4.20
-сурет. Фазалы-поляризациялық 3D-монитордың əрекет ету
принципіның схемасы
Фазалы-поляризациялық 22-дюймді Neurok Optics ресей-
америкалық компанияның iZ3D стереомониторы Perceiva-дан
кодтау видеодрайвердің көмегімен бағдарламалау түрінде
жүргізіледі.
Айналы
3D-мониторлар 4.21-суретте көрсетілгендей, жартылай
мөлдір айна көмегімен жəне пассивті поляризациялық көзілдіріктері
арқылы стереожұптың сол жəне оң кескіндерінің келесі бқлінуімен
екі сұйықкристалды дисплейдің
ортогональді поляризациялық
кескіндердің қиыстыруына негізделген қағидатты жүзеге асырады.
Айналы
3D-мониторлардың маңызды ерекшелігі олардың
қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етумен драйверлер
деңгейінде қолдау болып табылады. Толық экранлы екімониторлы
стереорежимдер
NVIDIA
чипсеттерінің
негізіндегі барлық
видеокарталардың драйверлерімен қуатталады. Бұл режимде іс
жүзінде
DirectX и
OpenGL
стандарттары негізіндегі барлық 3D-
бағдарламалар, тіпті басынан стереобейнелеуді қолдамайтындар
іске қосыла алады.
3D-мониторлар медицинада, дизайнда,
ғылыми зерттеулер мен
картографияда кəсіби аппаратура ретінде қолданылады. Бұдан
басқа,
3D-мониторлар виртуалды ақиқат құрылғылары ретінде
өнеркəсіпте қолданыс тапты.
164
4.21
-сурет. Айналы 3D-монитордың құрылмалы схемасы
Өндірісте қолданылатын виртуалды ақиқаттың қазіргі заманғы
жүйелері – автоматтандырылған
жобалау мен модельдеу
жүйелерінің ақпараттың енгізу-шығару құрылғысының дамуының
жаңа кезеңі. Виртуалды ақиқат ұңғымаларды интерактивті жобалау,
геологиямен оперативті басқару жəне геофизикалық талдау үшін
қолданылады.
4.3.4.
3D-npoeкторлар
3D-проекторлар үлкен аудиторияларда көлемді кескіндерді
ұжымдық
қарау
үшін
арналған.
3D-проекторлардың
мультимедиялықтардан
басты
айырмашылығы
оптикалық
жүйесінің күрделі құрылымы мен арнайы поляризациялық
сүзгіштердің болуы (кіріктірілген немесе сыртқы),
оның көмегімен
стереожұптың элементтерінің селекциясы жүреді.
Көлемді кескіндерді түзу үшін келесі əдістер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: