ПОӘК 042-18 23/03-2014 №2 басылым 11. 09. 2014


Мысал: Өнiмнiң бiрлiгiнiң өзiндiк құны 5 мың теңге, жоспарлы тиiмдiлiк деңгейi 20%. Кәсiпорынның бағасын табу керек. Шығаруы



бет17/17
Дата11.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#190235
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Мысал:

Өнiмнiң бiрлiгiнiң өзiндiк құны 5 мың теңге, жоспарлы тиiмдiлiк деңгейi 20%. Кәсiпорынның бағасын табу керек.



Шығаруы:

ТпқƒТд (тиiмдiлiк деңгейi): 100.

Тп=5 мың теңге ˛20%:100%=1 мың теңге.

Кб=5 мың теңге+1мың теңге=6 мың теңге.


Босату бағасы (Бб) =Кб+А(акциз)+ҚҚС (қосымша құн салығы).

Ақ(акциз құны)=Кб ƒ Ад(акциз деңгейi); ҚҚС=Кбқ ƒ ҚҚСд (қосымша құн салығының деңгейi).


9.1 Өқ-5 мың теңге; Тд=20%; А-20%; ҚҚС-20%.

Босату бағасын табу керек.



9.2 Өзіндік құн (1030), пайдаланылатын тиiмдiлiк 20%, ҚҚС -20%, акциз-10%. Босату бағасы мен ҚҚС 1500 теңгелiк деңгейi сiздi қанағаттандыра ма?

9.3 Өзiндiк құн 600 т, ҚҚС - 20%, акциз 30%, босату бағасы 2000 теңге болуы мүмкiн. Тауардың тиiмдiлiгi қандай?

9.4 Сатып алу бағасы (цена закупки) 2000т. Егер ең жоғарғы сату бағасы (розничная цена) 2875 теңге болса, қандай қосу үлесiнен жеңiлдiк делдалдың пайдасына шешiлер едi?

9.5 Сатып алу (цена закупки) бағасы 50000 теңге, ең жоғарғы сату бағасы (розничная цена) 55000 теңге. Сату бағасындағы саудаға қосу (торговая надбавка) үлесi туралы не айтуға болады?

9.6 ҚҚС босату бағасы 4000 т, ҚҚС-20%, өзiндiк құн 2500т, босату бағасының құрамы қандай?

9.7 Қосымша құн салығынсыз босату бағасы 4500 теңге, ҚҚС - 20%, өзiндiк құн 3000 теңге болғанда тауардың тиiмдiлiк деңгейi қандай?

9.8 Заттар мен шикiзаттардың шығымы 200 мың теңге, электр қуатын пайдалану 100 мың т., жұмысшылардың еңбек ақысы 141844 т, еңбек ақыға қосымша есептеу (начисления на оплату) -41%, жалпы өндiрiстiк, шаруашылықтық шығын еңбек ақының 25%, өндiрiстiк өзiндiк құнның 20% сату шығыны, пайдаланылатын тиiмдiлiк -20%, сату салығы 4%.

Қолма-қол төлеуде қандай бағамен сатылады?


Есептердің жауаптары:


  1. 3. 4. 5. 6. 7. 8.


Тақырып 11. Ауыл шаруашылығындағы инвестициялар мен инновациялық қызмет

Мақсаты

Студенттерге ауылшаруашылығындағы инвестициялар мен инновациялық қызметтің мәнін түсіндіру

Сабақтың құрылымы

1. Инвестициялар түсінігі, түрлері

2. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.

3. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары.

Бақылау сұрақтары


  1. Инвестициялар түсінігі, түрлері

  2. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.

  3. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары.

  1. Күрделі құрылыс не жатады?

  2. Күрделі салым деген не?

  3. Күрделі салымды қаржыландыру көздері

  4. Күрделі салымды салыстырмалы және абсолютті тиімділік көрсеткіштері

  5. Күрделі қаржыны ақтау мерзімі

  6. Инвестициялар түсінігі, түрлері,

  7. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.

  8. Таза келтірілген құн көрсеткіші.

  9. Дисконттау көрсеткішін анықтау жолдары.

  10. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары


Тақырып 12. Ауыл шаруашылығының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы
4.Курстық жұмыстар (жобалар)

Пән бойынша курстық жұмысты (жобаны) орындау қарастырылмаған

5. Студенттердің өздік жұмысы

5.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.

Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.


5.2.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
1. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар.

2. Нарықтық экономика және бизнес

3. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы

4. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі

5. Салалардың ұғымы және оның ауылшаруашылығындағы орны

6. Қазақстанның ауылшаруашылығы экономикасының ерекшелігі

7. Ауыл шаруашылығын орналастыруды экономикалық бағалау

8. Ауылшаруашылығын мамандандыру және шоғырландыру

9. Нарық және ауылшаруашылығындағы нарықтың механизмі

10. Саладағы нарықтардың классификациясы мен түрлері

11. Нарықтың функциялары және нарықтық инфрақұрылым

12. Саладағы нарықтық саясат



13. Қазіргі заман экономикасында ауыл шаруашылығының сала ретіндегі ерекшеліктері






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет