Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті Терапия бакалавриат кафедрасы «ЖҰҚпалы аурулар курсымен ішкі ауру»



бет10/12
Дата09.06.2016
өлшемі1.28 Mb.
#124551
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Есептер

.32 жастағы ер адам физикалық жүктемеден кейін тыныс жеткіліксіздігіне,көздің алдында шіркейдің пайда болуына,жиі жүктемеден кейін тері қабаттарының сарғаюына,зәрдің күңгірттенуіне шағымданды.Анамнезден:соңғы екі жылда жоғарыда айтылғандай симптоидар байқалды.Жиі суық тию ауруларымен ауырды. Объективті: Қарағанда тері жамылғысында сұрлану, шектелген сарғыш даққа назар аударады.Сан терісінде және балтырда петихиальды ісік,жамбас аймағында иньекция орнында гематомалар байқалады. Ағзада айқын емес патологиялық өзгерістер.

Лабораториялық зерттеулердің көрсеткіштері:


  1. ЗЖА: микро және макрогематурия, гемосидеринурия

  2. ҚЖА : панцитопения

  3. Қанның биохим. анализі : конъюгирленбеген билирубиннің жоғарылауы.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

• қан түзу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі.



  • анемия дегеніміз не, қандай ауруларда қосарланып кездеседі?

  • анемияның қандай түрлерін білесіз?

  • анемия ауруын растайтын әдісті атаңыз

  • анемиялардың емі

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

• Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

• Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1 бөлім 1;

Н-2 бөлім 8

№ 16 Сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Сүйек-бұлшық ет жүйесінің негізгі аурулары туралы түсінік Ревматоидты артрит .Деформациялаушы остеортроз.

2. Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: Аралас

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: - студентерге сүйек-бұлшық ет жүйесінің негізгі аурулары туралы түсінік Ревматоидты артрит. Деформациялаушы остеортроз аурулары кезінде этиопатогенезі, симптомы және синдромдарын анықтауды үйрету.

тәрбиелік:- студентер артрит және остеоартроз аурулары бар науқастарды дұрыс күтім жасауды таныстыру.

дамыту: - артрит және остеоартроз аурулары кезінде зерттеу әдістері мен емдеу қағидаларын жетілдіру



5.Оқыту әдісі: Кіші топпен жұмыс

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Дидактикалық және көрнекті құралдар; Қағазбен басып шығарылған тесттер; Оқу фильмдері; Тақырыптық плакаттар, кестелер.

б) оқыту орны: оқу бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Қазақ тілінде:

1. Ішкі аурулар. Б.С. Калимурзина. - 2005.

Орыс тілінде:

1. Внутренние болезни: учебник: в 2-х т. + CD. Мухин Н.А., Моисеев B.C., Мартынов А.И. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2009. Т. 1 - 672с; Т. 2 - 592 с.

2. Терапия с курсом ПМСП. Смолева Э.В - Ростов-на Дону «Феникс», 2008.

3.Внутренние болезни. В.И.Маколкин, С.И.Овчаренко. – М., Медицина, 2005г.

Қосымша:


1. Акушерство и гинекология. Г.К. Степанковский, Б.М. Венцковский. - М., 2008.

2. Лекарственные средства. Машковский М.Д. - М., 2009.

3. Новые технологии в образовательном процессе. УчебнН-методическое пособие. Муминов Т.А., Даулетбакова М.И. - Алматы, 2003.

4. Синдромная патология дифференциальная диагностика и фармакотерапия. Г.Д. Тобулток. - М., 2006.

5. Скорая медицинская помощь. Руководство для фельдшеров А.Л. Верткий. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 400 с.

6. Терапия с курсом ПМСП. Э.В. Смолева. - Ростов-на Дону, «Феникс», 2008.

7. Туберкулез легких и его дифференциальная диагностика (клиникН-рентгенологический атлас). В 2-х т. Муминов Т.А. -Алматы, 2003.- 808 с.

8. Фельдшер скорой помощи. Шелехов К.К. - «Феникс», 2007.

9. Болезни оргонов дыхания. Палеев Н.П. - М. - Медицина. - 2000. - 728 с.

10. Фельдшер общей практики. Э.В. Смолева, Степанова Л.А. - «Феникс» 2003.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 4,5 мин (5%)

• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

• Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

• Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.12,5 мин (15%)

Білімді тест арқылы бағалау



10. Жаңа сабақты түсіндіру : 30 мин (30%)

Деформациялайтын остеоартроз.

Деформациялайтын остеоартроз - қол-аяк, омыртқа бағанасы буындарынын дегенерациялы-дистрофиялық ауруы. Бұл ауруда буыйдардың шеміршегі ыдырап жойылады, осыдан сүйектердің беттері жалаңаштанады, шеттік остеофиттер және екіншілік синовиит дамиды. Негізінде, буын шеміршегінің дегенерациясы организмнің табиғи қартаюынан дамитын физиологиялық процестін бірі. Остеартроз жасы 60-тан асқан адамдардың барлығыда болады. Остоартрозда дамитын буын шеміршегінің өзгерістері кәрілікте дамитын өзгерістермен бірдей, бірақ оған қарағаңда ертелеу басталады және буын маныңдағы тіндердің зақымдануына әкеледі.

Этиологиясы. Даму тегіне қарай остеартроздың біріншілік және екіншілік түрлерін айырады.

Біріншілік түрібұрын зақымданбаған сау буын шеміршектерінің уақытынан ерте тозуы. Остеоартроздың біріншілік түріне жас адамдардың идиопатиялық остеоартрозы және егде жастағылардын инволюциялық оетеоартрозы мен остеохоңдрозы жатқьғзылған. Біріншілік остсеартрозда буын шеміршектерінің уақытынан бұрын тозып "кәріленуінің” себептерін нақты анықталмаған.

Екіншілік түрі — Бұрын болған зақымдардың салдарынан буын шеміршегінің жүре бара дамитын дегенерациялық бұзылысы. Екіншілік остеартроз сүйек эпифиздерінің бақа бір себептерден үйлесімділігінің жойылуынан болады, мәселен дисплазиядан, жарақаттан, туа кемістіктерден немесе шеміршек метаболизмінің бұзылысынан (эндокринопатияларда), кәсіпке байланысты буынға асыра күш тусуінен.

Остеартроздың этиологиясында ішкі және сыртқы факторларды айырады;

Ішкі факторлар:


  • дене бітімінің немесе қимыл-тірек жүйесінің кемістігінен буын беттерінің үйлесімділігінің жойылуы (қазтабан, qenu varum, qenu valgum омыртқа бағанасының сколиозы, буын осінің ауытқуы, жалғамалардың осалдығы, сіңірдің созылуы т.б.) мұндай жағдайларда буынға
    түсетін күш және шеміршектің басылуы 2-3 есе артады;

  • буынға салмақ түсіретін семіздік;

  • эндокриндік бұзылыстар (қантты диабет, акромегалия, гипотире-оз, климакс);

  • байламдардың осалдығынан буыңдардың гипермобильділігі (Марфан сивдромы т.б.);

  • метаболизмдік бұзылыстар (гемохроматоз, охроноз, подагра), буындардың өзге аурулары (РА, сүйектің асептикалық некрозы т.б.);

  • буын шеміршегінің гендер кемістігінен осалдығы (остеартрозбен ауыратын науқастардың туысқандарында бұл ауру екі есе жиі кездеседі).

Сыртқы факторлар:

  • жарақаттар, микрожарақаттар, мысалы, парашютистердің тізе буындарының ерте зақымдануы;

  • стереотипті қимылдарға байланыста күш түсуі, мысалы, бишілердің тілерсек буыны, шахтерлер мен тас қалаушылардың шынтақ және тізе буындарының басым зақымдануы;

  • турлі заттармен улану (гербицидтер, ауыр металдар, нитраттармен, ішкілікке салыну т.б.);

  • физикалық ықпалдар (суықтау, ылғалдық, сәулелену, вибрация).
    Остеартроздың патогенезі және патоморфологиясы.

Сау шеміршектің беті тегіс жылтыр және синовиялық суйықтықпен майланып тұрады. Сондықтан буындар бетінің үйкелісі болар-болмас қана.

Шеміршек организмде аса төзімді және мықты құрылымдардың бірі. Ауыр салмақ тускеннің өзінде, ол езілмей, сәл басылады. Шеміршектің аса төзімділігі мен эластикалық қасиеті оның құрылымының ерекшелігіне байланысты. Оның құрамы хондроциттерден, аса берік II типті коллагеннен (шеміршекте ғана болатын) дәнекер тіннің "желімдеуші" аталатын негізгі затынан тұрады. Шеміршек II типті коллагенге бай болуынан аса төзінді келеді, салмақ түскеннің өзінде пішінін жоймайды.

Шеміршектің негізгі заты протеогликандардан, гиалурон қышқылынан құралған. Протеогликандар молекуласының құрамына гликоза-миндгликандар, хондраитинсульфат және кератансульфат кіреді. Протеогликандар сумен және қышқылмен тығыз байланысқан, шеміршек құрамының 70% судан тұрады. Судың молдығы салмақ түскенде шеміршектің басылуына жол бермейді. Су мен коллагеннің молдығынан шеміршек аса мықты болады. Протеогликандардың бір-біріне тіркеліп іріленген гидрофильдік құрылымдары коллаген торымен оралып, бекітілген. Мұндай құрылым шеміршектің эластикалық қасиетін қамтамасыз етеді.

Остерарзрозда түрлі себептерден шеміршек уақытынан бұрын тозып, тез "қартаяды". Шеміршеіктің метаболизмі бұзылып, хондроциттер жойылады, протеогликандары азаяды және деподимеризацияланып, суын жоғалтады. Шеміршек құрғай бастайды.. Сонымен қатар хондроциттердің фенотипі өзгереді, мәселен, сапасы төмен коллагенді, протеогликандарда түзетін ховдроциттер пайда болады.

Дерттің ертелеу сатысында шеміршек жұмсарып, беті бүртіктеніп, жылтырлығынан айырылады. Бара-бара шеміршек тоза келе жұқарады талшықтары ыдырайды, шеміршектер тілініп жарылады, осыдан бетінде көптеген саңылаулар пайда болады. Салмақ түсуден мұндай шеміршек бөлшектеніп жойылады, осыдан сүйектің беті жалаңаштанады. Ыдыраған хондроциттерден бөлінетін ферменттер де шеміршектің құруына өз "үлесін" қосады. Шеміршектің жұқаруынан және жойылуынан буынның жігі тарылады, жалаңаштанған сүйектердің бастары бір-біріне тақалып, үйкеле келе беттері тығыздалады. Сүйек бастарын сақтауға бағытталған қорғаныстық реакдиялардан субхондралық остеосклероз қалыптасады және салмақ батуын азайту үшін сүйектердің беттері жалпақтанады. шеттері үшкірленіп, жан-жағына өседі.

Сүйек шеттерінің өскіншектері остеофиттер аталады. Остеофиттер буын бетінің кенейіп ұлғаюына мумкіндік береді, бірақ қырының өткірлігінен буыннын қабын және маңындағы тіндерді жарақаттайды, осыдан кей жағдайларда екіншілік синовиит дамиды.

Шеттік остеосклероз жалаңаштанған сүйек бастарыңын әрі қарай бұзылуына жол бермейді. Шеттік остеосклероз, рентгенограммада айқын көрінетін, сүйек басын жағалайтын сызықша тәрізді көрініс береді. Остеофиттердің жанынан түсірген рентгенограммалық көрінісі құс мұрнына немесе тікенге ұқсайды. Аталған өзгерістермен бірге остеопороз дамиды. осыдан сүйектің бастарында кисталар түзіледі.

Жүре келе буын іші байламдары атрофияланады, буын қабы қалыңдап тығыздалады, буындар деформацияланады, үйлесімділіктің жойылуынан, кейде сүйектің басы ұясынан таяды.

Остеоартроздың дамуында келесі патогенездік сатыларды айырады:
1) гидрофильдік қасиетінін төмендеуінен шеміршектің құрғауы және жұқаруы;

2) шеміршектің жарылып, белшектенуі;

3) шеміршектің толық бұзылып, жойылуы, буын жігінін тарылуы;

4) сүйек эпифиздер бетінің жалаңаштануы;

5) компенсациялық реакция түрінде шеттік остеосклероз бен остеофитоздың дамуы;

6) буындардың деформациясы, сүйек бастарының ұясынан таюы, функциясының бұзылысы.

Жіктемесі .

І. Патогенездік түрлері


  1. Біріншілік (идиопатиялық)

  2. Екіншілік

II. Клиникалық түрлері
1. Моноартроз.

2. Олигоартроз.



  1. Полиостеоартроз (түйінді және түйінсіз).

  2. Омыртқа жотасы остеохондрозымен немесе спондилоартрозымен қабаттасқан түрі.

III. Басым зақымданған буындар

1. Фалангааралық буындар (Геберден, Бушар түйіндері).



  1. Ұршық буыны (коксартроз).

  2. Тізе буыны (гонартроз).

  3. Өзге буындар,

IV. Барысы

  1. Аз симптомды.

  2. Баяу өрістейтін.

  3. Тез өрістейтін.

V. Келлгрен бойынша рентгендік сатылары (I, II, Ш, IV)

VI. Реактивті синовииттің болу-болмауына қарай

  1. Реактивті синовиитсіз.

  2. Реактивті синовиитпен.

VII. Науқастың функциялық жағдайы

  1. Еңбекке жарамдылық уақытша шектелген (ФШ1).

  2. Екбекке жарамсыз (жарамдылығы жойылған, ФШ2).

  3. Басқа адамның күтуіне мұктаждығы (ФШ3).

Клиникалық көрінісі. Остеартрозбен адамдардың 10%, өсіресе жасы 40-60 шамасындағы әйелдер сырқаттанады. Бұл ауру жасы 60-тан асқан адамдардың барлығында болады деп айтса, артық емес.

Клиннкалық көрінісі зақымданған буынның түріне тәуелді. Күш тусетін буындар басым зақымданады. Ең жиі қол саусақтарының фалангааралық буындары, бас бақайдың табан-фалангалық буыны, тізе, ұршық, мойын, беломыртқа буындары зақымданады. Кейбір науқастарда бұл кесел полиостеоартроз (көптеген буындарды зақымдау) түрінде дамиды.

Аурудың басты белгісі — буындардың механикалық типті ауыруы, яғни салмақ түскеңде, мысалы жургенде, баспалдақпен көтеріліп түскенде. Ревматоидтық артриттен айрықша, буындардың ауыруы күн ұзақ жүріп-тұрудан, әртүрлі қимылдардан кешке қарай күшейе туседі, ал тунде, тыныш жағдайда басылады. Тағы бір ерекшелік — старттық ауырсыну, яғни буындардың алғаш қадамдар жасағанда қатты ауыруы. Науқас алғашқы 15-20 қадамды аяғын жай басып ақсаңдап шаққа жүреді, ал ауыру басылған соң жүрісі түзеліп, тезделеді. Бірақ 1,5-2 сағат жургеннен, болмаса біраз тұрып немесе отырып жұмыс жасағаннан кейін буындары ұйып, қайтадан ауыра бастайды. Бұл тіннінтыныстің сұранысының күшеюі мен микроциркуляцияның жеткізу мүмкіндігінің сәйкес келмеуінен болады.

Бастапқы сатыда буындардардың ауыру себебі - буын тінінің гипоксиясы және онда сүт қышқылының жиналуы, ал кейін — арабекулалардың сынуынан, сүйектегі веналық іркілістен, сүйек қуысы қысымының биіктеуінен ауырады. Байламдардың зақымдануынан немесе бұлшықеттің түйілуінен, буындар баспалдақпен түскен кезде қаттылау ауырады. Кейде буын кілт етіп, шыдатпай ауырып, қозғауға келмей қалады. Мұндай "блоктық" аталатын ауыру буын саңылауында шеміршектің немесе остеофит қиқымының қыстырылуынан болады. Қозғалуға шамасы келмей қалған науқас, буының біраз уақыт сәл-сәл қимылдатады, осыдан қыстырылған қиқым шығып кетсе — ауырсыну бірден тиылады. Сонымен қатар буындар салқын тисе, ауа райы нашарласа және салмақ түссе сыздап, кейде кеміріп ауырады. Жергілікті қан айналымының бұзылысынан және гипоксиядан, ұзақ бір қалыпта болғаңда, буындар шамалы уақыт сіресуі мүмкін. Бірақ сіресу 30 минуттан артыққа созылмайды. Сүйек бетінің бұдырлануынан қозғалтқанда буындар сыртылдайды (буындардың крепитациясы).

Тексергенде - буындардың крепитациясы, ауырсынуы, ісінуі және қимыл көлемінің шектелуі байқалады. Буынның ісінуі ішіндегі сұйықтықтың көбеюінен болады, ол 2-3 күн тыныққаннан кейін немесе қабынуға қарсы емнен тез қайтады. Кеселдің кештеу сатысында буын маңы тінінде фиброздық процестер дамиды, шел қабаты қалындайды (әсіресе әйелдерде), бұлшықеті атрофияланады, осыдан буынның пішіні біршама бұзылады.

Бірақ, буынның пішіні қаншама бұзылғанымен, анкилоз бола қоймайды. Остеоартроздың рентгендік көрінісіне мына белгілер тән:



    1. шеміршектің бұзылуынан буын жігінін тарылуы;

    2. эпифиздердің жиекшелік остеосклерозы (субхондралық остеосклероз);

    3. эпифиздер шетін жағалаған остеофиттер;

    4. сүйектердің басында (буын маңында) кисталардың түзілуі:

    5. сұйектердін ұясынан таюы;

6) Остеопороз.

Остеартроздың аз симптомдық түрі көбіне жас шақта кездеседі. Күш түскеннен кейін буындар ауырады, сыртылдауы байқалады, кейде Геберден түйіндері пайда болады. Буындардың функциясы бұзылмайды. Рентгендік өзгерістер І-ІІІ сатыдан аспайды және болатын өзгерістер бір немесе бірнеше буындарда ғана байқалады.

Баяу өрістейтін барысы барлық жаста бола береді. Буындардың өзгерісі, аурудың басталуынан 5 жылдан кейін, біртіндеп қалыптасады. Бұл остеартроздың ең жиі түрі.

Остеоартроздың ауырлау келетін тез өрістейтін барысы жас шақта кездеседі. Буын өзгерістері, аурудың басталуынан 5 жылдың ішінде тез дамиды. Көптеген буындар бір уақытта зақымданады, Геберден, Бушар түйіндері пайда болады, буындар деформацияланады. Сонымен бірге периартрит, синовиит, бұлшықет атрофиясы, неврологиялық бұзылыстар ерте қосылады. Остеартроздың кейбір зақымдау түрлері.

Саусақ буындарының зақымдануы — көбіне климакс шағындағы әйелдерде байқалады. Басым зақымданатын саусактың дистальді және ортаңғы фалангааралық буындары. Остеофиттер буынның сыртында түйін тәрізді көрінеді. Дистальді буындардың түйіндері — Геберден, ал ортанғы фалангааралық буындардікі - Бушар түйіндері аталады. Түйіндер шығар алдында буындар біраз уақыт ашып, шаншып, ұйып ауырады. Бірақ түйіндер шыққан соң, бұл белгілер басылады. Саусақтарда түйіндердің бар - жоғына қарай остеартроздың туйінді және түйінсіз тұрлерін айырады.

Түйінді остеоартроз тұқым қуалауға бейім, әсіресе әйел жағының бірнеше ұрпағында (әжесінен немересіне дейін) таралады. Түйіндер остеоартроздың нашар белгісіне жатада. Қол ұшымен әсіресе суық суда, көп қызмет жасағанда буындар ісініп қызарады. Аурудың кештеу сатысында саусақтың ұштары қисаяды, кейде остеофиттер тек түйін сияқты болып қоймай, буынды жағалай өсіп, сақина тәрізденеді.

Үй шаруасымен немесе кейбір кәсіптермен айналысатын адамдарда бас бармақтын білезік-алақан буыны жиі зақымданады. Мұндай науқас бармағын алақанына қарай бүгіп жүруте мәжбүр болады.

Гоноартроз — әйелдерде жиілеу кездеседі (1-сурет). Тізелер баспалдақпен түскенде немесе көтерілгенде көбірек ауырады. Әдетте екіншілік синовиитпен жүреді. Ақырында аяқтың вирустық "X", сиректеу -вальгустық "О" тәрізді деформациясы қалыптасады.

Рентгенограммада үлкен жіліншектің айдаршықтың өсіндісі биіктеп, сүйірленуі, буын саңылауының тарылуы, көптеген остеофиттердің болуы анықталады.

Синовий қабының биопсиясы, жамылғы жасушалардың бірқатар орналасуы, бүрлердің атрофиясы, тамырлардың азаюы, май басқан аймақтар.

Синовий сүйықтығын зерттеу: сүйықтық мөлдір немесе сәл бұлыңғыр, тұтқыр, муцин іртігі тығыз, жасушалар көп емес 1мм3 3000-5000 шамасында, нейтрофилдердің саны барлық жасушалардың 50% -ке кем, шеміршектің қиқымдары табылуы мүмкін.

Диагноз және дифференциалдық диагноз. Жасы 40-тан асқаң адамдардың қабынудың лабораториялық белгілері жоқ бола тұра, буындары зақымданғанда — остеоартроздан күдіктену қажет.

Оның болуын Геберден, Бушар түйіндері, бірінші білезік-алақан және бас бақайдың табан-фалангалық буындарынын зақымдануы дәлелдейді.

Диагнозды қойғанда науқастың -жасын, остеоартроздың дамуына септігін тигізетін факторларды еске алу қажет.

Ұпайлар саны 8 немесе одан артық болса остеоартроз диагаозы "күдіксіз", 4-7 ұпай - "болуы мүмкін" саналады. Бірақ бұт жағдайлардың екеуінде де алғашқы үш белгілердін біреуі міндетгі түрде болуы тиіс. Егер ұпайлардың саны 3 немесе одан аз болса - остеоартроз диагаозы жоққа шығарылады.

Дифференциалдық диагностиканы ревматоидтық артритпен, подаграмен, туберкулездік спондилитпен, Бехтерев ауруымен және омыртқа бағанасының ісігімен жүргізу қажет.





Критерийлер

Ұпайлар

1.

Буындардың жұмыс кейін кешкілікте және түннің алғашқы жартысында ауыруы

3

2.

Ауырсынудың күш түскенде және тыныш қалыпта басылуы

3

3.

Сүйек өсінділерінің дамуынан (Геберден, Бушар түйіндерінің салдарынан) буындардың деформациясы

4

4.

Рентгенологиялық белгілер:

а) буын жігінің тарылуы;

б) остеосклероз;

в) остефитоз;


2

5



6

Емі. Емнің негізгі мақсаты - ауырсынуды басу, шеміршектің бұзылысына жол бермеу және зақымданған буынға күш түсүін жеңілдету. Ем бағдарламасы

  1. Шеміршекте дегенерациялық процестің өрістеуіне жол бермеу "базистік ем".

  2. Буындардың ауыруын және синовиитті басу.

  3. Буындардың функциясын жақсарту.
    Базистік емнің шаралары

1. Зақымданған буындарға күш түсуді азайту.

Зақымданған буынға күш түсуін азайтса, дегенерация процесі баяуланады. Ұзақ жүруге, тұруға (жүргеннен гөрі тұрған қиыңдау), жүк көтеруте, баспалдақпен жиі көтеріліп, түсуге тыйым салынады (мүмкіндік- болса лифтті қолдану қажет). Жүріс арасында 5-10 минут тынығу және таяққа немесе балдаққа сүйеніп жүру қажет. Егер қызмет көп жүруге, аяқта тұруға байланысты болса, онда жұмыс орнын ауыстырған жөн.

Буынға түсетін салмақты азайтудың келесі бір жолы — дене массасын қалыпқа келтіру. Остеартрозбен сырқаттанған науқастардың көбінде дене массасы қалытыдан артық. Дене массасын жеңілдету шеміршекке түсетін салмақты азайып, деструкция процесінін меңдеуін тоқтатады. Арықтау үшін гипокалориялық диета (N8), жалпы массаж, ашығу күндерін қолданады.

2. Шеміршек метаболизмін және сүйек тінінің микроциркуляциясын арттыру.

Хондропротекторларды қолдану. Хондропротекторлар шеміршектің биологиялық белсенді заттары болғандықтан, оның метаболизмін күшейтеді және деструкциясын тоқтатады.

Румалон — жас малдың шеміршегі мен сүйек миынан алынатын экстракт. Құрамыңда шеміршек құрылымының библогиялық активті заттары — пептидтер, протеогликандар, аминоқышқылдар, нуклеотидтер, хондроциттер және сүйек миының жасушалары бар. Бұл зақымданған шеміршекте хондроциттердің белсенділігін арттырып, гликоаминогликандар, гиалурон қышқылының синтезін күшейтеді, синовий сұйықтығының сапасын арттырып, буын бетінің майлануын жақсартады. Румалон 1 мл күн ара бұлшықетке салынады. Ем курсы - 25 инъекция. Оны жылына екі рет қайталайды. Румалонды І-ІІ клиникалық-рентгеңдік сатыларда қолданады, ал III сатыда қолдануға жатпайды.

Артрон (хондроитинсульфат) — әсері румалонға ұқсас, 1 мл бұлшықетке күн ара салынады. Ем курсы — 25 инъекция, жылына 2 рет қайталайды. Емдік әсері румалоннан кем емес.

Артепарон — сульфатталған мукополисахаридтер комплексі (протеогликандар, гликозаминогликандардың). Дәрінін 1 мл 50 мг мукополисахарид бар. Тегі шеміршекке жақын болғандықтан шеміршектін арасына тез өтіп, протеолиздік ферменттерді тежейді, дегенерация процесін бөгейді. Дәрі түрлі әдіспен қолданылады — бұлшықетке, буын ішіне салынады және ішуге де беріледі. Бұлшықетке 1 мл аптасына 2 реттен 8 апта салып, кейін айына 2 реттен 4 ай еңгізеді. Ем курсы — 25-30 инъекция. Буын ішіне алғашқы 2-4 аптада 1 мл, арасына 3 күннен үзіліс жасап енгізеді. Кейінгі инъекциялардын арасындағы үзілісті ұзартады 1, 2, 4, 6, 8, 12 аптаға дейін жеткізіп. Ем курсы — 15 инъекция. Осылайша ем курсын жылына 1-2 рет қайталайды. Буын ішіне салғанда ауырсыну 3-4-күннен басыла бастайды, науқастың жағдайы біртіндеп дұрысталады. Науқас 4-6 ай жақсы күйде жүреді. Артепаронды ішуге 1 таблеткадан күніне 3 реттен 6-8 апта береді. Дәрінін жағамы жақсы бірақ кейде шаштың түсуі, аллергиялық реакциялар байқалады.

Мукартрин - мукополисахаридтің күкірт қышқылды эфирі, әсері артепзронмен бірдей. Алғашқы 10 инъекциясы 2 мл күн ара бұлшықетке салынады, кейін 4 апта — аптасына 2 реттен, ал ең соңында 4 апта - аптасына 1 реттен салынады. Ем курсы — 25-30 инъекция. Ем курсын жылына 2 рет (арасына 6 ай салып) жүргізеді. Бұл дәрі III сатыда қолдану қажетсіз.

Структум (хондроитин сульфат)жоғары молекулалы мукополисахарид, шеміршектің дегенарациясын тежейді, синтезін арттырады, басым синовиялық сұықтықта жиналып оңдағы гиалурон кышқылының концентрациясын көбейтеді. Бір капсуласында 250 немесе 500 мг. Күніне 500 мг 2 рет беріледі. Ем курсы 3-6 ай, қажетті болса ем курсын қайталайды.

"Артрозамин-Био"- бір таблеткасында 500 мг глюкозамин сульфаты, 500 мг хондроитин сульфаты, 100 мг метилсульфанилметан, 60 мг аскорбин, қышықылы бар құрама дәрмек. Глюкозамин сульфат
шеміршектің, сіңірлердің, тырнақтардың, жалғамалардың, жүрек қақпақтарынын, т.б. кұрамындағы олардың эластикалық қасиетің қамтамасыз ететін зат. Оның тапшылығы остеоартроздың дамуына септігін тигізеді. Глюкозамин сульфат зақымданған шеміршектің жөнделуіне көмектеседі, ауыруды басады. Метилсульфанилметан биологиялық белсенді күкірттің көзі. Күкірт шеміршектің өсіп өнуіне, коллагеннің биосинтезіне қажетті зат. "Артрозамин-Био" 1 таблеткадан күніне 1-2 рет беріледі.

"Кондро" — бір капсуласында 250 мг глюкозамин сульфаты және 200 мг хондроитин сульфаты бар дәрмек, 2 капсуладан күніне 2-3 рет беріледі.

Буың ішіне протеолиздік ферменттер ингибиторларын енгізу. Фермент ингибиторлары трипсинді, химотрипсинді, катепсиндерді, лизосомалық протеолиздік ферменттерді байланыстырады, протеолиз процесін тоқтатады, шеміршектің ыдырауына және одан протеогликандардің бөлінуін тежейді. Буын өте қатты ауырғанда, синовиит айқын болғанда (әсіресе тізе буынының) трасилолды немесе гордоксты 25 000 Б буынға енгізеді. Ем курсы — 2-5 инъекция 3-4 күн аралықпен. Дәріні буын ішіне бір өзін енгізгеннен 3-4 сағат кейін ауырсыну мен ісіну күшеюі мумкін. Сондықтан оған 0,002-0,005 г гидрокортизон қосады және инъекциядан 1 сағат бұрын 1-2 мл димедрол бұлшықетке еңгізеді. Ем курсын жылына 2 рет қайталайды.

Жасанды синовий сүйықтығын еңгізу. Остеартрозда синовиялық сұйықтық азаяды, оның реологиялық, протекторлық және амортизациялық қасиеті төмендейді осыдан шеміршектің тозуы тезделеді. Жасанды синовий сұйықтығы буын беттерінің үйкелісін, қажалуын азайтып, шеміршектің сакталуына септігін тигізеді. Майлау сұйықтығын остеоартроздың сатысына қарамастан, синовиит болған жағдайлардың барлығында қолдануға болады.

Поливинилпирролидин (ПВП)— ірі буындарға 15% ерітіндісінің 5 мл гидрокортизон ацетатының 1 мл қосып еңгізеді. Ем курсы - 4-6 инъекция. Гидрокортизонды қолдану мақсаты — дәрі салғаннан кейін ауырсыну мен экссудациянын уақытша күшеюін алдын алу. Ұсақ буындарға салынатын ПВП-ның дозасы.бұдан 1,5 есе аз болуы тиіс. Ем курсын жылына 2 рет қайталайну. Емдік әсері 6 айға дейін созылады. ПВП-ны басқа бір дәрімен, мысалы ПВП-гиалуронатпен (ПВП-ның 15% ерітіндісі + гиалурон қышқылы) қосып еңгізуге де болады. ПВП- ның 15% ерітіндісінің орнына гемодезді (ПВП-ның 6% ерітіндісін) қолданады.

Шеміршектің метаболизмін жақсарту. Шеміршектің метаболизмін күшейтетін дәрмектердің бір өзі шамалы әсер етеді. Бұлар комплекстік емнін құрамында қолданылуы тиіс.

Рибоксин (инозин) - белок синтезін және Кребс циклының кейбір ферменттерінің белсенділігін арттырады, пурин туындысы және АТФ-тың тегі болып табылады. Таблетка түрінде 0,4 г күніне 3 реттен 1 ай ішкізеді, вена ішіне 2% ерітіндісінің 10 мл натрий хлориді физиологиялық ерітіндісінің 10 мл қосып еңгізеді -немесе 5% глюкоза ерітіңдісінің 200-250 мл қосып тамшылатады. Жағымды болса, дозаны 20 мл-ге дейін көбейтеді. Ем курсы - 10-15 кун.

Натрий аденозин үш фосфаты (натрий АТФ-ы, атрифос, фосфоблон) - бұлшықеттің функциясын күшейтеді, 1% ерітіндісін I Мл 20-25 күн, күн сайын бұлшықетке салады және оны буын ішіне де еңгізуге болады.

Фосфаден (аденозин-5 монофосфатшық қышқыл) — АТФ-тың фрагменті, түрлі коферменттердін құрамыңда болады, тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысады, антиагреганттық әсер етеді. Тіндердің метаболизмдік, микроциркуляциялық процестерін күшейтеді. Фосфаденді 0,05 г күніне 3 реттен 3-4 апта ішкізеді немесе 2% ерітіндісінің 2-4 мл күніне 2-3 реттен (2-4 апта) бұлшыкетке еңгізеді. Дәрмектің жағымы жақсы, кейде жүрек айнытуы, бас айналуы, тахикардия аллергиялық реакциялар байқалады.

Пиридоксальфосфат — В6 витаминінің коферменті, 0,02-0,04 г күніне 3 реттен 3-4 апта беріледі немесе 0,01 г күніне 3 рет бұлшықетке салады. Калий оротаты орот қышқылының калийлік тұзы. Орот қышқылы пиримидиндік нуклеотидтердін тегі болғандықтан анаболиктік әсер етеді, 0,5 г күніне 3 реттен 3-4 апта, тамақтан 1 сағат бұрын ішкізеді.

Анаболиктік стероидтық дәрмектер — протеиндер синтезін күшейтеді. Оны аса семіз емес науқастарға ғана қолданады. Ретаболилді 1 мл 2 аптада бір рет бұлшықетке еңгізеді немесе метиландростенолонды (неробол) 0,005 г күніне 2-3 реттен 1 ай ішкізеді.

Шеміршек асты сүйек тінінде және синовий қабығында микроциркуляцияны жақсарту.

Курантил (дипиридамол) — 0,05 г күніне 3 реттен 1-2 ай ішкізеді. Трентал (агапурин) - 0,1 г күніне 3 реттен 1 ай беріледі.

Теоникол (ксантинол никотинаты) — теофилин және никоцин қышқылының касиеттерін ие дәрмек, спазмолитиктік, антиагриганттық әсер етеді және микроциркуляцияны жақсартады. Оны 1-2 таблеткадан (0,15-0,3 г) күніме 2-3 реттен 2 ай тамақтан кейін ішкізеді. Антиоксиданттық ем.

Антиоксиданттар липидтердің аса тотығуын бөгеп, шеміршекті бұзатын бос радикалдардың бөлінуіне жол бермейді.

Е витамин (токоферол ацетаты)— капсула түрінде (50% ерітіндісі 0,2 мл). Күніне 1-2 капсуладан 1 ай беріледі немесе 10% ерітіндісін 1-2 мл бұлшықетке 20 күн салады.

Орготеин (супероксиддисмутаза) - антиоксиданттық қорғаныс жүйесінің басты ферменті. Қабынуды тез басады, сондықтан синовит болғанда тиімді әсер етеді. Оны 0,004 г аптасына бір рет буынға салады. Әсері 3 айға созылады.

Физиотерапия. Базистік емнің бір саласы — физиотерапия.

Шеміршектің, сүйектің метаболизмің күшейтіп, деструкциясын бөгейді. Буындар ауырсынып, ішіңде сұйықтық жиналса тадрокортизон мен фонофорез, эритемалық дозадағы ултракулгін сәулесі новокаин және аналгинмен электрофорез, динамикалық ток қолданылады.

Реактивті синовиит болмағанда жергілікті қыздыру шаралары тиімді: озокерит4, парафин, балшық аппликациялары және ДМСО аппликацияары, локальді баротерапий, локальді баротерапия.

Буындардың ауырсынуын басу және реактивтік синовиитті емдеу. Ауырсыну мен қабынуды жою үшін аз уақыт (5-7 күн) ауырғандық басылғанға дейін стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектерді қолданады (индометацин, флугалин, сургам, вольтарен, пироксикам т.б). Бұларды ұзақ қолданса, шеміршектің дегенерациясын күшейтеді, деген пікірлер бар. Бірақ пироксикам мен волтарен айтарлықтай дистрофиялық әсер етпейді. Остеоартрозды емінде стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектерден шеміршекке зиян келітірмейтін түрлері тиімді - нимесулид (найз) 100-200 мг тәулігіне.

Синовииттің емінде буын ішіне протеолиз ингибиторларын, ПВП-ны, гидрокортизонды еңгізеді және жоғарыда айтылған физитерапиялық шараларды қолданады.



Ауырсынуды басатын майлар мен аппликациялар. Ауырсыну мен қабынуды басу үшін индометацин, бутадион майын, гель түріндегі диклофенак немесе вольтаренді, никофлексті (капсацин + этилникотинат+ этиленгликолсалицалат + лаванда майы), финалгонды қолданады. Майды буыннын бетіне ысқылап жағады. Май немесе гельден компресс жасайды. Бұларды димексидпен қосып қолданса, емдік әсері жоғарылайды (қолдану әдісі ревматоидтық артриттің емінде берілген).

Мысалы мынадай құрамы күрделі аппликацияларды жасайды: гидрикортизон ацетатының суспензиясы 2,5% — 5 мл; супрастиннің 2% ерітіндісі - 2 мл (немесе 1% тримекаин ерітіндісінің 3 мл); калий йодының 3% ерітіндісінің 50 мл; димексидтің 50% ерітіндісінің - 50мл компресс түрінде жатар алдында.

Өт және қызыл бұрыш қосылған камфорлық аппликация: медициналық өттің 250 мл, камфорлық спирттің 160 г және ұсақталған ащы қызыл бұрыштың 2-3 данасын қосып, қоңыр шыныда 7 күн ұстайды. Эльметацин — индометацин қосылған аэрозоль 50 және 100 мл. Оның 1 мл-де 8 мг ендометацині бар, Аэрозольді ауыратын буыннын барлық бетіне тигізіп, күніне 3-5 рет шашыратады.Буынның функциясын жақсарту. Бұл мақсатта емдік дене жаттығуларын - массаж; ортопедиялық санаторлық-курорттық емді қолданады. Емдік дене жаттығулары зақымданған буындарға күш түсірмеуі тиіс. Суда жүзу, велосипед айдаған тиімді. Коксартрозда аяқ иілген күнде "қатып" қалмау үшін науқас төсекте етбетінен жатқаны дұрыс. Артроздың өршуінде буындарды эластиктік бинтпен орап бекітеді. Бас бақай буындары зақымданса - ортопедиялық аяқ киім, арнайы супинаторды қолданады. Буындарға күш түсірмеу үшін өршу кезінде таяққа немесе балдакқа сүйеніп жүру қажет. Омыртқа жотасынын остеоартрозында төсек тегіс және қатты болғаны жөн. Мойынға күш салмау үшін бас ұзақ еңкейткең не шалқайтқан қалпында болмауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет