36
күй аңыздар
лайды. Сөйтіп, ханға келіп, сәлем беріп, басу сөз айтады. Хан
сол қалпы, сәлемге жауап қатпастан, іштей мүжіліп, өзімен-
өзі болып, меңірейіп жатып алады. Сыбызғышы сәлемінің
өтпегенін көңіліне алмайды. Төмендеу жайғасып отырады да,
құтысынан сыбызғысын шығарып, асықпай сарната жөнеледі.
Бұрын-соңды тартылмаған тың сарын естір құлақты елеңдетіп,
ғажайып сазымен баурай жөнеледі.
Сыбызғы үні ұзақ сарнап, уілдей өксіп, уһілей күрсініп, шер-
шеменнің бәрін дыбысқа айналдырып жібергендей боздап ке ліп
тоқтайды. Сонда хан төсектен басын көтеріп, сыбызғы шы мен
амандасып, жоғары шығып отыруын өтініп еді дейді.
Сыбызғышы
төрге шығып жайғасқанда, ханның қас-қаба-
ғын бағып жүргендер күйшінің иығына шапан жабады.
Міне, ханның қайғысын серпіп, басын көтерткен осынау күй
ел ішінде «Хан жұбату» болып тараған екен.
19. «Кербез қыз»
(І нұсқа)
Ертеректе бір өнерпаз жігіт болса керек. ол кезде жігіттің
жақсысы жылқы бағып, жүйрік мінеді. Күндердің бір күнінде,
сол өнерпаз жігіт саяқ шыққан жылқыларын іздеп жүріп, бір
ауылға кез болады. Сол ауылда шеткерірек тігілген ақ боз үй
бар екен. үй сыртынан ат байлар мама ағаш көзге шалынған
соң, кісі түсетін «қонағуар үй» боларсың деп ат басын бұрады.
Жігіттің ойлағанындай, үй төңірегі тап-тұйнақтай,
аяққа ша-
лынып жатқан мүлкі жоқ. оймышталған сықырлауықты жара
ашып үйге кіріп келсе оң жақта бір бойжеткен кесте тігіп отыр-
са керек. Жігіт сәлем береді. Қыз лып етіп орнынан тұрып, сы-
пайы ғана амандасып, төрге көрпе салады. Жігіт төрге озып,
қамшысын сыртына тастап, жайғасқан соң,
қысқа-қайырым
тілмен жөнін айтады. Қыз: «Е, жоқ іздеп шаршаған екенсіз ғой,
сусын, дәм қамдайын, жайғасып отыра беріңіз»,—дейді де,
шығып кетеді.
Жігіт үй ішіне бажайлап көз салса, жүк аяққа сүйеулі бір
сары домбыра тұр дейді. Құлықсыздау қол созып, жай ғана
дыңғырлата бастайды. Жол соқты болып келген жігіттің құ-
нығып тартуға зауқы жоқ, әшейін ермек еткен сыңайы бай-
қалады. Мұны сол үйдің
бойжеткені біресе қымыз әкеліп, бі-
36
37
халық күйлерінің аңыздары
ресе жастық тастап жүріп байқайды. Жай байқап қоймайды
«домбыраның берекесін кетірді-ау» дегендей жымиып өтеді.
—Құрбым күлкі шақырардай қандай қылығымды бай қа-
дың?—деп жігіт сыр тарта сауал қояды.
Қыз күлкісін тыйып, кербез қалпымен:
—Жоға, сіздей, елдің шеті, желдің өтінде жүрген жігіттен
мін іздеу үйде отырған бізге жараспас. Мін іздегенмен табыл-
мас. Жәй әшейін, сайрап тұрған домбыраның тілінің күрме ліп
қалғанына күлгенім ғой,—деп сөзінің соңын әзілге бұрады.
Кербез қыздың қылығына сай есті сөзі, күмістей сыңғырла-
ған үні бей-жай отырған жігіттің жан дүниесін баурап, дүр
сілкінткендей болады. «Аталы сөзге арсыз ғана дау айтады» де-
ген бар. Есті жігіт қыз сөзіне іштей ұйып, еңсесін түзейді де:
—Ә, домбыра тілін түсінер
құлақ болса, сөйлетіп көрейін,—
дейді де бір күйді бастай жөнеледі.
Қыз сыпайы ғана тізе бүгіп, қос жанары мөлдіреп, кірпік
қақпай күйге ден қояды. уыз өңі құбылып, ақ маңдайы кері ліп,
күйді беріле тыңдаған сыңай байқалады.
Күй тартылып бітеді. Қыздың мамық төсі дірілдеп, жеңіл
ғана күрсінеді де:
—Апыр-ай, бұрын естімеген сыры мол күй екен,—дейді.
Сонда жігіт:
—Құрбым, күйді
тартушы мен болғанмен, тартқызған өзің,
сенің кербез қылығың. осы дидарласуымыздың бір белгісі деп
біл. Күйдің аты «Кербез қыз» болсын,—деген екен. Сөйтіп, екі
жастың көңілін жарастырған күй «Кербез қыз» деген атпен
жұртқа жайылған.
Достарыңызбен бөлісу: