«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет17/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ГАУЗУ ПАТША
Кəйхуаңның алғашқы жылы (581) 5 тамызды патша Дұңжиң са-
райының күшін жойғандығын жариялады. Түрік Аба қаған сарайға 
елші салып, жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. 17 тамызда жо-
рық бас сардары Лы-əн сұлтаны Юан Шены тұйғұндарды шабу үшін 
Көккөлге аттандырды. Жорықшылар оларды жеңіп, тізе бүктіріп қайтты... 
26 қыркүйекте аға баған, Шюе ел-сұлтаны Жаңсүн Лəн мен аға баған, 
Сұң-əн сұлтаны Юан Жиңшəнды жорық бас сардары етіп тағайындап, 
Чын əулетіне қарсы жорыққа аттандырды, санаттың сол атарманы Гау 
Жюңға армияға басшылық жасау міндетін бұйырды. Түрік Ышбара 
қаған елші салып, жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. 
Кəйхуаңның 2 жылы (582) 4 сəуірде Ниңжоудың дуанбасы Доу 
Рұңдиңды сол қол мыршап тайсеңүн етіп тағайындады. 17 сəуірде 
тайсеңүн Хəн Сыңшоу Житоу тауларында түріктерді жеңді. Аға баған 
Ли Чұң Хыбей тауларында түріктерді жеңді. 
15 маусымда Гау Бауниң Пиңжоуға шапқыншылық жасады, түрік-
тер Ұлы қорғанға кірді...
13 маусымда аға баған Ли Чұң Ма-ида түріктерді жеңді.
2 желтоқсанда патша артқы бақта сайыскерлікке жаттықты. 
5 желтоқсанда аға баған Доу И қайтыс болды. 7 желтоқсанда жаңа 
астана Дашиң қаласы деп аталды. 15 желтоқсанда Чинюан сұлтаны 
Юй Чиңзыны хулардан қорғану үшін əскерімен Хұңхуаға бекінуге 
аттандырды. Түріктер Жоупəнды шапты, жорық төбенайы Даши Жаңру 
оларға қайтарма шабуыл жасағанымен, лулардан жеңілді.
3 жылы (583) 5 ақпанда Чын сарайы ақылшы нөкер Хы Чы мен 
байланысшы ақылшы, нөкер Шяу Баулар сəлемдесе келді. Түріктер 
шекараға шапқыншылық жасады.
(3 жылы жаз сəуірдің) 12 күні Уей ханы Яң Шуаң Ақбелдеуде 
түріктерді жеңді. 13 сəуірде жорық төбенайы Йын Шоу Хуаңлұң деген 
жерде Гау Бауниңды жеңді. 17 сəуірде қуаңшылық болғандықтан 
патшаның өзі астананың оңтүстік-батысына барып жаңбыр тілеп 
тасаттық берді. 19 сəуірде оқу оқуға жігерлендіру жөнінде жарлық 
түсірді. Жибейдың арда сұлтаны Ляң Юан Уынжоуға төбенай болып 
тағайындалды. 22 күні Чын əулетінің Йыңжоудағы қамалбасы Жаң 
Зыжи елші салып бағынатындығын жариялады, патша Чын сарайымен 
арадағы жарастық шартын ескеріп, оны қабылдамады. 24 күні ақылшы 
нөкер Шюе Шу, байланысшы ақылшы нөкер Уаң Шаулардан Чын 
сарайына елші етіп жіберді. 26 күні патшаның өзі жаңбыр тіледі. 27 күні 
түріктер сарайға елші салды.
6 мамырда жорық төбенайы Лит Хуаң Манадуда түріктерді жеңді. 
7 мамырда корей елшілігі сарай зияратына келді. 8 мамырда Ляң елінің 
мұрагер ханзадасы Шяу Цұң жаңа астанаға көшіп келуге байланысты 
патшаны құттықтау үшін астанаға ат басын тіреді. 10 мамырда мүр-
кеттер жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. 13 мамырда Южоу дың 
төбенайы Йың Шоу қайтыс болды. 24 мамырда Фаңзыда тасаттық 
рəсімі жасалды. 25 мамырда жорық бас сардары Доу Рұңдиң 
Ляңжоуда түрік жəне тұйғұн қолын жеңді. 29 мамырда Хуаңлұңдағы 
өлім жазасына кесілгендерден басқа қылмыскерлер кеңшілікпен 
босатылды. 
4 маусымда Уей ханы Яң Шуаңның ұлы Яң Жи Сүй-əнға арда сұл-
тан болып тағайындалды. 12 маусымда түріктер елші салып бітімге 
келуді өтінді.
4 жылы (584) 13 ақпанда патша Башаңда Ляң əміршісін аттандырды. 
15 ақпанда мүркеттер жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. Түріктің 
Сүңіш ұлысынан ер-əйелі бар 10 мыңдай адам сарайға кірімтал болды. 
18 ақпанда патша Лұңжоуға аттанды. Түрік қағаны Ашына Темкіт ел-
жұртымен келіп бағынды.
...9 сəуірде Лауақым бөлім санаты Юй Чиңзы санаттың оң қол атар-
маны, Йыңжоу дуанбасы Яң Шаңши – Жасақ бөлім санаты, Маужоу 
дуанбасы Лю Рын-ын Жаза бөлім санаты болып тағайындалды. 13 сə-
уірде аға баған Чыли Чаңча Шиңжоуға төбенай болып тағайындалды. 
16 сəуірде Дашиңдян сарайында Түрік, Корей, Тұйғұн елшілеріне 
қонақасы берілді. 26 сəуірде аға тайсеңүн Хылоу Зыгəн Юйгуаеға 
төбенай болып тағайындалды.
5 жылы (585) көктемгі басқы айдың 11 күні патша жаңа жөрелгілер 
қабылдау жөніндегі жарлығын жариялады. 
2 наурызда санатты Шин оң қол қолаға тайсеңүн болып тағайын-
далды.
Жаз сəуірдің 8 күні əміршісі Дуоми елші салып, жергілікті 
өнімдерінен таралғы тартты...
29 мамырда ашаршылықтан сақтану үшін астық қамбаларын салу 
жөнінде жарлық түсірді. Ляң əміршісі Шяу Күй қайтыс болды, оның 
тағына ұлы Шяу Цұң отырды. Аға тайсеңүн Юан Чи Түрік Аба қағанға 
елшілік сапармен аттанды.
6 шілдеде Чын сарайы ақылшы нөкер Уаң Хуа мен байланысшы 
ақылшы нөкер Руан Жуоны сарайға амандасуға жіберді. 23 шілдеде 
аға баған Юйуын Чиң Ляңжоуға төбенай болып тағайындалды. 28 шіл-
деде Түрік Ышбара қаған датнама енгізіп, бодандығын жариялады. 
2 тамызда Ышбара қаған өз ұлы Құтғапчын тегінді сарайға қол 
тапсыруға жіберді.
[...] 6 жылы (586) басқы айдың 13 күні Таңғұт қияндары Сүй əулетіне 
кірімтал болды. 19 күні түрікте жаңа календарь атқарылды.
(6 жылы) 12 тамызда Ышбара қаған сарайға жергілікті өнімдерінен 
таралғы тартып, елші салды.
(7 жылы) 5 сəуірде патша Жин ханы (Яң Гуаңның) үйіне барды. 
6 сəуірде астық тасымалы үшін Яңжоудан Шəняң жармасы (каналы)
қазылды. Түрік Ышбара қаған қайтыс болды, тағына Толым қаған 
деген лауазыммен ұлы Оңғыл отырды. 


 84
85


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет