Ойынның сипаты


-кесте. Баскетбол сабақтары үшін балалардың өсуін бағалау



бет15/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

6-кесте. Баскетбол сабақтары үшін балалардың өсуін бағалау
(ВНИИФК әзірлемесі бойынша)

Жасы

Бой көрсеткіштері (см)

Ортадан төмен

Орташа

Ортадан жоғары




Қыздар

9
10

137 және төмен
143- төмен
153- төмен
160- төмен

138-144

145 және жоғары
153-тен жоғары
163-тен жоғары
196-дан жоғары




Ұлдар




138-ден төмен
143-тен төмен
154-тен төмен
158-ден төмен




145-тен жоғары
155-тен жоғары
163-тен жоғары
170-тен жоғары

7-кесте. Жас баскетболшылардың жалпы дене дайындығының көрсеткіштері (м.с. Бриль бойнша)

Тест

10

12

14

16

20 м-ге жүгіру (с) орнынан (с.м. Абалаков бойынша) (см).
Орнынан ұзындыққа секіру (см)
Екпінмен ұзындыққа секіру (см)
Салмақты тығыздалған допты итеру -3кг (м)
60м-ге жүгіру (с)













Спорттық іріктеуді баскетболшыны бастаушыдан жоғары дәрежелі спортшыға дейінгі дайындықтың барлықв кезеңдерінде жүргізілетін процесс ретінде қарастыру қажет. Түрлі сатыдағы іріктеу сипаты мен әдістерін таңдау команда табысын құрылымдық талдауға негізделуі тиіс ( 1-сурет). Бірінші сатыда бейімділігі анықталып, балалардың жасы мен дайындығына қарай қимыл белсенділігі бағаланады. Екінші сатыда, балалар баскетболда дайындықтың белгілі бір деңгейіне жеткен кезде, олардың ойынға дарындылық дәрежесін бағалауға болады. Бұдан соң үшінші сатыда дарындылық пен дағдыны игеру негізінде спорт қимылдарында көрінетін қабілеттілік қалыптасыды. Төртінші сатысы - бұл спорт шеберлігін қалыптастыру.





1-сурет. Команданың спортттық табысының талдауы

Дайындығын талдау тек үшінші сатыда ғана, жүргізіледі. Бұдан төменгі деңгейлерде жеке тұлғаның сапасы мен қасиеттеріне мән беріледі.


Команданы топтастыру
Командаға үміткерлердің болашағы олардың аталған дайындық сатысында команда алдына қойылған міндеттерді игеру шамасына қарай біртіндеп анықталады. Мысалы, мақсатты бағытты дайындық басталар алдында қорғаныс пен шабуылдағы ойын сапасына, жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне сипатына, сарынына, психологиялық мүмкіндіктеріне зерттеу бағалары беріледі. Жылдық айналымның негізгі жарысы алдында (команданың негізгі құрамын іріктеу үшін) баскетболшының шамасы жететін жүктемеге ағзаның негізгі жүйелері мен қызмет реакциясы, арнайы жұмыс қабілетінің деңгейін анықтайтын бақылау сынақтарын орындау нәтижелері, жылдамдық-күш сапалары, әдістерінің тұрақтылығы, бақылау матчтарындағы ойын көрсеткіштері бағаланып, қорғаныс пен шабуылдағы ойын сапасына баға беріледі. Жауапты турнир, чемпионат матчтары алдында (сөрелік бестік пен командаға жақын резервті іріктеу үшін) ағзаның қайта қалпына келу шапшаңдығы дәрежесі, психологиялық көңіл-күйі, көңіл-күй толқуы, өз күшіне сенімділігі, мінез-құлқын басқаруы бағаланып, жедел дәрігерлік және педагогикалық бақылау және педагогикалық бақылау мәліметтері талданады.
Бұл жұмыста жаттықтырушы үшін ең бастысы - білікті көмекшілердің бағасын алып, ойыншының дайындығы туралы жалпылама бағалауды қалыптастыру. Әдетте дәрігер, биохимик, физиолог және психолог мамандар алдында жеке сипаттары бойынша баға міндеті тұрады, сосын төмендегі бөлімдер бойынша біріккен ортақ аралық бағалар беріледі:

  • денсаулық жағдайы;

  • қызмет жағдайы;

  • арнайы дене дайындығы;

  • әдіс-тәсілдік дайындық;

  • психологиялық дайындық;

  • ойын дайындығы.

Жаттықтырушы ойыншының дайындық деңгейі туралы соңғы баға қойғанда, ол бес ұпайлық жүйе бойынша сандық сапалық амалды пайдаланып, сонымен қатар сандық көрсеткіштердің үлгілік көрсеткіштерге сәйкес келу дәрежесін, жеке тапсырмаларды атқару деңгейін, жылдық айналымдағы таңдаған көрсеткіш өзгерістерін, ағзаның жеке ерекшеліктері мен ойыншының толықтырушы мүмкіндіктерін ескереді.
Бұндай бағалау мен оның сипаттары жалпылама түрде 8-кестеде келтірілген.


8-кесте. Профилактикалық жазбаның үлгілік түрі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет