ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет2/7
Дата12.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#195645
1   2   3   4   5   6   7

Жоспарлау әдістемесі – ол жоспардың орындалуын талдауға қажетті, сонымен қатар жоспар мен болжамның жеке көрсеткіштері мен бөлімдерін құрастыруға қажетті техникалық – экономикалық және экономикалық – математикалық тәсілдер мен нақты әдістердің жиынтығы. Жоспарлаудың келесідей әдістері практикада маңызды орын алады: баланстық, нормативтік, эксперттік бағалау, экономиалық – статистикалық, экономикалық – математикалық және тағы басқалары.

Нормативтік әдіс бойынша жоспар көрсеткіштерін еңбек және қаржы шығындарының ғылыми нормаларын пайдалнуға негізделген техникалық экономикалық есептеулер негізінде жүргізіледі.

Жоспарлаудың баланстық әдісі бойыншы материалдық еңбек және қаржы ресурстарының қолда барымен оларға деген қажеттілікті салыстыру арқылы жоспар элементтері арасындағы байланыс анықталады.

Статистикалық және аналитикалық әдістер көмегімен есепті мәліметте қарастырып, бастапқы материалдар талданады. Статистикалық әдістедің бірі болып экстрополяция әдісі табылады.

Экстрополяция әдісі көбінесе зерттеліп отырған көрсеткіштер мен процестерге болашақта өткен кезеңмен салыстырғанда көп айырмашылық болмайтын жағдайда қолданылады.

Экономикалық – математикалық әдістер бойынша техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық экономикалық байланыстар терең қарастырылады және берілген критерий бойынша оңтайлы модель таңдалып алынады.

Техника-экономикалық болжау халық шаруашылығының, оның салаларының даму перспективаларын, өндірістің орналасуын, өнім өндірудің техника-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасын, оның жаңа түрлерін меңгеру, өндірісті қаржыландыру, экономикадағы құрылымдық өзгерістерді және т.б. зерттейді.

Ғылыми-техникалық болжамдар ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, негізгі және қолданбалы зерттеулер дамуын, техника мен технологиялардың жаң түрлерін, ғылыми техникалық прогресс салдарын қарастырады.

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау тұрғындардың өмір сүру, пайда, өндірістік емес тауарлар мен тамақ өнімдерін тұтыну деңгейінің, әлеуметтік инфрақұрылым салаларының, демографияның, жұмыспен қамтылу деңгейінің динамикасы туралы сұрақтарды зерттейді.

Жаратылысты-табиғатты болжау табиғи ресурстардың қорын және оларды шаруашылық айналымға салу мүмкіншіліктерін, өсімдік пен хайуанаттар әлемінің жағдайын, қоршаған ортаның жағдайын сипаттайды.

Болжаудың негізгі қағидалары:


  1. жүйелілік принципі

  2. саяси және экономикалық бірлік принципі

  3. ғылыми негіздеу принципі

  4. адекваттылық принципі

  5. нұсқаулылық принципі

  6. мақсаттылық принципі.

Болжаудың негізгі функциялары:

  1. Ретроспекция, диагноз, проспекция сияқты үш кезең бойынша жүзеге асатын экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық процестер мен тенденцияларды ғылыми талдау;

  2. Белгілі бір кезеңдегі нақтылы жағдайлардағы халық шаруашылығы дамуының әлеуметтік-экономикалық көріністерінің объективті байланыстарын зерттеу;

  3. болжау объектісін бағалау;

  4. экономикалық және әлеуметтік дамудың объективті нұсқауларын көрсету;

  5. белгілі бір шешімдерді таңдауды негіздеу үшін ғылыми материалдар жинақтау.


Тақырып 3. Болжау және фирмаішілік жоспарлау әдістері.

  1. Экономикалық болжау әдістерінің мәні және олардың классификациясы.

  2. Болжау әдістерінің сипаттамасы.

  3. Экономикалық болжау тәжірбиесі АҚШ үлгісіде.

1. Жоспарлау мазмұны оның процедураларын көрсетеді. Макроэкономикада жоспарлаудың негізгі процедуралары болып болжау, бағдарламалар жасау және жобалау табылады.

Болжау әдістемелері:

Логикалық талдау және аналогия, тенденциялар экстрополяциясы, ғалымдар мен мамандардың көзқарастарына сауалнама жүргізу. Негізінен болжау әдістері басты 3 класқа бөлінеді:



  1. Экстрополяция әдісі;

  2. Экспертті бағалау;

  3. Модельдеу.

Болжау әдістері классификациясының сызба нұсқасы.

Аналогиялар әдісі әртүрлі процестер дамуының заңдылықтарындағы ұқсастықтарды анықтауға бағыттаған оларға математикалық және тарихи аналогтар әдістері жатады.

Математикалық аналогтар әдістері объект аналогы ретінде болжау объектісіне сәйкес келетін даму процесінің математикалық сипаты бар ғылым мен техниканың басқа облыстарын, басқа табиғи ортаның объектілерін қолданылады.

Болжаудың алдың алу әдістері ғыым мен техника прогресінің алдын алатын қасиеттерін есепке ала отырып қарастыратын ғылыми техникалық ақпаратты арнайы өңдеудің белгілі қағидаларына негізделген, оларға ғылыми техникалық ақпараттын динамикасын зерттеу әдістері жатады. Сонымен қатар алдын алу әдістерінен техника деңгейін бағалау және зерттеу әдістерін де жатқызуға болады. Бұл әдіс жобаланып отырған техниканың сапа деңгейін анықтауға арналған ғылыми техникалық ақпаратын сапалық және сандық талдаудың арнайы әдістерін қолдануға негізделген.

Статистикалық әдістер болжау объектісі туралы сандық ақпараттарды өндеу әдістерінің жиынтығы болып табылады.

Жүйенің күрделілігі жаңашылдығы ерекше белгілерінің қалыптасу жолдарының белгісіздігі ақпараттың толық болмауы, сонымен қатар алға қойылған міндеттерді шешу процесінің математикалық қалыптасуының мүмкін болмауы осынын барлығын білікті мамандардың кеңестеріне жүгінуге әкеледі. Олардың қабылдаған шешімдері, аргументтері, мәселелерді қарау жолдары нәтижесінде салық жағынан бағаларды қалыптастыру осы әдістердің барлығы эксперттік бағалау әдісі деген атақ алған. Бұл әдістің 3 құрамдас бөлігі бар:



  1. Міндеттердің немесе оның фрагменттерінің интуитивті логикалық талдауы.

  2. Сандық немесе сапалық сипаттама беру және шешім қабылдау (бағалау, шешу нәтижесі).

  3. Шешім нәтижелерін яғни эксперттердің қойған бағасын өндеу.

Эксперттік бағалау әдістерінің бірі «ми шабуылы» әдісі, ол болжау объектісі дамуының мүмкін варианттарын қысқа мерзім ішінде анықтауға мүмкіндік береді.

«Ми шабуылы» әдісін мәселелерді шешу процесінде басқарушылар мен қатысушылардың арасында кері байланыстын болуы немесе болмау белгілеріне қарай классификациялауға болады.

Дельфи әдісі жеке эксперттердің көзқарасы мен ойларын келісілген топтық көзқарастар мен ойларға жинақтауға мүмкіндік береді, оған эксперттік бағалау негізінде жасалған болжамдардың барлық кемшіліктері тән. Дельфи әдісі өзінің 3 ерекше қасиетімен сипаттады:


  1. Эксперттердің қүпия болуы.

  2. Сұраудың өткен кезеңнің нәтижелерін пайдалану.

  3. Толық жауаптын статистикалық сипаттамасы.

Болжау процесінде эксторполяция әдісін қолданудың міндетті шарты болып зерттеліп отырған процестін табиғатын объективті түрде түсіну табылады.

Болжау әдістерінің кең тараған түрі модельдеу, модельдеу әдісінің бірі болып математикалық әдісі болып табылады.

Экономикалық-математикалық модельдеу дегеніміз – бастапқы ақпаратты қабылдап алу өндеу және қарастырылып отырған міндеттердің шешімін бағалау процестері толықтай сипаттау әдісі.

3. Дамыған елдерде мемлекеттік мекемелер мен ірі компаниялар үшін жасалатын болжау бағдарламаларына келісімді тапсырыс беру кең көлемде тараған. АҚШ-та осындай зерттеу орталықтары болып «РЭМД – корпорейшен», Гудзондық институт, Цортон корпорациясы табылады, олар экономикалық болжауға мамандырылған. Ең танымал халықаралық болжау ұйымы – «Римдық клуб», оның негізгі қызметі глобальды проблемаларды зерттеуді ынталандыру және үйлестіру болып табылады. Соғыстан кейінгі кезеңде (1950-1990 жж.) өзінің дамуында болжау аралас экономиканы мемлекеттік басқарудын әртүрлі типіне тән әртүрлі формалардан өтті. Экономикалық болжаудың бірінші тарихи формасы ЖҰӨ мемлекеттік шығындардың артуы экономикалық өсу темпы мен пропорциясына бюджеттің әсер етуінің жоғарлауымен байланысты конюктуралы болды. Құрлымдық қайтақұру экономикасы және олардың жылдам дамуы жағдайында бюджеттің экономикалық болжамдардың көрсеткіштерімен сәйкестендіру қажеттігі туды. Бұл орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік болжауларды шығаруға әкелді, келесілер мысал болып табылады: Канадада «Экономикалық өсу жолдарын тандау» (1976-1985 жж.), АҚШ-да Еңбек Министірігінің 1986-1995 жж. Болжамы, Жапонияда «Ұлттық табысты екі еселенірудің он жылдық жоспары». Болжамдық қызметтің жетідірілуінен және күрделенуінен ол бюджеттіктен бөліне бастады. Егер бірінші кезеңде ұлттық экономикалық болжамдар Қаржы Министірлігінде құрастырылса, ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында экономикалық дамыған елдерде арнайы болжамды-жоспарлы органар құрыла басталған.

Шетелдік дамыған елдерде статистикалық ақпараттардан қалыптасқан халық шаруашылығының негізгі қатынастар схемасы, ұлттық шоттар жүйесі атауын алған. ҰШЖ баланстық әдіске негізделген және адекватты нарықттық экономикаға ұлттық есеп түрінде ұсынылады, ол мақродеңгейде экономикалық қызмет нәтижесін, экономика құрлымын сипаттайтын көрсеткіштер жыйынымен аяқталады. ҰШЖ халық шаруашылығы салаларының қызмет ету макетін құрған баланстық таблицалар және шоттар түрінде құрастырылған.

ҰШЖ экономиканың макростатистикалық моделін және жоспарлар мен болжамдарды өндеу бірлігін және олардын орындалуын қамтамсыз ететін механизім ретінде сипаттауға болады. ҰШЖ арқылы басқару және жоспарлау органдары болжамдар, жобалар, бағдарламалар мен жоспарларды шығарады, экономикаға әсер ету нәтижелерін бағалайды, жоспрларды орындауды бақылайды. Экономикалық операциялар екі ретті жазу принципі бойынша құрылған шоттарда бекітіледі, соған сәйкес әрбір операция екі рет бекітіледі – «ресурстар» бөлімінде және «қолданылу» бөлімінде. Әр шот бойынша баланстаушы сальдо шығарылады – ресурстар арасындағы айырмашылық және олардың қолданылуы. Ресурстардың көп болуы кезінде «қолданылу» бөліміне жазылады, жетіспеушілігі кезінде – «ресурстар» бөліміне.

ҰШЖ көрсеткіштер жүйесінде орталық орынды жалпы ұлттық өнім қөрсеткіші алып отыр, ол бір жыл ішінде өндірілген тауардың (өнім мен қызмет көрсетудің) нарықтық бағасының құндық эквиваленті болып табылады.
Болжау және фирмаішілік жоспарлаудың спецификалық әдістері келесі белгілер бойынша классификацияланады: формализация деңгейіне, әрекет етудің жалпы қағидасына, болжамдық ақпаратты алу әдісіне: интуитивті және формальды.

Жеке экспертті бағалау, “интервью”, аналитикалық, сценарий жазу, «мақсаттар ағашы», ұжымдық эксперттік бағалау және «комиссия» әдістері. “Дельфи” әдісі, «ойларды ұжымдық генерациялау». Болжаудың формализация әдістері.

Экстраполяция, модельдеу, нормалау әдістері. Нормалар мен нормативтер алдын-ала заңды және ведомствалық негізде жасалады. Норма – бұл максималды көлем. Норматив - өндірістік процесс элементтерінің қарым-қатынасы. (норманың құраушы бөлігі)

Нормалар мен нормативтер ресурстық, экономикалық және әлеуметтік болып бөлінеді. Қажет кезінде олар жеке бағыттар, объектілер, аймақтар бойынша дифференцацияланады және нақтыланады. Мысалы, әлеуметтік даму нормативтері: жан басына шаққандағы тұтыну деңгейі, өмір сүруге қажет минимум, тұрғын үй ауданы және т.б.


Экономикалық болжау әдістері. Болжаудағы экономикалық-математикалық, факторлық және құрылымдық модельдер.

Факторлық модельдер сол немесе басқа көрсеткіш динамикасы мен деңгейінің оған әсер ететін экономикалық көрсеткіштер – аргументтер немесе факторлар динамикасы мен деңгейіне тәуелділігін сипаттайды. Факторлық модельдерге айнымалы көлемдердің әртүрлі сандары мен оларға сәйкес параметрлер кіреді.

Құрылымдық модельдер бір тұтасты немесе агрегатты құрайтын жеке элементтердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды сипаттайды. Бұл модельдер құрылымдық-баланстық тип модельдері болып табылады, мұнда агрегатты құрамды элементтерге бөлумен қатар осы элементтердің қарым-қатынастары қарастырылады. Динамикалық салааралық баланс модельдері. Салааралық баланстың динамикалық моделі халық шаруашылығының өндірістік байланыстарын бірнеше жылға сипаттайды, ұдайы өндіріс процесін динамика бойынша көрсетеді. «Шығын-өндіру» әдісі нарықтық экономика жағдайындағы болжау мен жоспарлаудың ғана емес, сонымен қатар директивті экономиканың да әмбебап әдісі болып табылады. Ол БҰҰ жүйесінде, АҚШ-та және басқа елдерде экономиканы, өндіріс құрылымын, салааралық байланыстарды жоспарлау мен болжауда қолданылады.

Болжаудағы макроэкономикалық модельдер. Экономика тепе-теңдігінің факторлық, құрылымдық аспектілері.

Экономика тепе-теңдігінің факторлық аспектісі өндірілген өнім көлемі мен өндіріс факторлары шығындарының арасындағы қарым-қатынасқа негізделеді. Тепе-теңдіктің құрылымдық аспектісі қоғамдық өндірістің 1 және 2 бөлімшелері арасындағы пропорцияға және өнімнің салааралық ағымы мен соңғы тұтыну элементі арасындағы байланысқа негізделген.


Тақырып 4. Фирманың жоспарлау жұмысын ұйымдастыру
1.Кәсіпорындағы жоспарлау қызметінің құрылымы мен функциалары.

2.Кәсіпорынның жоспарлау технологиасының ұйымдық құрылымға сәйкестігі мен оны таңдау.

3.Кәсіпорындағы жоспарлаудың сызба нұсқасы.

 

ФІЖ түрлері. Кәсіпкелер өз бизнесін ұйымдастыра отырып, жоспарлық қызметті бизнес-жоспарды әзірлеуден бастайды, оның көмегімен бастаған істің болашағы (перспективасы) бағаланып, кәсіпкерлік жобаның негіздемесі беріледі. Банктердің көпшілігі үшін бизнес-жоспар несиелерді беруде міндетті құжат болып табылады.

Жоспарлардың көпшілігі нақты уақыттық шектеулерге ие. Іс-әрекет мерзіміне байланысты ұзақ мерзімді (перспективалы), орташа және қысқа мерзімді жоспарлау түрлері ажыратылады.

Ұзақ мерзімді жоспар, әдетте, 5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге есептеледі және де кәсіпорынның перспективалық мақсаттарының,сондай-ақ, ұзақ мерзімді болжамдарға негізделген өзінің ресурстарын тиімдірек бөлуге бағытталған шешімдерді қабылдауын

қалыптасуын қарастырады.



Орта мерзімді жоспаралар 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге жасалынады.

3 жылдан артық мерзімге саналған қаржылық жоспарлау мәнінен айырылады, өйткені анықсыздық артады.



Қысқа мерзімді жоспарлау 1 жылға (сонымен бірге, жарты жылға, бір айға және т. б.) дейінгі мерзімге есептелген. Қысқа мерзімді жоспарлаудың мысалы ретінде тауар айналым жоспарын, шикізат бойынша жоспарды, өндірістік жоспарды, еңбек бойынша жоспарды, дайын өнім запастарының қозғалысының жоспарын, шығындар сметасын атауға болады.

Қысқа мерзімді жоспарлау ағымдағы және оперативті (оперативті-өндірістік) жоспарлар түрінде болады.

Жоспарлаудың периодтық емес (тұрақсыз, кездейсоқ) және периодтық (ағымдағы және стандартты) түрлерін ажыратады.

Жоспарлау көкжиегі – бұл жоспарлық міндеттер орындалуы тиіс уақыт аралығы (ай, тоқсан, жыл және т. б.).



90-шы жылдардың басына шейін отандық кәсіпорындар жоспарлаудың түрлі көкжиекті жоспарларын қолданды. Қазіргі таңда көбінесе ағымдағы (оперативті) жоспарлаудың түрі ретіндегі жылдық жоспар қолданылады. Шетелдік тәжірибеде жоспарлау көкжиегі әртүрлі болатын екі (бірнеше) жоспарларды құру кең таралған. Бұл кезде жоспардың бір түрі басқасын толықтырады, оны бұдан қысқарақ уақыт аралығына нақтылайды. Нәтижесінде жоспарлау нақтырақ болады.
Фирма қызметін жоспарлаудың процесі. Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың айрықща ережелері бар. Олар жоспарлы жұмыстарды ұйымдастыру тәртібімен, жоспарлаудың ерекше әдістері мен схемаларымен байланысты. Жоспарлы жұмыстың негізгі 4 кезеңін атап көрсетеді:

  1. нарықтағы (аймақтағы, саладағы, қызмет саласындағы) жағдайды талдау; жағдайлық талдау келесілерден тұрады:

  • аймақтық экономикалық талдау (аймақ, нарық динамикасы);

  • аймақтағы негізгі салалар мен тұрғындар тобын, қазіргі және мақсатты клиентураны талдау;

  • бәсекелестік ортаны талдау – негізгі бәсекелестерді диагностикалау (нарықтағы үлесі, бәсекелестік облыстары мен әдістері);

  • техникалық даму бағыттарын талдау;

  • республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарымен әріптесу бағалау.

  1. кәсіпорын позициясын талдау. Бұл талдау келесілерді бағалауды көздейді:

  • жергілікті нарықтағы кәсіпорынның жағдайын;

  • техникалық қамсыздандыруын;

  • кәсіпорын мекемелері желілерінің дамуын;

  • кәсіпорынның инфрақұрылымын;

  • кадр ресурстарын.

  1. меншіктік жоспарлау. Кәсіпорын қызметін жоспарлау ресурстарды оптималды қолдану принципі бойынша жүзеге асырылуы қажет. Жоспарды толықтай орындамау немесе асыра орындау жағдайында ресурстарды қолдану және тарту туралы шешімді басшылықпен бекітілген кәсіпорын қызметінің құрылымдық көрсеткіштеріне сай қабылдау қажет.

  2. жоспарды орындауды бақылау. Бақылаудың мәні іс жүзіндегі көрсеткіштердің есебін жүргізуде және қызмет нәтижесін анықтау үшін оларды жоспарлы көрсеткіштермен салыстыруда, сондай-ақ, жоспарлық процестің әдістемелік және мазмұндық сәйкестігін байқаудан тұрады.Бақылау бекітілген жоспарлы міндеттерді орындауға жауапты бөлімдердің басшыларының материалдық және әкімшілік жауапкершілігімен үздіксіз байланыста болады.

Жоспарлау көкжиегі әртүрлі болатын бірнеше жоспарларды әзірлеуден тұратын жоспарлау процесін бірнеше стадиялар бойынша модельдеуге болады. Осындай модельдердің біреуін жапон экономисті Т. Коно ұсынды. Оның моделі бес стадиядан құралған: алғышарттарды жасау, мәселенің мәнін ашу, ұзақ мерзімді стратегия, орта мерзімді жоспарлау, ұзақ мерзімді жоспарлау. Жоспарлаудың бұл моделінің ерекшеліктері мынада: алдымен жобаланатын және ағымдағы көрсеткіштердің арасындағы айырмашылықтары анықталып, оларды бодырмау жолдары белгіленеді. Бұның мақсаты өндірісті максимилизациялау емес, қойылған міндеттерді қанағаттандырарлықтай орындау болып табылады. Содан соң ұзақ мерзімді стартегия мен орта мерзімді жоспарларға директивалар жасалынады. Жұмыстың жүйелілігі – жалпы міндеттерден нақты шешімдерге дейін.
   1.Кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен басқару келесі өндірістік менеджменттің

 Қызметтерімен тығыз байланысты

 Мақсатты таңдау.

 Ресурстарды анықтау.

 Процесстерді ұйымдастыру.Олардың орындалуына бақылау жасау.

 Жұмысты үйлестіру.

 Қойылған мәселеге түзету енгізу.

 Мамандарды ынталандыру.

 Жалақы төлеу т.б.

       Олардың орындалуына көптеген категориадағы персоналдар-барлық басқару деңгейінің басшылары,экономист-менеджерлер,жоспарлаушы,атқарушылар т.б. өз үлестерін қосады.Жоғарғы деңгей басшыларының негізгі қызметі дамуының біртұтас стратегиасын құру немесе жоспарлау мақсатын негіздеу,мақсатқа жетудің негізгі әдістерін таңдау,жоспар құрудың әдістері мен технологиасын анықтау.

Басқа деңгей басшылары сонымен қатар жоспарлау қызметінің мамандары ағымдық және тактикалық жоспарларды құрады.Олардың қызметіне кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасын талдау,өзгерісінің бөлімшелерінің дамуына болжау жасау,қажетті ресурстарды және жоспарлы көрсеткіштерді есептеу және бағалау.

Кәсіпорынның жоспарлы экономикалық қызметінің жетекшілігі барлық ағымдық және перспективті жоспарлы қызметті басқару бойынша басқада басты қызметтерді,жалпы ғылыми,әдістемелік қызметтерді жүзеге асырады.

Жоспарлау қызметінің мамандары жоғарғы деңгей басшыларымен бірге отырып,фирма стратегиясын құруға экономикалық мақсатты таңдауға және негіздеуге,нормативті базаларды құруға,кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдауға бағалауға қатысады.Cонымен қатар жоспарлау менеджерлерімен кәсіпорын дамуына болжам жасау.  

2.  Кәсіпорынның жоспарлы экономикалық жұмыстарын ұйымдастыру көбінесе кәсіпорынның мөлшері өнім өндіру сипаттамасы,меншік түрі және нарықтағы орнына байланысты.                     

     Шағын кәсіорында басқарушылық қызметтер тереңірек бөлінбейді және жоғарғы деңгей басшылары өндірісті жоспарлау мен ұйымдастырудың барлық юөлімдерін өз бетінше анықтайды.

      Ал орта және ірі кәсіпорында стратегиалық,тактикалық және күнтізбелік жоспарлар ұйымдық құрылымға  міндеттерді  ұжым арасында бөлуге,ұйымдастырудың барлық қызметін бақылау және үйлестіругу сәйкес жүргізіледі.Мұнда жоспарлау мәселесі бойынша қызметшілердің нақты ұсыныстары есепке алынады.

Кәсіпорындағы ұйымдық құрылымды таңдау үшін негізі ретінде, әдетте оның дамуының перспективті жоспары , өнім өндіру көлемі, жұмысшылар санының нормативтері мен әр түрлі компазициядағы қызыметшілердің өзара қарым-қатыстық  т.б  сипатталады.

Кәсіпорынды басқару құрылымы әр түрлі бөлімдердің сызықтық және функционалдықағидасы негізінде құрылады.

         Сызықтық құрылым  ретінде жүйелі құрылымдық бөлімдерді айтуға болады:

 Бас директор

 Бас экономист

 Жоспарлы экономикалық басқару

 Жоспарлы қаржылық басқару

 Қаржы бөлімі

 Жоспарлы есептеу бөлімі

   Функционалдық құрылымда шешім қабыылдау  және бұйрық тапсырмалар беруде нақты функциаларға қатысы бар бөлімдер жұмылдырады.

Қазіргікездебасқарудыңұйымдыққұрамынадевизианалды,өнімдік,матрицалық,жобалық т.б құрылымдар кіреді.

     Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдіру қажеттігі ішкі және сыртқы  экономикалық факторларға тәуелді.

   Сыртқы факторлар:

1.      Өнім немесе қызымет, нәтиже түрі

2.      Функция немесе ресурстардың түрлері

3.      Нарық, клиенттер тобы

         Негізгі ішкі факторлар- Әр бір жетекші немесе менеджердің өкілеттілігінің деңгейімен байланыстыбасқаруды орталықтандыру немесе орталықтан босату қағидасы кіреді.

Жоспарлау қай ұйымдық  құрылым деңгейінде пайда болуына оны орындаушыларына  нұсқалар бойынша орындалады:

1.      «Жоғарыдан төмен қарай»

2.      «Төменнен жоғарыға қарай»

3.      «Интерактивті»

 

Көптеген ірі және орта орталықтандырған кәсіпорындар «жоғарыдан төмен » жоспарлау сызба нұсқасын пайдаланады.



 

1.сурет «Жоғарыдан төмен»жоспарлау сызба нұсқасы

 


Кәсіпорынның жоғарғы деңгей басшылары

Жоспарлы бөлім құру

Ұзақ мерзімді

Орта мерзімді

Қысқа мерзімді

Кәсіпорын бөлімшелері

 

«Төменнен жоғары» қарай жоспарлау бөлімінің жоспары арқылы жергілікті жоспардан  жалпы жоспарға  келісімдер, бірігулер, және түзетулер арқылы  жүзеге асырылады.Мұнда көп жағдайда  мақсат және  стратегиялы кәсіпоындар бөлімшелері  құралды бірақ идея жоғ деңгейде пайда болады.

 

Интерактивті (қарсы ) жоспарлау –алдыңғы екі сызба нұсқаның арасындағы орта шамасы болып табылады. АҚШ-та кәсіпорынның 2/1 бөлігі жоспарлауды төменнен жоғарыға қарай жүргізеді , ал 3/1  интерактивті  жоспарлау сызба нұсқасын пайдаланады.

 

         Миссия-кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы  оның негізгі мақсаттарының  негізделуі әрекет ету сферасы, әлеуметтік  мәселелерді шешудегі ролі мен іс-әрекет нормасы.



         Мақсат- кәсіпорынның келешекте қойған жағдайы,оның қызыметшілерінің  мінез құлқы мен әрекет ету мативі.     
Кәсіпорындағы жоспарлау органдарының құрылымы. Жоспарлау схемасын таңдау. Фирмаішілік жоспарлау типтері. Фирмаішілік жоспарлаудың реттілігі. Жоспарлау динамикасы. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылатын жоспарлардың негізгі түрлері.

Тақырып 5. Жоспарлы нормативтер мен көрсеткіштердің жүйесі.

 

1. Жоспарлы нормалар мен нормалардың түсінігі, жүйесі.



2. Жоспарлау нормасының жіктелуі.

3. Еңбек нормативтері, олардың түрлері мен бағыттары.

  

1.Норма термині латын тілінен аударғанда жетекшілік, бастама, ереже, үлгі, міндетті болып саналатын тәртіп, бекітілген өлшем,  орташа шаманы білдіреді. Норматив – кәсіпорын шаруашылық қызметін жоспарлауды, еңбекті нормалауды, пайдаланылатын материалды ақшалай ресурстарды жұмыс уақытты шығынның есептік шамасы.



   Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде ғылыми техникалық жаңа жетістіктерінтехникалық өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жетістіктерін кәсіпорынның өндірістік қуатын қолдану және алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибені есепке алу қажет.

   Норма дегеніміз - нақты  өндіріс- техникалық шарттарда экономикалық ресурстардың шығыстарының ғылыми негізделген шамасы. Норматив іртүрлі өндірістік экономикалық ресурстарды тұтыну, пайдаланудың жалпылама шамасы.

   Нормалар мен нормативтер - өздерінің мәні болатын абсолютті және қатысты жалпы және жеке, жоспарлы және фактілік перспективті және ағымдық, макро және микроэкономикалық, сандық және сапалық б.к .

   Нормативтер мен нормалар келесі топтық белгілер бойынша жоспарлы нормативтің жүйесін құрады:

1.                        ресурстардың түрлері бойынша : өндіріс қорлары, еңбек құралдары, жұмысшы күші, жұмыстар мен қызмет көрсету шығынның шамасын реттейтін нормалар мен нормативтер кәсіпорындағы әртүрлі өндірістік ресурстарды пайдалану норматив пен коэффиценттері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет