Тақырыбы: Банкаралық клиринг есебі.
(1-сағат)
Жоспар:
-
Банкаралыќ аќша аударымдар ж‰йесі
2. Банкаралыќ кліринг есебі
3. Банкаралыќ электронды аударымдар
Банкаральщ акта аударымдарыньщ жуйесі (БААЖ) - қол-данушылардың жогары өрісті төлемдерін аударуды жүзеге асы-ратын банкаралық есеп айырысулар механизмі. БААЖ қолдануы-шыларына қазақстандық банкаралык есеп айырысу орталығында пайдаланушыға қызмет көрсету туралы келісімшартқа отырған банктер немесе банктік емес мекемелер жатады.
[Жоғары басымды төлем - бұл орындалу мерзімі бірінші дәрежелі мағынага ие төлемдер, соның ішінде несиелік ресурс-тардың банкаралық нарыгында капитал, және шетел валютасы нарықтарындагы операциялармен байланысты.
БААЖ міндеті ұлттык валютадағы қайтарылмайтын және шарт-сыз төлемдерді Қазақстанның ¥лттық банкіндегі БААЖ қол-данушылардың шотындағы ақша каржыларының сомасы көлемінде бір операциялық күн ішінде есеп айырысу кепілділігімен өткізуінде.
БААЖ ұйымдастыру мен калыптастырудың қүқылык негізін ҚБЕО және Ұлттык банк қолданушылары арасында, колданушы мен Үлттық банк арасында жасалатын келісімдер қамтамасыз етеді.
Бөлшек төлемдер жүйесінің (БТЖ) қатысушылары, тікелей БААЖ қатысушылары болып табылады.
Нетто-есеп айырысу қағидасы ұсынылады, ол келесі күні ,* БААЖ арқылы корытынды таза позицияларды анықтау бойынша жүргізіледі. Төлем тапсырмасы өндеуге алынғанда телем ақырғы және қайтарылмайтын болып табылады.
Тәуекелдікті баскару жүйесі банктерге көп жақты дебеттік және кредиттік шектеулер мөлшерінде жүмыс жасауға мүмкіндік береді. Жүйеде қатысушыларының өздерінің төлемдерін орындау кезегін белгілеу мақсатында кезекке қою БТЖ карастырылған. Сонымен қатар БТЖ-дың кейбір катысушыларына үлкен сенімділік арту максатында, сақтандыру қоры және кепілзат карастырылады.
БТЖ-дың барлық операциялық күні ағымдағы 16.00 сағаттан келесі күнгі 15.00 сағатқа дейін калыптасады. Банктердің нетто-позициясының есебі келесі күнгі 15.00-ден 16.00 сағатка дейін жүргізіледі. Бүл кезде ақша аударымдарының банкаралық жүйесі өз жүмысын клиринг қатысушының нетто-позициясы кезегінде бастай-ды. Сонғы нәтижеге шығу үшін әр қатысушының таза дебеттік позициясы 15.00-ден 16.00 сағатка дейін БААЖ-да резервтеледі. Егер қатысушы 16.00 сағатка дейін өзінің таза позициясын БААЖ-ға түскен ақша есебінен немесе банкаралык несие есебінен реттей алмаса, онда оған Ұлттық банк несиесі ұсынылады.
Қатысушыға ¥лттық банк несиесі берілген кезде, 16.30 сағаттан бастап осы қатысушының БТЖ, сондай-ақ несие сомасын және ол бойынша пайыздарды толық өтегенге дейінгі БААЖ бойынша барлық активтерді операциялары тоқтатылады.
Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) БААЖ-ды ¥лттық банк берген өкілеттікпен анықталатын келісім-шарт негізінде баскарады. Ұлттык банк БААЖ-дың кызметін бақылап отырады.
БААЖ-ға төлем құжатын акцептеу - төлем құжаты шартының негізінде ақша қаражатын аударуды жүзеге асыруды өз міндетіне алған ҚБЕО келісімі.
ҚБЕО-нің төлем кұжатын акцептеу шарты:
- тұпнұсқалықты жүргізу, яғни төлем кұжаттарының тұпнұс-
қалығына көз жеткізу;
-. төлем ынтагерін пайдаланушылар мәртебесінің болуы;
- төлем құжатында көрсетілген соманы пайдаланушы шотына
есептен шығару мүмкіндігі.
Одан басқа, дебеттік аударым бойынша төлем кұжатын акцептеу шартының бірі - пайдаланушы-төлеушінің алдын ала жасалған келісімі болып табылады.
Төлемнің орындалуы тек ҚБЕО сәйкес төлем құжатын акцептегеннен кейін жүзеге асырылады.
Акцептен немесе төлем құжатын тіркеуден бас тарқан кезде ҚБЕО пайдаланушы-төлеушіге төлемді орындамау себебі көрсетіл-ген электронды хабарлама жібереді.
ҚБЕО акцептінен кейін электронды толем кұжаты төлемді жүзеге асыруға қатысушы тараптардың бастамасы бойынша кайтарып алынуы немесе күшін жоюы мүмкін.
ҚБЕО пайдаланушыға толем кұжатының уақтылы түсуін және оның шотына ақша қаражатын аударуды қамтамасыз етеді. Пайдаланушы-алушы толем кұжатын алған кезде ақша қаражатын тагайындау бойынша сәйкес шотқа аударуы қажет.
Ақша қаражатын сәйкес шотқа аудару мүмкін болмаған жағдайда пайдаланушы-алушы ақша қаражатын пайдаланушы-төлеуші шотына келесі операциялық күннен кешіктірмей кайтаруы қажет. Акдіа қаражатын қайтару пайдаланушы-алушы тапсырысы бойынша жүзеге асырылады, сонымен катар тапсырыста қаражатты қайтару себебі көрсетіледі.
Банктер және банктік емес қаржылык мекемелер пайдаланушы мәртебесін ҚБЕО келісімшартына отырғаннан кейін алады.
Банк немесе банктік емес қаржылық мекемелерге БААЖ қыз-метін ұсыну туралы келісімшартқа отыру үшін ҚБЕО келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
-
БААЖ-ға енгізу туралы өтініш;
-
пайдаланушы Жарғысының және банктік операцияларды жүзеге асыру лицензиясының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
-
БААЖ-ға қатысуға рұқсат беретін Үлттық банктің шешімі. БААЖ-ға операциялардың келесі түрлері жүзеге асырылады:
-
дебеттік және кредиттік аударымдар;
- БААЖ пайдаланушылары арасында ақша қаражаттарын ау-
дару.
БААЖ дебеттік аударымды пайдаланушы-төлеушінің алдын ала келісімі және сәйкес үлгіде рәсімделген жазбаша келісім негізінде жүргізеді. Келісімнің көшірмесі БААЖ пайдаланушысының келісім-шартымен бірге болуы қажет. Бас банк және оның филиалы арасында ақшаны аудару қатынасына, сондай-ақ Қазакстан Республи-касы зандылықтарының негізінде дебеттік аударымдар пайдалану-шы-төлеушінің келісімінсіз жүзеге асырылады. БААЖ-ға аударымдар туралы хабарламаларды жіберу және қабылдау тек электронды әдіс арқылы жүргізіледі. Сонымен катар БААЖ пайдаланушылары Үлттық банк бекіткен пішім бойынша электронды хабарламалар алмасып отырады.
БААЖ есеп айырысуы бақылау мерзімі басталғанға дейін операциялық күн ішінде жүргізіледі. Бақылау мерзімінің уақытын ҚБЕО анықтайды және Үлттық банкпен келісіледі.
БААЖ-дың операциялық күннің уақыты Ұлттық банктің опера-циялық күніне сәйкес келеді.
БААЖ операциялық күні ішінде шотында жеткілікті қаражат сомасы, кезекті төлемді орындау немесе күндізгі несиені өтеу үшін кажетті ақша қаражатын алу мүмкіндігі жоқ пайдаланушыға үсыну мақсатында арнайы уақыт кезеңі белгіленеді.
ҚБЕО операциялық күні аяқталғаннан кейін пайдаланушы-лардың ¥лттық банктегі корреспонденттік шотына дебеттік және кредиттік қалдық туралы ақпарат беру үшін жасалған есеп айырысу қорытынды мәліметтерімен қатар Ұлттық банктің сәйкес филиалына электрондық тізімдеме береді. ҚБЕО шоты бойынша операциялық күннің соңында калдық болмауы кажет.
Үлттық банк электронды тізімдеме негізінде Үлттық банк пайдаланушыларының шоты бойынша акша каражаттары қозғалы-сының бухгалтерлік есебінін барлық қажетті операцияларын орындайды.
БААЖ операциялык күні аяқталғаннан кейін пайдаланушы ҚБЕО-дан орындалған төлемдер нәтижесі бойынша көшірме (выписка) алады.
Ақша қаражатын пайдаланушы-алушылар төлем құжаттарын тексергеннен кейін және оның шотына ақша қаражатын есептеген-нен кейін өз клиенттерінің шоты бойынша келесі операциялық күннен кешіктірмей есеп айырысуды жүргізеді.
Пайдаланушылар күн сайын БААЖ-де өздерінің ішкі корреспонденток шоты бойынша орындалған төлемдердің нәтижесін көрсетеді, сонымен катар төлемдердің нәтижесі тоқсан сайын көрсетіліп отырады (4-қосымша). Ішкі корреспонденттік шоттар бойынша қалдық ¥лттық банктегі корреспонденттік шот бойынша қалдықпен сәйкес келмеген жағдайда пайдаланушы ҚБЕО-ны дереу хабардар етуі қажет.
Қазақстанда ҚБЕО банкаралық ақша аудару жүйесі 1996 жылдан бастап кызмет көрсетіп отыр, есеп айырысуларды нақты уақыт режімінде жүзеге асырады және келешекке арналган RTGS (нақты уақыт режімінде жалпы есеп айырысу жүйесі) сипатына ие. Банкаралык ақша аудару жүйесі тиімді және қауіпсіз толем жүйесі болып табылады.
Банкаралық ақша аудару жүйесі арқылы жүзеге асырылатын төлем көлемінің 1999-2002 жж. елеулі жоғарылауы оның тиімді-лігін дәлелдейді. БААЖ арқылы төлемдер нақты уақыт режімінде жүзеге асырылады және осы жүйе барлық халықаралық стандартқа сәйкес келеді.
Банкаралық ақша аудару жүйесіндегі тәуекелді басқару мақса-тында пайдаланушылар дың корреспонденттік шотына қызмет көрсететін Үлттык банк болімшесі операциялық күн басында ҚБЕО-ға белгілі бір параметрлерді сеніп тапсырады:
-
Р1 - пайдаланушының жеке отініші бойынша корреспонденток шоттан резервтелген ақшалар;
-
Р2 - ҚР Үлттық банкі пайдаланушыға ұсынуы мүмкін күндік есептік несие колемі;
-
РЗ - кезекте тіркелуі мүмкін толем құжаттарының ең жоғарғы сомасы.
Банктер есеп айырысуды осы параметрлер бойынша жүргізеді. Банкаралык акша аудару жүйесі банктердің корреспонденттік шоттары бойынша емес, БААЖ-ға қатысуы үшін резервтелген белгілі бір сомада жүргізіледі.
Мониторинг негізінде БААЖ және ҚБЕО пайдаланушылары банктерінің ағымдығы өтімділігін талдау жүргізіледі. Банк ұсынылған мониторинг мәселелері «овернайт» несие көлемінің лимитін орнату кезінде қолданылады.
БАНКАРАЛЫҚ КЛИРИНГ ЕСЕБІ.Біздің елімізде банктер арасында есеп айырысуларды түпкілікті жақсартудың басты бағыты - банкаралык клирингті дамыту болып табылады.
Клиринг өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген тауар және қызмет үшін ақшасыз есеп айырысу жүйесін үсынады. Банк-тік жүйеде клирингті негізінен банктердің корреспонденттік шоттары қүрайды. Клиринг әсерінен есеп айырысулар жеңілде-тіледі, арзандатылады және жеделдетіледі, колда бар ақша каржысы және осының есебінен есеп айырысуға қатысушылардың пайда жә-не өтімділік деңгейі көтеріледі. Оған баруға негіз болған басты ерекшелігі - шынайы ақшаға деген кажеттілік.
Клирингтің екі үлгісі (моделі) карастырылады: ақша қаржыла-рын алдын ала депозиттеумен және депозиттеусіз. Классикалык клирингтің екінші үлгісі есеп айырысу жүйесі дамыған елдерде кең таралған, бірақ қаржыларды алдын ала депозиттеуді талап етпейді. Егер клиринг сеансының аяғында катысушылардың ең болмаса біреуінде дебеттік сальдо болмаса, бірақ оның қаржы табуға мүм-кіншілігі бар болса, онда клирингтік сеанс нәтижесі токтатылады. Классикалык үлгінің мынадай ерекшеліктері бар: ол қаржы айналымдылығының жылдамдығын және деңгейін ұлғайтуға, қаржылардың бірінші үлгіде резервтеуді талап ететін түрлерін тиім-ді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бірінші үлгіде есептік операциялар алдын ала депозиттелген қаржыларды қолданып жүргізіледі. Осы дерек сеанс катысушы-ларына нәтижені өзгерту мүмкіндігінсіз өзара есеп кепілдігін береді. Аталған жағдайда клиринг мекемесі банк ретінде кдтысушы-банктердің депозиттік шоттарын, өзіне жинай отырып қызмет етеді. Соған сәйкес, клирингті бірінші модель бойынша жүзеге асыру үшін жұмылдырылған қаржылары болуы керек.
Банкаралық клирингті ұйымдастырудың бай тәжірибесі АҚШ, Ұлыбритания, Германияда жинакталған.
Банктерде құжат айналымын жетілдіру және шығындарды азайту әдістерін іздестіру үнемі жүргізіледі. Болашағы бар ны-сандардың бірі - чектер трансакциясы, яғни чектің әрекетін одан әрі өңдеу үрдісінде оның деректерін магнитті жеткізушілерге жазу арқылы тоқтату. Бүл мәліметтер компьютерге енгізіледі, одан соң мәліметтерді таратуга немесе автоматты есеп айырысу палатасына жолдауға (клиринг палатасына) колданылады (5-косымша). Чектің өзі микрофильмденеді немесе банк мұрағатында сақталады, не бол-маса жойылады. Бұл чектерді өңдеу немесе сұрыптауға байланысты шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Клиринг бойынша есеп айырысу кезінде корреспондент банктер арасында келесі өткізбелер құрылады:
Банк мекемесінде корреспондент банк есебіне төлем құжатта-рын төлеу кезінде мынадай жазба жасалады:
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары»;
Кт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу».
Корреспондент банктерден клиентура есебіне төлемдер түскен кезде, мынадай шоттар корреспонденциясы жасалады:
Дт 2551 «Баска банктермен есеп айырысу»;
Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары».
Клиринг бойынша таза позицияны аныктау кезінде келесі бухгалтерлік жазба жасалады.
Жіберілген қаржыдан түскен каржы артқан кезде:
Дт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік шоттары»; 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу»;
Кт 1551 «Баска банктермен есеп айырысу».
Түскен қаржыдан жіберілген қаржы арткан кезде:
Дт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу»; 1551 «Баска банктермен есеп айырысу»;
Кт 1052 «Банктің баска банктердегі корреспонденттік шоттары».
Клиринг екі банк арасында біріншісінің қарыз талабы екінші-сінің қарыз міндеттемесі болып, ал екіншісінің қарыз талабы бірін-шісінің қарыз міндеттемесі болып табылатын жағдайларда, сондай-ақ көп жакты талаптарға ие міндеттемелер кезінде де қолданылады. Бұл кезде маңыздысы клирингтің әр қатысушысының барлық қаты-сушыға қатысты қарыз талаптарын және олардың алдындағы міндет-темелерін ескеруіне және олар кезеңмен жағымды және жағымсыз шамада өтелуінде. Шынайы ақшамен тек есептелмеген ақша төленеді (өтеледі). Бүл кезде ескеретін нәрсе: клиринг қатысу-шылары арасында жүзге жуык және одан көп операциялар жүргі-зіледі, олардың әркайсысы бойынша құжаттар өтеу үшін клиринг орталығына түседі және катысушылардың дербес шоты бойынша есептеледі.
Клирингтік техникалық орталық бірнеше клирингтік сеанстар жиынтығын ұсынады: реттеуші және қорытындылаушы сеанстарды және төлемдерді өндеудің барлық үрдісін қамтиды- тексеру, есептеу, сальдолау, жөнелтуші мен алушыны ақпараттау.
Клирингтің ерекшелігі:
-
шынайы акта каржыларына деген қажеттіліктің аздығы;
-
өз міндеттемелері өз кінарат-талаптарымен өтеу арқылы есеп айырысуды жеделдету;
Клирингтің кемшіліктері:
-
клирингтік сеанска қатысу үшін өзара қарсылама міндет-темелердің болу қажеттілігі;
-
бірінші үлгі клирингін жүзеге асыру кезінде қаржыларды міндетті түрде депозиттеу;
-
өзара есеп айырысудың оңтайлы нұсқасы, бірақ бұл нақты төлемдерді жүзеге асыруға сәйкес келмейді. Бөлшек төлем-дер жүйесі (БТЖ) қарсылама төлемдер қағидасын қолда-нады, төлемдерді жүзеге асыру уакыты бір операциялық күнге тең.
Бүгінгі күні ҚРҮБ облыстық басқармаларында құрылған 14 клирингтік палата қызмет етуде. 2000 жылы БТЖ арқылы 472,1 млрд теңге сомасына 3742,4 мың трансакция өткізілген.
БТЖ-да 1999 жылдың үшінші тоқсанында төлемдердің қысқаруы 1999 жылдың 1 тамызында Үлттық банктің клирингтік талаптарының жабылуымен байланысты болды.
Халықаралық сауда-қаржылық айналымда SWIFT электронды төлемдер жүйесі қолданылады.
SWIFT (Society for World-Wide Interbank Telecommunikations) -Әлемдік банкаралық қаржылық телекоммуникациялар қауымдастығы - қаржылық телекоммуникация саласында жетекші халықаралық ұйым болып табылады. SWIFT қызметінің негізгі бағыты банктер үшін жедел, сенімді, шешімді, құпия және санкцияланбаған кіруден қорғайтын телекоммуникациялық қызметті ұсыну және қаржылық ақпаратты алмасу әдістемелері мен нысандарын стандарттау бойынша жұмыс жүргізу.
1950-жылдардың аяғында халықаралық сауданың күрт өсуі нәтижесінде банктік операциялар саны көбейе бастады. Банктер арасында қалыптасқан байланыс (пошта, телеграф) банктік ақпарат көлемі мен қызметін келістіре алмады. Әр банктегі әр түрлі банктік рәсімдер құжаттар сәйкессіздігін тугызды, банкаралық операциялар-ды өткізудегі қателіктерді кайталап түзетуге көп уақыт жұмсалды. Қағаз жеткізушілердегі ақпараттың шексіз өсуіне қалыпты реакция автоматтандыру болып табылады. Банктік автоматтандыру жүйесінің даму карқыңына байланысты банктік жүйелер арасында кагазсыз ақпарат алмасу қажеттілігі туындады. Сол кездегі іс кағаздарының ерекшеліктері мен құрылымындағы айырмашылығы жеткілікті сенімді деңгейде жұмыс істейтін интегралды байланыс жүйесі мен ақпараттық өңдеуді ұсына алмады. Сонымен қатар банкаралық қатынастарда стандарттау жүйесі болмады.
Жұмыстың неғұрлым тиімді құралдарьш іздестіру 1960-жылдар-дың басында америкалық және еуропалық банкті халықаралық банк ісінде стандарттау жүйесін қалыптастыру мақсатында пікірталасқа жиналуға мәжбүр етті. Мүнда соңғы мақсат ретінде компьютерлерді қолдану, банктік ақпараттарды жолдаудың неғұрлым сенімді, жылдам және қауіпсіз жүйесін құруда телекоммуникация кұралдарын қолдану туралы шешім қабылданды. Жоба негізіне келесі талаптар алынған:
-
төлем операциялары қағаздың қатысынсыз неғүрлым тиімді жүзеге асуы керек;
-
банктер арасында ақпарат алмасу тікелей коммуникация күралдарын қолдану аркылы неғүрлым жеделдетілуі тиіс;
-
типтік банктік тәуекелдік төмендетілуі тиіс (мысалы, жоғал-тулар, төлемдерді кателесіп жолдау, төлем тапсырыстары-ның жалғандығы және т.б.).
Өз катысушыларына тәулік бойы жоғары жылдамдықта банктік акпарат алмасуын, санкцияланбаған корғау және бақылау деңгейі бар кьтзметті қамтамасыз ететін халықаралық жоба күру үсынысы 1968 жылы жасалды. Одан сәл кешірек, 1972 жылы бүл үсыныс ресми түрде жобаға рәсімделді. Сол жылы банктік ақпаратты айырбастаудың пайдалы жүйесін құру бойынша үсыныстар түсті. Олар:
-
жүйе халықаралық торап құру және қызмет көрсетудің то-раптық қызметіне негізделуі тиіс;
-
үдерістерді стандарттауға, сондай-ақ хабарлар пішімін станттау, банктерді торапқа қосу әдістері мен жабдықтарын стандарттау;
-
күны 0,15 доллар түратын хабарды жолдау кезінде, пайданы қамтамасыз ету үшін жүйе күніне 70 банктің қатысумен 100000-нан кем емес хабарды өңдеуі тиіс;
-
жүйе екі тәуелсіз және бір-бірімен байланысты тарату орта-лығын және әрбір қатысушы елде байланыс концентратор-ларын иемденуі тиіс.
1973 жылы мамырда 15 елдің 239 банкі Бельгия зандылығына сәйкес қаржылық акпаратты алмасудың нысанды әдістерін даярлау және стандартталған хабарларды қолданып деректерді жолдаудың халықаралық торабын күру мақсатында SWIFT қүрылды. Келесі төрт жыл ұйымдастыру және техникалық мәселелерді шешуге арналды, ал 1977 жылы 9 мамырда торап ресми түрде ашылды. Жыл соңында мүше-банктер 586-ға дейін өсті (513-тен). Олар күнделікті трафикті 500000 хабарға дейін жеткізді.
SWIFT болашақка негізделген банктік коммуникациялық торап ретінде клирингтік қызметтерді атқарады. Жолданатын тапсырыстар аударым түрі ретінде тиісті «Ностро» және «Лоро» шоттары бойынша, сондай-ақ дәстүрлі твлем күжаттарын колдану негізінде де есептеледі.
SWIFT - бұл иелері мүше-банктер болып табылатын акцио-нерлік қоғам. Қоғам Бельгияда тіркелген (штаб пәтері және тұрақты қызмет етуші органдары Брюсельге жақын Ла-Ульп қаласында орна-ласқан) және Бельгия заңы бойынша әрекет етеді. Жоғары органы - мүше банктердің және оның өкілдерінің жалпы жиналысы (Бас ассамблея). Барлык шешім ассамблея қатысушыларының көпшілік дауысымен: бір акция - бір дауыс кағидасымен қабылданады. Директорлар кеңесінде жетекші орынды Батыс Еуропа және АҚШ елдері банктерінің өкілдері иемденеді. Акция саны үсынылатын хабарлар трафигіне сәйкес таратылады. Акцияның басым саны АҚШ, Германия, Швейцария, Франция, Ұлыбританияда.
Үлттық заңға сәйкес халықаралық банктік операцияны жүзеге асыруға құқы бар кез келген банк SWIFT мүшесі бола алады. Мүше банктермен катар SWIFT торабын пайдаланушылардың тағы екі санаты бар: қауымдастырылған мүшелері және катысушылары. Біріншілер санатында мүше банктер филиалдары және бөлімшелері қызмет етеді. Қауымдастырылған мүшелер акционер бола алмайды және қоғам ісін басқаруға қатысу құқынан айырылған. SWIFT ат-алмыш катысушылары - әркилы каржылық институттар (банктер емес): торапка қатысуга 1987 жылдан рүқсаты бар делдалдық және сақтандыру компаниялары, инвестициялық компаниялар.
SWIFT-ке ену екі кезеңнен тұрады: қоғамға мүше болуға банктің дайындығы және қогамның іскер мушесі ретінде банктің торапқа қосылу дайындығы. Бірінші кезеңце банк SWIFT-ке келесі құжаттар кешенін толтырып жолдайды: кіру туралы өтініш, SWIFT жарғысын орындауға және қоғамның шығындарын (операциялық шығындарды) қалпына келтіруге банктің міндеттемесі; банктің және қоғаммен байланыска жауапты тұлғаның мекенжайы, банктік хабарлаулар кестесінің сипаты. SWIFT директорлар кеңесі құжат-тарды талқылайды және банкті когамға қабылдау туралы шешім кабылдайды. Кандидат банк бір жолгы жарнаны төлеуге және қоғамның бір акциясын иемденуге кұкьщ алады.
SWIFT-ке кіру үшін 400000 бельгия франкін (мүше банктер үшін) және кауымдастырылган мүшелері 200000 бельгия франкін бір кезектік жарнаны төлеу керек. Сонымен катар мүше банктер қүны 55000 бельгия франкі түратын бір акцияны сатып алуға міндетті. Екінші кезең банктің торапқа қосылуымен байланысты. Осы кезеңде барлық техникалық мәселелер шешіледі, коммуникациялық жабдықтар алынады (оның құны жүз мындаған американ долларын құруы мүмкін), қызметкерлерді оқыту жүзеге асырылады.
Торапқа ену күндері тұрақты: бүл наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсанның бірінші дүйсенбілері. Тәжірибе көрсеткеніндей, банктің SWIFT жүйесіне қатысу шығындары әдетте бес күнде өтеледі.
SWIFT жүйесі таратылатын әр елде қоғам өзінің аймақтық әкімшілігін қүрады.
Отандық банктер SWIFT-ті негізінен шетелге төлем жасауға қолдануда, бірақ соңғы кезде қазақстандық банктерге арналған хабарлар көбейе түсуде.
SWIFT-ке мүше болу неғүрлым кең және белсенді қаржылық және экономикалық сыртқы байланыстар үшін қалыпты жағдай жасайды. SWIFT пайда түсірмейтін орталық, оның алған барлық пайдасы шығындарды жабуға және жүйені жаңғыртуға жұмсалады. Жүйенің бірнеше артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
SWIFT торабындағы жұмыс бірнеше артықшылықтар береді:
-
тораптың әр элементтерін «ыстық» резервтеу есебінен ха-барларды қабылдау мен жолдаудың арнайы тәртібін құруды қамтамасыз ететін тораппен хабар жолдау сенімділігі;
-
телекстік байланыспен салыстыру бойынша операциялық шығындарды қысқарту. Мысалы бір стандартты хабарлау-дың қүны аралыққа байланысты емес (325 байт), ал айырбастың жоғары қарқындылығы құнды соншалықты төмендетеді, сол себепті ол телекстік және телеграф тәріздес байланыстардың қүнынан төмен;
-
хабарды әлемнің кез келген нүктесіне тез жеткізу әдісі. Хабарды жеткізу уақыты 20 мин., оны байланыстың жеке арналарын жабатындай етіп 1-5 минутка дейін қысқартуға болады. Хабар адресатқа тораптың аралық кезеңдерін қысқарту есебінен неғүрлым тез жеткізіледі. Осындай телеграф бойынша жеткізу 90 минутқа жуық уақыт алады.
Жөнелтуші алушымен on-line режімінде байланыста болғанда:
-
барлық төлем құжаттары жүйеге стандартты түрде түседі,
бүл деректерді өңдеуді автоматтандыруға және сондықтан
банк жұмысын арттыруға мүмкіндік береді. Орындалған
трансакцияларды тіркеу барлық өткен өкімдерді толық
бақылауға (аудит) және сол бойынша күнделікті автомат-
тандырылған есеп беруді қүруға мүмкіндік береді, сонымен
қатар тілдік кедергілер білінбейді және банктік опера-
цияларды жүргізу тәжірибесіндегі айырмашылықтар азаяды;
-
сонымен қатар халықаралык және несиелік айналымдардың SWIFT қолдану нысанына сүйенуіне байланысты, SWIFT-ке мүше банктердің бәсекеқабілеттілігі артады;
-
SWIFT өзінің барлык мүшелеріне қаржылық қорғаныс кепілдігін береді, егер қоғамдастық кінәсінен хабар тәулік көлемінде адресатқа жеткізілмесе, онда SWIFT клиентке осы кешігу есебінен болған барлық тура және жанама шығындарды өтеп береді.
SWIFT-тің басты кемшілігі оған кірудің қымбаттылығы. Банктің SWIFT-ке кіру шығындары 160-200 мың долларды құрайды. Бұл ұсақ банктер үшін қиындық әкеледі. Кемшілік ретінде белгілі деңгейде ішкі үйымның күрделі техникалық жүйеге бағынышты-лығын атауға болады. Келесі бір кемшілік ретінде төлем несиесін қолдану бойынша мүмкіндіктердің қысқаруын, атап айтқанда, аталған аударым көрсетілетін шоттар дебеті мен кредиті арасын-дағы кезеңнің қысқаруын айтамыз.
Қазақстандық банктер өз есеп айырысуларында электронды кұжаттарды жолдаудың «Банк-Клиент» жүйесін қолданады. Бұл жүйе клиенттерге компьютер және модем көмегімен есеп айырысу қызметін жүргізуге мүмкіндік береді. Барлық операциялар кеңседен шықпастан, клиенттің жұмыс орнынан жүргізіледі. «Банк-Клиент» жүйесіндегі барлық қүжаттар электронды түрде беріледі. Олар Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің нормативті актілеріне сәйкес қолданылатын бухгалтерлік қүжаттармен бірдей және бух-галтерлік жазбалар жасауға негіз болады.
«Банк-Клиент» жүйесін қолданып, клиент банкке келесі қүжат-тарды үсына алады:
-
өз шотынан теңгеде, икемді және тұрақты валютада каржы жұмсауға төлем тапсырмаларын;
-
валюта сатып алуға өтінішті;
-
валюта сатуға өтінішті;
-
валюталық қүжаттарды аударуға өтінішті. «Банк-Клиент» жүйесі бойынша клиенттер банктен алады:
-
шынайы уақыт жүйесінде шоттар бойынша көшірмелерді;
-
шоттар бойынша көшірмелер қосымшаларын;
- клиенттер үшін мәтіндік хабарларды (валюта бағамдары,
тариф және мөлшерлемелер бойынша өзгерістер, баска да
ақпараттарды).
Көшірмеде барлық құжаттардың шоттар бойынша өткізбелері көрсетіледі (қолма-қол, қолма-кол емес). Клиент сол жерде өткізілген қүжаттар бойынша есеп берулерді алады.
«Банк-Клиент» жүйесі банк пен клиент арасындағы деректер алмасудың толық құпиялылыгын камтамасыз ете алады. Ақпараттарды қабылдау мен жолдауды тәулік бойы және демалыс күндері де жүргізуге болады. 16.00 сағатқа дейін жөнелтілген төлем қүжаттары сол күні орындалады.
«Банк-Клиент» жүйесі клиенттік төлемдерді шынайы уақыт режімінде жоғары кррғаушылық және сактық деңгейімен ұқыпты және уақтылы өткізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты атап өтетін жайт, бүгінгі күні есеп айьгрысулар бойынша шығындарды айтарлыктай төмендететін екі электрондық жүйе қызмет етеді. Соның ішінде кең тарағаны 1977 жылы өз мүшелеріне кызмет көрсету үшін құрылған SWIFT жүйесі (банкаралық қаржылық телекоммуникациялардың халықаралык коғамы).
SWIFT колданушыларға бүкіл элем бойынша халықаралық қар-жылық төлемдерді жолдаудың тез, сенімді және қауіпсіз тәсілін ұсынады. Бүгінгі күні әлемнің 175 елінің 6000-нан аса банктері мен қаржылық институттары SWIFT мүшелері болып табылады. Күн сайын 2 триллион АҚШ долларынан аса сомаға 1,7 млн астам хабар беріледі. Қазакстан Республикасының Ұлттық банкі SWIFT -тің аймақтық процессорын ашты, ол корреспонденттермен ыңғайлы байланыс жасауга, операцияларды жедел жүзеге асыруға, ақша қорларын тиімді пайдалануға, кателіктер тәуекелділігін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ аймақтар бойынша мамандандырылған басқа да электронды жүйелер қызмет етеді: WESTERN UNION. CHIPS and FEDWIRE (AKIII)SIC (Швейцария), CHAPS (Ұлыбритания).
WESTERN UNION ақша аударымы жүйесі - дүние жүзі бойынша ақша аударымының ең тез және сенімді тәсілі. Оған бүгінгі күні әлемнің 150-ге жуық елі қосылған, соның ішінде Қазакстан Респу-бликасы да. Эр айлық айналымы 70 миллион АҚШ доллары шама-сында.
Елімізде WESTERN UNION корпорациясымен «БанкІДентрКредит» ААҚ, Алматы сауда-каржы банкі сия-кты банктер ынтымақтаса кызмет етуде.
Жүйенің басты қызметі - WESTERN UNION қызмет көрсететін әлемнің кез келген нүктесіне ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша жеке тұлғаларға (резидент және бейрезиденттерге) қызмет көрсету. Бүл жүйе бойынша акша аударымдары банктік шот ашпастан және нақты ақша түрінде жүзеге асырылады (АҚШ доллары). Аударым жіберілгеннен кейінгі 10 минуттан соң дайын болады. Аударым жасау алушының аты-жөні және дәл сол уақытта ол жүрген ел аты жеткілікті. Қаржы алушыға аударымның сұрақ-жауап түріндегі бакылау паролін білдіретін бақылау нөмірін хабарласа жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: |