Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Буындарға, байламдарға, синовиальдық қапшықтар және



Pdf көрінісі
бет117/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   129
оперативтік хир 8 н

Буындарға, байламдарға, синовиальдық қапшықтар және 
қынаптарға операция жасауы 
 
Тілерсек буын бөлімдерінің пункциясы. Көрсетуі. Диагноздық және 
емдік инъекциялар. 
Тілерсек буынды бірнеше нүктеден пункциялайды. Артропункцияны 
және буын операцияларын көпшілік жайында түрегеп тұрған малда жүзеге 
асыруға болады. Тек қана өте қыңыр жылқыны жатқызып бекемдейді. 
Тілерсек буының пункциясын оның медиалдық және латеральдық 
бөлімдерінен жасауға болады. 
A. медиальдық бөлім пункциясы – созылмалы гонитың диагнозын 
анықтауға арналған өте маңызды инъекция. Асықты жіліктің ішкі 
айдаршықтың жоғарғы шетін саусақпен ұстап анықтайды. Саусақпен сирақ 
және тілерсек буының ішкі менисктың аралықта бірнеше жоғарырақ 


226 
орналасқан науашаны жеңіл сәтте тауып алуға болады. Олардың тікелей 
үстінен тілерсек буын дивертикула капсуласын анықтайды. Алдынан ол 
тобықтың түзу медиалдық байламмен ал арттан - тілерсек буының 
коллатеральдік медиальдық байламмен шектеледі. Тесу орнының терісінің 
күшті сезгіштік нәтижесінен, сирақтың медиалдық беттер терсінің астына, 
артропункциядан 10 минут бұрын 1%- тік новокаин ерітіндісін 
инъекциялауын ұсынады. Инені тері бетіне перпендикулярды қадап, ол 
менискінің үстінен өту үшін, оны аздап алға және жоғары еңкейтеді, тесу 
тереңдігі 2 - 2,5 см. 
Б. Латеральдық бөлімнің пункциясы. Асықты жіліктің проксимальдық 
жағында оның төбешегін және айдаршығын ұстап байқайды. Бул 
шошақтардың аралығында саусақ ұзын жазылдырғыш сіңірі орналасады, 
оның астында тілерсек буының латеральдық қуыс бөлімімен тұрақты 
байланысы бар синовиальдық қапшық жатады. №0890 инені, мына сіңірдің 
алдыңғы немесе артқы жағынан, төменен жоғары қарай қадап, синовидың 
өтуіне дейін оның астына кіруге ұмтылады (сурет 165 3). 
Сурет 165. Жылқының тілерсек буының бөлімдерінің пункциясы: 1 - пателлярлық; 
2 – тілерсектің сыртқы бөлімінің ;3 - саусақ ұзын бүккіш сіңірдің астындағы 
синовиальдық қапшықтың; а - тобық; б - тобықтың латеральдық байламы; с - тобықтың 
латеральдық түзу байламы; d - тілерсек буының латеральдық байламы 
Пателлярлық буының пункциясын тобықтын ішкі (немесе сыртқы) және 
түзу байламлар орта аралықта өндіреді. Инені горизонтальды байламлар 
аралық тереңдік орталығына 2 - 6 см тереңдікке қадайды. Инені баяу және 
сақ жылжытады, тесу дұрыстығын синовии ағуымен бақылайды. Инені 
жылдам және тым терең кіргізгенде, буын қуысынан өте шығып
ретрокапсулярлық майлы клечаткаға кіруі мүмкін. Пателлярлық қуысы 
тілерсек буының медиалдық және латеральдық қуыстарымен жиі қосылу 


227 
себептен (1) оның диагноздық инъекциясы айқын диагноздық нәтижені 
бермейді. 
Тілерсек-асықтық буынның пункциясы. Пункцияға ең қолайлы орын – 
медиалдық жіліншік астындағы алды - ішкі қайырмасы. Инені горизонтальды 
1 - 3 см тереңдікке жіліншік астында қадайды (сурет 166 а)
Тілерсек сіңір қынабының пункциясы. Ол сіңір қынабы тілексектік 
буының артқы ішкі бетінде орналасады; ол өкше үстіндегі ішкі шұңқырдан 
бастала, каштан деңгейінен бірнеше төмен төтртінші жіліншік сүйегінде 
аяқталады. Тесуді, тілерсектік буын сәл бүгілгенде орындауы жеңілірек 
болады. Сирақты өкше төбесінен алақан ені жоғарырақ пальпилдеп, 
қынаптың ішіндегі саусақ ұзын жазылдырғыш сіңірін жеңіл тауып. Инені 2 
см тереңдікке тілерсектік буының ішкі беттері жағынан жоғары немесе өкше 
сүйек деңгейінде алдында белгілеген орынға, керісінше төмен қадайды (в). 
Сурет 166. Тілерсек-асықтық буынның пункциясы ) және тілерсек сіңір 
қынабының пункциясы (б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет