16 - cабақ
Тақырыбы: Префиксация
Префиксация дегенiмiз - сөз түбiрiне префикстi жалғап, жаңа сөз жасау. Бұл кезде сөз мағынасы өзгермейдi, қайта оған қосымша ретiнде қайда орналасқанын, бағытын, өткен уақытын және болмауын, жоқ екендiгiн бiлдiретiн мағыналар бередi.
Кейбiр префикстердiң тiкелей мағынасынан басқа, екiншi мағыналары болады. Мыс: грек префиксi para – "айналасында, жанында" деген мағына бередi, екiншi мағынасы – "бiр нәрседен ауытқу, шегiну" болып табылады: para-nasalis мұрын айналасы, ал para-mnesia ақыл-естiң ауытқуын көрсетедi.
Морфологиялық пәндерде префикстер тiкелей мағынасында қолданылады. Ал мүшелердiң қызметiнiң бұзылуы, аурулардың патологиялық жағдайлары туралы сөздерге префикстер 2-мағынада қолданылады. Мыс: анат. Hypogastrium - құрсақ асты; пат физиол hypotonia бұлшық ет тонусының түсуi деген мағына бередi.
Медицина терминологиясының әртүрлi саласында және биологияда, грек-латын терминоэлементтерi префикстерi кең түрде қолданылады. Анатомиялық терминдерде – латын префикстерi, ал пат.анатомия, физиология, клиникалық пәндерде – грек префикстерi жиi қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |