Кіріспе Зерттеудің өзектілігі


Ж.Аймауытовтың педогогикалық психологияға арналған еңбектерi



бет5/11
Дата05.12.2023
өлшемі427 Kb.
#485521
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
=Дип. Ж. Аймауытов

2.2 Ж.Аймауытовтың педогогикалық психологияға арналған еңбектерi.
1924 жылы мектеп мұғалiмдерi мен педагогикалық оқу орындарында оқитындарға арнап « Тәбиеге жетекшi » (Орынбор, Госиздат ,86 бет ) атты кiтабы шығты. Абай , Шәкәрiм шығармаларында iргесi қланған ,қјазақи педагогикалық психологияның ұғым-түсiнiктерiнiң арнайы тұауын кескен,бұларды қазақ жұртына тұңғыш паш еткен осы еңбек.Кiтаптың бiрiншi бөлiмiнде тәрбие негiздерi ,оның нақты мақсаты мен мүддесi , негiзгi принциптерi ,бұларды жүзеге асырудың жай-жапсары , сондай-ақ , тәрбиенiң ұлттық және әлеуметтiк болатындығы , заман ағымына қарай , ол түрлi өзгерiстерге түсiп отыратыны жан – жақты сөз болады. Кiтаптың дидактика атты екiншi бөлiмiнде ( ол он сегiз параграфтан тұрады ) , бiлiм дегенiмiз не , оны бағдарлау не үшiн қажет , дидактиканың психалогиалық астарлары , нақтылап айтқанда шәкiрттердi оқуға ынталы ету , мұның қандай әдiстерi мен жолдары бар , дағдылану , машықтану , оқыту процесiндегi көрнектiлiктiң ролi , сабақтың басынан аяғына дейiнгi жүрiсi , яғни оның түрлi аспектiлерi т.б.осы секiлдi мәселелерi 20-жылдары жаңадан түлей бастаған дүнияуи қазақ мектебiнiң нақты өмiрiнен алынған деректер келтiру арқылы талданады. үшiншi бөлiмiнде – мектеп басқару мәселелерi , яғни мектептiң тазалығы мен жинақтылығы , эстетикалық талғамы , деңсаулық сақтау шаралары , мектеп үйiнiң құрылысы , т.б. осындай жайттар. Қазақ ұғымына лайықты түсiнiктермен баяндалған , « Тәрбиеге жетекшi » кiтабының он екi параграфтан тұратын төртiншi бөлiмде жаңа тұрпатты қазақ мектебiн қалай құру керек , ұстаз бен шәкiрт ынтымағының басты белгiсi қандай болмақ , мектептерде жіргiзiлетiн еңбек , тазалық , дене тәрбиесi қалайша жізеге асырылуы тиiс , тiптi сейiл – серуеннiң өзiн қалайша тиiмдi етiп ұйымдастыру керек т.б. осы секiлдi « ұсақ-тійек » көрiнетiн мәселелерге де автор ерекше мән берiп , бұларға аса зерделiкпен қјарап , олардың әрқайсысына өз пiкiрiн бiлдiрiп отырады , зерттеуде бұл айтылғандарға тиiстi талдау жасалған.
Оқыту баланың табиғатына , жеке – дара ерекшелiгiне орай жүргiзiлуi тиiс . Ол сонда ғана шәкiрттiң жан қуаттарының өсiп , жетiлiп , қалыптасуына жағдай жасайды. Автордың пiкiрiнше , баланың табиғатын ескерiп оқыту дегенiмiз ,- оның бұрынғы тәжiрбиесiне , азды – көптi бiлiмiне сійену деген сөз. өйткенi , жаңа бiлiм әркез адамның , бұрынғы бiлетiндерiне сійенбейiнше тиянақты болмайды.
Автор « Оқыту түрi » дейтiн тақырыпта осы мәселеге орай алуан түрлi әдiс – тәсiлдердi жете бiлудi басты назарға алады. Ол оқытудың басты түрлерiне , сөйлеу және сұрау түрлерiн жатқызады. Мұғалiмнiң сабақтағы көздерiн шәкiрттер алаңсыз тыңдап жазып отырса , бұл – сөйлеу түрi болады . Ал мүғалiм мен шәкiрттер арасындағы сұрақ , жауап төңiрегiндегi диалогты – сұрау түрiне жатады.
Ж.Аймауытұлы көрнекiлiк мәселесiнде де психологиялық қағидаларды басшылыққа алады. Оқыту жүйесiнде , әсiресе әрбiр сабақтың көрнектiлiкпен ұштасуы шәкiрттер ой – санасына әрi қонымды , әрi практикалық мәнi де зор дейдi.
Аймауытұлының педагогикалық психалогияға байланысты жазған келесi еңбегi – 1926 жылы Мәскеуде шыққан « Жан жійесi және өнер таңдау » . Бұл тігелдей педагогикалық психалогияға қатысты еңбек. Автор жас адамның мамандық талдау мәселесiн сөз ете отырып , оның өзiндiк психалогиялық ерекшелiктерiне сипаттама бередi . Бұларды өзiнiң жүргiзген тәжiрбиелерiне ,сондай-ақ шет ел ғалымдарының , әсiресе америка психологтарының жіргiзген зерттеулерiне сійене отыра баяндайды.
Ж.Аймауытұлының тағы бiр еңбегi « Комплекспен оқыту жолдары » атты кiтап ( Алматы , 1929 ,113 бет ) . Мұнда да педоггогикалық психологияға қатысты жекелеген түйiндер жасалған. Оқу құралы шағын 9 тараудан, бiрнеше парагрофтан тұрады. Оның бiрiншiсiнде оқу бағдарламасының жекелеген түрлерiне түсiнiк берiледi. Осы еңбегiнде қазақ шәкiрттерiнiң сұлулық талғамының өзiндiк ерекшелiктерi туралы айта келiп, былай дейдi: « Жерi, тұрмыс жағдайына қарай әр елдiң сазы, ән –күйi де әр алуан. Түркiстан елiнiң әнi бұлтарысы жоқ, тiк тартар айқай, қайырмасы жоқ келте немесе бiрiңғай текiрек болып келедi, түйеге, атқа, есекке мiнген адам болсын, ауылдан былай шыға берiп «Ауылың сенiң белде едi, ариайдай », - деп қозғайды. Ақаның әнi толқынды, ырғақты, айқайлы, зарлы, қайталамалы , қайыруы ұзын болып келедi. Терiскейдiң, батыстың әнi –мұңды, зарлы , шерлi ,желдiрме ,көй-көй болып келедi.» Автор бұл жерде этностық ерекшелiктердiң ән, музыка саласында да ерекше орын алатындығын айтып отыр.
Осы айтылғандар Аймауытұлының ұлт психологиясына байланысты түйiндерiнiң iрге тасы. Ғалым өзiнiң ұлттық мiнез туралы жасаған тұжырымдарында әр этностың , әр ұлттың өзiне тән мiнез – құлқы секiлдi қасиеттердiң бiршама тұрақты да , тұрлаулы болатындығын , сондай-ақ , олардың бiртiндеп қалыптасуына оның өскен ортасы , тұрмыс – салты , әдет – ғұрпы әсер ететiндiгiн , ұлттық қасиеттердiң , ұдайы бiр қалыпта тұра бермейтiндiгiн , олар баяу болса да , өзгерiп отыратындығын баяндайды.
Аймаутов кiтаптарының ерекше назар аударатын тағы бiр ерекшелiгi – бұлар төл тiлiмiзде туындаған тұнғыш психология пәнi , оқулығы болумен қатар , бүкiл советтiк түркi тектес халықтар тiлдерiнде алғаш жарық көрген бiрден – бiр туындылар екендiгiнде. өйткенi қырқыншы жылдарқа дейiн әзiрбайжан ,өзбек , түрiкпен , қырғыз , қарақалпақ , башқұрт тiлдерiнде психология жөнiнде ұлттық еңбектердiң жарық көрмегенiн ескерсек , осы басылымдардың бағасы онан сайын арта түсетiнi сөзсiз. Әрине , осындай өресi биiк , ғылыми түйiндерiмол төл туындылардың сол кездегi Отандық психология ғылымының талап – тiлек деңгейiнде жазылғаны белгiлi. Елiмiзде отызыншы жылдарға шейiн психология маркстiк сара жолға түсе қоймағанын , шет аймақтағы Қазақстан түгiлi , орталықтағы ғылым ордаларында да белгiлi ғалым психологтар буржуазиялық – идеалисттiк түсiнiктерден арыла алмағанын ескерсек , Аймауытов кiтаптарының маркстiк – лениндiк методология тұрғысынан там – тұмдап ақсап жатқанын айту оған үлкен қиянат ,ғылыми ағаттық болар едi .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет