ПОӘК 042–18-1.1.23/03–2014
|
№2 басылым 11.09.2014
|
бет -тен
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | 3 деңгейлі СМЖ құжаты | ПОӘК | ПОӘК 042–18-1.1.23/03–2014 | ПОӘК «Ауыл шаруашылығы экономикасы» пәнінің оқытушыға арналған бағдарламасы |
№2 басылым 11.09.2014
|
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЭКОНОМИКАСЫ»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы үшін
Оқу-әдістемелік материалдар
Семей 2014
Мазмұны
-
Глоссарий
-
Дәрістер
-
Практикалық және лабораториялық сабақтар
-
Курстық жұмыстар (жобалар)
-
Студенттердің өздік жұмысы
1. ГЛОССАРИЙ
Жерге арендалық төлем – жерді уақытша пайдалану үшін берілетін ақы;
Аффилиированды тұлға – мемлекеттік емес заңды тұлғаның немесе тәуелді акционерлік қоғам деп танылған ұйымның жалғасы;
Төлемнің базалық ставкасы – жерге жекеменшіктік құқық бергендегі немесе жерді уақытша пайдалануға сатқандағы мемлекеттің кадастралық (бағалау) құнын анықтаудың нормативті шектелген бағасы;
Жерді қайталай пайдаланушы – келісім негізінде жерді алғашқы пайдаланушыдан алғандағы құқығын сақтай отырып қайталай пайдаланатын тұлға;
Жерді мемлекеттік пайдаланушы – республикалық мемлекеттік және коммунальдық заңды тұлға;
Мемлекеттік кепілдікпен пайдаланушы – жер кодексімен және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдылықтарымен төлемсіз пайдаланылатын жер учаскесінің иесі;
Тыңайған жер – ұзақ уақытқа өңделусіз қалған жер;
Кепілді жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы – кепілді келісімнің, Қазақстан Республикасының заңдылық актілерінің негізінде кредиторлардың басқа кредиторлардан артықшылықпен пайдалану құқығы. Ол жерін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне орай пайдаланады;
Жер үлесі – басқа да тұлғалармен қатар өзіне тиесілі жер учаскесінің аумағы. Ол жер кодексіне немесе Қазақстан Республикасының басқадай заңды өкілдері арқылы беріледі;
Құқықтық жер қатынасы – жеке субъектлерге жер ресурстарын қадағалау басқармасы берген құқыққа орай пайдалануды айқындайды;
Жер кадастры – мемлекеттік кадастрдің құрамдас бөлегі болып табылатын жер туралы мағлұматтың жүйесі;
Жер участкесі – жер кодексімен субъектіге бекітілген шектеулі жер аймағы;
Жер – Қазақстан Республикасының суверенитеті бекітілген аймақтық кеңістік. Оған табиғи ресурстар, жалпы өндірістік құралдар және еңбектің кез келген аумақтық негізі кіреді;
Жер қоры – мақсаттарына қарай тиісінше мынандай категорияларға бөлінеді:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
2) елді мекендер (қалалар, поселкелер және ауылдық елді мекендер);
3) өнеркәсіпке, көлік қатынасына, байланысқа, қорғанысқа және ауыл
шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер;
4) ерекше қорғауға алынған территориялар, сауықтыру, рекреациондық
және тарихи – мәдени мақсаттағы жерлер;
5) орман қорына арналған жерлер;
6) су қорына арналған жерлер;
7) запастағы жерлер.
Тұрақты мәдениетке бөлінген – көпжылдық өсімдіктерге, сондай-ақ жеміс-жидекке арналған жерлер;
Иммиграциондық жер қоры – репатрианттарға (оралмандарға) беретін және арнаулы жер қорының құрамына кіретін резервке алынған жер учаскелері;
Шетелдік жер пайдаланушылар – шет мемлекеттердің азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, құқықтық тұлғалар. Олар шет мемлекеттердің, халықаралық бірлестіктердің, ұйымдардың заңдылықтарына сәйкес ие болғандар.
Жер учаскелерін мақсатты пайдаланатын классификатор – территорияның учаскесін және оған орналасқан үйлер мен ғимараттарды пайдаланатындар;
Кондоминимум – қозғалмайтын мүлік иелігінің түрі. Мұнда жылжымайтын мүліктің бір бөлегі, оның ішінде жер учаскесі де қатысушылардың тиісті үлестеріне қарай пайдаланылады.
Шаруа (фермерлік) қожалығы – бұл жанұялық еңбеккерлердің бірлестігі. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өндеу және өткізумен айналысады. Шаруа фермерлік шаруашылықтың субъектілері өз қарекеттерін құқықтық тұлғалар құрмай-ақ және құқықтық тұлғалардың белгілері жоқ болса да жүргізе береді.
Жеке қосалқы шаруашылық - өз қажеттерін өтеу үшін ауылдық жерлерде және қала маңынан алған жер учаскесінде қарекет жасау;
Ұлттық жер пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, оның ішінде шетелдіктердің қатысуымен қарекет жасайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, заңды тұлғалары;
Мемлекеттік емес жер пайдаланушылар – азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
Жер қатынастары объектісі – Қазақстан Республикасы территориясы аумағындағы барлық жер, не орналасқандығына қарамастан және жеке субъектлерге бекітілуіне және құқықтық негіздеріне, сондай-ақ жер учаскесіне және жерге үлесіне құқығы барлығына қарамастан осыған жатады;
Меншікті құқық объектісі – мемлекеттік және жеке меншік иелігіндегі жерлер;
Жыртатын жерлер – бұл жүйелі өңдеуден өткізіліп, көпжылдық шөп өсірілетін және таза парды қоса алғандағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі үшін пайдаланылады;
Жайылымдық – бұл мал жаю үшін жүйелі пайдаланатын ауыл шаруашылығы алқабы;
Жерді алдымен пайдаланушылар – Жер Кодексінің 32 бабында көзделген тәртіпке орай мемлекеттен алған немесе алғашқы пайдаланушыдан алған жерге иеліктік құқығы барлар;
Жер учаскесін арендаға беруге сатқаны үшін төлем – мемлекет меншігіндегі жер учаскесін ақы төлеу арқылы уақытша пайдалануға құқық алатын бірмезгілдік төлем;
Жерді тұрақты пайдаланушылар – бұлар жерді түбегейлі пайдаланатын тұлғалар;
Топырақ қабаты – жердің үстіңгі құрғақ қабаты, оның өзіне ғана тән құрылысы, құрамы және қасиеті бар ерекше табиғи құрылымы;
Жерге иелік ету құқығы – жерге нақты иелік етуге мүмкіндік беретін заңдылық;
Жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша пайдалануға берілген құқық – жер учаскесінің иесі мен оны уақытша пайдаланушының (арендатормен немесе төлемсіз пайдаланушының) арасында жасалған келісім бойынша субъектіге берілетін құқық;
Жер пайдалану құқығы – мемлекет меншігіндегі жер учаскесін қанша уақыт болса да (тұрақты пайдалануға немесе белгілі бір мерзімге дейін (уақытша пайдалануға) пайдалануға берілетін құқық;
Жерді реттеу құқығы – Қазақстан республикасының территориясындағы жер тағдырын шешуді (Қазақстан Республикасының заңды актілерімен тиым салынбаған жерлерді пайдалануға беретін құқықты) заңды түрде бекіту;
Жер учаскесіне жеке меншіктік құқық беру – азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға Жер Кодексінде бекітілген аумақтағы шектегі жер учаскесін беру құқығы;
Жер учаскесіне берілетін құжаттарға иелік ету құқығы – жер учаскесіне азаматтар мен заңды тұлғалардың иелік етуін берілетін құжаттар (бұларға жердің жеке меншікте болуы, жерді пайдалану құқығы, сервитуттар және басқадай жер учаскесіне берілетін құжаттар жатады). Құқықты бекітетін құжаттарға жер учаскесіне меншіктікті, үнемі пайдалануға құқық беретін акт және уақытша пайдалануға (төлемді, төлемсіз) құқық беретін актлер жатады;
Атқарушы органдардың шешімі – атқарушы органдардың жер учаскесіне құқық беретін құқықтық актілер;
Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны – бұл негізінен ауыл шаруашылығы аясында қызмет ететін заңды тұлға. Жергілікті бірліктер – бұлар негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін көмекші шаруашылық түріндегі заңды тұлғалы бөлімшелер.
Ауылшаруашылығындық алқаптар – бұлар ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер учаскелері (орман, көл, егістік, батпақтар);
Ауылшаруашылығындық жерлер – бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер учаскелері. Олардың құрамына жыртылатын жерлер, мәдени дақылдар, шыбындықтар мен жайылымдық жатады;
Шыбындықтар – бұл шөп шабу үшін жүйелі пайдаланылатын жерлер;
Сервитут – басқа біреулердің учаскелерін шектеулі мақсаттарға (өту, өткел ретінде, жету және қажетті коммуникациялар, аңшылық шаруашылық және басқадай қажеттіліктер үшін) пайдалануға;
Арнаулы жер қоры – ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдылықтарын бұза отырып өз мақсатында пайдаланылмаған жерлерден және шартты үлестерінен бас тартқан және жер пайдаланушылардан алынған жерлер жатады;
Жер құқыққатынастары субъектілеріне жай және заңды тұлғалар, сондай-ақ жер қатынастарына қатысушылар болып табылатындар және берілген құқыққатынастарына міндеттемелер алушылар жатады;
Шартты жер үлесі – таратылған немесе қатты құрылған ұжымшарлардың, мемлекеттік емес болып құрылған бұрынғы мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметкерлерінің, сондай-ақ Жер Кодексінде көрсетілген бұрынғы жер пайдаланушы ұйымдардың есебінде болып жер алып келген тұлғалардың, немесе Жер Кодексінде көзделген адамдардың жер алуға деген құқықтары бойынша беріледі;
Жұртшылықтың шаруашылығы – бұл адамдардың жеке қосалқы шаруашылығы, ұжымдық бау бақшалар, саяжай учаскелері; жеке қосалқы шаруашылықтарға жер иелік ету үшін және өздеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірулері үшін берілді; ұжымдық бау бақшалар – бұл жерді пайдаланудың бір түрі, ол бойынша ұжымның азаматтарына жер жеміс жидек және бақша салу үшін беріледі.
2. ДӘРІСТЕР (қысқаша тезистері)
Модуль 1. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикада алатын мәні мен рөлі
Тақырып 1. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар
Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т.б. шарттар керек.
Экономикалық шарттар – бұл дегеніміз ең алдымен тауарларды ұсыну және оған сұранымның болуы, яғни:
-
тұтынушылар ала алатын тауарлардың болуы;
-
олардың сатып алатындай ақша қаражаттарының болуы;
-
қызметкерлердің еңбек ақылары тауарларды алуларына әсер
ететін жұмыс орындарының, жұмысшы күштерінің артық немесе кемшін болуы;
-
экономикалық жағдайларға мыналар елеулі әсер етеді;
-
ақша ресурстарының болуы және алу мүмкіндігі;
-
инвестицияланған капиталдағы табыс деңгейі;
-
өздерінің іскерлік операцияларын жүргізуді қаржыландыру үшін
ауылдағы тауар өндірушілерге қарыз бере алатын мекемелердің және оларда заемдік қаржыларының болуы.
Осылардың бәрімен нарықтың инфрақұрылымын құрайтын әртүрлі ұйымдар шұғылданады:
-
бірінші кезекте - қаржы беру қызметін көрсететін банктер;
-
екінші кезекте - шикізаттармен, материалдармен, жартылай
фабрикаттармен, комплектілейтін бұйымдармен, жанармаймен, энергиямен, машиналар және қондырғыламен, аспаптармен және т.б жабдықтайтын жеткізушілер;
-
үшінші кезекте – тұтынушыларға тауарларды жеткізу қызметін
көрсететін толайым және бөлшек сауданың сатушылары;
-
төртінші кезекте – бұл кәсіптік және заңгерлік, бухгалтерлік,
делдалдық қызмет көрсететін мамандандырылған фирмалар мен мекемелер;
-
бесінші кезекте – жұмысшы күштерін іріктеп алуға көмек
көрсететін еңбекке орналастыру жөніндегі агенттік;
-
алтыншы кезекте – бұл жұмысшылар мен мамандарды,
қызметшілерді оқытып үйрететін оқу орны;
-
ақырысында, жарнамалаушы, көлік қатынасы, қамсыздандыру,
байланыс және ақпарат беретін агенттіктер.
Әлеуметтік шарттаркәсіпкерліктің экономикалық жағдайларға қалыптасуына әсер етеді. Бұл ең алдымен тұтынушылардың талғамға сай тауарларды алуға ұмтылыстары. Әртүрлі кезеңдерде осы ұмтылыстардың өзгеруі де мүмкін. Бұл орайда ортаның әлеуметтік – мәдени жағдайына байланысты адамгершілік және діни нанымдардың да елеулі рөль атқаратынын ескерген жөн. Бұл нормалар тұтынушылардың өмір салттарына және осы арқылы тауарларға деген сұранымдарына да әсер етеді. әлеуметтік жәйіттер әркімнің жұмысқа деген, еңбек ақыға, жұмыс жағдайына деген талаптарына ықпал жасайды.
Ауылдағы кәсіпкер кәсіпшілік қызметінен қанағат тауып жүруі тиіс. Ол қызметкерлерінің деңсаулықтарын қорғау, жұмыс орындарын сақтау және т.б. мәселелерді шешуге тырысып отырады.
Кәсіпкерлікті қалыптастыруда кадрларды даярлау, қайта даярлау және мамандықтарын көтеру маңызды рөль атқарады:
-
кәсіпкерлік қызметті жүргізудің қазіргі тәсілдеріне оқытып,
үйрету;
-
кадрларды оқыту және қайта оқыту, оларды дамыған елдерде
дайындықтан өткізу;
-
кәсіпкерлерді оқытатын оқытушы кадрларды даярлауды және
қайта даярлауды шектеу;
-
ауыл шаруашылығы бойынша кеңес беретін жүйе құру және т.б;
ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік процестің негізгі элементтері біздің пікірімізше мыналар болып табылады:
-
бизнестің мүмкіндігін айқындау және бағалау;
-
бизнес – жоспарды жасау;
-
ресурстарға қажеттілікті анықтау;
-
кәсіпорынды басқару.
Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік процестің элементтері
Бизнестің мүмкіндігін анықтау және бағалау
|
Бизнес – жоспарды жасау
|
Ресурстарға қажеттілікті анықтау
|
Кәсіпорынды басқару
|
Бизнес мүмкіндіктерінің ұзақтылығы
| -
Тарау.
Бизнеске қадам басқан кез
|
Қажетті ресурстарды анықтау
|
Басқару стилін қалыптастыру
|
Бизнес мүмкіндіктерін жүзеге асырудың рыногы
|
Жоспардың мән – мағынасы
|
Қолда бар ресурстарды анықтау
|
Бақылау жүйесін енгізу
|
Бәсекелестікті зерттеу
| -
Тарау.
Кәсіпорынның резюмі (жазылуы)
|
Ресурстарға қажеттілікті идентификациялау
|
Ұйымдастырушылық процестерді жасау
|
Рынок және кәсіпорын үшін бизнестің мүмкіндіктерін бағалау
|
Саланы талдау: Өндірістік жоспар; Маркетинг жоспары; Қаржы жоспары; ұйымдық жоспар.
|
Қажетті ресурстарды жеткізушілерді анықтау
|
SWOT талдауын (күшті, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері, қауіпсіздігі, оларды бағалау)
|
Тәуекелділік және бизнес мүмкіндігі әкелетін пайда
|
Операциялық жоспар;
Қорытынды: Тиімділікті есептеу.
|
Жеткізушілермен тіл табысудың жолдары
|
Табысқа жетудің факторларын анықтау
|
Кәсіпкерліктік біліммен, біліктілікпен, ұмтылыспен қабысу жағы
|
|
|
|
Агроөнеркәсіп кешені салаларының соңғы 15 жылда дамуының құқықтық жағынан даму кезеңдерін былайша бөлуге болады:
Жер реформасының бірінші кезеңінде (1990 – 1994 ж.ж.) «Жер реформасы туралы», «Шаруа қожалығы туралы», «Жер салығы туралы» Заңдардың қабылдануы. Осы құжаттарға сәйкес ұжымшарлар мен кеңшарлардың жерлері мен өндіріс құрал жабдықтары ұжымдардың мүшелеріне берілді. Экономикалық аграрлық секторында экономикалық қатынастарды түбірінен өзгертуге алғаш рет мүмкіндік туды. Алайда бұл кезеңде жаңа заңдылықтар негізгісі болып табылатын ауыл шаруашылығының жеке меншіктік секторын құруға қол жеткізе қойған жоқ. Көптеген экономистер мен саясат танушылардын пікірлері бойынша бұның негізгі себептері мыналар болды:
- ауылшаруашылығындық алқаптар мен құрал жабдықтардың негізгі бөлегі ұжымшарлар мен кеңшарларда болғанымен жеке меншіктік түрге көшудің және шаруашылықты жүргізудің нақты жолдары белгіленбеді;
- жер қатынастарын жаңаша дамытудың құқықтық негіздері жасалмады.
Жер қатынастарының екінші кезеңінің дамуы (1994 – 2001 ж.) жерге байланысты заңдылықтардың нарық жағдайына қарай бейімделу кезеңі болды. Осы мақсатқа орай Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қатынастарын реттеу туралы», «Жер қатынастарын одан ары жетілдіру туралы» жарлықтары шықты, әрі бұлар нарықтық қатынастарды қалыптастыруға (жерге иелік ету арқылы) әсер етті.
ҚР – сы Президентінің Заңдық күші бар «Жер туралы» (22.12.1995) Жарлығы жарияланып берудің шарттары мен сол жерлердің аумақтары белгіленді, жер рыногы нарығында, оның ішінде жерді пайдалану құқығы нарығына жол ашылды. Жарлықпен әрі жеке участок меншік немесе пайдалану учаскесі болады да оның құны бағаланады.
Жер участкесі шаруаларға (фермерлерге) тұрақты пайдалауға беріледі, оны олар басқаға сыйлай алады, жалға береді, ауыстыра алады, кепілге де салады, ауыл шаруашылығы серіктестіктеріне және кооперативтерге жарна ретінде де бере алады.
1998 жылы 31 наурызда Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермерлік) шаруашылықтардың құқықтық, ұйымдық, және экономикалық негізін реттейтін «Шаруа қожалықтары туралы» Заң жарияланды. 1995 жылы 24 сәуірде ( өзгерістер және қосымшаларымен 1998 ж. 01.07 де).
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Заңдық күші бар «Шаруа (фермерлік шаруашылықтарға) қожалықтарына салық салу тәртібі туралы» жарлығы шықты, ол бойынша шаруа қожалықтарына мемлекеттік және жергілікті салық салынады.
ҚР – ның «Жер туралы» (24.01. 2001 жылы) және ҚР – нің Жер Кодексі қабылданған күннен ауылда реформаны жүзеге асырудың үшінші кезеңі басталады.
ҚР – ның «Жер туралы» Заңын жетілдіру үшін ҚР – ның Үкіметінің алған қаулыларындағы қағидалар мыналар:
-
жер участкелеріне құқықтықты бекітудің тәртібі;
-
жер кадастры мен жер рыногын жүргізудің негіздері;
-
өнімдерді өткерудің негіздері және ауыл шаруашылығын
қаржыландырудың мемлекеттік қорын құру.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
-
Ауыл шаруашылығындағы бизнесті құру үшін қажет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар
-
ҚР ауыл шаруашылығына байланысты заңдар мен заңнамалар
Тақырып 2. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы
МАҚСАТЫ:
Студенттерге ауыл шаруашылығы өндірісінің агроөнеркәсіп кешенінің негізгі сферасы ретінде оның жайын, құрамын және келешекте даму болашақтары жөнінде түсінік беру.
-
2.1 Салалардың ұғымы және оның ауыл шаруашылығындағы орны
Халық шаруашылығының саласы деп сапалық жағынан бірегей болып келетін кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығын атайды, олар қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде, өнімдерді өндіруде, жұмыс атқаруда немесе қызмет көрсетуде, өндірісті дамыту процесінде атқаратын функцияларының бірегейлілігімен сипатталады. Жекеленген кәсіпорындарды немесе ұйымдарды нақты бір салаға жатқызу үшін өнімдердің экономикалық жағынан бағытталуы, шикізаттар мен материалдардың біртектілігі, сол саладағы технологиялық процестердің сипаттарының жалғасушылығы, кадрлар құрамының кәсіптік және маманданушылық жағынан ұқсастығы есепке алынуы қажет.
Халық шаруашылығын салалар бойынша дифференциялау қоғамдық еңбек бөлінісіне қарай негізделген. Саяси экономика курсы бойынша қоғамдық еңбек бөлінісі негізгі үш түрінде көрінеді:
-
жалпы еңбек бөлінісі – еңбек бөлінісін ірі сфераларға –
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы және т.б. жатқызуды айтады;
-
еңбек бөлінісін даралау - өндірістің жеке салаларының көрсетілген ірі сфераларының ішінде айрықшаланып көрінеді. Ауыл шаруашылығында еңбек бөлінісін даралау мәселен өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы болып нақтыланған.
-
еңбек бөлінісін бірегейлеу – жеке кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбекті бөлісу мен ұйымдастырудан көрінеді.
Әрине ауыл шаруашылығын осы көрсетілгендей тұрғыда бөлу жеткіліксіз екендігі түсінікті, өйткені бір саланың ішінде қосымша салалар да болады ғой (мәселен өсімдік шаруашылығы, астық өндірісі, жемшөп өндірісі, көкөніс өндіру және т.б. болып).
Жеке салалар мен қосымша салалар әртүрлі белгілері бойынша топтастырылады, мәселен:
-
ақырғы өнімді нақты пайдалану принципі бойынша өндіріс екі қосалқы саладан тұрады - өндіріс құрал жабдықтарын өндіру және тұтыну заттарын өндіру. Бұлайша топтауға шығарылған өнімдердің өнеркәсіп өндірісінің басқа сфераларында немесе саудада немесе тұтынушылар бірден пайдаланатындығы ескеріледі. Осы жағынан алғанда ауыл шаруашылығын тұтыну заттарын өндіретін категорияға жатқызылады (өндірістік құрал жабдықтарды өндіретін АӨК – нің екінші сферасынан өзгешелігімен);
-
барлық өндірісті өндіруші және өңдеуші деп бөлуге болады.
Бұның біріншісіне жататындар табиғи ресурстарды пайдаланудың нәтижесінде – пайдалы қазбаларды өндіру, ағаш дайындау, егіншілік өнімдерін өсірумен жинау. Кәсіпорындардың басқа түрі өндірілген (дайындалған, өсірілген) өнімдерді қоғамдық өндірістің неғұрлым алғашқы стадияларында қайта өңдейді. Осы белгілеріне қарай ауыл шаруашылығын өндіруші (өсімдік шаруашылығы, сондай ақ өңдеуші (мал шаруашылығы) салаларға жатқызуға болады;
-
шығарған өнімдерінің белгілі бір мақсатқа сәйкес келуіне қарай өндірісті кешенді салаларға бөледі. Бұлайша айқындау салаларды анықтау үшін емес, салааралық кешендерді анықтау үшін керек. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде АӨК – і осындай кешен болып табылады;
- технологиялық процестер, өндірістік техникалық базалардың ортақтастығы, кадрлар құрамының кәсіптік және мамандықтары, өндіруді және басқаруды ұйымдастырудың жүйелері ескеріліп өндірісті біртұрпатты принципі салаларына бөледі.
Сандық көрсеткіштері принципі бойынша халық шаруашылығы экономикасында саланың алатын орнын анықтауда мыналар пайдаланылады:
-
мемлекеттің ішкі жалпы өніміндегі саланың ақырғы өнімінің үлес салмағы;
-
еңбекке қабілетті барлық жұртшылықтың әлгі салада істейтін қызметкерлер санының үлес салмағы;
-
салаға қосылған (негізгі объектілердің құны, айналымдағы активтер және т.б.) материалдық - өндірістік ресурстардың үлес салмағы.
Кей жағдайда сандық көрсеткіштер мен қатар логикалық немесе мәнін анықтау әдісі де қолданылады. Мысалы, зерттеулер негізінде қоғамдық өндірістін құрылымындағы саланың рөлі мен орнын елдің экономикалық немесе әскери қауіпсіздігі тұрғысынан, саланың даму деңгейіне, шығарылатын өнімдердің саны мен сапасы жұртшылықтың тұрмысына етер әсеріне қарай анықтайды.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы негізгі салаларының бірі болып табылады. Сала ретінде ауыл шаруашылығының негізгі мақсаты халықты азық – түлік өнімдерімен және ақырғы пайдаланылатын тауарлармен (мата, жүн, осыдан жасалған бұйымдар) қамтамасыз ету болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда ауыл шаруашылығы жұмысшы күшін (еңбек ресурстарын) толықтыратын, қосымша құн жасайтын сала.
-
Достарыңызбен бөлісу: |