Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-сурет. Қатарланған шкала: метрлік жəне қадам масштабы Түсірілім жұмыстарын орындау тəртібі



Pdf көрінісі
бет36/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

5-сурет. Қатарланған шкала: метрлік жəне қадам масштабы
Түсірілім жұмыстарын орындау тəртібі. Көз мөлшерлі 
түсірілім жасағанда 2-3 студенттен тұратын бригада құруға болады. 


44
Міндетті түрде əрбір студент дəптерге өз қадамдарының масштабын 
жасау керек. Ол түсірілім кезінде арақашықтықты өлшеуге қажет 
болады. Əдетте көз мөлшерлі түсірілімді тұйық көп бұрыштар 
қалыптасатын бағыт маршруты бойынша учаскені айналып шығу 
жолымен жасайды (6-сурет). 
Ол үшін түсірілім жұмыстарын тездететін (жылдамдататын) 
əртүрлі тəсілдерді қолданады; полярлық, бұрыштық таңбалар, пер-
пендикуляр жəне створ тəсілдері. Бұл тəсілдерді бір-бірімен байла-
ныстыра отырып, осы немесе басқа жағдайда ептеп қолдануға бола-
ды. Сонда түсірілім тез жəне сапалы жасалатын болады.
Белгілі бір бағытта қозғалатын сызықтарды жол, соқпақ жол-
дар жəне контуры айқын көрсетілген жер бойынша таңдап алады. 
Бұл сызықтар жұмыс жасағанда жəне қадам жұптарын санағанда 
қиындық туғызбау керек.
Полярлық түсірілім тəсілі. 1 нүктеде планшет тұсбағдар (ком-
пас) бойынша бағытталады жəне осы нүктеден барлық түсірілім жа-
салынады. Нүктедегі түсірілім үдерісіне планшеттің бағытталуына 
назар аудару керек. Планшетке орнатылған (бекітілген) компас 
стрелкасы (тілі) əрқашан солтүстікке бағытталған болуы тиіс. 
Біртіндеп жергілікті жердегі обьектілерді сызғышпен ныса-
налайды. Планшетке олардың бағытын сызады. Осы бағыт бой-
ынша жергілікті жерде шамамен санап шығарылған 1-2 қадам 
арақашықтығын масштаб бойынша салу қажет. 
6-сурет. Жергілікті жерде көз мөлшерлі түсірілім жасау 
жұмыстарының кезеңдері (I-IV)


45
Түсірілімнің мұндай түрі полярлық деп аталады. Нысаналанған 
бағыттар соңында обьектілердің шартты белгілерін (бұрыштағы 
қоршау, бұрыштағы жолдар, үйлер, шабындық жəне т.б.) сызады 
(7-сурет). 
Таңба тəсілі. Түсірілетін обьектілер орны, қиын жерде орна-
ласып, негізгі бағыттың екі немесе үш нүктесімен көрінетін болса, 
онда планда нысаналау сəулелерін қиып өтетін нүкте түрінде алы-
нады. Осы обьектілерге планда белгіленген 1 нүктеден бағыттар 
жүргіземіз, одан кейін 2 нүктеге жылжытамыз жəне сол обьектілерге 
нысаналау қайталана береді.
Бағыттардың қиылысында ізделіп отырған обьектінің орны 
алынады. Үлкен дəлділік пен обьектінің нүктесін үшінші бақылау 
нүктесін нысаналау кезінде алуға болады. Егер үш сəуле қиылысқанда 
үшбұрыш қалыптасса, онда ізделіп отырған нүкте осы үшбұрыштың 
орталығында болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет