Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет152/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Б. П. Алисов жасаған климаттық аудандастыру əлі күнге дейін өзінің 
ғылыми жəне қолданбалы маңызын жойған жоқ. Б. П. Алисов-
тың климаттық аудандастыруы атмосфера циркуляциясының 
заңдылықтарына негізделген. 
Ғалым Жер шарын 7 негізгі, 6 өтпелі климаттық белдеуге 
жіктеген. Негізгі климаттық белдеулердің шекарасы жыл бойы ба-
сым болатын ауа массаларының орнымен анықталады. Экваторлық 
белдеуде жыл бойы экваторлық ауа массасы басым болады. Өтпелі 
климаттық белдеулер негізгі белдеулердің арасында орналасады 
жəне мұнда екі түрлі ауа массасы жыл ішінде бірін-бірі алмастыра-
ды. 
Субэкваторлық белдеу қыста тропиктік, ал жазда экваторлық 
ауа массаларының ықпалында болады. Климаттық белдеулердің 
шекарасы ретінде атмосфералық негізгі (климаттық) фронттардың 
қыс пен жаздағы ең шеткі орны алынған. Б. П. Алисовтың ауданда-
стыруында климаттың белдеу ішіндегі өзгерістердің барлығы дерлік 
ескерілген (113-сурет). 
113-сурет. Жер шарының климаттық белдеулері (Б. П. Алисов бойынша)
Экваторлық климаттық белдеуде жыл бойы қысым төмен, 
экваторлық ауа массаларының ықпалында болады. Күн сəулесінің 
мол түсуіне (радиациялық баланс 3066·10

Дж/см
2
тең) байланысты 
бұл белдеуде ауа температурасы бүкіл жыл бойы жоғары əрі тұрақты 
сақталады.
Орташа айлық температура +24
0
С пен +28
0
С аралығында бо-
лады. Температура өте сирек жағдайда +20
0
С төмендеуі мүмкін. 
Жылдық температура айырмашылығы 1
0
С-ден аспайды, ал тəуліктік 
амплитуда 10
0
-15
0
С-ге жетеді. Өрлеген ауа қозғалысының басым бо-
луы, пассат желдері арқылы ылғалды мұхиттық ауаның тұрақты енуі 
нəтижесінде жыл бойы жауын-шашын мол түседі. 


215
Жауын-шашынның жылдық мөлшері буланушылықтан жоғары, 
белдеудің барлық бөлігінде 2000 мм-ден артық болады. Сондықтан 
ауа райы ыстық, ылғалды, əрі қапырық болады. Көбінесе найзағайлы 
нөсер жаңбырлар жиі байқалады. Жауын-шашынның максиму-
мы көктем мен күздегі күн тоқыраулары кезіне сəйкес келеді. Бұл 
заңдылық барлық жерде бірдей сақтала бермейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет