Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет13/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Әлем өнер тарихы

Грек архаикасы өнері
Грек тарихының б.э. бұрынғы ҮІІ және ҮІ ғасырларды қамтитын келесі кезеңі «көне» ұғымын білдіретін «архайос» деген грек сөзінен шыққан «архайкалық» кезең деп аталады. Бұл – эллада өміріндегі терең қоғамдық өзгерістер кезеңі, антик құл иеленушілік құрылысының кірігу кезеңі, грек мемлекет- қалаларының кескілескен саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасқан тұсы.
Ежелгі Эллада өміріндегі зор қоғамдық өзгерістер архайкалық кезең өнерінде жарқын сипатын тапты. Құл иеленуші полистердің өсуі монументтік сәулет өнерінің дамуына, Грекияның көптеген қалаларында салына бастаған храмдар құрылысына тікелей ықпал жасады. Тас тиянақты ағаш пен қам кірпіштен салынған тұңғыш «тәңірлер тұрағы» сонау Гомер кезеңінде пайда болған. Б.э. б. ҮІІ ғасырдан бастап храмдар салуға тас пайдаланыла бастады. Полистің пірі деп есептелетін құдайлар мүсіні қойылып, қала қазынасы сақталатын діни ғимараттар, халық жиналыстар мен діни мерекелер өткізілетін алаңдар да салынды. Храм қаланы көркейте түсті, оның күш-қуатының көрнекті көрінісіне айналды.
Грек храмдары архайка сәулетінде қоғамдық ғимараттың негізгі типі болды, әр полис храм салуда басқа қалалардан асып түсуге тырысты. Архайка дәуірі эллиндік монументтік пластиканың туған кезеңі болды. Архайкалық өнердің ең ертедегі ескерткіштерінің бірі-б.э.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлар шамасында табылған мәрмәрдан жасалған Куростың мүсіні. Ол Сунион мүйісіндегі теңіз тәңірісі Посейдон храмының маңынан табылды. Мұндай мүсіндер көбінесе құдайларға сыйлық ретінде тартылатын. Жалаңаш жігіттің үш метрлік тұлғасы тұтас алып тастан қашалған. Жалаңаш пішінді қашағанда мүсінші атлеттік мықты денеге тән белгілерді жігіттің кең иығы мен қыпша белін баса көрсетуге тырысады.
Мысыр мен грек архаикалық пластикасына тән мұндай мәнер мүсінді ебедейсіздеу, тұйықтау көрсетіп, адам денесінің бүкіл мөлшері профиль мен фас жазықтығы арқылы берілетін. Мұндай әдіс мүсіншіден архаикалық өнерде үстем болып келген тұтас қамту заңын, бейненің тік тұрған қалпы мен пішінді құрастыруда симметрия принциптерін сақтауды талап еткен. Куростардың архаикалық мүсіндерінің мысыр туындыларымен ұқсастығын тіпті ежелгі жазушылар да атап өткен. Алайда, грек шебері ежелгі Шығыс цивилизациялары өнерінің өзгеше тәсілдерін пайдалана отырып, өзі жасаған бейнеге грек мәдениетінің гуманистік мұраттарына үндес жаңа ой қосқан. Мүсін пір тұтқан әміршіні дәріптеу мес, еркін адам құдіретін мадақтау үшін жасалған. Курос бейнесі бүкіл архаикалық өнерге арқау болып тартылған.
Ерте кезде архаика шеберлері мүсінге көбінесе құм қайрақ тасты пайдаланса, ҮІ ғасырдың алғашқы жартысында, одан берірек әрі әсем мәрмәр тасын кеңінен қолданды.
Мүсіншілердің творчестволық мүдделері бэ.б. ҮІІ ғасырдың өзінде айқындалған архаикалық өнердің екі негізгі бейнесін жасауда-жалаңаш жігіт пен ұзын киімге оранған, қымтанған әйелді мүсіндеу бағытында тоғысты. Мұның 1-сі, әсіресе Солт. Пелопоннес пен Киклада аралдары шеберлерінің назарын аударса, 2-не, б.э.б. ҮІ ғасырдың ортасына дейін парсылар қол астына қараған тұста өздерінің экономикалық және мәдени дамуында құрлықтағы Грекиядан озып кеткен Антика мен Ионияның кішіазиялық қалаларының суретшілері көңіл бөлді. Грек мүсін өнерінің түрлі мектептерінің өз арасындағы көптеген айырмашылықтарына қарамастан, ортақ міндеттерді шешуге деген талпынысы архайкалық пластиканың ортақ стилі қалыптасуына жол ашты.
Назарыңды бірден тартар мөлдір көрініспен салтанатты сәнділіктің астасып жарасуы жалпы архаикалық өнер шығармаларына тән. Грек архаикасы мүсінінде, жалпы алғанда шарттылықтың көптеген белгілері бар. Шеберлер әлі адам денесінің қимыл-қозғалысын батыл бейнелей алмай, көбінесе таза сәндік тақырыптарға ойыса беретін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет