына жалған, тастап кетуге болмайды.

228. Жүйені салқындату агентімен толтыру кезінде баллонды қыздыруға болмайды.

229. Салқындату агенттері баллондарын күн көзінен қорғайтын арнайы қорғанышсыз сақтауға немесе тасымалдауға болмайды. Машиналық бөлмеде, қоймадан басқа ғимараттарда салқындату агенті бар баллонды 2 данадан артық сақтауға болмайды.

5 параграф. Пайдалану
230. Салқындату қондырғыларын жоспарлы тексеру және жөндеу ұйымның бас механигімен бекітілген, зауыт – жасаушының ұсыныстары және әрбір қондырғының пайдалану жағдайы ескерілген кестеге сай жүргізіледі.

231. Кезекшілік кезінде машинистке, салқындату қондырғысына қызмет жасаудан басқа жұмыстар тапсыруға болмайды.

232. Кезекші машинистер ғимараттарында, бөлмелерінде қондырғылар схемелары ілінеді.

233. Машинист бөлмесінде екі данадан кем емес резиналық қолғап, газдан қорғаныш болуы тиіс. Газдан қорғаныш жылына бір реттен аз емес уақытта, және сонымен қоса зауыт – жасаушы нұсқаулылығына сай әрбір қолданылғаннан кейін тексеріледі.

234. Компрессордан шығатын қысымдық бұранданы жабу үшін, компрессордың автоматты түрде қосылу мүмкіндігін болдырмау керек. Бұранда бұрағышына «Бұранда жабық» деген плакат ілінеді.

235. Компрессордың пайдасыз кеңістігі жүйесін өлшеу тек белдікті қолдап айналдырып жүргізіледі.

236. Машиналық ғимарат ішінде темекі шегуге тыйым салынады.

237. Мекемеге түскен компрессорлық майдың әрбір партиясына зауыттық паспорт – сертификат болады.

238. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың, баллондардың және аппараттардың ашылып – жабылуына қиындық туғызатын, бұрамалары, клапандары және тығыздамалары істен шыққан, жарамсыз бітемелі арматураны пайдалануға болмайды.

239. Бұрандалардың жабысуын болдырмау үшін, оларды түбіне дейін ашып, ұстауға болмайды.

Егер пайдалану жағдайына байланысты бітемелі бұрама толық ашылатын болса, оны толықтай ашып, сосын жабу бағытына қарай бұраманы 1/8 айналымға бұралады.

240. Машина және аппараттар жанындағы өту жерлері бос, өту едендері жарамды болуы тиіс.

241. Жарамсыз автоматты приборлармен жұмыс жүргізуге болмайды. Компрессордың автоматты түрдегі қорғау приборларын тексеру жылына бір реттен кем емес уақытта, акт рәсімдеу арқылы жасалады.

242. Қондырғылардан қоршамаларын шешуге, компрессорлардың өздігінен қосылу мүмкіндігінен ажыратылған соң болады.

243. Машиналар және аппараттардың қозғалып тұрған бөліктеріне, жұмыс істеп тұрғанда және тоқтаған уақытта қол тигізуге, олардың автоматты қосылуы ажыратылған соң ғана болады.

244. Бір уақытта аппараттардағы кіріс – шығыс бұрамаларын, сұйық салқындату агентімен 80 % көп көлемге толтырылғанда жабуын тастауға болмайды.

245. Салқындату агенттері шығып тұрған орындарды анықтау үшін ағудыіздегішті, галоидті шамды, сабынды көбікті пайдалануға болады.

246. Салқындату агентінің ағып тұрған жері анықталған бойы бітеледі. Флянецті жалғамалардың бұрандаларын қатайтуға, бітемелі арматуралардың тығыздамаларын толықтай немесе бөлшектеп ауыстыруға, бүлінген учаскедегі салқындату агенті қысымы атмосфералық қысымға дейін төмендегенде және осы учаскені басқа жүйеден ажыратылған соң ғана болады. Салқындату агенті көптеп ағуын байқалса, компрессор тоқтатылып, желдеткіштер қосылады, есік – терезелер ашылады және ағып тұрған жер бекітіледі.

247. Компрессорларды, аппараттарды және өткізгіш – құбырларды, егер салқындату агенті қысымы атмосферлік қысымға дейін төмендегенде және 20 минуттан кем емес уақытқа тұрақты қалғанда ашуға болады.

Апаттарды, қабырғалары температурасы (ашу кезінде) – 35 0 С төмен болғанда ашуға болмайды.

248. Компрессорлар және аппараттардың ішкі бөліктерін тексеру кезінде, қуаты 12 В көп емес тасымалы шамдары немесе қалталық электрлік және аккумуляторлық шамдарды пайдалануға болады.

249. Құбырлардың ішінен өтетін бұға айналдырғыштардың тұздық құрамы, тұздық қату температурасы, жұмыс кезіндегі салқындату агентінің қайнату температурасынан 8 0 С төмен болған жағдайдағыдай болады.

250. Қаптамалы құбырлық аппараттардың құбырларын механикалық тазалау, оларды салқындату агентінен босатылған соң жүргізіледі.

251. Қысқы уақытта кондырғылардың жұмыстары тоқтатылатын болса, сумен салқындатылатын барлық апараттардан және машиналардан, су магистралдарынан сулар ағызылады, төгіледі.

252. Компрессорлар ұзақ уақытқа тоқтатылғаннан кейін, оны қайта қосу, қатыру бекеттерін қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етуші бақылау тұлғасы рұқсатымен жүргізіледі.

253. Аппараттарды немесе өткізгіш құбырларды дәнекерлеу немесе жамау алдында, олардан салқындату агенті ауамен үрлеу арқылы шығарылады.

254. Дәнекерлеу немесе жамау жұмыстары өртке қарсы шараларды сақтап, ашық терезеде және есіктерде немесе тазалау желдеткіштерінің тоқтаусыз жұмысы кезінде жұмысы кезінде жүргізіледі.

255. Электрлік аппаратураларды, электрлік қозғалтқыштарды, электрлік қондырғыларды бұзу және жөндеу, электрлік арматуралардағы шамдарды ауыстыру және басқа да осындай жұмыстарды жүргізу қуаттар ажыратылған соң жүргізіледі.

256. Салқындатқыш қондырғыларды пайдалану «Қатыру бекеттері жұмыстарының есебі журналына» тіркеледі (2 – қосымша). Салқындатқыш қондырғыларына қызмет ету кезінде, машинист қондырғыларды сыртынан тексеру жүргізеді, олардың тығыздығын қарайды, қондырғылардың үстін шаңнан және балшықтан тазалайды. Барлық жарамсыздықтар, олардың түзетілгені жөніндегі белгілер журналға жазылады.

3 тарау. Қабаттарды қатыру
257. Қабаттарды жасанды түрде қатыру жұмыстарын орындау, қондырғылар және өткізгіш құбырларды жасау, орнату, бөлшектеу, жөндеу және пайдалану кезінде ҰЖЖ және осы Талап басшылыққа алынады.

ҰЖЖ өкілетті органнан аумақтық бөлімшелермен келісіледі.

258. Қатыру бекетін және тұздық жүйені, сынама жұмыстарынан кейін және оларды құрамында өкілетті органның аумақтық бөлімшелері өкілдері бар комиссиямен қабылданған соң пайдалануға болады. Бекеттерді пайдалану, қондырғыны жасаушы зауыттың нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

Қатыру бекеттерінде олардың жұмыстары көрсеткіштерін «қатыру бекетінің жұмысы есебі Журналына» тіркеу жүргізіледі.

Кезекші машинисті барлық көрсеткіштерді және қатыру бекеті жұмысында орын алған инцинденттерді журналға тіркейді.

259. Машиналық бөлімдердегі қабырғалар бойынша еркін өту жерлерінің, және машиналар арасындағы өтпелілер ені 1,5 м кем болмайды, ал машиналық және апараттық ғимараттардың биіктігі 4 м кем болмайды.

Көрсетілген талаптар толықтай зауытта дайындалған жылжымалы салқындату қондырғыларына (әрі қарай – ЖСҚ) таралмайды.

ЖСҚ өзара ара қашықтықтары, олардың орналасуы және құрылыс алаңында орналасқан басқа да салқындату қондырғыларының орналасуы ҰЖЖ анықталады.

260. Салқындату агенті айналдыратын өткізгіш құбырлар ретінде тігізсіз тік тартылған құбырлар пайдаланылады. Бұл мақсаттарға газдық және шойын құбырлар пайдаланылмайды.

Салқындату агенті немесе тұздықпен толтырған өткізгіш құбырлар және аппараттарға дәнекерлеу және басқа да от қолданылатын жұмыстар жасауға болмайды.

261. Тура және кері қарай бағыттарда орнатылған тұздық өткізгіштерден тұратын тұздықты жүйелер, таратушылар, коллекторлар форшахталарда орналастырады, осы жүйелерді жылу оқшаулағыш құрылғымен қамтамасыз еткен жағдайларда жоғарыға орналастыруға болмайды.

262. Тұздықты жүйеде орналастырады:

монометрлер – біреуі тура, екіншісі кері бағыттағы тұздық өткізгіштерде орналасады;

термометрлер – тура және кері бағыттағы тұздық өткізгіштерде болады;

тұздық деңгейі көрсеткіші – белгісі аппаратты бөлімшеге берілетін, айналдыру ыдысындағы тұздық деңгейі төмендегендегі дабыл белгісі.

263. Қатыру бекетінің машиналық және аппараттық бөлімшелері бөлек орналасқан ғимараттарда орналастырылады және телефон байланысымен қамтамасыз етіледі.

Жылжымалы қатыру бекеттерін телефон байланысынсыз пайдалануға болады, егер қатыру бекетінен 300 м алыс емес қашықтықта орналасқан құрылыс алаңы аумағында осындай байланыс болғанда.

264. Қатыру бекетінің машиналық бөлімшесінде қамтамасыз етіледі:

1) күштеп желдететін сағатына екі еселік ауа айналымы және ауа айналымы үш есептік шығыс желдеткіші және сағатына жеті еселік ауа айналымын қамтамасыз ететін апаттық желдеткіш; температурасы 160 С төмен емес;

2) шығысы екіден кем емес, есік – терезелері сыртқа ашылатын;

3) салқындату агентімен толтырылған екіден артық емес баллон сақтайтын жабдықталған орындар. Салқындатқыш агенті бар баллондарды, жүйені толтыру ғана керекті уақытқа ғана жүйеге жалғауға болады;

4) телефон байланысы, жұмыс орнымен байланысқан жарықтық және дыбыстық дабылдар;

5) ауа құрамындағы зиянды заттарды бақылау приборлары;

6) қатыру бекетінде жұмыс жасаушылардың әрқайсысына дәрі салғыш және жеке қорғаныш құралдары, екіден кем емес газдан қорғаныш құралдары немесе оқшаулағыш өзі қорғағыштар.

265. Қатыру бекетінің машиналық залына ілінеді:

1) салқындату агенті және тұздықтардың айналу жүйесі схемасы;

2) су айналымы схемасы;

3) салқындатқыш машиналарын пайдалану белгілері.

266. Машиналық бөлімдердегі тұрмыстық бөлмелер бөлек желдету жүйелерімен қамтамасыз етіледі.

Апаттық желдеткіштердің электрлік тұтынуы негізгі және қосымша қуат көздерінен алынады.

267. Барлық салқындату аппараттары, өткізгішқұбырлар, тамшы ұстағыштар, булатқыштар, май суажыратқыштар және басқалар мықтап қатырылады. Құбыр өткізгіштердің тік бағыттағы ұзындығы 100 м көп болса компенсаторлар орнатылады.

268. Қатыру бекетіндегі салқындату агенті және тұздықтар айналымы жүйелері (компрессор, конденсат жинағыш, буландырғыш, өткізгішқұбырлар және басқалары) орнатылып болған соң ҰЖЖ қарастырылған қысымға сыналады.

269. Әрбір сақтандырғыш клапандардан шығатын салқындату агенті ҰЖЖ сәйкес құбырлармен бұрылып шығарылады. Бұрылып шығару құбыры диаметрі сақтандырғыш клапанның өту диаметрінен кем болмайды.

Сақтандырғыш клапаннан бұрып шығару құбырларын ортақ шығару құбырына қосуға болады. Ортақ шығару құбырының көлденең қима ауданы, сақтандырғыш клапандардан келіп қосылған бөлек құбырлардың қимасы ауданынан кем болмауы керек. Егер осылай қосылған құбырлар төрттен көп болса – олардың 50 % ауданынан кем болмайды.

270. Қатырылған қыртысты жасанды түрде еріту, жер асты құрылымдары толық салынған соң жобалық шешімге сай жүргізіледі.

Ерітілген соң құбырлар шығарылады, ұңғыларды арнайы ерітіндімен толтырады. Ұңғыларда қатырылған құбырлар қалдырылған кезде олар тампондалады.

271. Құбырөткізгіштер зақымдануы мүмкін орындарға қорғаныш қоршаулар жасалынады.

Қысымдық салқындатқыш агенті өткізгіш құбырларының жануы мүмкін қабырғалардан және төбелерден өтетін орындары жанбайтын материалдармен оқшауланады.

272. Салқындатқыш машиналарды және компрессорларды салқындату агенттерімен толтыру және пайдалану, қатыру бекеттеріне арналған технологиялық регламентке және қондырғыларға арналған зауыт – жасаушы нұсқауларына сай жүргізіледі.

273. Монометрлерге жыл сайын сынақ жүргізіледі және тексеріс жөніндегі сүргі немесе пломба ілінеді. Жұмысшы монометрлерді алты айдан кем емес уақытта, қосымша, бақылау монометрлер арқылы тексереді.

Барлық орнатылған термометрлер және монометрлердің жарамдылығы, қатыру бекетінің қызметкерлерімен сырттай, күнделікті «Қатыру бекетінің жұмысы есебі Журналына» жазу арқылы тексеріледі.

274. Салқындатқыш машиналарды пайдалану кезіндегі салқындатқыш агентінің ағуын тексеру химиялық индикатормен немесе осы мақсатқа арналған басқа приборлармен жүргізіледі.

Салқындатқыш машиналарды пайдалану кезінде бір айдан ұзақ емес уақытта конденсатор суы және тұздық құрамына салқындатқыш агенті болуына тексеріс жүргізіледі.

275. Цилиндр және компрессор картерін ашуға, аппараттарды, өткізгіш құбырларды және бекіту арматураларын бұзуға, олардың ішінен салқындату агентін және майларды толық шығарып болмай жүргізуге болмайды.

276. Салқындатқыш агенті бар баллондар бар көлденең жағдайда отқа шыдамды (терезесіз және жылусыз) қоймаларда, қойма ішінің температурасы 25 0 С жоғары емес және жылдық пайдалану көлемінің 25 % аспайтын мөлшерде сақталады.

277. Салқындатқыш агенті сақтау қоймасын, ғимараттардан және жанғыш, оңай тұтанғыш заттарды сақтау қоймасынан 50 м қашық жерлерге, және жайдан қорғағыштар аумағынан тыс жерлерге орналастырылады. Баллондар күн сәулесінен қорғалады.

278. Әртүрлі салқындатқыш агенттерден тұратын баллондарды немесе оларды сығымдалған газдармен, жанғыш материалдармен бірге сақтауға болмайды.

279. Тізбектерді түсірген бойда әрбір дәнекерлеу жұмыстарынан соң және толықтай жиналып болған соң тұздық жүйесінің қатырушы тізбектері сұйықтықтар қысымы арқылы 2,5 МПа кем емес қысымға салынады. Тұздықты жүйені толықтай жинап және жуып болған соң гидравликалық қысым арқылы тұздық сорабының жобалық жартылай қысымына сыналыды, бірақ 0,5 МПа қысымнан кем болмауы тиіс. Тұздықтық өткізгіш құбырлар және арматуралар пайдалану процесстерінде саңлаусыз қылып жүргізіледі.

280. Қатыру тізбегіне жаңадан жалғанған құбырлардың әрбір дәнекерленген жері және орнатылған және жуылған тұздық жүйелері, тұздықтық сораптың жобалық жарты қысымына сай гидравликалық қысыммен сыналады (0,5 МПа кем болмайды).

Әрбір құбырдың және тұздық жүйенің қысымымен сынау уақыты 10 мин.

Сынау нәтижелері ұйым жетекшісі бекітетін актімен рәсімделеді.

281. Тұздықты жүйенің өткізгіш құбырларында қысым болған уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сынамадан кейін қатыру жүйесінің бекітпелерін шешуге болмайды.

282. Тұздықтық бөлгіштер және коллекторлар орналастырған галерея биіктігі 1,8 м кем болмайды. Тізбек төбесінің галерея қабырғасына немесе бағанаға дейінгі қашықтығы 0,8 м кем болмайды.

283. Галерея 30 л к кем емес жасанды жарықтандырумен, бірақ жарықтандыру жүйесі қуаты 42 В көп болмайды және тәуелсіз қуат көздерінен қуат алатын апаттық жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Апаттық жарықтандыру ретінде және аккумуляторлық шамдарды қолдануға болады.

284. Галереяны дыбыстық және жарықтық дабыл белгілері арқылы қатыру бекітімен жалғайды. Белгілер мағынасымен қызмет етуші тұлғалар таныстырылады.

285. Шахматтардағы тік бағаналарды қазу кезінде, қатыру бекетінде және галереяда жарылыс – қауіпі жоқ электірлік қондырғылар пайдаланылады.

Галерея ішінде құбырлардан тұздық ағып кетуін жоюға арналған бұрамалардың, крандардың, тығыздамалардың және арнайы қысқыштардың апаттық запастары сақталады.

286. Тұздықты жүйені пайдалануға енгізгенде тұздық температурасы ақырындап (тәулігіне 2 – 30 С) жобалыққа дейін жеткізіледі.

287. Қатыру тізбегі зақымданғаны анықталғанда тұздық айналымы, тізбектік зақымдануы анықталғанша және ажыратылғанша тоқтатылады. Қатыру тізбегін ағып тұрған жерлер толықтай бітелгенге дейін қосуға тыйым салынады.

Қатыру тізбектерін жөндеу тұздықтың бағанаға түсуін немесе мұзды қоршаулардың зақымдануын болдырмайтын, жұмыс жүргізуші ұйым жетекшісімен бекітілген шараларға сай жүргізіледі. Зақымданған тізбекті ажыратқан соң тұздық айналымдары жарамды тізбектер арқылы жалғастырылады. Сонымен қоса жүйедегі тұздық деңгейіне бақылау күшейтіледі.

288. Өткізгіш құбырларды жөндеуге және тұздықты және азотты жүйедегі флянецті жалғамаларды бекітуге, оларда қысым болған кезде жүргізуге болмайды, сонымен қоса қатыру тізбектерін сынау жұмыстарынан кейін қысым атмосфералық қысымға дейін төмендегенше олардағы бітемелерді алуға болмайды.

289. Шахта бағанасын қазып болған соң және қатырылған қыртыстар ерітілген соң ұңғы тампондалады.

290. Қатыру бекеттерін, қатыру аймағындағы бағананың тұрақты бекітпелерін толықтай орнатпай көшіріп алып кетуге тыйым салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет