Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Балқыту арқылы дәнекерлеген кезде металлургиялық процестердің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет42/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Балқыту арқылы дәнекерлеген кезде металлургиялық процестердің ерекшеліктері
  
Балқыту арқылы дәнекерлеу процесінде, дәнекерлеу ваннасында, қысқа уақыт аралығы 
ішінде түрлі сыртқы және ішкі компоненттердің өзара әрекеттесуінің күрделі процестері жүреді
Осының нәтижесінде дәнекерлеу жігінің химиялық құрамы мен қасиеттері дәнекерлеу 
аймағының металл компоненттерінің химиялық құрамы мен қасиеттерінен айтарлықтай 
ерекшеленуі мүмкін.
Дәнекерлеу жігі металының кристалдануы. Дәнекерлеу жігі металының 
кристалдануы балқыту аймағының шекараларында орналасқан дайындамалардың негізгі 
металының жартылай балқытылған түйіршіктерінен басталады. Балқыту аймағында 
кристалдану аяқталған соң жартылай дайындамалардың металынан және жік металынан 
тұратын түйіршіктер түзіледі, бұл дәнекерленетін қосылысты қамтамасыз етеді.
Дәнекерлеу жігінің кристалдануы кесек құймалардың кристалдануынан жылу көзінің 
жоғары концентрациясымен және суытудың жоғары жылдамдығымен ерекшеленеді. 
Сондықтан түйіршіктерінің өлшемі мен химиялық құрамы бойынша біртекті емес. Жіктің 
жоғары бөлігінде тармақты пішіндегі анағұрлым ірі кристалдар түзіледі (дендриттік құрылыс). 
Төменгі бөлігінде – ұзартылған пішіндегі анағұрлым ұсақ кристалдар түзіледі 
(транскристаллиттік құрылыс). Жігінің қатпарлы құрылымы болады. Әрбір жікте үш учаскені 
бөліп алуға болады.
Төменгі учаске балқытылған беттерге кірігетін балқыманың жұқа қабатшасынан 
кристалданады. Осы учаске дайындамалар металының кірігетін учаскелерінен орын 
ауыстырған күкіртпен, фосформен және көміртегімен байытылған. Ортаншы учаске негізгі 
құрамдағы сұйық металдан кристалданады. Жоғары кристалдану жылдамдығы осы учаскедегі 
металл құрамының ваннаның сұйық металл құрамына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Жоғары 
учаске күкіртпен, фосформен және көміртегімен жұтаңдалған.
Дәнекерленетін қосылыста микроқұрылымы әртүрлі үш аймақты: негізгі металл 
аймағына; термиялық әсер ету аймағына (ТӘА) және ІІІ дәнекерлеу жігінің балқытылған 
металл аймағына бөліп қарауға болады.


75 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет