ОҚУ – Әдістемелік материалдары


Әдістемелік бағыт – бағдар



бет2/19
Дата07.07.2016
өлшемі1.85 Mb.
#183224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Әдістемелік бағыт – бағдар:


- ұқыпты түрде бірнеше рет қайтара ұғымдардың түсінігін оқыңыз;

- егер сізге ұғынықсыз немесе кездеспеген терминдер ұшыраса сіз энциклопедиялық сөздік немесе шет тілдер сөздігіне назар аударыңыздар, бұлар сізге қиыншылықты жеңуге көмектеседі.

- белгілі бір ұғымдар жұмыс істегенде сіз жалпы ережеге бағытыңыз: біріншіден бұл ұғымның мағынасын түсініп алыныз, оның түп нұсқасы неде, басқалардан айырмашылығы қандай соған баса назар аударыныз.

2 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Дене тәрбиесінің теориялық бөлімнің басты мақсаты студенттердің дене тәрбиесі жөнінде жарылыстану ғылымдарын, психо – педогогикалық, арнаулы білімдер жүйелерін, студенттердің өздік жұмысы дене тәрбиесі мен спорт бойынша жаңа әдебиет тізімімен танысу, алуы туралы түсінігін, болашақ кәсіби іс – әрекетте қажетті физикалық, психикалық және арнайы сапалардың дамуына баса назар аудару, сонымен қатар дәрігерлік бақылау және өзін-өзі бақылау бойынша білімді және тәжірбие дағдысын қалыптастыру.



1 курс

1 тақырып: Дене тәрбиесі сабағындағы қауіпсіздік ережесі.

  1. Жарақаттану себебі.

  2. Жарақат сипаты және оларды алдын алу шаралары.

  3. Сабақ өтетін орынға қойылатын талаптар.

Жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесі оқу пәні ретінде.

Дене тәрбиесі қоғам өмірінде әлеументтік құбылыс ретінде. Дене тәрбиесі әлеументтік функциялары. Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі ұғымдар. Студенттерге арналған дене тәрбиесінің оқу бағдарламасы. Оқу бағдарламасының мазмұны.

Қортынды нормативтер мен сынақтың талаптары. Бұқаралық дене тәрбиелік сауықтандыру және жоғарғы оқу орнындарыңдағы спорттық жұмыстар. Спорт клубынын рөлдері және жоғары оқу орнынағы дәстүрлері.
2 тақырып: Дене тәрбиесінің жаратылыстану негізі. Қозғалыс белсендігі және жұмысқа қабілеттілік тәртібі.

Адам ағзасы бірыңғай қиын биологиялық жүйе ретінде. Жүйке жүйесі. Жүрек – қантамыр, тынысалу, асқорту және зәршығару жүйеслері. Дене жатығулары кезінде ағзаның жеке дара жүйелірінің даму заңдылығы.

Оқу және еңбек әрекетінің үрдісінде жұмысқа қабілеттілік динамикасы, өздік жұмыстың мазмұны мен құрылымы. Торығудың сыртқы белгілерін зерттеу. Функционалды сынаулар. Дене тәрбиесі үрдісінде өзін – өзі бақылау. Өзін – өзі бақылаудың субъективті және объективті көрсеткіштері.
3 тақырып: Дене жаттығуларыны жүйесі. 2030 Бағдарламасы. Президенттік тестілер.

Дене жаттығуларының жүйесінің қысқаша мазмұны және олардың ерекшелігі. Әр түрлі сауықтандыру жүйесінің сабақттарды ұйымдастыру негізі.

Президенттік тест ұғымы. Мақсаты мен міндеттері. Президенттік тестілердің құрылымы. Сынақтар мен нормативтер түрлері. Президенттік тестілер бойынша сынақтарды жүргізудің тәртібі мен шарттары. Президенттік тестілер бойынша нормативтерді тапсыру дайындығы. Президенттік тестілер бойынша ұйымдастыру жұмыстары. Сынақ түрлерінен өткізу шарттары. Марапаттау.

2 курс

1 тақырып: Дене тәрбиесі сабағынның қауіпсіздік ережесі.

Спорттың әлеуметтік функциялары.

Дене тәрбиесі қоғам өмірінде әлеументтік құбылыс ретінде. Жоғарғы мектеп саласындағы мамандар даярлаудағы дене тәрбиесінің орны, оның кәсіби бағыт – бағдары. Дене тәрбиесінің студенттерге бағыт – бағдарының маңызды ерекшелігі.
2 тақырып: Дене жаттығулармен өз бетінше айналысудың негізгі әдістері. Дене тәрбиесі құралдары арқылы тұлғаның психикалық қасиет мен ерекшеліктерің тәрбиелеу.

Өз бетінше жаттығулардың уәждемесі мен мақсаттылығы. Оңтайлы қозғалыс белсендігі және оның денсаулыққа және жұмысқа қабілеттілігіне әсері. Өз бетінше жаттығулардың формасы мен мазмұны (таңертенгі гигиеналық гимнастика, оқу күні ішінде жаттығулар, өз бетінше шынығу жаттығулары). Өз бетінше жаттығулардың мазмұны.

Өзін – өзі тану негізгі әдістері (өзін – өзі бақылау, өзін – өзі талдау, өзін – өзі бағалау) тұлғаны кәсіби бағыттылық, қоғамдық белсенділікті тәрбиелеу шарттары. Тұлғаның ерекшелігіннің белгісі мен мінезін тәрбиелеу шарттары: еңбексүйгіштік, тәртіптілік. Дара қасиеттерді тәрбиелеу шарттары: интеллектуалды (шығармашылық ойлау, байқампаздық, жадтың өнімділігі, саналылық және т.б.); еріктік (батылдық, табандылық, қайсарлық, мақсаттылық, төзімділік, ұстамдылық); эмоциональдық (эмоциональді тұрақтылық, кішіпейілділік, эстетикалық тәрбие және басқалар). Арнайы қасиеттерді тәрбиелеу шарттары: реакция жылдамдығы, сезім мүшелерінің тұрақтылығы, бұлшық еттердің күш салуын саралау, зейін аудару, зейінің шағырлануы мен тұрақтылығы.

3 тақырып: Болашақ кәсіби мамандарды кәсіби – қолданбалы дене дайындығы. (КҚДД)

Кәсіби – қолданбалы дене дайындығының мақсаты мен міндеттерің анықтау. Әлеуметтік – экономикалық факторлары, КҚДД – ның қажеттілігін, жалпы бағыт – бағдарын айқындаушы. Студенттердің дене тәрбиесі жүйесінде КҚДД орны. ЖОО оқу үрдісінде КҚДД формаларын және құралдары, ұйымдастыруы. Студенттерді мамандықтары бойынша, мамандығы КҚДД – ның нақты мазмұнын айқындайтын факторлар.

Қолданбалы білімді меңгеру, қолданбалы икемділікті және дағдыны қалыптастыру, дене жаттығулары және спортқа назар аудару. Кәсіби – қолданбалы спорт түрлері. Болашақ мамандарға қажетті тұлғаның психологиялық қасиеттерін мен сапаларың тәрбиелеу үшін мүмкіндіктерді пайдалану және күнделікті дене шынықтыру мен спортпен айналысудың тәжірибесі. Спорттық жарыстар спорттың қолданбалы түрлерімен және олардың элементтері КҚДД – ның амалдарының бірі ретінде.
3 курс

1 тақырып: Дене тәрбиесі сабағынның қауіпсіздік ережесі. Дене мен спорттық дайындықтың негіздері.

Дене дайындығының деңгейлері. Жаттығулардың негізгі өзгешілік принципі. Жалпы және арнайы дене дайындығы. Жаттыққандық. Тынығу мен күш түсіруді алмасуы. Біртіндеушілік қағидасы. Жүктеменің көлемі мен қарқындылығы. Жаттығудың ықпалының кезеңділігі. Жұмысқа қабілеттіліктің белсенділігі. Спорттық жаттығу. Спорттық жаттығулардың мәні. Спорттық жаттығулардың негізгі мазмұны, мақсаты, міндеттері. Спорттық жаттығулардың құралдары. Спорттық жаттығулардың әдістері. Спорттық құрылымы. Спорттық дайындықтың негізгі құрылымдары. Техникалық және тактикалық дайындығы. Моральді – еріктілік дайындығы. Адамгершілік тәрбиесі. Оқу – жаттығулардың үрдісі. Психологиялық тұрғыдан дайындық түсінігі. Жаттығу кезеңдерін жоспарлау ерекшелігі. Жалпы сипаттама. Кезеңге бөлу. Сабақтарды ұйымдастыру. Дене сапалары мен қозғалыс дағдыларының өзара байланысы. Қозғалыс дағдыларының қалыптастыру. Физикалық сапалар. Олардың өзара байланысы.


Міндетті және қосымша әдебиеттер мен деректер тізімі

Негізгі әдебиет

  1. Ахмедов Қ. Жүзу: Оқу құралы. – Алматы, 1997

  2. Бутин И.М. Лыжный спорт: Учебник. – М., 2003

  3. Васильев B.C. Обучение детей плаванию/ М.: Физкультура и спорт, 1989. – 96 с.

4. Горанько М. И., Кульназаров А. К., Канагатов Е. Б. Президентские тесты физической подготовленности – основа оздоровления РК, 1997

5. Дубровский В.И. Лечебная физическая культура: учебникский – 2-е изд., стер. – М.: ВЛАДОС, 2001. – 608 с.

6. Евсеев Ю.И. Физическая культура: учеб.пособие. – Ростов н/Д, 2008

7. Железняков Ю.Д., Портнов Ю.М. Спортивные игры: техника, тактика, методика обучения. – М., 2004

8. Журавина М.Л. Меньшикова Н.К. Гимнастика: Учебник. – 2-е изд., стер. – М., 2008

9. Иванов Г. Физическое воспитание/ Г. Иванов. – Алматы: РИК, 1995. – 148 б.

10. Киселев П.А. Меры безопасности на уроках физической культуры: Все для учителя физкультуры. – Волгоград, 2004. – 236 с.

11. Озолин Н.Г. Легкая атлетика. – М., 1989

12. Мұхамеджанова Ұ.Ж. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі. – Астана, 2007

13. Нестеровский Д.И. «Теория и методика обучения игре в баскетбол» – Москва ACADEMA, 2004 г.

14. Портнов Ю.Д. Спортивные игры: Техника, тактика обучения: учебник для студентов высших педагогических учебных заведений. – Москва, 2001 г.

15. Тайжанов С. Спорт ойындары: оқу құрал / С.Тайжанов. – Алматы: Эверо, 2012. – 184б.

16. Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 2000

17. Холодов Ж. К. Теория и методика физического воспитания и спорта. – М., 2000


Қосымша әдебиеттер

1. Багнетова Е.А. Гигиена физического воспитания и спорта: курс лекций: учеб. пособие / Е.А. Багнетова. – Ростов н/Д: Феникс, 2009. – 251 с. (Высш. образование).

2. Бөлешев М.Ә Дене тәрбиесі мен спорт медицинасы: оқу құрал/ М.Ә.Бөлешев. – Алматы: Эверо, 2011. – 142б.

3. Вари П. «2000 упражнений игры в баскетбол» пер. с фр. (под ред. Л.Ю. Поплавского ) – Киев, 1997.

4. Вайнбаум Я.С. Гигиена физического воспитания и спорта: учеб. пособие для вузов . – М.:Академия, 2005

5. Голощапов Б.Р. История физической культуры и спорта: учеб. пособие для студ. вузов / Б.Р. Голощапов. – 7-е изд., стер. – М.: Академия, 2010. – 309 с.

6. Гогунов Е.Н. Психология физического воспитания и спорта. – М.: Академия, 2004

7. Гомельский А.Я. «Баскетбол. Секреты мастера» - Москва, 1997 г

8. Железняк Ю.Д. Теория и методика обучения предмету «Физическая культура» – М., 2006

9. Жуков М.Н. Подвижные игры: учеб. Для студентов пед. Вузов. – М.: Академия, 2004

10. Қыдырмолдина, А. Спорт физиологиясы: оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2013. – 246 б. (Жоғары білім).

11. Күзенбаева Ә. Адам анатомиясы. – Алматы, 2001

12. Луничкин В., Чернов С., Чернышов С. «Тактика позиционного нападения против личной защиты: Методическое пособие для тренеров ДЮСШ» – Москва, 2002

13. «Правила игры в баскетбол» – Москва, Академ пресс, 2008

14. Столбов В.В. и др. История физической культуры и спорта. – М., 2000

15. Тайжанов С. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: Эверо, 2010. –124 б.

16. Уанбаев, Е.Қ. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі: Оқу құралы. – Өскемен, 2009

17. Үкібасов Б.М. Шаңғы спорты: оқу құрал /Бекен Мұхамедрахымұлы – Семей: Интеллект,2011 – 85 б.

18. Физиологические основы здоровья. – Новосибирск, 2001

19. Хлущевская О.А. Физиологические основы физического воспитания и видов спорта: учеб. пособие, Инновационный Евразийский ун. Павлодар, 2007. – 171 с.

20. Чернова Е.А. «Подвижные игры в системе подготовки баскетболистов: Метод рекомендации для тренеров ДЮСШ по баскетболу» – Москва, 2001

3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
3.1 Дене тәрбиесінен тәжірибелік сабақтарың өткізу жоспары және де оларды дайындауға әдістемелік нұсқаулар

Дене тәрбиесінің басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту, жоғары деңгейдегі кәсіби және мәдени белсенділікті арттыру.

Студенттердің дене тәрбиесімен тәжірибелік сабақтары мына төмендегідей бағыттарда жүргізіледі: дене тәрбиесінен білімдері мен тәжірибелік тұтастығын, физикалық, психомоторлық, кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту, қимыл – қозғалыстарын жетілдіру, салауатты өмір салтына қажетті белсенділіктерін арттыру, оқу қәсіби, тұрмыс, қоғамдық жағдайларда кездесетін қиыншылықтарымен күрес, дене тәрбиелік өз бетінше оқу мен жетілу процесстеріне қосылу.

Жеңіл атлетикадан тәжірибелік блоктың мақсаты жалпы және арнайы жүгіру жаттығуларына үйрету және арнайы бір жүгірудің түрінен қимыл – қозғалыс тәсілдеріне дайындау.

Тапсырма:


  1. Жүгіру тәсілі туралы түсінікті қалыптастыру

  2. Арнайы жүгіру жаттығуларын үйрету (АЖЖ)

  3. Төменгі сөре тәсіліне үйрету

  4. Орыннан ұзындыққа секіру тәсіліне үйрету

  5. Жылдамдық – күш, жылдамдық, шыдамдылық, секіргіштік қасиеттерін жетілдіру.

Гимнастикадан тәжірибелік блоктың мақсаты Негізгі гимнастика. Саптық және жалпы дамытушылық жаттығулар: орта мектепте оқыған саптық әдістерді қайталау және қайта жаңғырту, сапқа тұру және қатардан сапқа, саптан қатарға қайта тұру, жүру, сапты созу және жақындату. Қолданбалы жаттығулар.

Таңертеңгі гигиеналық жаттығу. Барлық бұлшықеттер жиынына жеке дара және топпен орындалатын жаттығулар кешенін құрастыру және тәжірибеде орындау принципі . Ұзақтылығы 15-20 минут.

Дене шынықтыру минуткасы. Көптеген бұлшықеттер жиынына қамтитын, статикалық күшті азайтатын, демалуды ынталандырушы, қанайналымды күшейтетін жаттығуларды тандау принципі. Ұзақтылығы 2-3 минут.

Дене шынықтыру паузасы. Шаршанқылықты басуға жәрдемдесетін және жұмысқа қабілеттілікті арттыратын жаттығуларды тандау принципі. Жеке дара және топпен орындалатын жаттығулар кешенін құрастыру және тәжірибеде оларды орындау. Ұзақтылығы 8-10 минут.

Өндірістік гимнастика. Жеке дара және топпен орындалатын жаттығулар кешенін құрастыру және тәжірибеде орындау.

Жүзуден тәжірибелік блоктың мақсаты жүзе алмайтындар үшін. Жүзу әдістерімен таныстыру (дене тәрбиесі оқытушысы көрсетеді, сабақ беруші немесе оның тағайындаған оқушысы, айтылған тәсілді техникалық жағынан дұрыс орындай алатын).

Дайындық жаттығулары (шағын орында): су түбінен жүру, иеке дейін суға кіру, баспен, демді ұстап тұру, судан шығумен, су астында көз ашу; демалуда толығымен суға кіру; судан қалқып шығу (“қалтқы” қалып), судан қалқып шығу және жатқан қалыпта қолды және аяқты түзу (“жұлдызша”). Қол және аяқтын жұмысы жүзу әдістеріне сәйкес.

10-15 м қиындыны жүзу; бағаға жеке дара қортынды жаттығуны орындау.

Жүзе алатындар үшін. Әр түрлі әдістермен жүзу тәсілін үйрену және жетілдіру.

Қортынды нормативтер және талаптар. Әр түрлі қашықтағы уақыт есептеусіз жүзу. 100 м қашықта жылдамдыққа жүзу нормативтерін орындау.

Спорттық ойындардан тәжірибелік блоктың мақсаты шабуылдағы және қорғаныстағы ойынның тәсілі мен тактикасын үйрену болып табылады. Жаттығу мен екіжақтық ойын.
1 – Апта

1-2. Теориялық бөлім.

Дене тәрбиесі сабағындағы қауіпсіздік ережесі. Жарақаттану себебі. Жарақат сипаты мен оларды емдеу. Сабақ өтетін орынға қойылатын талаптар. ЖОО-да дене тәрбиесі оқу пәні ретінде. Дене тәрбиесі қоғам өмірінде әлеументтік құбылыс ретінде.

Тәжірибелік бөлім.

Арнайы жүгіру жаттығуларына үйрету. Жылдамдық қасиеттерін жетілдіру. Төменгі сөре жылдамдық тәсілдерін үйрету. Түзу жүгіру тәсілін үйрету.

Баяу жүгіру 10-12 мин. ЖДЖ қозғалыста және орында тұрып.

Арнайы жүгіру жеңіл атлетика жаттығуы:

а/ жанбасты биік көтеріп жүгіру 2х30 м;

б/ сирақты артқа сермеп жүгіру 2х30 м;

в/ жүгіргенде адымдап секіру 2х30м;

г/ көп ыршу 2х30м;

д/ кібіртектеп жүгіру 2х30м.

Жылдамдықты артыру 4х30м., 4х60м.

Басаңсу кезінде демалу жаттығулары.



Төменгі сөре тәсіліне үйрету. Түзу жүгіру тәсілін үйрету.

Төменгі сөре тәсілін түсіндіру және көрсету:

а/ бөлік бойынша төменгі сөре орындау;

б/ толығымен төменгі сөре орындау;

в/ кейін түзу қозғалумен төменгі сөрені орындау;

г/ әмір бойынша төменгі сөрені орындау 2х15м;

д/ жылдамдықты арттыру мен жүгіру 2х30м.
2 – Апта

3-4. Төменгі сөреден жүгіру тәсілін жетілдіру. Орыннан ұзындыққа секіру әдістерін үйрету.


  1. бөлік бойынша төменгі сөре орындау.

  2. толығымен төменгі сөре орындау кейін түзу қозғалумен.

  3. төменгі сөреден 3х20м жүгіру. 3/4 күш арқылы.

  4. максималды жылдамдықпен 3х20м төменгі сөреден жүгіру.

  5. орында тұрып жылдамдықты арттырып жүгіру.

  6. қысқа бөліктерде 4х20м жылдамдықты арттырып жүгіру.

  7. мәрелік талпынысты 3 рет орындау.

  8. Төменгі сөреден 2х60м максималды жылдамдық қосып жүгіру.

  9. 15-20 орында секіруді орындау.

  10. 15-20 алдыға қарай қозғалумен секіруді орындау.

Орнында тұрып ұзындыққа секіру тәсілдерін үйрету.

1. Орнында тұрып секіру тәсілдері туралы айтып беру.

Б.қ. тік тұру, аяқты алшақ қою, қолды артқа ұстап, жартылай отырып тұру. Алдыға ұмтылғанда қол алдыға түседі, секіргеннен кейін секіруші аяғын тізеден бүгеді, тізесін кеудесіне жақындатады, денесін алдыға еңкейтеді. Бұл кезде қолдар төмен түсіріледі. Секіруші жерге түсерде бүгілген аяғын жазады. Кешен. қимылдағы қолды, төмен артқа түсіреді. Өкшемен құмға тигеннен кейін, аяқты тізеде бүгеді (жерге түсуді жеңілдету үшін). Толық отырып, бөксені алдыға жіберіп, секіруші барлық денені сызықтан өткізеді.



2. Итерілу тәсіліне үйрету.

Итерілгенде аяқ қимылын келтіру. Табан толығымен жерге тиіп тұрады, аяқ тізеден бүгіледі. Жаттығушы аяғын жазып, табанымен жоғары көтеріліп, бөксесін алдыға жібереді. Қол жоғары алдыға көтеріледі.



3. Ұшу және қону тәсіліне үйрету.

1. Жартылай отырып оң және сол аяқта секіру және аяқты түзетіп алдыға орнын ауыстыру.

2. Екі аяқпен итеріліп, орнында тұрып ұзындыққа секіру, гимнастикалық

төсеніш үстінен (биіктігі 60-70см) итеріліп, жинақталып және аяқты түзетіп бөксеге секіріп түсу.

3. Орында тұрып ұзындыққа секіру, итеріліп, жинақталып және отыра қалу.

4. Екі аяқпен итеріліп, жинақталып,орнында тұрып, жоғары секіру.

5. Орнында тұрып көп секіру, екі аяқпен итеріліп, түзу аяқпен алдыға – жоғары бөксе деңгейінде.

6. 30-40 см биіктіктегі затқа тіреліп, таянып жатқан қалыптан қозғалғанда аяқты тартып, арттан таяну қалпына ауысуда аяқ қозғалысы және топтастыруға еліктеу.


3 – Апта

5-6. Кашықтыққа жүгіру тәсілі. ЖДД. Жалпы төзімділікті дамыту. Күш – жылдамдық сапаларын дамыту.

1) орта қарқында жүгіру 2х150 м., 2х200 м.

2) ауыспалы қашықтықта жүгіру 600 м., жоғары қарқында жүгіру 2х600 м.

Жалпы төзімділікті дамыту. Жалпы дене дайындығы.

1) оң және сол жақ қырымен орыннан ұзындыққа секіру.

2) қысқа екпінмен орыннан ұзындыққа секіру (3-5 адым).

3) қысқа екпінмен орыннан ұзындыққа секіру (6-8 адым).

4) көп рет қадамдамен секіру 30-40 м.

5) аяқтан аяққа көп рет секіру 30 м.

6) 3-5 алдыға қарай қозғалумен оң аяқта секіру, 3-5 алдыға қарай қозғалумен сол аяқта секіру (30-40 м.).

Физикалық сапалар даму үшін арнайы жаттығулар: икемділік, күш, реакциянын жылдамдығы.

Жеңіл атлетика элементтерін қолдану арқылы эстафета.


4 - 6 – Апта

7-12. Күш – жылдамдық сапаларын дамыту. ЖДД.

Қортынды нормативтерді тапсыру.

1) Жамбасты жартылай көтеріп жүгіру 2х30м.

2) Жамбасты биік көтеріп жүгіру 2х30м.

3) Сол жақ бүйірмен оң жаққа айқастырып адымдау 2х30м.

4) Төмен отырып алдыға қарай екі аяқпен секіру 2х20 м.

5) 3-5 сол аяқпен секіру, 3-5 алдыға қарай жылжу мен оң аяққа секіру 30 м.

6) Көп рет аяқтан аяққа секіру 2х30м.

7) Күшті дамыту үшін жаттығулар: кеудені «жатқан» қалыпта көтеріп, түсіру, тартылу, денені көтеру.

8) Жылдамдық пен иепттілікті дамыту үшін жеңіл атлетика элементтерін қолдану арқылы эстафета орындау.

Қортынды нормативтерді тапсыру: жүгіру 100 м.; орыннан ұзындыққа секіру;

жүгіру 1000 м., 3000 м.

7 – Апта.

13-14. Теориялық бөлім. Жеңіл атлетика түрлері, президенттік тестілер

Физикалық сапаларды дамуы. ЖДД.

1. Аяқты тізеден бүгіп, кеудеге тигізіп жоғары секіру.

2. Екі аяқпен орнында тұрып, кедергіден секіру, 4–6 кедергі арақашықтығы 80–100 см.

3. Екі аяқпен гимнастикалық қабырғадан секіру.

4. Биіктіктен екі аяқпен секіру (80 см).

5. Биіктіктен жартылай отырған қалыптан секіру (60–70 см).

6. Биіктіктен екі аяқпен секіру(30–40 см) , ары қарай 3–4 төмен кедергілерден секіру.

7. Секіру кезінде әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы биіктіктен екі аяқпен секіру және жеңіл жерге түсу (60–70 см).

8. Гимнастикалық қабырға, бағанаға бетімен қарап тұрып, қолдарымен иық тұсында тобықты ұстау.

9. Ілініп тұрған заттарға екі аяқпен жартылай отырып, секіру арқылы қол тигізу.

10. Терең адымдап жүру.

11. Бір аяқта отырып (екіншісі алда) – пистолет көрінісі, гимнастикалық орындыққа сүйеніп, орыннан аяқтың ұшына тез көтерілу.

12. Жоғары көтерілген сүйенішке (гимнастикалық орындық) қырынан тұрып, бүгілген аяқ сүйеніште. Сүйеніштен бір аяқпен итеріліп, орнында тұрып жоғары секіру.

13. Гимнастикалық орындыққа қарап тұрып, бір бүгілген аяқ орындық үстінде, екіншісі тіреуші аяқ жерде. Аяқты жазу арқылы жоғары секіру және биіктікте аяқ орындарын ауыстыру.

14. Бір аяқпен үш адымнан итерілу, кейін бес адымнан жүгіру арқылы алдыға – артқа көп реттен секіру.

15. Скакалкамен екі аяқта кезек-кезек секіру, оң, сол аяқпен орнында тұрып, алдыға қарай қозғалу.
8, 9 – Апта

15-18. Спорт түрлерінін даму тарихы

Тандалған спорт түрінін тәсілін үйрену және жетілдіру:

а) ү/т: ракетканы ұстау тәсілі, ауысу тәсілі, оң және сол жақтан ұру тәсілі;

Ракетканы ұстау. Ракетканы дұрыс ұстауды меңгеру. Қарапайым жағдайда және жаттығу кездегі негізгі қалыпта ракетканы ұстауды бірнеше рет қайталау. Доппен жонглеру. Доппен және ракеткамен жаттығулар:

- оң (сол) қолмен допты еденге, серіктесіне, қабырғаға лақтырып, оны сол және оң қолмен жоғарыдан және төменнен ұстап алу, бір қолдан екінші қолға допты лақтыру, допты жоғарыға лақтырып екі қолмен, бір қолмен ұстау;

- ракеткамен оң жақтан және сол жақтан допты ұру жаттығу қабырғасының жанында, үстел қасына қойылған үстел жартысынан немесе жаттығу қабырғасынан – топтамалы (дәлдікпен дөп түсу) соққылар, бірреттік соққылар; Оқу ойыны.



б) баскетбол: допты игеру тәсілі, қозғалыста, орыннан допты беру тәсілі;

Мақсаттары:

1. Бір қолмен допты ұстау тәсілін жетілідіру.

2. Басқа әдіс – тәсілдерді байланыстыру арқылы доппен жүру тәсілін жетілідіру (ұстау, допты беру, себепке лақтыру).

Құрал – жабдық — толтырылған және баскетбол доптары, құрсаулау үшін тұрыс.

Дайындық бөлімі – сабақты ұйымдастыру. Тізені биіке көтеру, өкшеден аяқ ұшына ауысу және қол қозғалысын байланыстыру арқылы жүру. Жүгіру (тізені биікке көтеріп, сирақты артқа қарай сермеп, қиыстырылған адыммен алдыға ұмтылуды байланыстыру)

Бумен толтырылған доппен жалпы дамытушылық жаттығулар

1. Бір-біріне арқамен тұрып, аяқты бөлек ұстап, допты қолдан қолға беру, бастан және артқа жүріп лақтыру, аяқ ортасынан алдыға қарай допты лақтыру.

2. Бір-біріне табандарын қойып жатқан қалыпта кеудені алдыға қарай көтеріп қолдан қолға допты лақтыру.

3. Бір-біріне арқамен тұрып , аяқты бөлек ұстап, денені айналдыру арқылы допты екі қолмен қолдан қолға беру.

4. Арқадан кеудені алдыға қарай тарту арқылы серіктесіне екі қолмен допты лақтыру.

5. Аяқ табанмен допты ұстау, серіктесінің кеудесіне секірістен допты лақтыру.

6. Допты қолмен ұстап алу, серіктер оны бір-бірінен тартып алуға тырысады.

7. Бір-біріне арқамен отырған қалыптан (арқамен доп ұстап) шетке қарай секіріп қозғалу.

8. Тура сол, тек отырып тұрып орындау.

9. Толтырылған допты беру мен жеңіл жүгіріс.

Негізгі бөлім

I. Бір қолмен допты ұстау тәсілін жетілідіру.

Әр бір жаттығушы допты ұстап және келесідей жаттығуларды орындайды:

1. Өзінің алдынан екі қолмен жоғарыға қарай лақтыру, сол қолмен ұстап алу.

2. Өзінің алдынан екі қолмен жоғарыға қарай лақтыру, оң қолмен ұстап алу.

3. Жоғарыға лақтыру және допты тек оң қолмен ұстап алу, сосын тек сол қолмен ұстау (басқа қол арқада ұстап тұрып).

4. Бір қолмен допты жоғарыға лақтыру, келесі қолмен ұстау.

5. 3 пен 4 м арақашықтықта қабырғаға қарай бетпен тұрып, допты қабырғаға екі қолмен лақтырып, бір қолмен ұстап алу.

6. Жұптарда допты беру және допты бір қолмен ұстап алу, оқытушының тапсырмасы бойынша доптын ұшу биіктігін өзгерту.

7. Зал кеңістігі бойынша қозғалып, жаттығушылар жұптармен допты екі қолмен лақтырып, бір қолмен ұстап алады. Оқытушының белгісі бойынша қозғалыс бағыты мен жылдамдығы өзгереді.

II. Доппен жүріп бағытты өзгертуді қоса қозғалыста себепке лақтыруды тәсілін жетілідіру


  1. Белгілеу үшін бағаналар орнатылады, олардан бүйір сызық бойы 2 м арақашықтықта (әр жақтан бес бағанадан). Жаттығушылар доппен жүруді орындайды, әр бір бағананы айнала және қозғалыста себетке бір қолмен үстіге негізгі қалқанға карай лақтыруды орындайды. Жаттығу бірінші оң жаққа, кейін сол жаққа орындалады.

2. Ойын «Допты жүргізу бойынша салка».

III. Секірісте – 10 мин бір қолмен үстіге қарай себепке лақтыруды тәсілін жетілдіру

Жұппен орындалатын жаттығулар. Бірінші болып себетке лақтыру орындалады, допты көтеріп алады, лақтыруды орындау үшін серіктесіне допты береді, сосын келесі допты лақтыруға дайындалып тұрады. Оқытушының тапсырмасы бойынша допты лақтыру қозғалыста допты ұстап алғанан кейін, допты алып жүруден кейін, алдаусыту қозғалыстарынан кейін және т.б.

IV. Допты бір-біріне лақтыру, ұстап алумен мен себепке лақтыруды, допты алып жүрумен байланыстырып тәсілін жетілдіру.

Жаттығушылар екі диагональда орналасқан алаң бұрышында бағана бойынша орналасады. Екі жаттығушылар алаңның қарама-қарсы бағыттында орта сызықтын бүйір сызығымен қиылысқан жерінде орналасады. Әр бір саптың бағанасынан біріншісі өз жағында орта сызықта тұрған ойыншыға допты тапсырады, қозғалыста қайта тапсыруды ұстап алады, қарама-қарсы жақтағы себетке допты апарып допты себетке лақтырады (бір қолмен жоғарыға, төменге қарай, оқытушының тапсырмасы бойынша секірісте), допты қағып алады, жақын бағанадағы ойыншыға оны береді, ал өзі оның сонында орын алады.

V. Айыппұл лақтыруды орындау тәсілін жетілдіру.

Айналысушылар себет санына байланысты тең топтарға бөлінеді және айыппұл лақтыруларды дәлдеп орындауға жарысады. Белгі бойынша әр бір топта айналысушылар кезек бойынша допты бір рет лақтырады. 10 дөп түсіруді жылдам орындаған бағана жеңеді, содан кейін барлығы бір себепке көшеді оң жақтан шеңбер бойымен жүреді және жаттығу қайталанады және т.б.

VI. Оқу ойыны

Ойын үрдісінде жетілдіріледі: допты жүргізу тәсілі және басқаруға қарама-қайшылық (қағып жіберу) секіруде тапсыру, жеке қорғалу жүйесі, ойыншының жылдам алдынғы сызықтан бұзып өту.

Қортынды бөлім




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет