192
Қуықты тесу (punctio vesicae)
Көрсетуі. Ұсақ және сирек жағдайда ірі малда жиналған несепті
катетер арқылы шығаруға мүмкіндік болмағанда жасалады.
Бекемдеуі: Ұсақ малды жатқызып, ірі малды түрегеп тұрған жайда
жасайды.
Жансыздандыру. Қажетсіз.
Операция техникасы. Ұсақ малды инъекциялық
мандрені бар инемен
теседі. Тесу орыны мықын сүйегімен кіндік аралық ара қашықтық ортасында,
орталық ақ сызықтың бір бүйірінен. Теріні шетке жылжытқаннан кейін,
инемен құрсақ және қуық қабырғасын жігерлі түрткімен тесіп, иненің
мандренасын алып несепті үзіліспен шығарады.
Ірі мал еркектерінің несебін қуықты тік ішек арқылы тесіп шығарады.
Ол мақсатқа, иілген ұзын арнайы троакар немесе резеңке түтік қосылған қан
алатын инені пайдаланады. Тесуді ішектің
төменгі қабырғасы арқылы
істейді.
Достарыңызбен бөлісу: