Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар
Өзін-өзі тексеру сұрақтар:
-
Жалпақ құрттар типіне жалпы сипаттама.
-
Жұмыр құрттар типіне жалпы сипаттама.
-
Буылттық құрттар типіне жалпы сипаттама.
Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)
Негізгі әдебиеттер
-
Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.
Қосымша әдебиеттер
-
Естествознание и основы экологии. М., 2000.
14 Тақырып: Моллюскілер типі.Буынаяқтылар типі.
Дәрістін жоспары:
1. Моллюскілер типіне сипаттама
2. Буынаяқтылар типіне сипатама
Дәрістің қысқаша мәтіні.
1. Моллюскілер типіне сипаттама
Моллюскалар — мына кластарды біріктіретін, толып жатқан түрлері бар (100000-ға жуық түрлер) тип: Сауытсыздар, Сауыттылар, Бауыр аяқтылар, Күрек аяқтылар, К,ос жақтаулылар, Бас аяқтылар, Моноплакофоралар.
Біздегі су қоймаларының бәрінде де айқұлақтар меп перл-вицалар тіршілік етеді. Өсімдіктер өте қаптап кеткен су қоймаларында бақалшақтары спиральша ширатылған моллюскалар тоспа ұлулары, қошқармүйіздер, шалшық ұлулары мекенденді. Ағаштар мен бұталар жапырақтарынан бақалшақты жүзім және бақ, ұлуларын, ал саңырауқұлақтар мен капусталардан жалаңаш шырыштарды кездестіруге болады.
Моллюскаларға тән белгілердің бірі — бұлшық еттен пайда болған «аяқ» деп аталатын дененің болуы. Бұл оның бұлшық етті табан немесе сына тәрізді денесінің құрсақ жағы.
Моллюскалар желбезектер арқылы тыныс алады. Ата-тектері суды тастап кеткен ұлулар мен шырыштылар атмосфера ауасымен тыныс алады, ал мантиясының қан тамырлары торлап жатқан жағы өкпе қызметін атқарады. Бір қызығы суға қайта оралған тоспа ұлуы мен қошқармүйіз сияқты өкпелі моллюскалар атмосфералық ауамен тыныс алуды сақтап қалған.
Бұл жануарлардың денесін тірі жабындыдан пайда болган мантия қоршап жатады.Бақалшағы сыртқы үш қабаттан: ортаңғы және ішкі қабаттардан құралған. Сыртқы қабаты құрамы жағынан мүйізді затқа жақын болып келетін майысқақ органикалық заттардан кұралады. Ортаңғы қабаты көмір қышқыл кальцийден тұрады. Ішкі қабаты да ізбесті болады, меруертті немесе фарфор тәрізді болып келуі де мүмкін. Моллюска өскен сайып онымен бірге бақалшағы да өсе береді. Теңіздегі кейбір көлемді бақалшақтардың ізбесті қабаты өте қалың және мықты келеді де, бақалшақ берік болады. Органикалық қабат ізбесті қабатты қышқылдың зиянды әсерінен сақтайды. Моллюскалардың бақалшағы денесінің былқылдақ жақтарын қорғайды.
Қос жақтаулы моллюскалар өздеріне қауіп төнгенде көмкергіш еттср арқылы жақтауларын қысып алады. Егер еттер босаңсыса, моллюска жақтаулары оның арқасындағы тартпа ет арқылы өз өзінен ашылады.
Бауыр аяқты моллюскалар өздеріне қауіп төнгенде денесін бақалшақ астына жасырып алады да, бақалшақтың ашық аузын бөлініп шығатын сілемеймен бүркейді.
Моллюскаларда ешқандай да тіс болмайды, сонда айқұлақтың орысша «беззубка» (тіссіз) деп аталуын қалай түсіндіруге болады? Егер перловица мен айқұлақ бақалшақтарын салыстыратын болсақ, алғашқысының жақтауларындағы тіс тәрізді өскіндер бір-біріне сұғынысып барып жымдасады. Айқұлақта мұндай жымдасу болмайды, оның жақтауларының арқа жиегі тегіс болады.
Құрылықтағы моллюскалар—ұлу мен шырыш — өсімдіктердің зиянкестері болып табылады. Ұлулардың ішінде әсіресе бақалшағының мөлшері ірі грек жаңғағындай болып келетін қырым жүзім ұлуы зиянды. Шырыштар көбейіп кетсе капустаға үлкен зиян келтіруі мүмкін.
Кальмарлар — теңіз моллюскалары. Олардың дене мөлшері негізінде бір жарым метрден аспайды. Кейбір түрлерінің ұзындығы 18м болады. Балықпен және омыртқасыздармен қоректенеді. Кальмардың еті құнды азықтық өнім болып табылады.
2. Буын аяқтылар типі
Буын аяқтылар типі көп кластарды, соның ішіпде Шаян тәрізділер, Өрмекші тәрізділер, Көп аяқтылар, Насекомдар кластарын қамтиды.
Бұл типтің барлық өкілдеріне әрбір класында қалай болса да көрсетілген жалпы анатомиялық белгілері мыналар: жануарлардың денесі мен аяқтарын қаптап жатқан хитинді (мүйізді заттан) жабыны болады, денесі буылтық құрттар денесіне ұқсас буын аяқтарға (сегменттерге) бөлінген; аяқтары мен мұрттары хитинді бунақтардан тұрады, әдетте олардың пішіні цилиндр тә-різді және оның ішінде жақсы дамыған еттері болады. Аяктары әр бунақта бір-бір жұптан орналаскан.
Хитинді жабын ішкі органдарды ғана қорғап қоймай, скелет қызметін де атқарады. Омыртқалы жануарлардың скелетінен айырмашылығы — бұл скелет орган ішінде орналаспай, сыртын қаптайды және оған бұлшық еттер бекініп жатады.
Кейбір буын аяқтылардың (өзен шаянының, крабтың, өрмекшінің, кененің) дене бунақтары кейде тұтасып, жалпы қалқан түзеді.
Буын аяқтылар — біздің планетадағы ең көп таралған жануарлар. Олардың өкілдері мұхиттарда, теңіздерде және барлық тұщы сулы су қоймаларында, тіпті кішкене шалшық суларға дейін мекендейді. Олар жер бетінде де, топырақ арасында да тіршілік етеді. Насекомдардың орасан көп түрлері ауаны да басып алған. Біздің планетадағы тіршілік суда пайда болған және буын аяқтылар да бір кезде тек суда ғана тіршілік еткен.Төменгі са-тыдағы шаяндардың таңбалары мен тасқа айналған бейнелері Жердің ежелгі шөгінді жыныстар қабатынан табылған. Құрылық буын аяқтылары: өрмекші тәрізділер, насекомдар және көп аяқтылар тас көмір дәуірінің алдында пайда бола бастаған. Буын аяқтылардағы шаян тәрізділердің бірлі-жарымы болмаса, көпшілігі суда тіршілік етеді және оларда желбезекпен тыныс алу сақталып қалған. Құрылық буын аяқтыларының бірқатары суда тіршілік етуге оралған. Мысалы кейбір ііасекомдар, әсірссе личинка кезінде суда тіршілік етеді. Төменде шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер, насекомдар және көп аяқтылар кластарының, ете-мөте белгілі өкілдеріне сипаттама беріледі.
Шаян тәрізділер класы
Шаян тәрізділер класына дафния мен циклоп жатады. Оларды аз ғана үлкейтетін микроскоппен-ақ анықтап қарауға болады. Дафния денесінде мұртшалар (антенналар) бар. Бұлар сезу және қозғалу органдары болып табылады. Кішкене шаян соларды сермеу арқылы секіріп қозғалады. Табиғаттағы дафнияның балық шабақтарына ең жақсы қорек ретіндегі маңызы зор.
Тұщы сулардағы шаян тәрізділердің кәдімгі өкілдерінің бірі болатын кішкене шаян — циклоп болып табылады.
Өзен шаяны негізінде Азов, Каспий, Балтық және Қара теңіздерге құятын өзендерде кездеседі. Шаян денесінен бес жұп аяқтарымен бірге (мұрттарының екі жұбы — антенналар, үш жұбы — жақтары) бас бөлігін, ірі-ірі бес жұп «жүретін» аяқтарын (олардың бірінші жұбында мықты да, үлкен қысқыштары болады, ал үш жұбы — жақ аяқтар) орналасқан көкірек бөлігін және жеті бунақтан тұратын құрсақ бөлігін ажыратуға болады.
Бас пен көкірегі жалпы сауытқа -- баскөкірекке тұтасып кеткен, демек, онда он үш жұп аяқтары бар, олардың ішінде бес жүп аяқтары ғана жақсы көрініп турады.
Крабтардың бізге бес жұп аяқтары бар баскөкірегі көрінеді. Крабты шалқасынан аударғанда баскөкірегінің астыңғы жағымен түйіскен қысқа ғана жайпақ құрсағы көрінеді.
Тақуа шаянның етті құрсағы жұқа ғана ұлпа қабықпен қапталған. Мөлшері қолайлы моллюска бақалшағының үстінен түсіп, кейде бақалшақ иесін жеп алып, шаян өз құрсағын соған жасырады.
Өрмекші тәрізділер мен көп аяқтылар кластары
Өрмекші тәрізділерде буын аяқтылар типінің барлық белгілері болуымен бірге төрт жұп аяқтары, екі жұп жақтары бар бас-көкірек болады. Жақтарының екінші жұбында бунақты қармалауыштары бар.
Өрмекші тәрізділерге өрмекшілер, кенелер және қыр шаяндар жатады.
Өрмекшінің денесі баскөкірек пен буылтық тапбаған шар тәрізді құрсақтан құралған. Үстіңгі жақтарының ұштары иіліп келген үшкір болады да, оларға улы бездерден у ағатын жол ашылады. Құрсағының артқы жақ ұшында өрмек сүйелдері болады, ал олардың астыңғы жағында өрмекші денесінен шығысымен қатайып, өте жіңішке құрғақ жіпке — өрмек жібіне айналатын қоймалжың сұйық зат бөліп шығарушы бездері болады. Өрмекшілер арасындағы дене тұрқы 1,5 см, шағын ғана, арқасында
крест тәрізді дағы болатын крест өрмекші ерекше назар аударады. Өрмекші әзірлеген өрмек жібінің сәулелене керілген құрғақ жіптерден және соларды спиральша орай байланыстыратын, кеппейтін жабысқақ тамшылармен қапталған жіптерден тұратындығы әркімге-ақ белгілі.
Бөлменің бұрыштары мен төбесіне сұр түсті өрмек перделерін тоқып тастайтын кішкепе қара үй өрмекшісі де өрмекшілерге жатады. Украина мен Кавказда ұзындығы 3—4 см-ге жуық, денесі ірі бүйі мекендейді. Ол өзі қазып, кірер аузына өрмек тоқып тастаған інде тіршілік етеді. Бүйі шаққанда қатты ауыртады. Орта Азиялық республикаларда ұзындығы 2 см мөлшерінде болатын қара өрмекші — қарақұрт мекендейді. Ол өте қауіпті: оның шаққанынан адамның өліп кетуі де мүмкін.
Кенелерді жиі-жиі кездестіруге болады. Жазда ит кенесі де оңай табылады, ол адам денесінде де паразиттік етеді. Бұл біздегі кенелер ішіндегі ең ірісі, алайда қан сорып, тойғанға дейінгі денесінің ұзындығы 2 миллиметрдей ғана. Денесі алмұрт пішінді төрт жұп аяқтары бар қара тақта тәрізді болады. Денесінің үшкір жағынан алға қарай ет тұмсықшасы шығып тұрады, ол жоғарғы жақтар жұбынан құралған. Бұл тақта баскөкірек болып табылады, оның астында жұмсақ құрсақ тасаланып жатады.
Жоғары жақтарының қысқаша тақталары ұшы үшкірленген екі араға ұқсайды, кене теріні сол аралар көмегімен кескілейді де, тілінген жердің жиегін аралар аралығындағы тістерімен қысып алады. Кененің теріге мықты жабысатындығы соншалық тіпті оны ажыратып алудың өзі қиын.
Әсіресе тайга кенесі өте қауіпті, ол энцефалит (мидың қабынуы) ауруын таратушы.
Қотыр түсіретін қышыма кене микроскоппен ғана көрінетін өте ұсақ болады. Ол адам терісіне, көбінесе көл саусақтарының арасына кіріп алады да, терінің мүйізді қабатынан жол салып, төзуге болмайтындай қышытады. Ауру өте жұқпалы: қол беріп амандасқанда, кішкене кенелер бір қолдан екінші қолга жорғалап өтеді.
Кенелердің басқа түрі құстарда паразиттік етеді. Жаңбырсыз күндері құстар қышымаға қарсы зая күрес жасап, жолдың шаңына көміледі.
Қыр шаяндары бір қарағанда шаяндарға көбірек ұксайды : олардың құрсағы бунақты, денесі қалың хитинмен қапталған, ең бастысы баскөкірегіндегі қыс-қыштары шаянның қысқыштарына өте ұқсас. Бірақ біз зер сала қарасақ, баскөкіректен төрт буылтық аяқтардың шығатындығын, ал қысқыштардың түрін өзгерткен жақтарының екінші жұбындағы қармалағыштар екендігін
байқаймыз.
Қыр шаяндары Кавказда, Орта Азияда кездеседі; олардың мөлшері 6—8 см, денесі құмның түсіне сай, сары болады. Қыр шаяндары өте улы, олардың уы құрсағының жіңішке жағындағы соңғы буылтығында («құйрығында») орналасқан. Бұл буылтықтың пішіні өте үшкір, ұшы біз тәрізді созылып шыққан көпіршікке ұқсайды.
Насекомдар
Насекомдар — жануарлар әлеміндегі ең саны көп тобы, олардың белгілі түрі 1 миллиоиға жуық.
Насекомдардың көптеген түрлері сан жағыиан орасан көп болады. Олар ауада да, суда да, жер бетінде де таралған. Кейбір түрлері топырақта тіршілік етеді.
Өте ірі және әдемі насекомдар тропикте мекендейді.
Ең дағдылы, кең тараған насекомдар: қоңыздар, көбелектер, жарғақ қанаттылар, тарақандар, тура қанаттылар, қандалалар; биттер, бүргелер. Бұлардың ішінде пайдалылары да (түкті аралар, бал аралары, көптеген құмырсқалар, кейбір қоңыздар мен көбелектер) көп. Бірақ зиянды насекомдар да аз емес (шегірткелер, безгек масалары, кәдімгі шыбындар, төсеніш қандалалары, биттер, бүргелер).
Насекомдардың (бұғы-қоңыз бен көбелекті, құмырсқа мен көкқасқа шегірткені, т. б. салыстырыңыздар) сыртқы пішіні мен мөлшері әр алуан болса да, олардың қүрылысы біркелкі; мұның өзі оларды ерекше шектелген бір ғана класс деп санауға мүмкіндік береді.
Насекомдардың құрылысы. Барлық буын аяқтыларға тән қасиеттер насекомдарда болады: денесін хитин қабық қаптайды, ол ірі насекомдарда әжептәуір қалың да, мықты болса, ұсак насекомдарда әлдеқайда жұқа болады. Аяқтары буылтықты болып келеді.
Денесі үш бөліктен: бас, көкірек және құрсақтан тұрады, аяқтары әрқашан да үш жұпты, ересек насекомдардың бірсыпырасында қанат болады.
Басы буылтықтарға бөлінбеген, көкірегінде үш буылтық, құрсағында әдетте жеті-сегіз буылтық болады.
Басында үнемі төрт жүп аяқтары: олардың бір жұбы мұртша (антенна) және үш жұптары ауыз аппаратың түзуші аяқтар болады.
Әр түрлі тіршілік жағдайларына байланысты насекомдардың дене мүшелері (ауыз органдары, қанаттары, аяқтары) күшті өзгерген.
Ауыз аппараты мына бөліктерден тұрады: жоғарғы жақтар, төменгі жақтар, қармалағыш, төменгі және жоғарғы еріндері.
Ауыз аяқтары мына негізгі төрт құрылыс желісінен тұрады: кеміргіш (немесс шайнау), жалайтын (немссе жалап ішу), сорушы, шаншушы ауыз аппараттары.
Кеміргіш органдар — ең қарапайым органдар. Ертедегі насекомдардың бәріндс де осындай органдар болған. Қазіргі уақытта насекомдар отрядының түгелге жуығының личинкасында кеміргіш органдар бар.
Түкті аралардың, бал араларының, араның жалайтын немесе жалап ішетін органдары болады.
Сорушы орган көбелектерге тән.
Қандалалардың, өсімдік биттерініц т. б. шаншушы органдары болады.
Насекомдардың нерв системасы жақсы дамыған. Соған байланысты сезім мүшелерінің (сезу органдары, иіс сезу, дәм сезу, көру, есту) құрылысы күрделенген.
Сезу органдары негізінен мұртшаларда, жақ аппаратының сезім мұрттарында және аяқтарында болады.
Насекомдардың көпшілігінің иісті сезетін органдары болады. Олар негізінде мұртшаларда орналасқан.
Дәм сезу органы құрылысы жағынан иіс сезу органына ұқсас. Дәм сезу органы төменгі ерінде, сезім мұрттарында, ал көбелетердің табанында болады.
Насекомдардың көру органдары жақсы дамыған. Оларды екі түрлі құрылыстағы көздер: жай көз және күрделі (фасетті) көз болады.
Насекомдардың көпшілігі дыбысты естиді, есту органы денесінің әр жерінде болады. Олардың құрылысы да әр түрлі. Мысалы, көк қасқа шегірткенің есту органы аяғында болады.
Насекомдардың дамуы. Әдетте ұрғашы насекомдар бірнеше ондаған жұмыртқа салады. Жұмыртқалар ұрғашы насеком салған өсімдікке жабысады және личинкалары да сонымен қоректенетін болады. Капуста көбелегі жұмыртқасын капуста жапырағының астыңгы жағына салады. Сақиналы жібек көбелегінің жұмыртқа салуы өте ерекше. Ұрғашы маса жұмыртқасын су бетіне салады.
Жұмыртқа бастабында бір-ақ клеткадан тұрады да, бірнеше рет бөлінудің нәтижесінде, белгілі уақыт аралығында, көп клеткалы ұрыққа айналады және жұмыртқа қабығын жарып шығып, жедел қоректене бастайтын личинка болады. Ұрғашы насекомның тікелей личинкаға қажетті қорекке таяу жерге жұмыртқа салу инстинкті тамаша-ақ.
Жұмыртқадан шыққан личинканың ересек насекомға дейін дамуы барлық насекомдарда бірдей өтпейді. Кейбір түрлер шала, ал кейбіреулері толық түрленіп дамиды.
Шала түрлене даму процесі үш сатыда: жұмыртқа, личинка, ересек насеком сатыларында өтеді. Толық түрлену төрт сатыда өтеді: жұмыртқа, личинка, қуыршақ, ересек насеком.
Шығу тегі ертеректегі насскомдардың — тарақандардың, инеліктердің — құрылысы әлдеқайда қарапайым болады да, шала түрленіп дамиды. Тек мөлшері мен қанатының болмағандығы болмаса, личинка денесінің пішіні ересек насекомды еске түсіреді. Мысалы, жазда ашық жасыл және сұр жасыл көк касқа шегірткелерді табуға болады. Олардың дене мөлшері ірілерінде қа-нат болады, ал +пішіндері осындай көк қасқа шегірткелердің дене мөлшері кішіректерінде қанат болмайды. Бұл көк қасқа шегірткелердің личинкалары.
Насекомдардың басым түрлері: көбелектер, қоңыздар, бал аралары, шыбындар едәуір күрделі формада (толық түрлену) дамиды. Жұмыртқадан шықкан личинка ересек насекомға мүлде ұқсамайды. Мұны олардың басқа жағдайда тіршілік етіп, басқаша қоректенуімен түсіндіруге болады. Мысалы, көбелек жұлдыз құртының дене пішіні құрт тәрізді. Егер көбелек жұлдыз құртына зер салып қарасақ оның денесінен бастың жекеленіп тұрғанын көруге болады. Басында кеміргіш ауызбен (жақтары) бірге қатты хитин бар. Ересек насекомдардағыдай үлкен көздері де бол-майды, бастың екі жағындағы дөңестср астынан, әрбір жағында 4—6-дан, жылтыраған кішкене көз ноқаттары көрініп тұрады. Бастан кейін барлық насекомдарға тән белгі — үш жұп аяқтары бар үш буылтық жатады. Жұлдыз құрттың ақырғы буылтықтарында тағы да 4—6 жұп жалған аяқтар орналасқан. Жұлдыз құрт осы тері— бұлшык ет өскіндерінің көмегімен бұтақты мықтап қармап алады. Кейбір насекомдардың да личинкаларында — бал араларында, шыбындарда аяқ болмайды да, олардың пішіндері ақ құрт сияқты. Құрт тәрізді личинканың пішіні кейде қысқалау да жалпақ, кейде толық болып келеді.
Личинка денесін өте жұқа хитин қаптап жатқандықтан, көптеген личинкалар сипағанда жұмсақ болып сезіледі. Кейде личинкаларда жақсы дамыған аяқтар болғандықтан, олар жыртқыштықпен тіршілік етеді (сүңгуір қоныз, инеліктер, қанқыз). Личинка ескенде мүйіздік хитин ұлғая алмайды, сондықтан личинка тіршілік еткен кезінде төрт рет түлейді, яғни хитинді жабынын ауыстырады (ол жарылады да, денесінде жаңа қабық пайда болып, ұлғайып ескен личинка ескі қабығын тастап, одан шығады).
Личинка мөлшерлі шегіне жеткенде ғажап құбылыс болады. Личинка қимылсыз қалады да, жаңа хитин қабыққа оралады, сөйтіп үшінші даму сатысы — қуыршақ — басталады.
Жібек көбелектер тұқымдастарының жұлдыз құрттары қуыр-шақтанбастан бұрын басының алдыңғы ұшынан ермек жібін шығарып, өзін пілләға орайды. Бұл кезде жұлдыз құрт жіп шығарып, оны шөрік толтырғандай өзіне орағанда алдыңғы жағымен тынбастан мыңдаған айналу қозғалыстарын жасайды. Сонымен қабат сілекей безінен жабысқақ сұйық зат бөлініп, ол жіп қабаттарын желімдестіріп, созылмалы мықты қабырғаға айналдырады. Қуыршақтану қимылсыз қалған насекомды түрлі жағдайлардан қорғайтын тығыз піллә ішінде өтеді. Адамдар ежелден-ақ жіңішке жіпті тарқатып, одан жіп иірген және жібек деп аталатын мата тоқыған.
Емен жібек көбелегінің пілләсіне оралғаи жіптің ұзындығы бір километрден (900 м шамасыпда) болады.
Көбелектердің көпшілігі піллә жасамайды. Жұлдыз құрт қуыршақтану үшін оңаша жатқан жасырын жерге кіріп алады, сонда сары түсті қорғаныш реңі бар құрғақ қабықтағы қуыршақ жауларына елеусіз болады. Насекомдардың көпшілігі әдетте қуыршақ сатысында қыстап шығады.
Ұзаққа созылған дамылдан кейін қуыршақтың терісі (қабығы) жарылады да, пайда болған саңылаудан толық қалыптасқан ересек насеком шығады. Бірақ, лпчинка қуыршактанды ғой! Одан із де қалмаған. Жыртылып айырылған қабық кұрғақ және іші бос қалған.
Тікен терілер типі
Тікен терілілер типіне теңізді мекендейтін жануарлар жатады. Тікен терілілер типі бес класты: Теңіз жұлдыздары, Жылан қуйрықтылар, Теңіз кірпілері, Теңіз дүңгіршектері, Теңіз лилиялары кластарын қамтиды. Тікен терілілерге тән қасиет — ізбесті тақталардан құралған ішкі скелетінің болуы. Жиі-жиі бұл ізбесті тақталардан көп өскіндері — ізбесті инелері бар тығыз сауыт пайда болады, теңіз жұлдыздарында, теңіз кірпілерінде кейбір ізбесті инелер түрін өзгертіп, қимылдағыш аяқтарында болатын ерекше кішкентай қысқыштарға айналады. Қішкентай қысқыштардың көпшілігінде улы бездер болады. Демек, өзгерген инелер қорғаныш қызметін атқарады. Алайда олар санитарлық та қызмет атқарады: инелерде қалып қойған қорек түйіршіктерін, нәжісті тазаланды.
Теңіз жұлдыздары, барлық мұхиттар мен тұзды теңіздерде — Солтүстік Мұзды мүхит пен Антарктида жағалауларына ұласып жатқан сулардан бастап, мұхиттардың тропиктік және экваторлық зоналарына дейін таралған. Тұщы сулы теңіздерде (Азов, Каспий) теңіз жұлдыздары болмайды немесе қыспақта болады. Теңіз жұлдыздарының регенерациясы айқын көрінеді: үзіп алынған бір сәулесінен бүтін бір теңіз жұлдызы қалыбына келе алады.
Теңіз кірпілерінің денесі шар тәрізді, оның сыртын инелер қаптап жатады.
Теңіз кірпілері барлық мұхиттар мен теңіздерге таралған, тек суы өте тұщы теңіздерде ғана болмайды.
Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар
Өзін-өзі тексеру сұрақтар:
1.Моллюскілер типіне сипаттама беріңіз?
2.Шаян тәрізділер, Өрмекші тәрізділер, Көп аяқтылар, Насекомдар кластары ерекшеліктерін атап көрсет?
Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)
Негізгі әдебиеттер
-
Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.
Қосымша әдебиеттер
-
Естествознание и основы экологии. М., 2000.
15 Тақырып: Хордалылар. Омыртқалылыр типі.
Дәрістін жоспары:
1.Балықтар класы
2. Қос мекенділер класы;
3. Бауырымен жорғалаушылар;
Дәрістің қысқаша мәтіні.
Хордалылар типінің өкілдерін шартараптан кездестіруге болады. Бұл типтегі жануарлардың саны өте көп (40 000 түрден астам).
Хордалылар типіне жататын жануарларға тән нәрсе — осін бойлай созылатын скелеті болады. Төменгі сатыларда ол хорда болады да, жоғары сатылыларда оның орнына омыртқалар дамиды. Осьтік скелеттің үстін ала нерв системасы жалғасады. Жануарлардың көпшілігінің нерв түтігінің алдыңғы бөлімі жуандап, миға айналады. Ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімі сыртқы ортамен желбезек саңылаулары арқылы өз ара байланыста болады, ол тек судағы төменгі сатылы хордалыларда ғана сақталған. Басқа жануарларда желбезек саңылаулары тек ұрық түзілген кезде ғана пайда болады. Хордалылар типіне 3 тип тармақшалары бірігеді. Осы тип тармақшаларының бірі Омыртқалылар болып табылады. Біз үшін тек осы тип тармақшасы гана назар аударарлық.
Хордалылар, көбінесе омыртқалылар, түрінің саны жануарлар дүниесіндегі түрлердің жалпы санының 3%-дей ғана, бірақ планетамызда омыртқалыларға сансыз көп жануарлар жататын болғандықтан, олардың маңызы өте зор.
Омыртқалы жануарлар тип тармагы 6 класты біріктіреді. Олар: Дөңгелек ауыздылар, Балықтар, Қос мекенділер, Бауырымен жорғалаушылар, Құстар, Сүт қоректілер.
1. Балықтар класы
Балықтар класына шеміршекті және сүйекті балықтар класы енеді.
Шеміршекті балықтар —- осы күнгі ең қарапайым балықтар. Көлденең орналасқан жұп қанаттары болады. Торсылдағы болмайды.
Акула — шеміршекті балықтардың кәдімгі өкілі. Акуланың дене пішіні созылыңқы, ұршық тәрізді болады. Көкірек және құрсақ қанаттары жұптасып көлденең орналасады. Кұйрық қанатының тілігі тең емес. Скелеті шеміршекті.
Акулалар желбезек арқылы тыныс алады. Қан айналу системасы жақсы дамыған. Жүрегі екі камералы, құлақша мен қарыншадан тұрады.
Миы үлкен, орта миы мен мишығы жақсы жетілген.
Акулалар жер шарына түгелдей таралған. Олардың ішінде ұзындығы 4 м-ге жететін ірі түрлері де (көгілдір акула немесс кісі жегіш акула) бар. Көгілдір акула тропиктік және субтропиктік теңіздерде кездеседі. Алып акула көгілдер акуладан да үлкен болады.Оның кейбір жеке түрінің ұзындығы 15 метрге жетеді.
Қара теңізде ит тұрпатты акула тіршілік етеді. Дене мөлшері — 1 м. Ол су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді.
Акулалардың көпшілігі тірі туады.
Скаттар да (жұп балық) шеміршекті балықтарға жатады. Олар су түбінде баяу қозғалып тіршілік етеді. Скаттар су түбіндегі жануарлармен қоректенеді.
Скат денесі арқасы мен бауыр жағынан қысыңқы, жалпақ, кұйрығы жіңішке де, ұзын болады. Баренц теңізінде сәулелік скат. Қара теңізде тікенекті скат тіршілік етеді. Азов жәнс Қара теңізде шаншар құйрықтылар кездеседі.
Сүйекті балықтар — балықтар класындагы түрлердің көпшілігін қамтитыи ең көп топ. Сүйекті балықтардың классификациясы күрделі болады. Осы кезде оларды төрт класс тармағына бөледі. Олар: Сүйекті шеміршектілер, Сәуле қанаттылир, Саусаң қанаттылар және Қос тыныстылар. Біз сүйекті шеміршектілер мен сәуле қанаттылар класс тармағының өкілдерін қа-растырамыз. Олар сан алуан су қоймаларында тараған. Скелеті сүйекті. Ең әуелі тері немесе жабын сүйектері сүйекке айналған.
С ү й е к т і ш е м і р ш е к т і л е р — балықтардың ертедегі тобы. Оларға бекіре тұқымдастар: орыс бекіресі, сібір бекіресі, амур бекіресі,шоқыр, сүйрік, европа қортпасы, қиыр шыгыс қортпасы, т. б. жатады.
Бекіре түқымдас балықтардың халық шаруашылығында маңызы зор.
Сәуле қанаттылар — қазіргі балықтар ішіндегі көп түрлісі. Олар шартарапқа таралған: өзендерде, көлдерде, тоған суларында, теңіздерде кездеседі. Тұщы су балықтарының көпшілігі сәуле қанаттыларға жатады.
2.Амфибиялар, немесе қос мекенділер класы
Бұл жер бетінде тіршілік ететін омырткалылардың ең аз тобы. Бұлардың көпшілігі даму сатысына байланысты кейде суда, кейде құрылықта тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың желбезекпен тыныс алуы өкпемен тыныс алуға ауысқан, аяқтары өзгерген. Ересек формаларында өкпе нашар жетілгендіктен тері қосымша тыныс алу органы қызметін атқарады. Жүрегі үш камералы болғандықтан артерияларда аралас қан болады да, вена және артерия қанына толық ажырамайды.
Түрлердің жалпы саны 2100-ге жуық. Басқа омыртқалыларға қарағанда қос мекенділер едәуір аз тараған. Олар температурасы мен ылғалдығы біршама тұрақты тропиктерде көбірек мекендейді. Қос мекенділср қоңыржай ендіктерде аз болады, шөл аймақтар мен таулы аудандарда саны азайып, Арктика мен Антарктикада мүлде болмайды.
Қос мекенділер класына құйрығы (тритон, саламандра, ак-солотль), аяқсыз (балықжылан, жыланқұрт), құйрықсыз (құрбақа, бақалар) қос мекенділср жатады.
Олар жануарларды (құрттар, моллюскалар, сүліктер) қорек етеді, тек личинкалары гана өсімдіктермен қоректенеді.
Амфибиялардың көбею кезеніндегі байланыстылығы, олардың көбеюіндегі жалпы ерекшелік болып табылады. Бақаны мысалға алып, амфибиялардың дамуын қарастырайық. Ұрықтану соңынан 8—10 күннен кейін ұрық (бақанікі) жұмыртқа қабығын тесіп, личинка (итбалық) түрінде далаға шығады. Алғашында итбалықта аяқтар болмайды да, жүру органының қызметін құйрығы атқарады. Алдыңғы аяқтары бұрын негіделгенімен көпке дейін дене сыртынан белгісіз болады да, ең алдымен артқы аяктары көріне бастайды. Мұның соңынан құйрық қыскарады. Бастабында тыныс алу қызметін бұтактанган сыртқы желбезектері атқарады да, соңынан желбезек саңылаулары (ішкі желбезек) дамиды. Біраз уақыттан кейін ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімінен өкпе қалыптасады. Өкпенің жетілуіне қарай ішкі желбезектер жойыла береді. Бақаның қан айналу, ас қорыту және зәр шығару системаларында да өзгірістер болады
3.Бауырымен жорғалаушылар класы немесе рептилиялар класы
Бауырымен жорғалаушылар құрылық омыртқалылырына жатады. Түрлердіц жалпы саны — 5000—5500. Олардың тіршілік етуі сулы ортаға байланысты қос мекенділерден өзгеше болады.
Бауырымен жорғалаушылардың көпшілігінің жүрегі үш камералы және оларда артериялық, веналық ағыстарға ажырау әжептеуір толық жүзеге асқан мұның өзі құлақшалар аралығының толық бөліне бастауымен, жүрек қарыншасындағы жетімсіз кедергіге байланысты пайда болған. Қос мекенділерге қарағанда нерв систсмасы да едәуір жетілген. Ми жарты шарлары айтарлықтай ірі. Мидың сұр және ақ заттары бар. Мида сұр заттың болуы бауырымен жорғалаушыларда ми қыртысының барлығын дәлелдейді, алайда ол әлі толық жетілмеген. Бауырымен жорғалаушылардың ми қыртысы да қос мекенділерге қарағанда едәуір күрделі. Оларда туа пайда болатын шартсыз рефлекстер байқалады және жаңа — шартты рефлекстер калыптасады.
Кесірткелер, жыландар, тасбақалар, крокодилдер бауырымен жорғалаушыларга жатады. Олар әр алуан жағдайларда тіршілік етеді. Көптеген түрлер тропиктік және субтропиктік ендіктерде мекендейді, шөл далада да рептиллялар көп. Бауырымен жорғалаушылардың сан алуан болуы солар мекендейтін ортаның әр түрлі сипатталатындығына байланысты. Кесірткелер насекомдармен, құрттармен, моллюскалармен қоректенеді, сарыбас жыландардың қорегі — бақалар, кесірткелер, кемірушілер, балық-тар. Бауырымен жорғалаушылардың барлығына дерлігі қорегін тұтас жұтады.
Рептилиялар көбеюінің бауырымен жорғалаушылардың көбеюінен айырымашылығы болады. Жұмыртқалары судан тысқары дамиды. Кейбір түрлері баласын тірі туады.
Бауырымен жорғалаушылардың маңызы әлі толық зерттелген жоқ. Алайда көптеген түрлері қоректену арқылы өсімдік зиянкестерін көп мөлшерде жойып жібереді. Жер планетасында кесірткелср мен жыландар өте көп тараған.
Кесірткелердің сыртқы бейнесі алуан түрлі болады. Олардың көпшілігінің денесі созылыңқы, алдыңғы және артқы аяқтары бар. Кейбір түрлерінде (сарыбауыр кесіртке) аяқ болмайды. Аяқсыз кесірткелердің сыртқы пішіні жыланға өте ұқсас. Кесірткелер барлық жерлерде тіршілік етеді. Олар жерде де, ағаштарда да, кейбіреулері суда да мекендейді.
Жыландар бүкіл жер шарында тараған. Жыландардың 2500 түрі бар деп есептеледі. Олардың бәрі тек қана азықпен қоректенеді. Қорегін тұтас жұтады. Жыландардың кейбір ірілері бұғының бұзауын жұта алады. Жыландардың улылары да бар. Сұр жылан, гюрза, қалқан тұмсық, күркіреуік жылан және басқа да толып жатқандары улы жыландар.
Достарыңызбен бөлісу: |