Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет27/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Әлем өнер тарихы

5. Испания суретшісі Диего Веласкес
Испанияның екінші бір ірі суретшісі-сол кездегі испан өнерінің шыңы болып саналған Диего Веласкес (1599-1660) болды. Бұл суретші Испания реалистік сұңғатының табиғатын ашып көрсеткен ұлы шебер иесі еді. Ол сұңғаттың әр түрлі әдістерін жете меңгерді.
Диего Веласкес көбінесе қарапайым адамдарды, олардың таза да, аңғал ішкі дүниесін ашып көрсете білді. Оның жұмыстарының тақырыбы шаруалар өміріне, испания халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне құрылған еді. Сондай қолтумаларына «Таңертеңгілік ас», «Су тасушы», «Вакх» жұмыстары негіз болады.
Диего Веласкес сонымен қатар тамаша портрет жазатын шебер болды. Кезінде, испанияның королі жас Диего Веласкес портреттерін көріп, жоғары бағалаған. Король өзін тек Диего Веласкес салсын деп ұйғарым жасаған. Содан көптеген жылдар бойы король сарайында жұмыс істеп, король семьясы, оның айналасындағыауқатты адамдар, сайқымазақ, карлик-ергежейлердің портреттерін жазып, артына тамаша жұмыстар қаолдырды. Ондай жұмыстары: «Оливарес», «Филипп-ІҮ», «Себастьян Морра», «Эль Бобо дель Корка», «Папа Иннокентий Х», «Әйел кескіні» т.б. осылармен қатар Диего Веласкес діни-мифологиялық тақырыпқа да қалам тартып, ірі жұмыстар жазды.


6. Испан суретшісі Хусепе Рибера
Үшінші бір испан суретшісі- Хусепе Рибера болды. Ол 1591-1652 жылдары өмір сүрді. Суретші көбінесе діни тақырыптарға бой ұрды, ішінара аңызға да сурет салды. Портреттерді сирек жазды. Бұл суретші-реалист болды. Шыншылдықты, қарапайым халық көңілін дөп басып көрсететін.
Хусепе Рибера испан суретшілерінің алғашқысы болып графикамен айналысты. Ол суреттерінде адам мінез-құлқын терең зерттеп, олардың әр түрлі болатындығын жік-жігімен жатқызып көрсете білді. Сондай суретінің бірі-«Кембағалдың басы».
1620-жылдардың екінші жартысында сұңғатқа ден қояды. Осы кезде «Трубаның үніне елтіп отырған Әулие Иероним» картинасын жазды. Осыдан кейін суретші «Әулие Себастьян» картинасын дүниеге әкеледі. Әулие Себастьянды жазған басқа суретшілердің жолымен жүрмей, картина қойылымын өзінше өзгертеді, әулиенің жазадан кейінгі кезеңін көрсетеді. Жанында еңкейіп, әулиенің әлсіз соққан жүрегінің дүрсілін тыңдап, қайғыланып отырған екі әйел бейнеленген. Оның бірі әулие денесінен соңғы жебенің оғын суырып алып жатыр. Суретшінің «Әулие Инесса» жұмысы да өзіндік композициялық құрылымымен адамды тәнті етеді.
1630-жылдардың аяғында Хусепе Рибера Караваджоға ұқсас бояу реңінен ауысып, ашық құбылмалы әдіске көшеді. Сондай реңде салынған жұмысының бірі-жаңағы «Әулие Инесса» қолтумасы.
Егер Хусепе Рибера бар өмірін Италияда өткізсе, Франциско де Сурбаран (1598-1664) бар өмірін Испанияда өткізді, жай қарапайым шаруа семьясында дүниеге келді. Өзінің творчестволық жолын Севильде бастады, сол кездегі ең күшті, талантты суретшінің бірі болды. Оның негізгі тапсырыскері монастыр болды. Бұл суретшінің де жұмыстары діни тақырыптарға құрылды.
ХҮІІ ғасырдағы Андалусиадағы ең көрнекті суретшінің бірі Мурильо болды. (Бартоломе Эстебан Мурильо, 1617-1682). Ол алғашқылардың бірі болып, шет суретшілерге көзсіз еліктемеуге шақырды. Жастарды әсіресе натурадан салуға шақырды, сол ойын Сурет Академиясында қолдануды талап етті. Ол да өзінің жерлестері сияқты діни тақырыпқа көптеген суреттер салды. Жұмыстары: «Цыган-мадонна», «Әулие Антонияның көрінуі» т.б.


Бақылау сұрақтары:

  1. Италия мен Испания өнері қай бағыттың негізінде қалыптасты?

  2. Рим бароккосының сәулетші, мүсіншісі Франческо Борромини шығармашылығы жайлы айтыңыз

  3. Барокконың көрнекті мүсіншісі - Лоренцо Бернини шығармашылығы

  4. Италия суретшісі Микеланджело да Караваджо шығармашылығы

  5. Испания сұңғатшысы Эль Греко шығармашылығы?

  6. Испания реалистік сұңғатының негізін қалаушы Диего Веласкес

  7. Хусепе Рибера жұмыстарының тақырыптары жайлы айтыңыз



12. Лекция сабағының тақырыбы: XVII ғасырдағы Голландия өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет