323
Атмосферада көмірқышқыл газының үлесінің артуы дүниежүзі
ғалымдары «жылыжай (парникттік) эффектісі» деп аталған қауіпті
жағдайға апарып соғуы мүмкін. Оның мəнісі – көмірқышқыл газы
Күн сəулесін əйнек тəрізді өз бойынан өткізіп жіберіп, жер бетінен
бөлінетін жылуды ғарыш кеңістігіне жібермей ұстап қалады, соның
салдарынан ауа температурасы жоғарылап, климат жаппай жылына-
ды.
ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап,
Жер шарындағы
«климаттың ғаламдық жылынуы» туралы жиі айтылып жүр.
Ғалымдардың болжамы бойынша, Жер ғаламшарында 2020 жылға
қарай ауа температурасы қазіргімен салыстырғанда, 2,5
0
С-ге, ал
2050 жылға қарай 4
0
С-ге көтеріледі.
Бұл өз кезегінде мұздықтар
көлемінің азаюына, жауын-шашын мөлшерінің,
желдер мен мұхит
ағыстарының бағыттарының өзгеруіне алып келеді.
Соның нəтижесінде Дүниежүзілік мұхиттың деңгейі көтеріліп,
кейбір аралдар мен жағалауларды су басуы мүмкін.
Кейбір
ғалымдар, керісінше, ауа температурасының жоғарылауынан оң
нəтижелер күтеді: жоғары ендіктер есебінен ауыл шаруашылығына
жарамды
жерлердің ауданы ұлғаяды, Солтүстік теңіз жолын жыл
бойы
пайдалануға болады, жағалау сулары ірі кемелерді қабылдау
мүмкіндігіне ие болады. Дегенмен, климаттың ғаламдық жылынуы
ғаламшар тіршілігіне қалай əсер ететіні əлі де айқын емес.
Достарыңызбен бөлісу: