Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


«Аудармашының кəсіби мамандану



Pdf көрінісі
бет83/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

«Аудармашының кəсіби мамандану 
негіздері» деп аталатын екінші тарауда 
аударма теориясын тəжірибеде ұштастыру 
мəселелері қарастырылады. Мəселен, тек 
теорияны білу аудармашы үшін аздық 
ететіндігі жəне үнемі машықтану керектігі 
туралы пікірлері көңілге қонымды

Сондай-ақ, қазақ көркем аудармасының 
негізін салған Абай, Ыбырай, Ш.Уəлиханов 
сияқты халқымыздың біртуар перзенттерінің 
аудармашылық шеберліктері жайында кеңінен 
айтылған. Автор қазіргі заманауи аударманы 
дамытудың негізгі жолы ретінде зерттеу, 
зерделеу, ой түйю мəселелерін алға тартады.
«Көркем аударманың психологиялық 
негіздері» атты үшінші тарауда автор 
аударманың психологиялық ерекшеліктеріне 
айырықша 
тоқталады. 
Аударматану - 
əдебиеттану, эстетика, тарих, филология, т.б. 
ғылым салаларын тоғыстыратын ғылым 
екендігін дəлелдей келе, көркем аударма 
ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау, түсіну, 
түйсіну сияқты бірнеше психологиялық үде-
рістердің
нəтижесінде 
ғана 
дамитынын 
айтады
.
Аудармашының ой-өрісі, дүние-
танымы, түсінігі, ойлау қабілеті түпнұсқаны 
ұғынуы шешімінің дұрыстығы арқылы жоғары 
жетістікке жетеді. Сондықтан оқу құралында 
мəтінді дұрыс қабылдап, анық түсіну үшін 
аудармашыға терең түйсік пен сезімталдық аса 
қажет қасиет екендігі жайлы айтылады. 
Тұжырымды ойлар мен ғылыми пайымдар 
студенттерге, магистранттарға, жас аударма-
танушыларға аса қажет мəліметтерді береді.
Қорыта келгенде, профессор Ə. С. 
Тарақовтың 
«Аудармашының 
кəсіби 
қызметінің негіздері» атты оқу құралы - 
аудармашының, кəсіби қызметіне қойылатын 
талаптарды, оның лингвистикалық қырларын 
аша білген, теория мен тəжірибені ұштастыра 
білу жолдарын көрсеткен, өркениет əлеміндегі 
аударма мəселелерін көтере білген сүбелі 
еңбек. 
Еңбек болашақ аудрамашыларға, сту-
денттерге арналғандықтан, əр бөлімнен кейін 
немесе оқулық соңында негізгі мəселелерді 
жинақтап, қорытындылар, сұрақтар мен 
тапсырмалар берілсе, кітаптың құндылығы 
арта түсері сөзсіз деп ойлаймын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет