33-лекция
Тақырыбы: Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар есебі.
(1-сағат)
Жоспар:
1. Бағалы қағаздардың мәні
2. Бағалы қағаздардың түрлері және жіктелуі
3. Баѓалы ќаѓаздармен есеп ж‰ргізу
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекс/ бойынша бағалы қағаздар деп мүліктік қүқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын қүжат.
Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың ба-ғалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.
Біріншіден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанын-да мүліктік құқты (корпорация акциялары, вексельдер, коносамент-тер және т.б.) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға ара-сындағы қарыздық қатынасты куәландыратын ақша кұжаты.
Екіншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау туралы куә-ландыратын құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөльде ойнайды.
Үшіншіден, бағалы кағаздар - бұл нақты активтерге (акциялар-га, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талап етуі көрсетілетін қүжаттар.
Төртіншіден, бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті - олардың табыс әкелуі болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың накты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейді немесе қатыспайды.
Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиет-терімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.
Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы нәтижесін-де ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың айналымдылық қасиеті сатып алу-сату негізінде (акция, облигация және т.б.) немесе басқа тауарлар нарығымен (чектер, вексельдер, коносаменттер, жекешелендіру кұжаттары) айналымды байланыс-тырып, төлем қүралы ретінде іске асырылады.
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде, яғни өзіне тиесілі үйым-дары және онда жұмыс істеу ережелері бар нарығы болуы керек. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі бағалы қағаздар - бұл тек меншік титулы, табыс алуға қүқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ қүжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты күрделі ұйым-дық және техникалық циклдардың толықтылығы мен аяқталғанды-лығын жоғары деңгейімен ұсынады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін қолдану арқылы сатып алу-сату заты ретінде пайдала-нылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне бай-ланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаз-дардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы қағаздардың атаулы (атаулы құн - оларды шығару кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмис-сиялық және нарықтық бағасы болады.
Атаулы баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға - бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға - бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы эсер етеді.
Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлі құжаттардың жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір белгілері онда көрсетілген мүліктік құкты өткізу үшін ұсыну қажеттілігімен біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажет-тіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Бағалы кагаздардың түрі түсінігінде багалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қагаздар жікте-луін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.
Бағалы қағаздардың жіктелуі мен бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп қарастыруға болады.
Бағалы кағаздардың жіктелуі - бұл бағалы қагаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы кағаздар түрлерінің жіктелуі - бүл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді одан әрі белуге болады. Әрбір төменгі жіктеу жоғары тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция - бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.
Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгілі бір сипаттың жиынына ие.
Уақыт сипаттамасы:
-
қызмет ету мерзімі: айналысқа қай уақытта шығындарды, қай уақыт кезеңіне немесе мерзімсіз;
-
пайда болуы: басы өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа бағалы қағаздардан.
Кеңістік сипаттамасы:
-
қызмет ету нысаны: қағазды немесе заңды түрде айтқанда құжатты нысан немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;
-
ұлттық белгісі: отандық немесе баска мемлекеттік, яғни шетелдік;
• аймақтық белгісі: елдің қай аумағында шығарылған.
Нарықтық сипаттамасы:
-
бағалы қағаздар негізінде жатқан актив түрі немесе оның шығу негізі (тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және т.б.);
-
иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы бағалы қағаздар - онда көрсетілген тұлғаның құкығын куәландыратынын көрсетеді. Үсынушы бағалы қағаздары -құқық оны ұсынушы адамға жатады. Ордерлі бағалы қағаздар - құқық онда аталған адамға тиесілі.
-
шығару нысаны: эмиссионды, яғни ішінде барлық бағалы қа-газдар өздерінің сипаттары бойынша бірдей болып келетін белек сериялар бойынша шығарылады немесе эмиссиялық емес;
-
меншік нысаны және бағалы қағаздарды нарыққа шығарушы эмитент түрі: мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;
-
айналыс сипаты: нарықта еркін немесе шектеулі айналады;
-
бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негізінде экономи-калық мәні;
-
тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және тағы басқа;
-
табыс көзі: бағалы қағаздар бойынша табыстың қандай да болса бөлігін төлей ме, жоқ әлде төлемей ме;
-
қаражат салымның нысаны: ақша қарызға немесе меншік құқығын иемденуге қаржылана ма.
Бағалы қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.
Мерзімді - оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар. Әдетте мерзімді бағалы қағаздар үш түрге бөлінеді:
-
қысқа мерзімді, айналымда бір жылға дейін жүретін;
-
ұзақ мерзімді, айналымда бір жылдан жоғары мерзімде жүреді.
Мерзімсіз - айналым мерзімі шектелмеген бағалы қааздар, яғни олар шексіз қызмет етеді және бағалы бағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.
Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны -қағаз, яғни бағалы қағаз құжат түрінде колданылады. Бағалы қағаз-дар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көп түрінің, ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға ауысуын талап етеді.
Инвестицияльщ (капиталдық) - капитал салымы үшін объект/ болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер және т.б).
Инвестицияльщ емес - тауар немесе басқа нарықта акшалай есеп айырысуға қызмет көрсететін бағалы қагаздар (вексельдер, чектер, коносаменттер).
Эмитенттің қүкықтық мәртебесін, инвестицияльщ және несиелік тәуекел деңгейін, инвесторлардың қызығушылығы мен басқа фак-торларды ескергенде қордың бағалы кағазы үш топқа бөлінеді:
-
мемлекеттік;
-
муниципалдық;
-
мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар - мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны; эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздар ішінде қазынашылык вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақ қарыздарының облигациялары кең тараған.
Муниципалдық бағалы кағаздарға жергілікті өкімет органдары-ның қарыздық міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялык және жеке қаржы институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы қағаздарға жеке түлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.
Нарықтағы айналым ерекшелігіне байланысты бағалы қағаздар-ды нарықтық (айналымды) және нарыктық емес (айналымсыз) деп бөледі.
Нарықтық бағалы қағаздар екінші нарықта биржалық және биржадан тыс айналыс шегінде еркін сатып алынуы және сатылуы мүмкін. Ол шығарылғаннан кейін эмитентке кезектен тыс ұсыныл-майды.
Нарықтық емес бағалы кағаздар бір колдан екінші колға еркін ауыспайды, яғни оларда екінші айналыс болмайды. Бұл мынадай бағалы қағаздарға жатады, мысалы, эмитент бағалы қағаздарды шығару кезінде тек эмитенттен баска адамға сатылмауы тиіс деген шарт қояды.
Сонымен қатар, айналысы шектелген бағалы қағаздар туралы айтып кетуге болады. Сатып алу - сату мәмілесі бойынша шектеулер жабық акционерлік қоғамының акцияларына жатады.
Бағалы қагаздардың борышқорлық және иемденуші үлесіне бөлінуі өз кезегінде ақша каражаттарын пайдаланудың екі мүмкін тәсілдерін көрсетеді:
-
әр түрлі активті меншікке алуға;
-
уақытша пайдалануға.
Егер бағалы қағаздар салынған акша сомасын қайтарып беру шартымен шектелген мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұл облигациялар, банктік сертификаттар, век-сельдар және т.б. Иеленуші бағалы қағаздар активтерге сәйкес меншік құқығын береді. Бұл акциялар, варанттар, коносаменттер және т.б.
Эмиссиялық бағалы кағаздар ірі серияда және көп көлемде және әрбір серияның ішінде ұқсас шығарылады. Бұл - акция және облигация.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар аз серияда немесе санаулы түрде шығарылады.
Қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар екі үлкен сыныпқа бөлінеді.
1-сынып - негізгі;
2-сынып - туынды.
Негізгі бағалы қағаздар - қандай да болса бір актив (тауар, ақша, капитал, мүлік, әр түрлі ресурстар және т.б.) негізіне мүлік қүкығы жататын бағалы қагаздар. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
«Қазақстан Республикасындағы бағалы кағаздар нарығы туралы» Заңында туынды бағалы кағаздар - баска багалы кағаздар аркылы өзінің қүнын айырады деп айтылған. Туынды бағалы қағаздар - бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер және тағы басқалар жатады. Туынды бағалы кағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік кұқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды багалы қагаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға құқықты тіркейді. Олардан пайданы багамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады.
«Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғам туралы» Заң негізінде акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының немесе қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен туынды бағалы қағаздарды, соның ішінде бағалы қағаздар нарығы туралы зандылықтарға сәйкес варранттарды да шығаруға құқығы бар. Қоғам Қазақстан Республикасының сыртында да туынды бағалы кағаздарды шығарып, орналастыруға құқылы. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғам туынды бағалы қағаздар шығаруға құқығы жоқ.
Варрант акционерлік қогам шыгаратын және варрантта бекітіл-ген бага бойынша бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін одан сатып алу үшін ұстаушы қүқығын куәландыратын туынды багалы қагаздар болып табылады. Қоғам акция және облигация эмиссиясы-мен қатар варрант шығаруға құқы бар. Варранттар бағалы кағаздардан оларды шығарғаннан кейін бөлінеді және оларда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше айналыста жүреді. Варанттар бөлініп шықканнан кейін бағалы қағаздардың сатылу құны олардың бағасына азайтылады. Қоғам варрантты қоғамның болашақтағы бағалы қағаздар эмиссия-сымен шығаруға құқы бар. Олар иемденушіге қоғамнан бағалы кагаздарын варрантта келісілген баға бойынша белгіленген кезең шегінде, кез келген уақытта алуға құқық береді. Варрант иемденушіге дауыс беру құқығын бермейді және олар бойынша дивидент есептелінбейді.
Қоғам басқару органының шешімі бойынша опцион жағына шығарылатын бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін сатып алуга және сатуға артықша құқық беретін опцион жасауға кұқығы бар. Опционды жасау жағдайы және тәртібі және олардың айналысы бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықпен реттеледі.
Туынды багалы қағаздар санатына ең алдымен депозитарийлік қолхаттар жатады. Депозитаринлік колхат - бүл шетел эмитен-тінің багалы қагаздар бойынша шыгарылган және елде еркін айналыста жүретін туынды багалы қагаз. Бұл инвесторлардың шетел эмитенттерінің багалы қағаздарын иемдену үшін қаржылық құрал болып табылады. Эмитенттердің депозитарийлік қолхаттарын шығару шетел капиталының инвестициясының өсуімен, оларды тіркеу кажеттілігінің болмауымен, оларды жергілікті салықты тө-леуден босатумен және барлық инвесторлар үшін қол жеткізілуімен байланысты. Депозитарийлік колхаттардың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:
-
американдық (ADR);
-
ғаламдық (GDR);
-
халықаралық (IDR).
ADR АҚШ нарығында айналады және долларлы номиналы болады, ал GDR американдық нарықтан баска бірнеше нарықта сатылуы мүмкін және сонымен бірге эмитентке дүниежүзілік нарық капиталын жаулап алуға мүмкіндік береді. Әдетте американдьщ банктер эмитенттерге акциялары қор нарығында бағаланатын елдерде кастодиандық қызмет көрсетуді үсынады. Осы Атаулы ие депозиттеу акция негізінде депозитарийлік қолхат шығарылады. Америка Қүрама Штатында осындай депозитарийлік қолхаттың біршама ірі депозитарийлік эмитент-банктері «City Bank New York», «The Bank of New York», «Morgan Bank» болып табылады. Ғаламдық депозитарийлік қолхаттар тіркелуі, шығарылуы мүмкін, олармен АҚШ ашық нарығында мәміле жасауға болады, сонымен катар олар АҚШ-тың негізгі қор биржаларында, сондай-ақ сол елдің шегінде бағаланады. GDR-ді шығарғанға дейін банктер мен компаниялар алдымен АҚШ-та ADR шығаруы тиіс, одан кейін Батые Еуропада осы екі нарықка шығарудың алғашқы қадамы ретінде IDR шығаруы керек.
Қазақстан Республикасында алғаш рет депозитарийлік қолхат 1996 жылдың басында ресейлік «Аьфа-банк» филиалымен колда-нылды. 1997 жылы американдық депозитарийлік қолхатты «Казком-мерцбанк», 1998 жылы «ШНОС» мұнай компаниясы шығарды. Бүл компаниялардың ADR котировкасы барлық ірі қор биржаларында жүргізіледі.
Банк өзінің қызмет етуін жүзеге асыру үдерісінде айналымға бағалы қағаздардың келесі түрлерін шығарады:
-
акциялар;
-
депозиттік сертификаттар;
-
облигациялар;
-
бағалы қағаздардың басқа түрлері.
Акция - бұл акция иемденушісінің акционерлік қоғам капиталына қатыскандыгы туралы куәландыратын және оның иесіне осы қоғамның пайдасынын белгілі бір бөлігін дивидент түрінде алуға кұқьщ беретін акционерлік қогам шыгаратын багалы қағаз.
Акциямен келесідей қүқықтар байланысты:
-
белгілі жағдайда пайдаға катысу (дивидентке кұқық);
-
акционердің жалпы жиналысына қатысу;
-
акционердің жалпы жиналысында дауыс беру қүқығы;
-
капиталдың көбеюі кезінде жаңа акцияларды алуға артық-шылық күкығы.
Акция ұсынатьш қүқық көлеміне қарай жай және артыкшылығы бар болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлерге жоғарыда аталған қүқықтарды банктің заңы мен жарғысына сәйкес үсынады. Артьщшылығы бар акцияны ұстаушылардың жай акцияны ұстау-шыға қарағанда біршама артықшылығы бар.
Акцияның түрін ажыратудың тағы бір критерийі өткізу тәсілі болып табылады. Ұсынушы және атаулы акциялары бөліп қарасты-рылды. Үсынушы акциялары екі жактың келісімі бойынша және акцияларды беру арқылы жүзеге асырылады. Лтаулы акциялар екі жақтың келісімі бойынша және индоссаланған құжаттар арқылы беріледі.
Банктердің акцияларды айналысқа шығару тәртібі «Банктің меншікті қаражат есебі» тарауында қарастырылған.
Банктік сертификаттар - ақша қаражаттарын салу туралы салымшыға онда белгіленген салым мерзімі аякталғаннан кейін, олар бойынша пайыз алу құкыгын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі болады: депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат занды түлғаларға, ал жинақтық -жеке тұлғаларға беріледі. Депозиттік сертификаттар, депозиттік сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құқық беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі пайыз көлемі белгіленген мерзімді болып белуге болады. Депозиттік сертификаттардың экономикалық мәні нарықтық құрал және несие ресурстарының мультипликаторы ретінде қатысуында.
Депозиттік сертификат бойынша пайыз түріндегі алынған табыстар белгіленген тәртіпте осы табыс көзіне салық салынады. Банктердің ҚР Үлттық банк лицензиясы негізінде сертификаттарды шығаруға қүқығы бар. Сертификаттар сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем құралы бола алмайды. Ол кепіл заты, сатып алу-сату объектісі бола алады. Сертификаттарды сатып алу-сату бойынша есеп айырысуларды крлма-кол және қолма-қолсыз түрде занды және жеке түлғалар жүзеге асырады. Депозитті талап ету мерзімі келгенде банк сертификатты иемденушінің алғашқы талабы бойынша сертификатты ұсыну кезіндегі төлемді жүргізеді. Өтеу үш әдіс бойынша жүзеге асырылады:
• жаңа шығарылған сертификаттарды иемдену жолы;
. салымның басқа түрлеріне қолма-колсыз аударымдар;
• қолма-қол ақша.
1996 жылы 19 қыркүйектегі «ҚР депозиттік (банктік) сертифи-каттардың шығарылуы мен айналымының» жалпы Ережесіне сәйкес сертификаттар тек мерзімді болуы мүмкін. Төленуге ұсынылған сертификаттар уақытында өтелмеген болса, банк депозиторға айыппұл төлейді, олардың көлемі мен төлену тәртібі эмитент-банктің бақылау кеңесі бекітетін сертификаттардың шығарылуы, айналуы мен өтелуі Шартында көрсетілуі қажет. Сертификат эмитент-банктің орналасқан жерінен басқа да жерлердегі банк атынан операцияларды жүзеге асыра алатын кез келген бөлімшесінде етелуі мүмкін. Банк пайыздарды төлеудің келесі жағдайларын қарастыра алады:
-
сертификат™ өтеу мерзімі аяқталғанға дейін жиі;
-
сертификатты өтеу күнінде.
Банктік сертификаттық міндетті деректемелері келесілер болып табылады:
-
«депозиттік сертификат» атауы;
-
депозитті енгізу күні;
-
сертификатты өтеу күні;
-
депозит сомасы;
-
эмитент-банктің депозит сомасы және ол бойынша тиісті пайызды қайтару туралы міндеттемесі;
-
депозит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме;
-
тиесілі пайыз сомасы, эмитент-банктің атауы және орна-ласқан жері;
-
депозитордың аты-жөні, орналасқан жері;
-
эмитент-банктің сертификаты уақытында өтеу туралы міндетін орындамау кезінде сертификатты өтеу жағдайы;
-
банк мөрімен бекітілген, эмитент-банктің екі уәкілетті түлға-ларының қолдары.
Сертификат бланкісінің мәтінінде қандай да болса міндетті деректемелердің біреуінің болмауы сол сертификатты жарамсыз деп танытады. Сертификаттар бланкісі қатаң есептілік бланкі болып табылады және банктегі бухгалтерлік есептің шоттар Жоспарына сәйкес баланстан тыс шотта есептеледі. Депозиттік сертификаттар бланкісі ақша қоймаларында немесе өртенбейтін шкафтарда сақта-лады. Шығару жағдайында сертификаттарды тиімді орналастыруды қамтамасыз ету үшін, сертификаттардың айналымы мен өтелуі кезінде келесі сәттер ескерілуі мүмкін:
-
жылдық пайыздық мөлшерлеме деңгейі;
-
шығарудың стандартты шарттары (эмиссия және өтеу күні, қысқа номинал);
- номиналды төлеу және пайыздарды есептеу кепілі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес облигация
- бұл облигацияның немесе басқа да мүліктік баламаның онда көрсетілген атаулы құнын оны шығарушы түлғадан оны ұстаушының иемденуге құқын растайтын багалы қағаз. Облигация оны ұстаушыға облигацияның атаулы құнынан тұрақты пайызды немесе басқа мүліктік қүқықты алуға құкық береді. Облигация келесі іргелі қасиеттерге иемденеді:
-
бүл эмитент мүлкіне меншік титулы емес, бұл қарыз куәлігі;
-
акцияға қарағанда облигацияда ақырғы төлеу мерзімі болады (өтелетін бағалы қағаз);
- пайыздарды төлеу кезінде акция (дивиденд телеумен салыс-
тырғанда) және басқа да міндеттемелерді қанағаттандыру
(қоғамды жою кезінде) алдында жоғары;
- эмитента басқаруға кұқық бермейді.
Облигацияларды шыгару тәртібі:
-
Эмитент қосымша қорларды тарту үшін жарғылық капитал көлемінен аспайтын облигация шығаруға құқығы бар. Бірақ, жарғылық капитал толығымен төленіп, осы уақыт аралығын-да жылдық баланста үш жылдан кем емес кызмет істеуі кезінде ғана жүзеге асады;
-
Құқықты бекіту әдісі бойынша облигациялар атаулы болу керек;
-
Эмитенттің активі облигацияны шығаруды қамтамасыз ететін құрал болып табылады, яғни оларға жылжымайтын мүліктер, эмитентке тиісті бағалы қағаздар, ақша каражаттары, басқа да қозғалмайтын мүліктер жатады (материалдық емес активтер қамтамасыз ету кызметін атқармайды);
-
Олигацияны шығару шарты эмитенттің өзінің акцияларын айырбастау жолымен өтелуі мүмкін;
-
Акцияның атаулы құнының көлемі шектелмейді;
-
Облигациялар бойынша пайыздар эмитенттің қаржылық жағ-дайына қарамастан, белгіленген уақытта төленуі тиіс.
Облигацияларға негізгі бөліктен басқа пайызды төлеуге купон-дық парақ беріледі. Купон - бұл онда купондық мөлшерлеменің цифрлары көрсетілген қиынды талон. Облигацияның нарықтық жә-не атаулы қүны болады. Облигацияның атаулы құны облигация бе-тінде белгіленіп және қарызға беріліп, облигациялық қарыз мезгілі аяқталған бойдан қайтарылуга тиіс сома көрсетіледі. Атаулы күнға Караганда темен бағамен сатылатын облигациялар дисконтпен са-тылған деп аталады. Егер оны жоғары бағамен сататын болса, са-тушы сыйақы алады. Эмиссиялау және өтеуге дейінгі аралықта облигациялар нарықта белгіленген бага бойынша сатылады және сатып алынады. Оның номиналына байланысты пайыз көрсетілген нарық-тық бағасы облигацияньщ курсы деп аталады. Багалы қағаздардың түрақты пайыздьщ табысы келесі формула арқылы табылады:
Номиналды пайыз
Табыс = х 100. (12)
Эмиссиялық курс
Табыс арнайы айналатын тираждағы ұтыс немесе купонды төлеу жолымен беріледі.
Облигацияны айналысқа шығару бағалы қағаздар нарығы ту-ралы заңдылыкта белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеу-ден өтуі тиіс. Облигацияны мемлекет, акционерлік қоғамдар және жеке компаниялар бір жылдан кем емес уақытқа шығара алады. Қоғам кезең аралық облигацияның атаулы құнынан пайыз түрінде төленетін табыс ретінде купонды облигациялар және сатып алу және атаулы кұнының айырмасы ретінде өтеуден түскен табыс төленетін дисконтты облигация шығарады. Қоғам келесідей облигациялар шығаруга құқыгы бар:
-
белгілі бір мүлік кепілімен камтылған;
-
үшінші жақтың сөз беруімен қамтылган;
-
заңды тәртіпте қамтамасыз етпеу бекітілген. Эмитентіне байланысты мынадай түрлері бар:
-
мемлекеттік;
-
муниципалды;
-
корпорациялық;
-
шетел.
Номиналды өтеу әдісі бойынша:
-
бір жолғы төлем;
-
уақыт бойынша бөлу;
-
жалпы облигация көлемінің тіркелген үлесін біртіндеп өтеу. Төлеу түріне байланысты:
-
тек пайыздар;
-
нөлдік купон;
-
атаулы құн;
-
кезеңдік тіркелген табыс және атаулы құн;
-
атаулы құн және жиынтық табыс. Купонды төлеу әдісі бойынша:
-
түрақты купондық мөлшерлеме;
-
қалқымалы купондық мөлшерлеме;
-
біркелкі өсетін купондық мөлшерлеме (индекстелетін);
-
ең төмен немесе нөлдік купон;
-
таңдап төлеу;
-
аралас түрде.
Банктер облигацияларды және бағалы қағаздардың басқа да түрлерін эмиссиялау кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінде бағалы қағаздардың эмиссия анықтамалығының сарапта-масынан өтулері кажет.
Бағалы қағаздарды шығару екі жақ үшін де тиімді, біріншіден, банк бағалы қағаздарды онда көрсетілген мерзімде өтейді, ол банк үшін ақша қаражаттарын өзінің жобаларына салуға мүмкіндік береді. Сатып алушы-клиент үшін тиімділік бағалы қағаздарды кажет уақытында есептелген пайызды жоғалтпай сатуында.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялар көлемінің ішінде негізгі үлесті мемлекеттік бағалы қағаз-дардың түрлері альт отыр. Мемлекеттік бағалы кағаздар - бұл эмитент/ мемлекет болып табылатын, мемлекеттің ішкі қарыз нысаны, қарыздық бағалы қағаздар.
Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияның ішінде ең көп колданылатын түрі ¥лттық банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу-сату операциялары болып табылады.
Қысқа мерзімді ноталар
1997 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үлт-тық банкінің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу Ережесіне сәйкес ¥лттық банк айналысқа шығаратын және тоқсан күнге дейін айналым мерзімі бар мемлекеттік дисконтталған бағалы қағаздар. Алғашқыда атаулы құньшан томен бағамен сатылады да, кейін атаулы құн бойынша өтеледі. Қысқа мерзімді ноталар айналымдагы ақша массасын реттеуге арналған ақша-несие саясатының құралы болып табылады. Үлттық банктің қысқа мерзімді ноталарының атаулы құны 100 теңге деп шығарылады. Қысқа мерзімді ноталар табыстылығы соңғы қазынашылық вексельдер аукциондағы табыс деңгейінің шегінде белгілі. Қысқа мерзімді ноталар аукцион негізінде ¥лттық банк белгілейтін бағалы қағаздар нарығының маманданған қатысушылары - алғашқы агенттер арқылы орналастырылады.
Алғашқы агент бағалы қағаздар нарығында диллерлік және / немесе брокерлік қызметті жүзеге асыра алатын, бағалы қағаздар бойынша ¥лттық комиссиясынан алған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар болуы мүмкін. Қысқа мерзімді ноталарды сатып алуға коммерциялық банктер арыз жазады. Қыска мерзімді ноталар айналымға түсетін бағалы қағаздар болып табылады. Оны иемде-нуші оны кепілге беруге, РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізуге, екінші нарықта сатып алу-сатуға қүқығы бар. Екінші нарықтағы Үлттық банктердің кыска мерзімді ноталармен жасалы-натын мәмілелері өтеу мерзімі белгіленген күнге дейін бір жұмыс күнінде аяқталады. Сонымен бірге, барлық операцияларды инвесторлар алғашқы агенттермен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында Үлттық банкпен кыска мерзімді ноталарды жасалынатын шарттарға қызмет етуге келісімге отыруы жүзеге асады.
Үлттық банктің қысқа мерзімді ноталарды шығарушы эмитенті болуының негізгі мақсаты Қаржы министрлігі бағалы қағаздар нарығында ақша массасына оперативті ықпал етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Үлттық банктің қысқа мерзімді ноталары бойынша жүргізілетін операциялары аталған ақша массасын реттейтін жанама операцияларға жатады.
¥лттык банктің қысжа мерзімді ноталары мемлекеттік бағалы қағаздарға теңестіріледі, сондықтан да олар жоғары өтімді және сенімді болып табылады. Сонымен катар, банктік ноталарға салық салынбайды. Егер олардың артықшылығы туралы айтатын болсақ, онда Үлттық банктің қысқа мерзімді ноталары қысқа мерзім ішінде бос ақша қаражаттарын реттеуге мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді ноталардың кемшілігі ұсақ инвесторларға тиімді болмауында, өйткені оның табыстылығы басқа мемлекеттік міндеттемелерге Караганда темен болады. Ноталардың тағы бір артыкшылығы оларды тарту және орналастыру мөлшерлемесі арасындағы айырма болып табылады. Яғни екінші нарықта тарту мөлшерлемсі, Үлттық банктің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру мөлшерлемесіне қарағанда айтарлықтай томен. Өтімді активтер тез сатылып және аз шығын алып келуі мүмкін. Үлттық банктің ноталары инвестор-лардың қажеттілігін қанағаттандырып, сонымен бірге пайыздық табыс алып келеді. Табыс дисконттық инвестициялық құрал есе-бінен төленуі мумкін. Үлттық банктің ноталары дисконтты бағалы қағаздардың мысалы бола алады. Инвестициялық икемділікті және қаражаттагы кенеттен болатын қажеттіліктерді жабу үшін инвес-торларға жеткілікті өтімді қүралдардың қоры қажет. Қысқа мерзімді қүралдар өтімділікті қамтамасыз етеді және ағымдағы табысты реттейді.
Дисконтпен сатып алу, бағалы қағаздардың атаулы құнынан томен сатып алуын білдіреді: өтеу және сатып алу курсының арасындағы айырма пайыз сомасын білдіреді.
Инвесторлар үшін мемлекеттік бағалы қағаздар операциялары-ның тағы бір тиімді түрі, мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу-сату келісімшартымен ресімделетін, мем-лекеттік қысқа мерзімді міндеттемелерді сатып алу-сату операциялары (МЕККАМ) болып табылады (2-қосымша).
МЕККАМ - мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндет-темелар. Үкімет атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады және орнатылған заңдылықтарға сәйкес Қазақстанның екінші бағалы қағаздар нарығында еркін айналысқа түседі. Материалдық емес нысанда мерзімі үш, алты, он екі айға шығарылады, депо шотына сәйкес жазуларды жүргізу жолымен орналастырылады және айналысқа түседі. МЕККАМ мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндетте-мелерінің номиналдық құны - 100 теңге. МЕККАМ ұстаушылары Қазақстан Республикасының резидент және бейрезиденттік занды және жеке тұлгалары болып табылды. МЕККАМ иелері оны кепілге беруге, РЕІЮ' операцияларын жүргізуге, екінші нарықта сатып алуға және сатуға құқығы бар. Мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттерді есептеу, жүргізу және сақтау Үлттық банктің депозитарийінде депо шоты бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелерді (МҚМ) тарту көптеген факторлармен қамтамасыз етіледі. Оның негізгілеріне төмендегілер жатады:
-
Сенімділіктің жоғары деңгейі. Эмитентті Қаржы министрлігі болып табылатын облигацияларды өтеу, мемлекет Үкіметімен кепілденеді. Сонымен қатар, осы қағаздардың қызмет ету кезеңінен бастап Қаржы министрлігінің МҚМ өтемеуі болған емес. Алдын-дағы облигация сериясын өтеу бөлшектеніп немесе жаңа қарызды орналастыру есебінен толық жүзеге асырылады. Бірақ мемлекет үшін оң мезеті қарызға қызмет көрсету Қаржы министрлігіне арзанға түсетіндігінде болып табылады. Әрине, ішкі мемлекеттік қарыз - уақытша ысырылған эмиссия екенін ұмытпау керек. Бірақ, инвесторлардың көз қарасы бойынша бұл қағаздар тиімді болып табылады.
-
Абсолюттік өтімділік. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүше мемлекеттер шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар ара-сында, Қазақстанның мемлекетік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері жетекші орында келеді. Қазіргі уақыттағы олардың төмен инвестициялық тартылуына қарамастан, МҚМ нарығы шетелдік қаржыландыру аймағында зерттелініп отыр. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы 1994 жылдың сәуірінен бастап қалыптасты. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Қаржы министр-лігі Үкімет атынан 3 айлық айналым мерзімі бар дисконтталған кысқа мерзімді қазынашылық вексельдер шығарылды. 1995 жылдың мамыр айы мен тамыз айларының аралығында үш айлық МҚМ-ге сүраныс көп болды. Осы жағдайға сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айналысқа алты айлық МҚМ шығару туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар 1996 жылы әр кезеңінде оларға деген сұраныс әлі де көп болды. Одан басқа республикалық бюджет тапшылығын жабу мақсатында 1996 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бағалы қағаздар РЕПО - алдын ала келісілген бағамен белгіленген мерзімнен кейін, оның қайтып сатып алу міндеттемесімен бағалы қағаздар пакетін бір жақтың екінші жаққа сату операциясы. дың жаңа түрін - мемлекеттік ішкі қарыздың ұлттық жинақ облигацияларын (¥ЖО) шығарды. 1997 жылдың ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы Қазақстанның қор нарығында басымдық жағдайға ие болды. 1997 жылдың маусымында айналым мерзімі 2 жылға тең алғашқы мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер - МЕОКАМ айналыска шығарылады.
. Мәмілені ресімдеудің қарапайымдылыгы. Қорларды мемле-кеттік қазынашылық облигацияларға орналастыру кезінде қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың қажеттілігі жоқ, ал сол тәртіптің арқасында 2-3 жұмыс күні үнемделеді. Сондықтан бос активтерді қысқа мерзімге және қайтарылуының жүз пайыз кепіл болуына МҚМ пайдаланған өте тиімді. Сонымен бірге міндетте-мелер кейбір қысқа мерзімді қаржылық операцияларды хеджерлеу құралы ретінде қолданылуы мүмкін.
• Салық жеңілдіктері. Қазакстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының танымал факторлардың бірі салық кодексіне сәйкес келетін, мемлекеттік бағалы қағаздармен тұрақты пайыздық мәміле-лер, сонымен қатар олар бойынша табысқа салык салынбайды, тек Үлттық жинақ және МҚМ қоспағанда - орталық басқару органдары шығарған бағалы қағаздар қозғалысы операциясын жүзеге асыру негізінде - әрбір сатылу бағасы мың теңгеден бір теңге мөлшерінде.
Қазіргі танда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы белсенді түрде банкаралық несие шетке шығарып келе жатқанын айта кету керек. Ол нақты кредиторларға салық салынбаған пайыз алуға және мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, несиелеу кезінде өздерінің тәуекелдігін сақтандыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, МҚМ орта мерзімді инвестиция құралы ретінде қаражаттарды тиімді орналастыру мүмкіндігін береді. Сонымен бірге, олардың табыстылығы қаншалықты төмендесе де сапаларын жоғары өтімді және жоғары сенімді бағалы қағаз болып калады. Көптеген банктер, қаржы компаниялары және коммерциялық кәсіпорындар мемлекеттік казыналық облигацияларға үлкен қызығу-шылық танытады, сондықтан олардың көлемі өсуде. Қазақстандағы қаржы құралдарын объективті бағалай отырып, мемлекеттік қазы-налық облигацияларға қолда бар өтімділікті ескере отырып табыс /тәуекел арақатынасына қарағанда нақты баламалар әзірше жоқ.
МҚМ-ді алғашқы орналастыру эмитент тапсырысы бойынша олардың арасындағы бекітілген келісіміне сәйкес Үлттық банк атынан жүзеге асырылады. Егер коммерциялық банк мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алғысы келсе, онда ол ең алдымен өз клиенттерінің арызын жинап, содан кейін өз арыздарын тапсырады (3-қосымша).
Арызды алғаннан кейін Үлттық банк коммерциялық банкке өтініш жібереді (4-қосымша).
¥лттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарын алғашқы орна-ластыруы келесі әдістер аркылы жүзеге асырылады:
-
Бағаның әр түрлілігін қанағаттандырудың аукциондық әдісі дисконттық мемлекеттік бағалы қағаздарын алғашқы орналастыру кезінде қолданылатын әдіс. Онда сұраныстарды қанағаттандыру жоғары дисконтты бағадан басталып, жарияланған эмиссия көлемі біткенде аяқталады. Сұранысты қанағаттандыру алғашқы дилердің өтінішінде көрсетілген дисконт есебінде жузеге асады.
-
Бірыңғай баға жағдайы бойынша аукциондық әдіс - екі және одан да көп айналым мерзімі бар пайыздық мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру кезінде қолданылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды осы әдіспен орналастырудың мақсаты қатысу-шылардың өтінішін аукцион шартына байланысты қабылдау, ал өтінішті қанағаттандыру жарияланған аукцион көлемі қарастырылып болған өтініште көрсетілген пайыздық шарт деңгейінде жүргізіледі, яғни өтініштер онда көрсетілген табыстылыққа байланыссыз бірыңғай бағалық шарт бойынша қанағаттандырылады.
-
Жазылу - орналасатын бағалы қағаз түрі бойынша эмитент белгілейтін сыйақы мөлшері қолданылатын және алғашқы дилерден жарияланған эмиссия көлеміне жеткенге дейінгі ұстауға берген өті-ніштері алынатын мемлекеттік бағалы қағаздарын алғашқы орналастыру әдісі. Бұл әдістің мақсаты инвесторлар - жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын тарту болып табылады.
-
Орналастырғанға дейінгі әдіс - орташа салмақтанған дисконт немесе бағалы қағаздардың осы түрі бойынша алғашқы орналастырудың соңғы жүргізілген жылдық пайыздық мөлшерле-месіне байланысты қолданылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарға сонымен қатар - МЕОКАМ, МЕАКАМ, МЕИКАМ, МБҚ, АВМЕКАМ, МЕКАВМ жатады.
МЕОКАМ - айналым мерзімі екі және үш жыл болатын мем-лекеттік орта мерзімді қазыналық міндеттемелер. Үкімет атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарады және Қазақ-станның бағалы қағаздар нарығында зандылықтарға сәйкес еркін айналыста жүреді. Олар материалдык емес нысанда шығарылып, қаржы агентінің депозитарийінде және алғашқы делдалдардың қосалқы депозитарийінде олардын ұстаушылардың депо шоты бойынша сәйкес жазуларды енгізу арқылы орналастырылады және өтеледі. Олардың атаулы кұны - 1000 теңге. Мемлекеттік орта мерзімді қазыналық міндеттемелерінің ұстаушылары Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент занды және жеке тұлғалары бола алады. Қазыналық міндеттеме айналысы республи-калық бюджетке ақша қаражаты түскеннен кейін депо шоты бойынша жазба жүргізу сәтінен басталады. МЕОКАМ ұстаушылары оларды кепілге беруге, РЕПО операцияларын жүргізуге, екінші нарықта сатуға және сатып алуға құқылы. МЕОКАМ есебі мен қозғалысы Үлттық банк депозитарийіндегі депо шоты және мемле-кеттік бағалы қағаздар нарығына қатысушы әрбір тұлға бойынша алғашқы делдалдардың қосалқы депозитарийінде жүзеге асырылады.
МЕАКАМ - айналым мерзімі 10 жыл болатын мемлекеттік арнайы қазынашылық міндеттеме. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қаржы министрлігі шығаратын және бағалы қағаз-дар нарығының зандылықтарына сәйкес еркін айналыста болады. Арнайы қазынашылық міндеттемелер ЖАҚ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде» «депо» шотында жазба түрінде құжатсыз нысанда шығарылады. МЕАКАМ атаулы құны - 1000 тенге. МЕАКАМ ұстаушылары оларды кепілге беруге, РЕПО операцияларын жүргізуге, екінші нарықта сатуға және сатып алуға құқылы. Сонымен қатар инвестор сатып алу-сату, кепіл және РЕПО операциялары бойынша барлық операцияларды алғашқы делдал арқылы Орталық депозитарийге аудару жолымен рәсімдейді. МЕАКАМ-ді есепке алу, сақтау және ауыстыру Орталық депозитарий тәртібіне сәйкес «депо» шотында жүзеге асырылады.
МЕШКАМ - айналым мерзімі үш және одан көп ай болатын мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндегтемелер. Үкімет атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ағымдағы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарады және заңдылыктарға сәйкес Қазакстанның бағалы қағаздар нарығында еркін айналысқа түсе алады. Индекстелген қазынашылық міндеттемелер құжатсыз нысанда шыгарылады, оларды ұстаушылардың Орталық депозитарийінде және олардың инвес-торлары бойынша алғашқы делдалдарда ашылатын «депо» шотын-дағы сәйкес жазбаларды енгізу арқылы орналастырылады және айналысқа түседі. Олардың атаулы күны - 1000 тенге. МЕИКАМ -үстаушыларына Қазақстан Республикасыньщ резидент және бейрезидент заңды және жеке тұлгалары жатады. Индекстелген қазы-нашылық міндеттемелерге меншік құқығын есепке алу және орналастыру индекстелген қазынашылық міндеттемелерді үстаушы-лардың жазбаша және электронды тапсырысы негізінде сатып алушы мен сатушының депо шотына сәйкес жазбаларды енгізу жолымен депозитарий арқылы жүзеге асырылады.
МБҚ - мемлекеттік бағалы қағаздар. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ағымдағы айналым мерзімі 364 күн болатын материалдық емес тіркелген нысавда республикалық бюджеттің ағым-дағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарады. Қаржы агентінің басты депозитарийінде «депо» шотындағы жазба арқылы орналастырылады. ¥лттық жинақ облигациялары Қазақстан Республикасы аумағында еркін айналыста болады және оны ұстаушылар Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды және жеке тұлғалары болып табылды.
АВМЕКАМ - айналым мерзімі 5 жыл, атаулы қүны 100 АҚШ доллары болатын арнайы валюталық мемлекеттік облигациялар. АВМЕКАМ-ді шығару зейнетақы активтерінің есебінен жинактаушы зейнетақы корларының теңгедегі мемлекеттік қазынашылық міндет-темелері мен ұлттық жинақ облигацияларын айырбастау жолы арқылы жузеге асырылады. Иемденушілерге өтеу кезінде номинал-дық құнын алуға және 6,14 жылдық пайыз мөлшерінде сыйақы алуға құқық береді. АВМЕКАМ құжатсыз нысанда шығарылады, олардың инвесторлары бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында алғашқы делдалдарда ашылған, «депо» шотына сәйкес жазбаларды енгізу арқылы орналастырылады және айналысқа түседі. АВМЕКАМ айналысы 1999 жылдың 12 сәуірінен басталды. ' Арнайы валюталық мемлекеттік облигацияларына меншік күдығын есепке алу және орналастыру үстаушылардың жазбаша және электронды тапсырысы негізінде сатып алушы мен сатушының депо шотына сәйкес жазбаларды енгізу жолымен депозитарий арқылы жүзеге асырылады. АВМЕКАМ өтеу мерзімі 2004 жылдың 8 сәуірі.
Коммерциялық банктер банкаралық несиені мемлекеттік қағаз-дарды кепілге ала отырып беруге тәжірибе жүргізуде. Мемлекеттің багалы қағаздарын кепілге беру арқылы несиені алғашқы делдалдар, сондай-ақ алғашкы делдалдар банкінің инвесторы болатын банк және фирмаларды ала алды.
Бірінші жағдайда, несие алушы және бағалы қағаздар ұстаушы банк - кепілзат беруші, ал несие беретін банк - кепілзат иесі; екінші жағдайда, кепілзат беруші - алғашкы делдал клиенті болып табылатын, несие алғысы келетін банк, кепілзат ұстаушы - несие беретін банк, ал алғашқы делдал бүл кезде қарыз алушының қосал-қы депозитарийі болып табылады. Банкаралық несиені күжатты түрде беру кез келген несиелер сияқты рәсімделеді, екі данада банкаралық несиелік шарт (5-қосымша) және үш данада кепіл шарты (6-қосымша) жасалады. Кепіл шарты міндетті түрде ¥лттық банк Депозитарийіндегі кепілзат туралы келісімшартты тіркеу
журналында тіркелінеді. Кепілзат туралы келісімшарт негізінде «кепілдік операциялары кезіндегі қазынашылық міндеттемелерді есепке елу және есептен шығаруға «ДЕПО» тапсырмасы» (7-қосымша) және мемлекеттік бағалы қағаздар «Б» типіндегі «депо» шотынан «Гб» типіндегі «кепілге алынған қазынашылық міндеттемелер» «депо» шотына ауысады. Осы шоттағы бағалы қағаздар оқшауланып, несиені өтегенге дейін пайдаланылмайды. Өтеліп болғаннан кейін жаңа «ДЕПО» тапсырмасы жасалады, онда қазынашылық міндеттемелер «Гб» типіндегі «депо» шотынан «Б» типіндегі «депо» шотына ауыстырылады. Несиені қайтара алмау жағдайы туындаған кезде қарыз алушы банк Үлттық банкке хат арқылы ескертеді.
34-лекция
Тақырыбы: Баѓалы ќаѓаздар нарыѓында кєсіби ќызмет.
(1-сағат)
Жоспар:
1. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру
2. Бағалы қағаздармен операциялардың есебі
3. Ќайта ќаржыландыру операцияларыныњ есебі
Әлемдік тәжірибе жай банк ісі қызметімен бағалы қағаздар нарығы қызметінің үйлесу мәселелерінің екі ықпалын ажыратады.
Ықпалдардың біріне сәйкес банктерге бағалы қағаздар нарығын-да кәсіби қызметтің кейбір түрімен (брокерлік, делдалдық, нарықты ұйымдастырушы) айналысуға болмайды, сондай-ақ инвесторлар ретінде кәсіби емес қызметтің бөлек түрлеріне шектеулер қойылуы қажет. Банктерді коммерциялық және инвестициялық деп бөлу коммерциялық банктерге (салымдар мен депозиттерді қабылдайтын) жоғары тәуекелді бағалы қағаздармен байланысты кейбір кәсіби емес операциялармен (мемлекеттік емес бағалы қағаздарды қаржы-ландыру) айналысуға шек қою дегенді білдіреді, сонымен қатар тәуекелділікке жоғары кәсіби кызметтің кейбір түрімен айналысуға шек қояды.
Екінші ыкпал банктерге жай банктік операцияларды бағалы қағаздар нарығының көптеген операциялармен үйлестіруге келісім берілген. Бұндай ықпал еуропалық елдерде басым және одактастық Еуропа болашағы үшін негіз ретінде қабылданған. Осы ықпалға сәйкес банктік инвестицріялық операциялардың тәуекелділігін шек-теу қызметтерді тура бөлудің «хирургиялық» шаралармен емес, ал банктік қызметке мемлекеттік бақылау жүргізу жолымен (Қазақс-танда да қадағаланады) бағалы қағаздарға банктердің ынталанды-рылмайтын шамадан тыс инвестицияларын арнайы «кіріктірме» шектеулерді енгізу арқылы жүзеге асырылу керек. Қазақстанда банк жүйесі банктердің әмбебаптылығының - екінші ықпалын үстанады.
Банктер «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республи-касы Заңы негізінде өздері тартқан ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестицияланған занды тұлға - инвестициялық инвестор болып табылады. Банктер делдалдық операцияларды Қазакстан Республикасының бағалы қағаздары бойынша Ұлттық комиссиядан рұқсат қағаз алған кезде «Банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес және Ұлттық банк келісімі бойынша жүзеге асырады.
v Екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында занды рұқсат етілген келесідей қызмет түрлерін атқарады:
-
брокерлік және делдалдық қызмет;
-
инвестициялар мен қорларды басқару;
-
бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға есеп айырысу қызметін көрсету;
-
кастодиондық қызмет;
-
тізілімді жүргізу және депозитарийлік қызмет көрсету;
-
кеңес берушілік қызмет және т.б.
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңға сәйкес брокерлік қыз-мет сыйақы келісімшарты негізінде клиент қызығушылығының тап-сырысы бойынша бағалы қағаздармен мәмілелерді жүргізеді.
Делдалдық қызмет өз атынан бағалы қағаздармен және өз есе-біне пайда табу мақсатында мәміле жүргізу тұжырымын жасайды.
Кастодиондық қызмет - клиенттердің сенімді бағалы қағаздары мен ақша қаражаттарын сақтау және есепке алу бойынша қызметтерді жүргізу.
Қаржылық активтерге капиталды қаржыландырумен байланысты сұрақтар бойынша көрсетілетін консультациялық қызметтер коммер-циялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы жаңа қызмет түрі болып орын алды. Көрсетілетін консультациялық қызметтер табыстар мен әр түрлі активтер тәуекелділігінің арасындағы сәйкестікті терең талдауға, сатып алу және бағалы қағаздар порт-фелін олардың табыс серпіні есебімен калыптастырудың алгоритмін клиенттер үшін қүруға мүмкіндік беретін банктердің ішкі ақпараттық жүйесіне сүйенеді.
Одан басқа банк делдалдык операцияларды жүргізе алады. Банк комиссиялық кезеңде оның клиенті, мысалы, қандай да болса бір акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаздарды алғашқы орнала-стыруға қатысады. Банктің катысуы екі жақтың қүқықтары мен міндеттемелері берілетін эмиссиялық келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.
Банк тек бағалы қағаздар эмитентімен ғана емес, сонымен бірге оларды сатып алушы немесе сатушымен әріптестік қарым-қатынаста болады. Бұл кезде екі жақ келісімшарт жасасады. Онда банк тапсырыс берушінің келесі қызмет түрлерін орындауға міндеттенеді:
-
сатуға ұсынылатын бағалы қағаздарға өтініш бойынша бағалау жүргізу;
-
оның атына және оның есебіне бағалы қағаздарды сатып алу;
-
бағалы қағаздарды орналастыру;
-
бағалы қағаздар нарығындағы мәміле, бағам туралы хабарлау;
-
бағалы қағаздар нарығында бірлестік әрекеттерін жүргізу;
-
бағалы қағаздар нарығындағы операциялармен байланысты кез келген сұрақтар бойынша кеңес беру.
Сонымен қатар коммерциялық банктер қарыз алушыдан бағалы қағаздарды берілген қысқа мерзімді несие бойынша кепіл ретінде қабылдауы мүмкін. Кепілзат құны атаулы құн бойынша емес нарықтық бағам бойынша бағаланады. Бұл кепілзаттың қарастыры-латын түрінің айрықшалығымен түсіндіріледі: осы бағалы қағаздар-дың нарықтық бағамы түскен кезде бірден құнсыздануы мүмкін. Кепілзаттың өзіндік ерекшелігі қарыз алушының жауапкершілігі кепілзат қүнымен жойылмай, оның барлық мүлкіне таратылатынды-ғымен түжырымдалады. Тек осындай тәсілдеме кепілзат қабылдай отырып, несие беру кезінде банктің коммерциялық қызығушылығын қорғайды.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операцияларын кеңейтуге талпынуы, біріншіден, осы операциялардың жоғары табыстылығымен; екіншіден, тікелей банктік несиені тиімді пайдалану саласына қатысты қысқаруымен ынталандырылады. Нарықты интернационалдандыру нәтижесінде үлттық коммерциялық банктер банктерге айтарлықтай пайда әкелетін шетел акциялары және облигациялармен байланысты өз операцияларының көлемін кеңейтеді.
*/ Бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін ҚР Үлттық банкке келесі қүжаттар үсынылады:
-
кәсіптік қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін өтініш;
-
ұсынылытын кәсіптік қызметке нақты сипаттама, оның құрамына оларды жүзеге асыру тәртібі, банктік бақылау, банк мамандарының кәсіптік қызметті жүзеге асыруға қүқық беретін біліктілік куәлігінің көшірмесі кіреді.
Бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті жүзеге асыруға келісімді ҚР Үлттық банкі екінші деңгейдегі коммерциялық банктерге беруі мүмкін, олар келесілерді жүргізеді:
• ҚР аумағындағы заңцылықтарға сәйкес бір жылдан кем
болмайтын уақыт ішінде банктік және басқа да
операцияларды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Үлттық банкі белгілеген пруденциалық норматив пен келісім беру туралы өтінішті ұсынғанға дейінгі үш ай ішінде баска да орындауға міндетті мөлшер мен лимитттерді орындайды;
-
Қазақстан Республикасы Үлттық банкі және басқа банктер ал-дыңда міндеттемелер бойынша мерзімі өткен қарыздары жоқ;
-
Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің зандылықтары мен нормативтік құқтық актілерінің талаптарын орындайды;
-
Өз штатында бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті жүзеге асыруға қүқық беретін біліктілік куәлігі бар үш маман болуы керек.
Үлттық банк банкке бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті жүзеге асыру келісімін келесі негіздерде бермеуі мүмкін:
-
банктер «Бағалы кағаздар нарығында брокерлік, делдалдық қызметті лицензиялау туралы» Ережедегі талаптарды орындамаса;
-
штатында біліктілік куәлігі бар үш маманның болмауы;
-
занда көрсетілген талаптарға ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі.
Бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің келісімін алған банктер бағалы қағаздар бойынша Үлттық комиссиядан үш ай ішінде лицензия беру туралы өтініш жазуға құқығы бар.
Үлттық банк берген келісімнің үш ай ішінде заңды күші болады. Банк Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар бойынша Үлттық комиссияға уақытында өтініш етпесе, келісім занды күшін жоғалтады.
Куәландырылған лицензия көшірмесі банк клиентінің көздері оңай жететін жерде тұруы керек.
Басқа көшірмесін Қазақстан Республикасы Үлттық банкіне оны берген күннен бастап 5 күн мерзім ішінде үсыну керек.
Лицензияны Үлттық банк келесі жағдайларда қайтарып алады:
-
дұрыс емес мәліметтер анықталған кезде;
-
банктің бағалы қағаздар нарыгында кәсіптік қызметін реттейтін заңдылықтар бұзылған жағдайда;
-
банктің Үлттық банк бекіткен пруденциалық нормативі мен басқа да орындалуға міңдетті мөлшері мен лимиттері бүзьшса.
Үлттық банк келісімді кайтарып алу туралы жеті күн мерзім ішінде бағалы қағаздар бойынша Үлттық комиссияға хабарлайды.
Үлттық банк бағалы кағаздар нарығында кәсіптік қызметті жүзеге асыруға берілген келісімдерді тіркеп отырады.
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН • ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
Шоттар жоспарының баланстық шотында көрсетілетін бағалы қағаздар операцияларының есебі «Бағалы қағаздар есебінің тәртібі туралы» Ережеге сәйкес франт-офис активті операциялар бөлімінде және бэк-офис операцияларды есептеу және рәсімдеу бөлімінде жүргізіледі.
Бэк-офистің негізгі міндеттеріне келесілер жатады:
-
активті операциялар бөлімінде бекітілген барлық мәмілелерді оперативті рәсімдеу, олардың бухгалтерлік есепте көрсетілуі;
-
әрбір операция бойынша барлық қажетті жолдамалы құжат-тарды бақылау;
-
бағалы қағаздар қоржынының, сонымен қатар бағалы қағаз-дар. және инвесторлармен жасалған мәмілелер есебін жүзеге асыру;
-
қаржы нарығында жүргізілетін операциялармен байланысты дербес шоттар бойынша қаражаттар қозғалысын бақылау және есептеу;
-
Қазақстан Республикасы Үлттық банкіне, бағалы қағаздар бойынша ¥лттық комиссияға, статистиканы қалалық басқару және басқа да бақылау органдарына уақытылы есеп ұсыну және дайындау.
Көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бэк-офис келесідей кызметтерді атқарады:
-
франт-офис бекіткен барлық мәмілелер талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және рәсімдеу, банктегі және филиалдағы шетел валютасында жасалған операцияларға бухгалтерлік өткізбе жасау;
-
бағалы қағаздар операциялары бойынша бухгалтерлік өткізбе жасау;
-
банкаралық несие операциялары бойынша бухгалтерлік өткізбе жасау;
-
валюталық нарық және бағалы қағаздар нарығындағы операцияларды есептеу үшін қажетті банктің дербес шоттарын ашу және енгізу;
-
сәйкес журналдарда операциялар және ақша есебін жүргізу;
-
мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша инвесторлардың «депо» шоттарын ашу, жүргізу және жабу;
-
инвестормен ақшалай есеп айырысуды уақытылы жүргізу, жур-налда әрбір инвестордың ақшасына талдамалы есеп жүргізу;
-
әрбір инвестордың мемлекеттік бағалы қағаздарына талдау-льщ есеп жүргізу және инвесторларға мемлекеттік бағалы қағаздармен мәміле бойынша есеп берулерді, үзінді көшір-мелердІ, куәліктерді беру; кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу.
Франт-офистің негізгі міндеттері:
бағалы қағаздар нарығында, валюталық нарықта және
қаржы нарығының басқа да сегменттерінде операцияларды
жүзеге асыру;
қаржы нарығында қаражаттарды тарту және орналастыру;
жоғары өтімді бағалы қағаздардың тиімді қоржынын
қалыптастыру.
Франт-офистің негізгі қызметтері:
ҚР мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен операцияларын жүзеге асыру;
банкаралық несие нарығында ұлттық және шетел валюта-сында операцияларды жүргізу;
ішкі және сыртқы валюталық нарықта конверсиялық операцияларды жүргізу;
банктің ақша қажеттілігін қамтамасыз ету; мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату бойынша клиент тапсырысын қабылдау және орындау; банктің бос ресурстарын Қазақстан Республикасының аук-ционында мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаз-дардың екінші нарығында орналастыру; мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығында және банкаралық несие нарығында (БАН) банк қажеттілігі үшін қаражаттарды тартуды және орналастыруды жүзеге асыру; жоғары табысты және өтімді бағалы қағаздар қоржынын құру және оны басқару;
инвесторлармен, клиенттермен және қаржы нарығының басқа да контрагенттерімен төрелік мәміле жасау; инвесторлармен, клиенттермен және қаржы нарығының баска да контрагенттерімен фьючерстік мәміле жасау; мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып несиелеу; конъюктураны және әр түрлі қаржы нарығының табысты-лығын талдау.
Банктің қазынашылық міндеттемелері мен басқа да жоғары өтімді мемлекеттік бағалы қағаздары өтімділікті демеу үшін Үлттық банк ұсынатын ломбардты несиелерді қамтамасыз ете алады.
Банк шығаратын бағалы қағаздар есебі
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару кезінде банк оларды атаулы құнына тең келмейтін баға бойынша сатуы мүмкін. Бұл ең алдымен бағалы қағаздар бойынша сыйақы (купон) алдын ала белгіленуімен байланысты, ал нарықта күнделікті сыйақы мөлшер-лемесі, сәйкесінше табыстылык та өзгеріске ұшырап отырады.
Шығарылған бағалы қағаздар бағасы мен оның атаулы құны арасындағы айырма әр түрлі себептердің нәтижесі болып табылады, соның ішінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен сыйақының орташа нарықтық мөлшерлемесі арасындағы айырмашы-лықтар. Бұл айырмашылықтар банк балансында есептеледі:
• теріс - шығарылған бағалы қағаздар бойынша жеңілдік
ретінде;
• оң - шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйақы ретінде.
Бағалы қағаздарды өтеу олардың атаулы құны бойынша жаса-
лады, сонымен бірге белгіленген сыйақы сомасы төленеді. Бағалы қағаздарды айналысқа жеңілдік ретінде шығару:
• сатылу сомасына
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар»
2303 «Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар»;
• жеңілдік сомасына:
Дт 1803 «Атаулы құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі айналысқа шығарылған облигациялардың болашақ кезеңдердегі шығыстары»
Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар»
2303 «Айналыска шығарылған басқа да багалы қағаздар»;
• Бағалы қагаздарды айналысқа сатылу сомасына сыйақымен
шығару кезінде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигация»
2303 «Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар»;
• сыйақы сомасына:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
Кт 2803 «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың атаулы құны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма».
Одан әрі айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сый-ақы және жеңілдіктер сомасы сыйақы төлеу бойынша шыгарылады, әрбір есептеу кезінде амортизацияланады. Сыйақыны есептеу оны ай сайын банк шығындарына жатқызу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар бағалы кағаздар номиналы теңге болса:
• Шығындар сомасына:
Дт 5301 «Айналыска шығарылған облигациялар бойынша сый-ақы төлеуге байланысты шығыстар»
5303 «Айналысқа шығарылған басқа да багалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
Кт 2730 «Айналысқа шыгарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар»;
• сыйақы амортизация сомасына:
Дт 2803 «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың атаулы құны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма»
Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар».
Егер бағалы қағаздың номиналы валютада болса, онда сыйақы валютада есептеледі:
• шығындар сомасына:
Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ
позициясы»
Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша еептелген шығыстар»;
• сыйақы бойынша амортизация сомасына:
Дт 2803 «Айналысқа шығарылған бағалы кағаздардың атаулы
құны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма» Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар
бойынша есептелген шығыстар» және бір уақытта есептелген шығындар сомасына теңге бойынша жазылу жасалынады:
Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сый-
ақы төлеуге байланысты шыгыстар» Кт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы
құны (валюталық ұзақ позиция)»
2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы
құны (валюталық қысқа позициясы)».
Есептелген сыйақыны толеу бағалы қағаздарда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады. Көп жағдайларда әрбір жарты жыл сайын жүргізіледі:
Дт 2730 «Айналысқа шығарылған озге бағалы қағаздар бойынша есептелген шыгыстар»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».
Егер келісімшартқа сәйкес сыйақыны төлеу ай сайын жүргі-зілсе, онда:
• алғашқы сыйлықақыдан сату (егер бағалы қағаз теңгеде
болса):
Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша
сыйақы толеуге байланысты шыгыстар»
2803 «Айналысқа шығарылган багалы қағаздардың атаулы
құны мен олардың сату багасы арасындағы айырма»
(сыйлықақының амортизация сомасына) Кт 1001 «Кассадағы колма-кол ақша»;
• немесе жеңілдікпен алғашқы сату кезінде:
Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сый-ақы төлеуге байланысты шығыстар»
1803 «Атаулы кұны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі айналысқа шығарылған облигациялардың болашақ кезендердегі шығыстары» (сыйлықақының амортизация сомасына)
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».
Егер бағалы қағаздар валюта да болса:
• сыйақыдан алғашқы сату:
Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа
позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ
позициясы»
2803 «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардьщ атаулы
құны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма»
(сыйлықақының амортизация сомасына) Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»;
• немесе жеңілдікпен алғашқы сату кезінде:
Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ
позициясы»
1803 «Атаулы құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі айналысқа шығарылған облигациялардың болашақ кезеңдердегі шығыстары» (сыйлықақының амортизация сомасына)
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
және бір уақытта теңге бойынша:
Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сый-ақы төлеуге байланысты шығыстар»
Кт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позиция)»
2859 «Шетел валютасының теңгемен керсетілген қарсы
құны (валюталық қысқа позиция)»;
Бағалы қағаздарды өтеу олардың атаулы құны бойынша жаса-лады, сонымен қатар белгіленген сыйақы сомасы төленеді. Айна-лымға шығарылған бағалы қағаздарды өтеу, оларды банктің сатып алуымен жасалады:
Дт 2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2303 «Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар».
Банк және бағалы қағаздарды ұстаушы келісімі бойынша бағалы қағаздар мерзімінен ерте сатып алған уақытта атаулы құн мен сатып алу бағасы арасындағы айырма банк табысына жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |