Баяғы ауыз әдебиетінің барлық кезеңінде тіл көркемдігі көбінесе түрлітүсті бояу
болған да, сөз сұлулығы - маңыраған мақалмәтелде жатқан. Ділмар шешендік мен ұтқыр
биліктер де тыңдаушысын төкпе мазмұнға лайық еспе пішіндегі әр түрлі
жылтырауықтармен еліктіріп әкетіп отырған. Бірақ жазба әдебиет
тіліндегі көркемдік
бұлай емес екені өткен ғасырдың өзіндеақ анық еді:
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көржерді өлең қыпты жоқтан қармап, -
деген Абайдың шынайы, шыншыл әдебиеттегі «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы»
туралы ұғымы өзіне дейінгі түсініктерден мүлде бөлек те, сөз иелеріне қояр талабы мүлде
басқа болатын.
Сөз айттым «әзірет Әлі айдаһарсыз»,
Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз»,
Иә, жаңа әдебиеттегі
тіл көркемдігі мен сөз сұлулығы жасанды жалтжұлтта,
күлдібалам бояуда емес, сөздің табиғилығы мен қарапайымдығында, нақтылығы мен
тазалығында жатады.
Ең алдымен әр сөз тек өз орнында ғана тұруға тиіс. Сонда бір сөйлемдегі бірнеше
сөз өзара бірбіріне сәуле түсіреді де, әр сөздің бұрынғы мағынасына жаңадан тың мағына
қосылып, бәрі бірігіп танытар шындық та су жаңа сұлу шыраймен мөлдірей қалады. Ал
мағына тың, мазмұн мөлдір болса, оның оқырманға етер әсері де өзгеше:
Талас жоқ, сөз сұлулығы оның қарапайымдығы мен табиғилығында; дей
тұрғанмен, әдеби тілде әдебиетші қолымен жасалатын әртүрлі
ажарлаулар болатынын
тағы естен шығармау керек.
Әр сөз адамның көңіл күйімен тығыз байланысты, сондықтан «әр сөздің айтылуына
қарай мың мағынасы бар» (Чехов). Бұл арада әр сөзге ажар беріп, оның мағынасын
толықтыратын ең қарапайым тәсіл -
интонация (латынша
intonare - дауыс ырғағы), яки
әр сөздің айтылу мәнері. Мұның өзі көркем шығарманы оқығанда емес, жазу үстінде де
қатты ескеріледі. Әсіресе жазушы кейіпкерлерді сөйлеткенде, оның әр сөзін көңіл күйіне
лайық мәнерде айтқызып, оған өзі қалаған сыр ғана емес, сымбат та береді.
-Хахаха! Құнарсыз өлке деп кім айтты? (С. Шаймерденов).
Дауыс ырғағы әсіресе өлеңді шығармаларда айрықша міндет атқарады.
Өлеңді енжар жазуға болмайтыны секілді селқос оқуға да болмайды.
Баққан
жау
жанжақ,
Туы
ала
көк
ақ.
Қызыл
ер ,
күзет,
бақ!
(Сәкен Сейфуллин).
Бұл өлеңді әншейін желдіртіп оқып шығуға болмайды. Автордың әр сөзді әр жолға
бөліпбөліп жазуының өзінде ерекше интонациялық мән бар; тіпті
жанжақ, ақымақ
деген сөздердің өзін буындап бөліп әкетіп, әр буынын әр жолға жазады, бұл да тегін емес:
әр сөзге автор арнаулы ырғақ, леп, тыныс, марштағы әскери
колоннаның жер
солқылдатқан нығыз аяқ дыбысын беріп, сол арқылы әр сөзге қорғасындай ауыр салмақ
бітіріп, әр сөздің мағынасын тереңдетіп отыр.
Әдеби тілге дауыс ырғағы емесау, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы да әжептәуір
ажар бітіруге болады. Бұл тәсіл екі түрлі:
аллитерация (лат.
adlittera - дыбыстас) -
бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау және
ассонанс (фран.
assonanse үндес) -
бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау. Бұлар поэзияда да, прозада да кездесіп
отырады. Әрқайсысының үлгісі ретінде жекежеке мысал келтіріп жатпайақ, Қасым
Аманжоловтың:
Ираншахқа мұңың шақпа, Низами!
Біздің шақта гүл құшақта, Низами!
деген екі жол өлеңін оқысақ, осында ылғи
ш әрпін қайталайтын аллитерация да,
а әрпін
қайталайтын ассонанс та бар. Өлеңге аллитерация мен ассонанс дартқан ажар мен әсер
сондай, тіпті осы жолдарды қазақша түсінбейтін аудиторияда бір сәт қызыға таңырқап,
тыңдап қалуы мүмкін.
Жалғызақ бұл тәсілдерге тым ден қойып, көбірек дыбыс қуалап кетуден сақ болу
керек. Ондай әрекет әдебиеттегі әшейін пішінді ғана жылтыратып,
мазмұнды сұйылтып
жіберуі ықтимал. Сөздің реңін, әдеби тілмен ажарлау жайын әңгіме еткен жағдайда
айқындау мен теңеуге арнайы тоқтау қажет.
Бұл тәсілдердің қайқайсысын болса да орнымен, шебер қолдану өтемөте қажет.
Айталық,
айқындау, яғни
эпитет -
заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын
анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді
нақтылау қиын. Әрине, бұрынсоңды сан мәртебе қолданылып, ығыр болған эпитеттерді
қайталай берудің керегі жоқ. Мысалы, эпитет жөнінде сөз бола қалса, әрқашан үлгі
ретінде Абайдың:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқылтұман жерді басқан, -
деген шумағын желдірте жөнелеміз. Талас жоқ, кезінде бұл эпитеттердің (
сұр, түсі суық,
дымқыл немесе
жұпжұмыр, таптаза, қыпқызыл) өлеңге тым ажар, тымтәуір әсте
дарытқаны расты. Алайда осыларды дәл қазір қайта тізбектеп жатсақ, біздің сөзімізге
ажар да, әсер де бітпеген болар еді. Өйткені бұлар көп айтылды, көп қолданылды. Бұдан
шығатын қорытындыэпитеттен біржола бас тарту емес, оны тыңнан табу, жаңадан жасау,
бұрынғыларды қайталай бермей, өзінше нұсқалы түрлерін туғызу. Сонда суреткер тіліне
жаңа рең, жас ажар бітеді. Сонда бұлауыз әдебиетіне қайтып оралу емес, жақсы дәстүрді
жаңашылдықпен жалғастыру, жаңғырту; бұл арқылы суреткер айтар сөзін ғана емес, өзін,
өзінің творчестволық бетін бірге айқындамақ.
Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы әдеби
шығарманың
мазмұнын
құнарландырып, пішінін
ажарландыратын көркемдеу
құралдарының бірі
-
теңеу (орысша
сравнение).
Мұнда суреткер заттының,
құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпейақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра
суреттейді. Сонда бұлар туралы оқырман түсінігі айқындалу үстіне тереңдейді де, өнер
туындысының эстетикалық әсері күшейе түседі.
Шұғыла шалған кешкі бұлттай,
Толқын шашта оттар ойнап,
Өрт топанын кешіп, Нұхтай
Жалғыз өзі тұрды бойлап:
Тұрды ұқсап, тұрды кейде
От ұстаған Прометейге.
(Қ. Аманжолов)
Қай теңеуді алмайық, суреттеліп отырған нәрсені не құбылысты тура біздің көз
алдымызға әкеліп, олар туралы дәл, нақты ұғым қалыптастырады. Бұл ретте теңеу белгісіз
затты белгілі затқа айналдырып, шығармадағы авторлық идеяға қолмақол көркемдік
шешім тауып тұрғандай.
Айқындау сияқты, теңеудің де құны сонылығында, ойламаған жерде өзгеше
өрнектер жасап, құлпырып, ойнап тұруында, орнымен қолданылуында жатады.