Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет91/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Фернанд Бродель (1902–1985). Белгілі француз тарихшысы Сарбон университетін бітірген. Ұлы француз революция тарихы бойынша диплом жұ­мысын қорғады. Алжирдін, Францияның жоғары оқу орнын­дарында қызмет істеді. Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында әскер қатарына шақырылды. 1940 жылы тұтқынға түсіп, бес жыл бойы неміс лагерінде бол­ды. 1948 жылы Француз тарихи зертеулер орталығын басқарды. 1949 жы­­лы Колледж де Франс оқу орнының профессорлығы қызметіне ша­қы­рыл­ды. Тарихшы ретінде оның беделін көтерген 1979 жылы жазылған 3 том­дық «Материальная цивили­зация, экономика и капитализм: 15–18 вв.» атты еңбегі. Онда автор индустри­я­­ға дейінгі Еуропаның экономикалық жағ­дайын бөге тере шегесіне дейін талда­ған. Әсіресе ол сауда мен ақша айналымына, экономиканың дамуына геогра­фиялық ортаның әсеріне қат­ты көңіл аударды.
Географиялық және экономикалық фактордың тарихи процеске әсер етуін дәлелдеді. Бұл тарих ғылымында үлкен жаңалық еді. Еуропада ка­пи­талистік қатынастардың пайда болуы зерттей отыра ол микрожүйелік тео­рияның негізін қалады.
Бродельдің тарих ғылымында екінші бір жаңалығы – тарихи уақыт теориясы. Тарихи уақытты ол бірнеше деңгейлерге бөледі. Бірінші дең­гей–қыс­қаша уақыт, белгілі бір оқиғаның болған уақыты. Келесі деңгей – орташа уақыт. Адамдардың күнделікті өмірінде жиі кездесетін оқиғалар. Мысалы; өрт катастрофа, жасалған қылмыс немесе астықтын бағасы сия­қ­ты оқиғаларды си­пат­тайтын газет хроникалар. Уақиғалар жиынтығын уа­қыт аралығында қарас­тырылады.
Немесе оны циклдік уақыт деп те атайды. Бұл деңгейде маңызды әлеу­­мет­тік немесе мәдени процесс циклдарының өрлеуі мен құл­ды­ра­уын қам­тиды. Үшінші деңгей – ұзақ уақыт. Үлкен әлеуметтік мәдени бір­лес­­тіктердің (өрке­ниет) өмір сүру уақытын қамтиды. Тарихты басқа да гума­ни­тарлық ғылым­дардан ерекшелігі сонда.
Фернанд Бродель «жүйелі жаһанды» (тоталды) тарих конце­п­ция­сын негі­зін қалады. Ол экономика тарихы тек абстрактілі товарлы ақша қа­ты­нас­­тарын ғана зерттеп қоймайды. Ол тарих тео­рия­сына «Геоис­то­рия» – адам мен оны қор­шаған орта, жүйелі тарих, «Мед­ленны изме­не­ний» – (эко­но­миканың дамуы қоғам, мемлекет және өркениет) және оқи­ғалар тарихы (событейная история) деген ұғым­дарды кіргізді.
Эрнест Бернгейм (1850–1942) неміс тарихшысы, деректанушы, теоретик, ұлты еврей. Саудагерлер отбасында дүниеге келген. 1868 жылы Берлин универ­ситетінің тарих бөліміне түсіп, кейін Гейдельберг универ­си­те­тіне ауысады. 1872 жылы Страссбург университетінде оқы­ды. 1873 жы­лы докторлық диссертация қорғады. Оған бірден фило­со­фия және құ­қық докторы атақтары берілді. 1875 жылы ол тағы бір дис­сертация қорғап, Геттингель университетінің приват–доцент қызметіне алынды.1883 жылы Грайфсвальд университетінің экстро­ординарлы про­фес­сор қызметіне ша­қы­рыл­ды, ал 1899 жылы осы уни­верситеттін рек­тор дәрежесіне дейін кө­те­рілді. 1921 жылы отставкаға шықты. Гер­ма­нияда ұлтшылдар ықпа­лы­ның күшеюіне байланысты Э.Берн­гейм­нің жағ­дайы қиындайды. 1933 жы­лы оған лекция оқуға тиым салынды. 1935 жы­лы ол Герман азаматты­ғы­нан шығарылды. 1939 жылдан бастап оның еңбектері ұлтшыл тарихшылар та­рапынан сынға ұшырады. 1942 жылы Э.Бернгейм дүние­ден озды. Ең белгілі еңбегі – 1979 жылы жарық көрген үш томдық «Матер­иальная ци­ви­лизация, экономи­ка и капи­та­­лизм XV–XVIII вв.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет