“Математика-Экономика” факультеті



бет9/35
Дата17.06.2016
өлшемі4.19 Mb.
#141951
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35

Банктік карточка эмитенті - бұл банктік карточканы шыгар-ған және ұстаушыға берген несиелік уйым. Банктік карточканы устаушы - оны қолданушы жеке тұлга. Сауда ұйымы - заңды түлға немесе жеке кәсіпкер, олардың және эквайрердің арасындагы келісімге сәйкес, эквайрердің тауар (қызмет) ұстаушыга банктік карточканы қолданып кезекті төлеу үшін тапсырылған қүжаттары бойынша жауаптьтлықта болады. Эквайрер - банктік карточканы қолданып жүргізілген операция бойынша сауда үйымдарымен есеп айырысатын және үстаушыға қолма-қол ақша қаржыларын беретін несиелік үйым болып табылады.

Төлем ұйымы - төлем жүйесі шегінде банктік карточкалармен операция бойынша ережелерді бекітетін занды тұлға болып табылады. Толем жүйесі - анықталған түрдегі банктік карточкалар­мен операцияларды демейтін коммуникация және арнайы құрыл-ғылар жүйесі. Төлем ұйымдары әдетте банктік карточка түрлерін сәйкестендіретін кызмет корсету белгілерінің құқына ие болады. Төлем ұйымы сондай-ақ тиісті төлем жүйесінің техникалық қалып-тасуын қамтамасыз етеді.



Есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті - төлем үйымымен жасалган келісім негізінде эмитент пен эквайрерлер арасындагы өзара есеп айырысуды жүргізетін несиелік үйым.

Банктік карточканы алу үціін клиент бекітілген нысандағы өтінішті (17-қосымша) үсынады және банк онымен келісім жасайды (18-қосымша). Банктік карточкалар негізгі екі операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді: тауарларды (қызметті) төлеу және банкоматтар - арнайы автоматтық қүрылғылар немесе ҚАА (ІТВН) - крлма-қол ақша қаржыларын алу. Қазіргі кезде аталған операция-ның екеуін жүзеге асыратын карточкалар («әмбебап карточкалар») кең тараған, алайда тек қолма-кол ақша қаржыларын алуға немесе тек тауар немесе қызметтерді төлеуге негізделген карточкалар да қолданылуда.

Банктік карточкалар екі негізгі типте болады: кредиттік және дебеттік. Халықаралық төлем ұйымдарының кредиттік карточкаларының дебеттіктен айырмашылығы операция жүргізу технология-сына байланысты. Дебеттік карточкалармен операция барлық уақытта авторландыруға жатқызылады, кредиттік карточкалармен операциялар анықталған шарттарда жатқызылмайды. Осындай ерекшеліктеріне байланысты дебеттік карточкаларды эмитенттер банктік шотта бар қаржы қалдығы көлемінде операцияларды жузеге асыруға қолданылады, ал несиелік карточкалар бойынша шоттағы бар қаржы көлемінде операция жүргізуге, сондай-ақ несие ұсынуға болады, әдетте тәжірибеде бұл қарызшыға несиелік желі ашу жолымен жүзеге асырылады.

Банктік карточканы қолданып тауар немесе қызметті төлеу кезінде ұстаушы карточканы сауда үйымының кассиріне береді. Кассир авторландыру рәсімін өткізуі керек, ол үшін карточка эмитенттері мен бұл орталықта карточка ұстаушының банктік шотының жағдайы туралы деректер базасы жүргізіледі. Авторлан-дырудың негізгі қызметі - карточка үстаушының төлем қабілетіне көз жеткізу. Авторландыру екі әдіспен жүзеге асырылады: дауыс-тық және электрондық.

Дауыстық авторландыру кезінде кассир эквайрер-банкінің іс жүргізу орталығына телефон соғып, ондағы қызметкерге келесі деректерді хабарлайды: карточка нөмірін және оның әрекет ету мерзімін, операция сомасын және сауда ұйымының сәйкес-тендірушісін (нөмірін). Эквайрердің іс жүргізу орталығының қызметкері тиісті төлем жүйесінің байланыс арнасы арқылы (электронды тәсілмен, яғни берілген деректерді компьютерлік жүйеге енгізу арқылы) эмитенттің іс жүргізу орталығымен байлан-ысады. Егер қызмет мақүлданса, онда көрсетілген тізбек бойынша, бір-ақ кері бағытта аталған авторландырушылық сұрауды сәйкестен-діретін «авторландыру коды» хабарланады.

Электронды авторландыру кезінде жоғарыда көрсетілген мәлі-меттерді сауда ұйымының кассирі арнайы құрылгы - электрондық терминалға енгізеді. Ол аталған деректерді эквайрердің іс жүргізу орталығына жолдайды және ол автоматты режімде тиісті эмитенттің іс жүргізу орталығына береді. Осы ретпен эмитенттің іс жүргізу орталығы авторландыру кодын жолдайды.

Авторландыру, соның ішінде дауыстық авторландыру белгілі бір уақыт мерзімін алады және сауда ұйымы қызметінде қажетсіз болып табылады. Тиісті телекоммуникацияны қолдану себепті авторландыру айтарлықтай қымбат тұратын рәсім есептеледі, ол аз сомадағы операцияда өзін ақтамайды. Сондыктан халықаралық толем жүйесінің ережесі белгіленген лимиттен аспайтын сомадағы банктік карточкалармен операциялар авторландыруды қолданбай жүргізілуін қарастырады.

Көрсетілген лимит әрекет етуі үшін анықталған сауда ұйымы мен эквайрер банк арасындағы келісім бойынша тиісті шарттар қарастырылуы керек. Халықаралық төлем жүйесінің ережесіне сәйкес «лимитке дейнгі» сома операциялары авторландырылған эмитент болып саналады. Бірақ сауда ұйымы карточканың әрекет ету мерзімі аяқ талмағанына және оның нөмірі тоқтатым парағында (стоп-лист) - ұрланған немесе жойылған карточкалардың тізімінде жоқ екендігіне көз жеткізуі тиіс.

Атап өтетін жайт, дебеттік карточкалармен операция сома көлеміне байланыссыз авторландыруға жатады, өйткені шоттағы бар қаржы көлемінде ғана қатаң жүргізілуге тиісті.

Авторландырудың заңдық мәні, банктік карточканы қолданып атқаруға ұсынылған қүжаттарды эмитенттер міндеттемесінің еркін пайдаланылуына негіз болып табылуында. Аталған ереже авторландыру жүзеге асқандығын сол мезетте эмитентке хабарлап, үзамай оған тиісті есеп айырысу қүжаттары үсынылатындығын хабарлайды. Осындай ретпен авторландыруға қүқылық факт стату-сын беру қалыптасқан қатынастарды көрсетеді.

Авторландыру өткізу кезінде эмитент авторландырылған сома көлемінде ұстаушының ақшалай қаржыларын шектейді. Аталған шектеу өткізілген операциялар сомасын ұстаушыға төлеу бойынша эмитенттің талаптарын қамтамасыз етуге негізделген. Егер автор­ландыру өткізіліп, қандайда бір себептермен тауар толық ұсыныл-маса, онда сауда үйымы авторландыруды толықтай немесе жартылай қайтаруы тиіс.

Алайда егер авторландыру өткізілмесе және операция сомасы сауда ұйымы бекіткен лимиттен аспаса, эмитент банктік карточ­каны қолданып қүрылған күжаттарда көрсетілген міндеттемелердің орындалуына жауапты.

Авторландыру өткізілген соң кассир карточка және импринтер көмегімен слип деп аталатын арнайы түбіртекті құрады. Импринтер орнына электронды терминал қолданылуы мүмкін. Бүл жағдайда тиісті құжат электронды терминал түбіртегі деп аталады. Халық-аралық тәжірибеге сәйкес слип (электронды терминал түбіртегі) кем дегенде келесі деректерден түруы тиіс:


  • сауда ұйымының сәйкестендіргіштері (нөмірі);

  • операция өткізу күні;

  • операция сомасы;

  • операция валютасы;

  • операция эмитенттері авторландыруды бекітетін код;

  • банктік карточка деректемелері;

  • карточка ұстаушының колы.

Әдетте слип ұстаушының эмитент банкке сауда ұйымының операция сомасын төлеу тапсырмасын білдіреді. Сонымен қатар слип және электронды терминал түбіртегіне сауда ұйымы кас-сирінің қолы қойылады.

Слип үш данада күрылады. Бір данасы ұстаушыға, қалған екі данасы - сауда үйымы мен эквайрерге (оның үрдістік орталығына) беріледі. Электронды терминалды колдану кезінде қағаз жеткізушіде карточка үстаушы және сауда үйымы үшін екі данада электронды терминал қүрылады, сонымен катар өткізілген операция туралы ақпарат электронды түрде электронды терминалдан эквайрердің үрдістік орталығына жіберіледі.

Осы ретте қолма-қол акша беру нүктелері арқылы қолма-қол акша беру жүргізіледі және рәсімделеді. Бұл кезде слипте (электрон­ды терминал түбіртегі) жоғарыда аталған деректемелерден басқа, кассир қолы мен егер бар болса эквайрерге операция жүргізгені үшін төлем сомасы енгізілуі тиіс.

Банкомат арқылы ақша беру кезінде барлық операция автомат-ты режімде жүргізіледі. ¥стаушы банкомат клавиатурасында өзінің ДСН-ін (дербес сәйкестендіру нөмірін) - эмитент белгілеген қүпия сәйкестендіру кодын тереді. ДСН электронды терминалды қолданып өткізілетін операцияларда да қолданылады. Егер ДСН дүрыс терілсе, ұстаушы белгілі бір сома көлемін алуға мүмкіндігі бар. Банкомат авторландыру рәсімін жүзеге асыру үшін эквайрердің үрдістік орталығымен байланысады. Авторландыру лық сұрауға жағымды жауап алынған жағдайда банкомат ұстаушыға қолма-қол ақша және келесі деректемелерден тұратын түбіртекті ұсынады:



  • банкомат сәйкестендіргіштері;

  • операция өткізу күні;

  • операция валютасы;

  • операция эмитентінің авторландыруын белгілейтін код;

  • банктік карточка деректемелері.

Банкоматтар - пластикальщ карточкалармен операция жүргізу кезінде қолма-қол ақшаларды инкассолайтын және беретін банктік автоматтар.

Банкоматтар келесі негізгі операцияларды жүзеге асырады:



  1. шотындағы қалдықтар туралы клиенттерді хабардар ету;

  2. қолма-қол ақша беру.

Осындай ретпен банкомат карточка ұстаушысына шоттың ағымды жағдайы туралы (соның ішінде қағаздағы шоттан жазбаны) ақпарат алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бір шоттан екінші шотқа қаржы аудару операциясын жүргізеді.

Банкоматқа операция жүргізу үшін кіру төлем карточкаларын және банк клиенттерінің дербес сәйкестендіргіш нөмірін пай-даланып жүргізіледі. Банкоматты баскаруды және оның жағдайын бақылауды қамтамасыз ету үшін дербес ЭЕМ жабдықталған. Банкомат ақша қоймасы болғандықтан бақылау айрықша маңызды. Бүгінгі күні көптеген үлгілері on-line режімінде магнитті жолағы бар карточкалармен жұмыс істеуге, есептеуге, сонымен бірге смарт-карттармен off-line режімінде жұмыс істеуге қабілетті құрылғылар да пайда болған. Банкоматтар ғимарат ішінде, сондай-ақ көшеде де орналастырылып, тәулік бойы жүмыс істейді.

Эр банкомат үшін оның сактық деңгейіне және үздіксіз жүмыс-пен қамту қажеттілігіне байланысты, бір кезекте оның сейфінде жинакталатын және сақталатын қолма-қол ақша лимиті белгіленеді.

Банкоматпен жүргізілетін операциялар есебі үшін, банкоматтағы операциялар есебінің кітабы жүргізіледі, оған касса меңгерушісі жауапты болады.

Банкоматты қолма-қол ақшамен камтамасыз ету тұтыну көле-міне байланысты. Банкомат үшін қажетті қолма-қол ақша лимиті көлеміндегі соманы кассетаны толтыруга арнайы белгіленген кассир бекітілген тәртіпте касса меңгерушісінен алады. Ақшаны кассаға салу және кассетадан алу касса бөлмесінде жүзеге асырылады. Тек-сергеннен кейін кассир ақшаны кассетаға салады, кілпен жабады және пломб қояды.

Кассетаға банк атын, банкомат нөмірін, салынған ақша купю-расы, номиналы, сомасы, күні және колдары, кассирдің жеке таңбасы басылады. Кассетаны толтырған соң касса меңгерушісі инкассаторға инкассаторлық бағыт парағын жазады. Инкассатор бағыт парағын және кассетаны алады, кассетаның бүтіндігін, құлақша қағазды және ондағы деректемелерді тексереді. Кассетамен бірге инкассаторға банкоматтарды толтыру және босату опера-циялары есебінің кітабына қолхат қалдыра отырып банкомат сейфінің және оны басқару модулінің кілті, сондай-ак кіру карточкасы беріледі. Кассетаны жеткізген соң инкассатор кіру карточкасын пайдаланып, бағыт парағында белгіленген кассетаны ішіндегі акша қалдығымен алады, орнына жаңа кассетаны қойып, бағыт парағындағы деректер бойынша банкоматты басқару модуліне қойылған кассетадағы купюра саны мен номинал туралы ақпаратты енгізеді. Алынған кассеталарды, кілттерді, карточканы және банкоматтан алынған түбіртекті инкассатор банкоматтарды толтыру және босату операциялары есебінің кітабында крлхат бере отырып кассирге тапсырады.

Кассир инкассатордың катысуымен әкелінген кассеталардың бүтіндігін, қүлақша қағазы мен пломбтардың бар екендігіне көз жеткізеді және одан сома көрсетілген түбіртекті қабылдайды. Одан соң ол өз қолымен бағыт парағына кассеталарды алғандығын сендіріп қол қояды, касса меңгерушісінің кітабы мен кассетадан алынған ақшаны қайта санайды, түбіртек сомасымен салыстырады, кассетадан алынған ақша сомасына кассалық кіріс ордерін толтырады. Осыған сәйкес банкоматтың баланстан тыс шотынан қаржы алынып касса есебіне жазылуы үшін бақылаушы бухгалтерге кіріс кассасы бойынша өткізбе жасауға береді. Одан соң қолма-қол ақша касса меңгерушісіне беріледі. Банкоматтан алынған кас-сетадағы қолма-қол ақшаның нақты қалдығы мен түбіртекте берілген қалдықта сәйкессіздік табылса, тиісті акт толтырылып, касса меңгерушісі мен кассир қолдары қойылады. Табылған сәйкессіздік факт бойынша қызметтік іздестіру жасалынып, сәйкессіздік себептері анықталады. Қызметтік іздестіру негізінде қолма-қол ақшаның жетіспеушілігі дәлелденсе, кінәлі тұлғалар жетіспеген соманы бекітілген тәртіпте қалпына келтіруге міндетті.

Жұмыс күні соңында касса меңгерушісі банкоматтарға толты-рылған қолма-қол акша сомасы туралы есеп береді және инкасса-тордан алынған түбіртекпен бірге күн есебіне тіркейді. Кезеңмен айына кем дегенде бір рет банкоматтарға толық босату жаса-лынады.

Депозиттік банкоматтарды қолдану кезінде инкассатор қолма-қол ақша қалдығы бар кассеталарды, клиент шотына қосу үшін салынған ақшасы бар конверттермен қоса әкеледі. Кассир касса меңгерушісінің қатысуымен конвертте көрсетілген соманы банкомат­тарды басқару жүйесінен алынған мемориалды ордер деректерімен салыстырады. Нақты сома мен мемориалды ордер деректері арасында сәйкессіздік табылса клиент деректері, банкомат нөмірі, орналасқан жері, нақты ақшаны қабылдау уақыты, жазылған сома мен нақты сома көрсетіліп тиісті акт жасалады. Ақша салған клиент акт мазмұнымен танысуы тиіс.

Салыстырудан соң кассир конверттен алынған қолма-қол ақша сомасына кассалық ордер толтырады және мемориалды ордер деректерімен салыстырады, кіріс және мемориалды ордерде қол қояды. Мемориалды ордер негізінде нақты алынған қолма-қол ақша клиенттер шотына қосылады. Банкоматтарда жүргізілген операция туралы акпарат эквайрердің үрдістік орталығына электронды түрде жіберіледі. Онда ол электронды терминалдарды қолданып жүргі-зілген операциялар туралы ақпарат және слиптермен бірге ерекше құрамдас банктік құжат - карточка қолданылған операциялар бойынша эквайрердің төлемдер тізімін қүруға негіз болады.

Банктік карточкалар қолданылатын операциялар бойынша тө-лемдер тізімі - электронды немесе қағаз жеткізушіде үрдісті жүзеге асырушы және есеп айырысуға қатысушы (эмитент, эквайрер, есеп айырысу банкі) ұйымдармен белгілі уақыт аралығында эквайрер құрылысын және эмитенттің банктік карточкасы қолданылған операциялар бойынша екі және одан да коп кұжат. Төлемдер тізімі несиелік ұйымдарда ашылған шоттар бойынша операция өткізуге негіз болады. Келтірілген анықтамада көрсетілгендей, төлемдер тізімі есеп айырысу құжаты статусына ие.

Эквайрердің төлемдер тізімі арнайы қатынас құралдары бойынша өңдеу үшін төлем жүйесіне жіберіледі. Осы рәсім негізін-де төлем ұйымы эмитенттердің төлем тізімін қүрады, онда белгілі эмитент үстаушылары банктік карточканы қолданып өткізілген операциялар туралы деректер беріледі. Эмитенттердің төлем тізімі өткізілген операциялар сомасын ұстаушылар шотынан өтеу үшін оларға жіберіледі. Төлем ұйымы - эмитент пен эквайрер арасын-дағы есеп айырысуды реттеуге қатысады. Көрсетілген есеп айы-рысулар клиринг (озара талаптарды есептеу) әдісімен жүргізіледі және әдетте «нетто-нетто» жүйесіне негізделеді. Оның мәні - әр қатысушы банк үшін оның барлық қатысушысына жіберген және алған қаржы аударымы туралы барлық тапсырмалардың жалпы көлеміне қатысты бірыңгай дебеттік немесе кредиттік сальдоға келу. Мұндай банктік тәжірибеде қалыптасқан дебеттік және кре­диток сальдоның аталуы - «таза сальдо» немесе «таза позиция». Бүл кезде эр эмитенттің немесе эквайрердің кредиторы жэне борышкері толем жүйесі болып табылады.

Күн сайын өтетін клиринг сеансынан кейін және оның нәти-жесіне байланысты төлем жүйесінің есеп айырысу банкінде толем ұйымы эмитенттер мен эквайрерлердің шоттары бойынша ақша ау-дарымына тапсырысты рәсімдейді. Есеп айырысу банкі көрсетілген шоттар бойынша қаржыны аударады және шот иелеріне кредиттеу немесе дебеттеу туралы жазба жібереді.

Егер несиелік ұйым - эмитент бір мезгілде өзі шыгарған кар-точканың эквайрері де болса, келтірілген есеп айырысу кестесі сәл қысқарады. Аталған жағдай, карточка ұстаушы банкоматтан қолма-қол ақша қаржысын алған кезде немесе эмитент кассасынан, не болмаса эмитентке қызмет көрсетілетін сауда мекемесінен банктік карточканы қолданып сауда жасаған кезде жүзеге асады. Бүл кезде аталған операцияны төлем жүйесіне жіберілетін төлемдер тізіміне қосудың қажеті жоқ. Несиелік ұйым бір жағынан сауда ұйымымен еркін есеп айырыса алады, екінші жағынан керекті сомаға ұстаушы шотын дебеттейді.

Клиринг өз алдына операцияға қатысушы тараптардың өзара талап пен міндеттемелерін есептеуге негізделген қолма-қол емес есеп айырысу жүйесін ұсынады. Техникалық клиринг барлық есеп айырысулар өткізілетін арнайы шот ашуды білдіретін бірыңғай шоттар жүйесі бойынша жүзеге асырылады.

Кез келген бизнестің басты міндеті - пайда табу. Бақылауды сақтауда қаржылық қызметті сипаттайтын есептілік маңызды орын алады. Қаржылық операцияларды орындау және пайданы есептеу қаржылық есеп берусіз мүмкін емес.

Карточкалық операциялардың есебі есептің автоматтандырылған көмекші есеп деп аталатын жүйесінің көмегімен жүргізіледі. Оны клиенттердің көмекші есебінің - карточка ұстаушылардың және сауда нүктелерімен жүргізілетін операциялардың көмекші есебіне бөлуге болады.

Клиенттер шоттарының көмекші есебі карточка үстаушылар-дың шоттары бойынша барльщ ақпаратты тіркейді. Аталған шоттар бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес бас бухгалтерлік кітапта және соған сәйкес банк балансында бейнеленетін жеке карточкалық шоттарға топтастырылады.

Саудя нүктелері өткізетін операцияларға көмекші есебінде сауда. нүктелерінің барлық жекв шоттардың жалпы сомасы бас бухгалтерлік кітаптагы сауда нүктесінің есеп айырысу шотымен сәйкестенуі тиіс.

Үрдістік орталықта тіркелген ақпаратқа сәйкес бухгалтерия үш жұмыс күні ішінде авторландырудың автоматтандырылған режімі-нде өткізілген карточкалық операцияларды қалпына келтіру сома-сын клиенттің банктік шотына қосады.

Карточканы дамыту бойынша бөлім қызметкері клиент сұра-уымен жазба әзірлейді, карточкалық операциялар бойынша өзара есеп айырысуды реттеуге қатысады.

Операцияны бақылау есебі бойынша бастапқы құжат операция мазмұны, сомасы, референс нөмірі, авторландыру коды және клиент қолы бар чек болып табылады. Егер аталған операция бойынша чектің түпнұсқасы болмаса (яғни мынадай деректемелері бар чек жоқ болса - карточка нөмірі, операция типі, валюта, сома, авторландыру коды жэне референс нөмірі), "операция көшірмесі" деген жазуы бар чектің операция бойынша кәдімгі чек сияқты күші болады. Бірдей деректемелері бар барлық чектер қаржылық операциялардың құжаты болып табылады. POS-терминалдан кезекті жабу кезінде берілген қүрама чек анықтамалық құжат болып табылады жэне штат өткізген операцияларды салыстыруға қолданылады.

Қолмен және авторландырудың автоматтандырылған режімінде ALTYN, VISA, Eurocard/Master Card карточкаларын қолданып, клиринг және карточкалық операциялар бойынша есеп айырысу бөлімінің қызметкері мыналарды орындайды:


  • келісім жасаған клиенттерден слиптерді қабылдайды және өндейді;

  • банктің үрдістік орталығының деректер базасына файл хабарламаларды енгізеді;

  • банктің мөлшерлемесіне сәйкес сыйакыларды ұстай отырып клиенттің банктік шотына ақша сомасын қосады;

  • банктің мөлшерлемесіне сәйкес сыйақыны банк кірісіне қосады.

УГөлем жүйесіндегі мүшелік ережесіне сәйкес есеп айырысу аталған жүйенің клиринг және есеп айрысу жүйесі аркылы өтеді. Төлем жүйесінің шоттарды құру бөлімшесінің хабарлауы клирингте қатысушы банк үшін шоттар кұрудың әр кезеңінің соңында пошта арқылы клирингке катысушы банк (КҚБ) атына түседі. Хабарлауда күні көрсетіледі; ол бойынша клирингтік банктегі банктің клирингтік шоттары, карточкалары бойынша кызмет көрсетілген эмитент банктердің атына төлем жүйесімен есептелген сыйакьі ескеріле отырып дебеттеледі немесе кредиттеледі.

Клиринг және КҚБ есеп айырысу бөлімі алынған/шоттар мен жазбалар негізінде банктің кірісі мен шығысының тиісті баптарына қаржылай өтем жасайды.

Карточкалық операциялар сауда және қызмет көрсету кәсіп-орындары арқылы жүргізіледі.

Сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы операция-ларды жүзеге асыру кезінде келесі өткізбелер құрылады:

• Слиптерді алганда және өндегенде карт-шоттан сома тран­
зите к шотқа жазылады.

Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары»

Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепіпоттары»

• Слиптерді алғанда және өндегенде карт-шоттан сома транзит­


ок шотқа жазылады (шетел валютасындағы слип сомасы):

Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары»

Кт 2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталык ұзақ позициясы» J

Сонымен қатар тенгеде:

Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзак позицияның)»

Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»

• Комиссиялық ақы алған кезде:

Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 4608 «Өзге де комиссиялык кірістер»

• Карточкалық операциялар бойынша клиент шотына қаржы
қосу кезінде (ұсталған комиссияны алып тастағанда):

Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

• Егер клиент банк клиенті болып есептелмесе (ұсталған
комиссияны алып тастағанда):

Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»

Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының ¥лттық банкін-

дегі корреспондента к есепшоты».

Карточкалық операциялар теңгеде, сауда және қызмет көрсету

кәсіпорындары арқылы жүргізілсе (аталған банк эмитент-банк бол-

майтын жағдайда (Europay/MasterCard,Uisa карточкалармен), шоттар-

дың келесі корреспонденциясы құрылады.

• Слиптерді алғанда және өңдегенде:

Дт 1860 «'Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар (төлем жүйе-сінің түрлері бойынша)»

Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»

• Бас банктің сыйақысы:

Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 4608 «Өзге де комиссиялық кірістер»

• Карточкалык операциялар бойынша коммерсант есепшотына


қаржы косу (ұсталған комиссияны алып тастағанда):

Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»

Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттык банкін-

дегі корреспондента к есепшоты»

Карточкалық операциялар сауда және қызмет көрсету кәсіп-

орындары арқылы валютада жүргізілсе (Europay/MasterCard, Uisa

карточкалары):

• Слиптерді алғанда және өңдегенде:

Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары»

Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»

• Бас банктің сыйақысы (шетел валютасында):
Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»

Кт 2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»

Сонымен қатар теңгеде:

Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы күны (валюталық ұзак позицияның)»

Кт 4608 «Өзге де комиссиялық кірістер»

• Карточкалық операциялар бойынша клиент шотына қаржы


қосу (ұсталған комиссияны алып тастағанда):

Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» Банкомат аркылы жасалатын карточкалық операциялардың есе-бін ұйымдастыру тәртібі:

Лауазымдық нұсқауына міндетті түрде енгізе отырып, бухгал­терия қызметкері келесі функцияларды орындайды:

• банкоматта өткізілген карточкалық операциялардың есебін


және өндеуін;

• карточкалық операциялар бойынша жазба қалыптастыруды;


Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

• Коммерсант банк клиенті болып есептелмесе (ұсталған ко-


миссияны алып тастағанда):

Дт 2870 «Банктік өзге де транзиттік есепшоттары»

• актілер, банкомат түбіртектері және алынған файлдар
негізінде банкомат аркылы берілген ақшаларды қалпына
келтірілген ақша сомаларымен салыстырады.

Банкоматты қолданып ақша беру кезінде келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:

• Банкоматқа ақша салу кезінде (теңгеде):
Дт 1005 «Банкоматтардағы қолма-қол ақша»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

• Есепті тұлғалар есебінен банкоматқа салу үшін колма-қол


ақша бергенде:

Дт 1860 «Басқа да дебиторлар»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»


  • Демалыс күндері банкоматка ақша салу: Дт1005 «Банкоматтардағы колма-қол ақша» Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

  • Клиенттерге берілген және қалпына келтірілген сома Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»

Кт 1005 «Банкоматтардағы колма-қол акша»

• Банкоматтан алынған қолма-қол ақша сомасына:


Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 1005 «Банкоматтардағы қолма-қол ақша»

• Банкоматтан алынған купюраларды санау кезінде анықталған
жетіспеушілік сомасына:

Дт 1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу» Кт 1005 «Банкоматтардағы қолма-қол ақша»

• Кінәлі тұлғаның жетіспеушілікті өтеуі:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»

• Банкоматтан алынған купюраларды санау кезінде анықталған
артық сомаға:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»


  • Клиештердің банкоматтан алынган карточкаларын қоймаға кірістеу: Кіріс 7339 «Әр түрлі қүндылықтар және құжаттар»


15-лекция

Тақырыбы: Банкаралық операциялардыњ есебі.

(1-сағат)


Жоспар:

1. Банкаралыќ корреспонденттік шоттарын ашудың реттілігі

2. Екінші деңгейдегі банктерде есеп айрысуды ұйымдастыру

Корреспонденттік катынас - бұл екі немесе бірнеше несиелік мекемелер арасында олардың бірінің тапсырысы және екіншісінің қаржысы есебінен төлемдерді және есеп айырысуды, сондай-ақ несие ұсыну, инвестициялық қызмет көрсету туралы келісім жүзіндегі қатынас. Сонымен қатар ірі корреспондент-банкрер неғұрлым ұсақ банктерге инвестициялық қоржынды басқару бойынша кеңестер беріп, олардың тапсырысы негізінде бағалы қағ,аздарды сатады, сатып алады, сактайды және басқарады.

Корреспонденттік байланыстардың дамуы тіптен банктің жаңа бөлімшесін ашу сияқты бірнеше жеңілдіктер бере алады, бірақ бұл кезде банк өзінің кұкықтық еркіндігін және өткізілген опера-цияларға бақылау жүргізуін сақтайды.

Мемлекет банктерінің казіргі кездегі есеп айырысулары міндетті түрде ҚР ¥лттық банкінің филиалдарында ашылған корреспон­денток шоттар арқылы жүргізіледі, сондай-ақ банктің қалауы бойынша елдің баска да, жақын және алыс шетелдің банктерімен тікелей корреспонденттік қатынастар кұру арқылы жүргізілуі мүмкін.

26.10.2000 ж. №348 банк операцияларының жекелеген түрле-рімен айналысатын банктер мен үйымдар арасында корреспон­денток қатынасты қалыптастыру туралы ережеде төмендегідей анықтама берілген: «корреспонденттік қатынас - банктер арасын-дағы келісім, соған сәйкес оның біреуі (корреспондент) басқа банкке (респондент) депозитті сақтайды және төлемдер мен баска да операциялар бойынша қызмет көрсетеді».

Банкаралык қызметтің осындай нысанын жүзеге асыру үшін, несиелік ұйымдар келісім негізінде бір-біріне корреспонденттік шот ашады.

«Корреспонденттік шот - жасалған корреспонденттік шот негізінде бір банктің тапсырысы және екінші банктщ қаржысы есебінен жүргізілетін есеп айырысулар көрсетілетін шот».

Корреспонденттік шот аркылы банкаралык есеп айырысуды үйымдастырудың екі нұсқасы бар:



  • орталықтандырылган - бұл кезде банктер арасындағы есеп айырысу міндетті түрде Қазақстан Республикасы ¥лттык Банкінде ашылған олардың корреспонденттік шоттары аркылы жүргізіледі;

  • орталықтандырылмаған немесе неғұрлым либералды-коммерциялық банктердің бір-бірімен өзара қатынасын қарастырады.

Біздің елімізде банкаралық қатынастар бірінші нұсқаға негіз-делген.

Банкаралық корреспонденттік қатынастар үдерісінде есеп айы-рысуларға қойылатын негізгі талаптар жеткілікті жылдамдық және болжанған төлемдер, жоғары сенімділік, қауіпсіздік, экономикалық тиімділік және қолданушылардың тұтынуына сәйкес олардың әр түрлілігі.

Банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыруға - оларды өткізу нақтылығына, уақытты және өткізудің еңбек сыйымдылығын қысқартуға қатысты жоғары талаптар қойылады.

Банктер экономиканың әр түрлі субъектілер арасындағы есеп айырысулар тізбегінде бастапқы және ақырғы буьш болып табылатындықтан, оларды банктер арасындағы есеп айырысу жүйесі болмаса өткізу мүмкін болмас еді.

Аталган байланыста банкаралык есеп айырысуды ұйымдас-тыруға нақты маңызды қағидалар келесілер:

Басты қағида - басқа банктермен, соның ішінде клиент төлемдері бойынша есеп айырысуды толық мөлшерде, үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ететін банктің өзіндік өтімділігін (корреспон-денттік қатынаста қаржының болуын) сақтау. Банкаралык есеп айырысудың дұрыс жүргізілуіне бақылау жасау қағидасы да жоғары маңыз алады. Оның спецификасы мен ерекше рөлі -өткізілетін сомалардың сақталуы мен бірыңғайлығын үнемі өзара бақылауда, біріншіден, клиенттердің банктегі шоттары бойынша және банктердің ҚР¥Б-дағы корреспонденттік шоттары бойынша, екіншіден, есеп айырысуға қатысушылардың өздерінің - ком-мерциялық корреспондент-банктердің өз араларындағы есеп айырысу кезіндегі шоттар бойынша және баланстар бойынша, сондай-ақ ҚРҮБ арқылы есеп айырысуларда.

ҚРҮБ филиалдарының негізгі функциясы - корреспондента к шоттарды қолдана отырып әр түрлі банк мекемелері арасында есеп айырысуларды жүргізу болып табылады. Коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысулар оларды ң ҚРҰБ ашқан корршоттары арқылы көрсетіледі. Басқа коммерциялық банктер мен олардың филиалдарында ашылған корршоттар арқылы есеп айырысулар Қазақстанда 1997 жылдан бастап ендіріле бастады. Қазкоммерц-банк, ТұранӘлемБанк, HSBK, ЦентрКредитБанк және баска да ірі банктердің корреспонденттік катынастары неғұрлым жан-жақты.

Банкаралық корреспонденттік шоттар бойынша есеп айыры-судың ерекшеліктері:



  • бұл басқа банк клиенттерімен тұрақты келісімдік қатынасы бар клиенттердің мүддесіне сай келеді;

  • олар тура жүзеге асырылатындыктан есеп айырысулар айтарлықтай жеделдетіледі;

  • жан-жақты корреспонденттік қатьшастар кезінде қандайда бір ірі банкте шот ашу аркылы клирингті жүзеге асьгру -банктердің өзара талаптарын ескеру шарттары пайда болады;

  • корреспондент банктер арасында клиринг жүргізу корреспон­денток шоттағы каржылар калдығын азайтуға мумкіндік береді;

  • нарықта белсенді қызмет етуге және каржылық құралдары-ның толык жиынтыгын қолдануға мүмкіндікті көбейтеді. Бір жағьшан, ірі банктер корреспонденттік шоттар қалдығы ретінде айтарлықтай қаржы тартып оны, әр түрлі опера-цияларға қолдана алады. Ірі корреспонденттік желі ірі банкке вексель айналымын дамытуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, клиент банктер корреспонденттік шот қалдығын қолдана отырып, бас банк жүзеге асыратын операциялар есебінен несие ала алады.

Корреспонденттік қатынастардың әр тарабы өздерінде бар деректер негізінде корреспонденттік шот бойынша операциялар есебін еркін жүргізеді. Ай сайын корреспондент банк корреспон­денток шот қалдығын бекітеді.

Корреспонденток қатынастар корреспондент банктер арасында анықталған сенімділік деңгейін білдіре отырып, банктің өзара тапсырыстарын жүзеге асырады. Корреспонденток қатынастар арқылы өзара банктік қызметтердің үлкен жиынтығын қарастырады.

Банкаралық катынастар банктер арасындағы қатынастардың бір түрі ретінде, баска банктерде ашылған шоттарға акша қаржыларын аудару бойынша банк клиенттерінің тапсырысын орындау больш табылады.

Банктер арасындағы есеп айырысуды арнайы осы максатқа құрылған ҚР¥Б органы - Қазақстандық Банкаралық Есеп айырысу Орталығы (ҚБЕО) жүргізеді. ҚБЕО - заңды тұлға, құрылтайшысы және өкілетті органы - Үлттык банк табылады. ¥Б ҚБЕО №252 30.12.95 жылғы банктік жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес ¥Б Басқармасының шешімімен құрылган. ҚБЕО әділет органында қайта тіркеуден өткен және шаруашылық жүргізу негізінде респу-бликалық мемлекеттік кәсіпорын нысанын иемденген. Оның банктік шоты, гербті мөрі, мөртабаны және қазак және орыс тілдерінде аты жазылған фирмалык бланкілері бар.

ҚБЕО - еркін шаруашылықты субъект, банктік емес қаржылық мекеме. ҚБЕО негізгі қызметі банкаралык төлемдерді және Банкаралық аударымдар жүйесі (БААЖ) және Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) аркылы аударымдарды жүзеге асыру.

Көрсетілген қызметтер үшін клиенттер төлейтін төлемдер ҮБ ҚБЕО кірістерінің негізгі бабынан саналады.

ҚБЕО мақсаты тиімді, түракты, кауіпсіз банкаралык төлем жү-йесі негізінде банктік қызметтің негізгі кажеттілігін қамтамасыз ету.

ҚБЕО-мен жүйеге катысуға келісім жасалған сон, банк пайдала-нушы статусын иемденеді. Пайдаланушы келісім жасау үшін орталыққа келесі құжаттарды ұсынады:



  • жүйеге қосуға өтініш;

  • банк жарғысының және банктік операциялар жүргізуге лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмелерін.

Аталған келісімнін негізгі деректемелері мыналар болып табылады: -- тараптардың деректемелері; --/ тараптардың кұқықтары және міндеттері;

  • пайдаланушының банктік қүпиясының мәні болып табыла-тын ақпарат қүпиялығын сақтау талаптары;

  • клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару мерзімдері және тәсілдері;

  • келісім талаптарының орындалмауына тараптардың жауап-кершілігі;

  • келісімді бүзу және келісім талаптарын өзгерту тәртібі;

  • тараптардың келісуі бойынша басқа талаптар.

Келісімде банкті пайдаланушы статусынан келісімді бүзбай уақытша айыру жағдайы көзделуі мүмкін.

Пайдаланушылар мен орталық арасындағы электронды хабарла-малар алмасу ҚР Үлттық банктің бекітумен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес электронды тәсілде жүргізіледі.

Операциялық күн ішінде ҚБЕО пайдаланушылардан төлем күжаттарын қабылдайды, бүл кездегі операциялык күннің ұзақтығы және оның жабылу уақыты Үлттық банк және оның пайдаланушы-ларымен жазбаша түрде келісімі бойынша белгіленеді. Операциялық күн аяқталған соң алынған төлем қүжаттары келесі операциялық күн басында алынған болып саналады.

ҚБЕО төлем құжаттарының қабылдануын операциялық күн аяқталғаннан соң тоқтатады, өзара талаптар мен міндеттемелердің есебін жүргізеді, сондай-ақ әр колданушының таза позициясын анықтайды. Одан ҚБЕО клирингте қолданушының ақшасы болмауы себепті өңделмеген қүжаттарды ағымды жүмыс күнін белгілеп жояды, сондай-ақ таза дебеттік позициясы бар қолданушылардың ақша сомасын ақша аударымдарының банкаралық жүйесінде оған тең дебеттік таза позицияға резервтейді. Банкаралық ақша ау-дарымдары жүйесін қолданушы болып саналмайтын банктер үшін, аталған банктің таза позициясын анықтау, операциялық күн ішінде оның Үлттық банктегі корреспонденттік шотынан, Үлттық банктегі банкаралық ақша аударымдары жүйесіндегі шотка аударым жасалған сома көлемінде жүргізіледі.

Егер операциялық күн ішінде пайдаланушы Үлттық банктегі банкаралық ақша аударымдары жүйесіндегі шотка ақша аудармаса, онда аталған пайдаланушының таза позициясын анықтау, оның есебіне жүйенің басқа пайдаланушыларынан түскен толем құжат-тары сомасының көлемінде жүргізіледі.

ҚР ¥лттық банкі екінші деңгейлі банктердің ак,ша айналысын бақылау мақсатында төлем жүйесіне делдал ретінде қатысады. Ол үшін ¥лттық банк пен екінші деңгейлі банктер арасында келісім негізінде корреспонденттік қатынас қалыптасады. Осы қатынастарға сәйкес Үлттық банк есебіне түсетін қаржыларды қабылдап, банктің банкке немесе үшінші түлғаға тиісті ақша сомасын аудару туралы өкімін орындайды және келісімде белгіленген басқа да қызметтерді көрсетеді.

/Корреспонденток шот ашу үшін Үлттық банк филиалына ком-мерциялық банк шот ашуға өтінішті, жарғы көшірмесін және қол үлгісі мен мөр басылым карточкасын нотариалды түрде куәлан-дырып үсынады. Осы қүжаттармен қатар іске корреспонденток қатынас туралы келісім қосылады. Одан әрі Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық Орталығымен жасалған келісім және аталған банкті Банкаралық ақша аударымдарының жүйесіне қосуға Үлттық банктің рұқсаты тіркеледі.

Жоғарыда аталған құжаттар қабылданған соң, банктердің корршотының көмекші есебі жүргізілетін Үлттық банк филиалының Банктік Қадағалау Департаментінің өкімі бойынша банкке банктік жеке код белгіленеді, ашылған банктің жарғылық корына ақша ау-дарымы үшін дербес шот ашады.

Корреспонденток шот иелері туралы мәліметтерді Үлттық филиалы корршот журналына енгізеді. Банктің жазбаша хаты бойынша Үлттық банк оның бас кеңсесі немесе филиалы орналасқан мекенжайда нақты ақшамен операция өткізу үшін оған аша^ алады.

Аталған шотты ашу үшін банк немесе филиал өзі орналасқан ауда^дағы Үлттық банк филиалына (сенім хат немесе филиал ту­ралы ережені және бас банктің рүқсатын) нақты ақшамен операция ашуға және ол бойынша операция жүргізуге банк филиалының өкілеттілігін дәлелдейтін қүжатты және Үлттық банк филиалының рұқсатын ұсынуы тиіс.

Банктің корреспонденттік шотын жүргізу үшін бірнеше талап-тар қойылады. Үлттық банктің филиалы банктің ¥лттык банктегі корреспонденток шотындағы ез қаржыларын кедергісіз пайдалан-уын және ондағы калдықтар көлемінде төлем жүргізуін қамтамасыз етуге міндетті.

Корреспонденттік қатынас келісімі бойынша Үлттық банк бекі-тілген тәртіпте банктен қолма-қол акшаны кабылдауға және бо-сатуға міндетті. Банктің төлем тапсырыстарын қабылдау мен ұсыну Үлттық банк филиалы құрған тапсырыстарды қабылдау және ұсыну кестесіне сәйкес өтеді. Бұл филиал толем тапсырыстарын атқаруга қабылдау және Үлттық банктің операциялық күнінде оларды өндеу шарттарын анықтауга құқылы.

Үлттық банк филиалына төлем тапсырысын жолдау кезінде банк филиалды толем тапсырысында көрсетілген түлға есебіне өз ақшасын аударуға өкілеттейді. Филиал жөнелтуші банктің корр-шотын дебеттеу жолымен төлем тапсырысын акцептейді немесе себептермен акцептеуден бас тартады. Ол банктің төлем тапсырыс-тары үшінші тұлға талаптарын, тапсырыс немесе талапты ұсыну кезінде банктің Үлттык банктегі ақшасы жеткілікті болса ғана орындайды. Үлттық банк банк есебінен электронды толем тап­сырысында көрсетілген соманы заңмен бекітілген талаптарға сәйкес кабылдауға міндетті. Үлттық банк байланыс арналары арқылы сол мезетте оның корршотын несиелендіру туралы электронды төлем тапсырысын және хабарлауды жібереді.

Үлттық банктің алушы-банк алдындағы ақша аударымы бойынша міндеттемесі оның корршотын несиелендіру немесе оның корршотын несиелендіру туралы оған электронды толем тапсы­рысын және хабарлауды беру кезінде өтеледі. Ақша аударымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету максатында банк пен Үлттық банк санкцияланбаған қолма қол емес төлемдерден корғау рәсімдерін қабылдайды. Қоргау әрекетінің элементтері ретінде өкілетті түлға-ның қолы, мөрі, алгоритмдер, кодтар, сәйкестендірме сөздер немесе сәйкестендірме нөмірлеу, шифрлар, қайтару әдістері және Қазақстан Республикасының заңдылығына қайшы келмейтін басқа да қорғау әдістері қолданылады. Үлттык банк филиалы және банк қорғау әрекетінің рәсімдерін сақтауы аталған рәсім туралы мэліметтердің сақталуын қадағалауы тиіс.

Қолма-кол акшамен банк операцияларын орындау үшін Үлттық банк филиалында ашылған банктің корршоты арқылы оган шот ашпай-ак, осындай операцияларды жүзеге асыруға қүқылы. Қолма-қол ақшамен операциялар бойынша банкке шот ашу барысында Үлттық банк операцияльщ күн соңында аталған шоттың сальдосын осы банктің Үлттык банк филиалында ашылған корршотына ау-даруға міндетті, егер бұл корршоттық қатынас туралы келісімде қаралған болса.

Банктің Үлттық банктегі ақшасын қабылдау, алу бойынша операцияларды жүзеге асыру барысында филиал корршотта жазба дайындайды, ол байланыс арналары арқылы банкке кестеде бекі-тілген уақытта жолданады. Банк есебіне акша кабылдау кезінде байланыс арналары бойынша банкке электронды толем тапсырысы беріледі. Банктің корршоты бойынша өткізілген операцияларды тек-серу корреспонденттік қатынас туралы келісімде анықталған кезеңдерде жүргізіледі, бір-ақ 10 күнде бір реттен кем емес.

Банктің жауапты қызметкері келісімде белгіленген мерзімде Үлттық банк филиалына корршот бойынша есеп айырысу тізім-демесін ұсынады. Ұлттық банк филиалының жауапты қызметкері дербес шот пен тізімдеме бойынша калдықтарды салыстырады. Сәйкессіздік табылмаған жағдайда банктің жауапты қызметкері тізімдеме күнін белгілеп, кол кояды, банк ісіне орналастырып, корршоттың дербес шотына тексеру күнін жазады. Егер сәйкессіздік табылса, онда ол Үлттық банк филиалы мен банктің тиісті жетекшілеріне хабарланады. Табылған сәйкессіздікті жою шаралары Үлттық банктің үш операциялык күні ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

Толем тапсырысын жолдау немесе өңдеу кезінде жіберілген кателіктер, қорғау әрекетінің рәсімдерін бұрмалау немесе оны жолдауға банктің жауапты қызметкерлерінің өкілеттілігінің болмауы туралы фактілерді банк шұғыл түрде Үлттық банк филиалына хабарлауға тиіс. Филиал банкпен бірге аталған деректерді жою бойынша деректер аныкталған күннің келесі операциялық күнінен кешіктірмей шара кабылдауы тиіс. Коммерциялық банктің ҚР Үлттық банкінде бір корреспонденттік шоты болуы тиіс.

Бүгінгі күні Үлттық банк алдында әлемдік жетістіктерге сай жоғары тиімді жалпы мемлекеттік банкаралық есеп айырысулар жүйесін қүру міндеті тұр.

Корреспонденттік шоттар бойынша операциялар есебі үшін келесі шоттар қарастырылған:

- Бөлімшенің баланстық шоты 1050 «Банктің корреспон­
денток шоты»;


  1. Банктің Қазақстан Республикасының Үлттык банкіндегі корреспонденток шоты;

  2. Банктің басқа банктердегі корреспонденттік шоты.

- Бөлімшенің баланстық шоттары:

  1. корреспонденток есепшоттар;

  2. Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің талап етуі бойынша салымдары;

  3. шетелдік орталык банктердің талап етуі бойынша салымдары;

  4. 2013 басқа банктердің талап етуі бойынша салымдары;

  1. басқа банктердің сыйақы есептелген талап етуі бойынша салымдары;

  2. Қазақстан Республикасы Үлттық банктің корреспонденттік есепшоттары;

  3. шетелдік орталық банктердің корреспонденттік есешпоттары;

2023 баска банктердің корреспонденттік есепшоттары.
Ұлттық банк филиалы арқылы әр түрлі төлемдерді төлеу кезін-

де келесі өткізбелер құрылады:

- Ақша жөнелтуші банкте:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымды есеп шоттары»; Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Үлттық банкіндегі корреспонденттік шоты».

- Ақша алушы банкте:

Дт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының ¥лттық банкін-дегі корреспонденттік шоты»;

. Кт 2203 «Клиенттердің ағымды шоттары».

Клиенттерге кассалық есеп кызмет көрсету үдерісінде және төлемдерді жүргізуде банктер бір-бірімен корреспонденттік катынастарға түседі. Бұл кезде екі түрге бөлінетін корреспонденттік шоттар ашылады:



  • «НОСТРО» шоты (латынша «ностро» - «біздің» деген мағы-наны береді, яғни «сіздегі біздің шот»);

  • «ЛОРО» шоты (латынша «лоро» - «сіздің» деген мағынаны береді, яғни «біздегі сіздің шот»).

«НОСТРО» типтес шоттарды кандай да бір банктер коррес­пондент банкттерде ашады, ал «ЛОРО» типтес шоттар - респон­дент банктердің атына ашылады, сонымен қатар аталған шоттар өзара негізде, сондай-ақ бір жақты да ашылуы мүмкін. Бір банктегі «НОСТРО» шоты корреспондент банктегі «ЛОРО» шоты болып табылады.

Корреспонденттік шоттар бойынша операцияларды көрсету үшін қажетті шоттар ашылады. Корреспонденток шотқа корреспон-денттік шоттарға қаржы қалдығы көлемінде өткізуге қабылданған әр төлемнің сомасы қосылуы тиіс.

Бір банктің басқа банкте корреспонденттік шот ашу және жүр-гізу тәртібі банктер арасындағы өзара мәміле бойынша анықталады.

Банктер мен банктік емес ұйымдардың бейрезидент банктермен корреспонденттік қатынастары банк тәжірибесінде қолданылатын іскерлік айналыс тәртібімен және келісімдермен реттеледі.

Банктер ¥лттық банктің корреспонденттік шот ашуға және жүргізуге берген лицензиясы болған жағдайда ғана корреспон-денттік шот аша алады және жүргізе алады. Бұл кезде банктерге лицензия ҚР заң актілеріне, соның ішінде банктерді лицензиялау мәселелерін реттейтін Ұлттық банктің нормативтік құқылық актілеріне сәйкес беріледі.

Респондент корреспонденттік шот ашу үшін корреспондентке келесі құжаттарды ұсынады:



  • корреспонденттік шот ашуға өтініш (1-қосымша);

  • банктер үшін банктік операциялар жүргізуге берілген лицензияның нотариалды бекітілген көшірмесі;

  • банктік емес мекемелер үшін аударым операцияларын жүр-гізуге берілген лицензияның нотариалды бекітілген көшірмесі.

Корреспонденттік шот ашу кезінде респондент корреспонденттің қаржылық жағдайын талдайды және өзінің өкілетті органының негі-зінде корреспонденттік шот ашады.

Корреспонденттік шот жасалған корреспонденттік шот келісімі негізінде ашылады. Корреспонденттік шот келісімі келесі деректе-мелерден тұруы тиіс:



  • келісім мәні;

  • салық төлеуші респонденттің салык қызметі органынан берілген қүжатта көрсетілген тіркеу нөмірі;

  • корреспонденттің қызмет корсету шарттары және оны төлеу тәртібі;

  • респондент ақшасын қолдану тәртібі;

  • төлем құжаттарьш жолдау тәртібі және төлем немесе ақша аударымы туралы ақпарат алмасу әдістері;

  • корреспонденттің респондентке тоқсандық каржылық есеп беруді ұсыну тәртібі соның ішінде бухгалтерлік балансты, қаржылық-шаруашылық кызмет нәтижесі туралы есеп беру-ді, ақша қозғалысы туралы есеп беруді және қажет болса қаржылық есеп берудің басқа да нысандарын ұсыну тәртібі, олардың негізінде несиелік және өтімділік тәуекелдігін бақылау және төмендету мақсатында респондент корреспо-нденттің қаржылық жағдайын талдайды;

  • корреспонденттің респондентті Үлттық банктің корреспон-денттік шот ашуға және жүргізуге берген лицензияны қайтарып алғандығы жөнінде уактылы хабардар ету жауап-тылығы;

  • келісімнің әрекет ету мерзімі және бұзылу тәртібі;

  • дауды шешу тәртібі;

  • Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін басқа да шарттар.

Корреспонденттік шотты жүргізу үшін келесі жалпы талаптар қойылады. Өзінің корреспонденттік шоты бойынша респондент ҚР заңдарына және корреспонденттік шот келісіміне қайшы келм-ейтін операцияларды жүзеге асыруға құқылы.

Атап өтетін жайт, респонденттің корреспонденттік шоты бойынша корреспондент банктік операцияларды корреспонденттің өкілетті органында бекітілген корреспонденттік шоттар ашу жүргізудің ішкі ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Бұл кезде аталған ереже келесі деректерден тұруы тиіс:



  • респондештің корреспонденттік шоты бойынша төлем жүр-гізу және ақша аударымын жасау тәртібі;

  • электронды тәсілмен төлем күжаттарын жолдау кезіндегі электронды хабарлар пішімі;

  • респондентке оның корреспонденток шоты бойынша жазба ұсьшу тәртібі және респонденттің корреспонденток шоты бойынша банктік қызметтер көрсету және төлемдерді немесе ақша аударымын жүргізу бойынша корреспонденттің өз мін-деттемелерін уақтылы орындауын бақылаудың басқа да ны-сандары;

респонденттің корреспонденттік шоттағы акша қалдығына сыйақы қосу тәртібі (егер мұндай жүргізілсе);

- респонденттің корреспонденттік шотына қызмет көрсеткені


үшін комиссия алу реті;

- корреспонденттің қарауы бойынша басқа да шаралар.

Операциялық күн соңында корреспондент респонденттің кор­респонденток шоты бойынша ақша қозғалысы туралы жазба әзірлейді және оны оған жолдайды. Осы жазба бойынша респон­дент өткізілген төлемдер сомасының, бенефицар деректемелерінің дүрыс көрсетілуін және төлемдерді өткізу немесе ақша аударым-дарының дүрыстығын тексереді. Тексеру нәтижесінде анықталған корреспонденттік шоттар бойынша корреспонденттің, сондай-ақ респондент тарапынан болған барлық сәйкессіздіктер ҚР зандарына және корреспонденток қатынастар туралы келісімге сәйкес реттеледі.

Ағымдағы айдағы төлемдерді респонденттер ¥лттық банкте реттелген лимит көлемінде банктер мен басқа банктік емес үйым-дарда ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырыла-ды. Аталған лимит алдыңғы айда ҚБЕО төлем жүйесі арқылы өтетін респонденттің қолма-қол емес төлемдерінің жалпы көлемінен пайыздық қатынас көлемінде есептеледі. Бүл кезде респондент есептік айдың 10 күнінен кешіктірмей Ұлттык банкке басқа банктер мен банктік емес ұйымдарда ашылған корреспонденток шоттар арқылы жүргізілген төлемдер саны және көлемі туралы мәліметтер ұсынады (3-қосымша).

Банктер арасындағы корреспонденток қатынастар жасалған келісімнің оны бүзу тәртібі жөніндегі шарттарына сәйкес тоқта-тылады. Бұл кезде корреспонденттік шот жабылады. Оны жабу үшін респондент корреспондентке корреспонденток шотты жабу туралы қалдықты бекіте отырып, шоттағы қаржы қалдығы ау-дарылатын деректемелерді белгілеп өтініш ұсынады.

Корреспонденток шотты жабу келесі жағдайларда жүзеге асырылады:



  • респондент өтініш бойынша кез келген уақытта, егер бұл занда немесе келісімде белгіленбесе;

  • корреспонденттік шоттың әрекет ету мерзімі тоқталған кезде;

  • корреспонденттен Үлттық банктің корреспонденток шоттар ашу және жүргізуге берілген лицензиясы қайтарылғанда;

  • респонденттен Үлттық банктің банк операцияларын өткізуге берілген лицензиясы қайтарылып алынғанда, егер ол банктік ұйым болмаса.

Корреспондент пен респондент арасындағы келісім шарттарына сәйкес оның біреуінен корреспонденток шот ашуға немесе жүргі-зуге немесе респонденттік пен корреспонденттік шотты жабу кезін-де, корреспондент ақша аударымьш респондент көрсеткен шотқа аударуға міндетті.

Корреспонденток шотты пайдалану негізінен шоттағы қара-жаттың ең төменгі қалдығымен, ал ішінара - комиссиялық сый-ақыларды төлеу жолымен төленеді. Бұл кезде корршоттағы несие-лік ресурстар талап ету депозиттерін ұсынады. Сол себепті әдетте көрсстілген шоттар бойынша қалдықтар есеп айырысу операция­ларын өткізуге қажетті ең томен деңгейде ұсталынады.

Банктегі корреспонденттік шоттары арқылы төлеуде төмен-дегідей шоттар корреспонденциясы құрылады:

- Ақша жөнелтуші банкте:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары»;

Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттары».

- Алушы банкте:

Дт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденток есеп­шоттары»;

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары»;

Бір бас банк қызмет көрсететін екі филиалдар арасындағы есеп айырысуда келесі корреспонденттік шоттар құрылады.

- Ақша алушы банкте:

Дт 1350 «Банктің филиалдарымен есеп айырысуы»;

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары».

Егер алушы клиентке басқа банк қызмет көрсетсе, онда бас банкте бухгалтерлік өткізбе жасалады:

Дт 1350 «Банктің филиалдарымен есеп айырысуы»;

Кт 1051, 1052 «Банктің ¥лттық банктегі және басқа да банк-тердегі корреспонденток шоты».

- Алушы банкте:

Дт 1051, 1052 «Банктің ¥лттық банктегі және басқа да банк-тердегі корреспонденток шоты»;

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдагы шоттары».

16-лекция



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет