Пособие Көркем шығарманы талдау indd


қалармын құлармын да, сынармын да



Pdf көрінісі
бет12/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Көркем шығарманы талдау

қалармын құлармын да, сынармын да.
Түскелі мен ізіңе көп жыл болды,
Созғалы саған қарай екі қолды,
Есіте алмай өз аузыңнан бір ауыз сөз
өр көкірек өшпейтін шерге толды – операдағы қай кейіпкердің сөзі? Жыр 
жолдарына қарап кейіпкерге қандай сипаттама бересіз? Ерекшеленген жолдардың 
мағынасын ашыңыз және әдеби көркемдегіш сөздердің қай түріне жататынын анықтаңыз.
Бәсе! Кесілді ме тілің?
Тас түлек, мұзбалақпын қияда өскен,
Сорғалап талай тайғақ мұзға түскен,
Қиядан қызыл түлкі бір қылт етші,
Мендік бол, қиялап кеп іліп түссем! – Бекежанның кімге айтқан сөзі? Бекежан 
бейнесін ашатын жыр жолдарындағы әдеби көркемдегіш сөздерді анықтай отырып өз 
ойыңызбен байланыстырып сын талдау жасаңыз. 
Тотыдайын таранған,
Сұңқардайын сыланған,
Сұлу Жібек ар ма екен?
Қолаң шашың иықта,
Бойыңда бір мін бар ма екен?
Қасы-көзің қиылып,
Қудай мойның иіліп,
Ақ маңдайлы, ақша бет,
Жүрекке салмас қалай өрт!
Ақ сабағың үзілген,
Тісің меруерт тізілген,
Бейне бір етің қар ма екен?
Ат арылтып, тон тозып,


16
Алты ай жүріп, шөл кезіп,
Келіп тұрған алыстан,
Төлегендей серігім,
Арманың, сірә, бар ма екен!... – операдағы кімнің сөзі? Ол кім? Жырда, операда ол 
қандай адам ретінде көрінеді? Кейіпкердің сөзінен Жібектің қандай сипаты ашылып тұр? 
Үзіндіні тармақ бойынша талдап, әдеби көркемдегіш сөздерді табыңыз.
Сүмбіл шаш, қиылған қас, құралай көз,
Шынымен іздегенім болдың ба кез?
Алыстан дабысыңды естім ұштым,
Естуге өз аузыңнан бір ауыз сөз.
Ахай, ал қара-ай көк.
Дабысың жетті жер жарып.
Арманың кетті бойды алып,
Мен де өзіңдей Жібек-жан,
Жолға шыққан толғанып... - қай кейіпкердің сөзі? Ол туралы өз ойыңызды жыр 
жолдарымен байланыстырып айтыңыз. Үзіндіден эпитетті табыңыз.
Жүруші ем мойын бұрмай тірі жанға,
Талайдың қолын қағып ұсынғанда,
Қосылса арманға арман, жайдым құшақ,
Мен сендік, арғы жағын өзің қамда.. - кімнің сөзі? Кейіпкер қандай қырынан 
көрінген? Үзіндіні мағынасын аша отырып, өз ойыңызбен байланыстырып талдаңыз.
Тоқтай тұр, Жібек, тоқтай тұр.
Көзіңнің жасы көл болар!
Қанмен жуып тойыңды,
Тойыңда салып ойынды,
Сені алмасам, маған серт!
Кездесе қалсам жолыңда,
Арман еткен ойыңда
Қала алмасам, маған серт!
Қорлағаның мен екем,
Таңдағаның кім екен?
Күні-түні жортармын,
Алдымен соны құртармын! – кімнің айтқан сөзі? Кейіпкердің жан толғанысы 
қалай көрінеді? Алдағы уақытта бір жамандықтың болатын сездіріп тұрған детальді 
табыңыз. Кейіпкер қандай қырынан көрінген?
Қарлығаш:
Жар тауып ерге серік ақ алмастай,
Жан тауып енді қайтып жаралмастай...
Байлаулы қол-аяғың, бұғаулы ма ең,
Еркіңмен сүйгеніңді ала алмастай?
Төлеген:
Қол-аяғым тұсаулы екен, кете алмастай,
Күн де осы арманыңа жете алмастай.
Қарлығашым, алдымызда әкем жатыр,
Тас кедергі баласы аттап кете алмастай, - осы жолдардан отбасындағы құндылықтар
көріне ме? Төлегеннің ішкі жан толғанысын өз ойыңызбен қалай байланыстырар едіңіз? 
«Тас кедергі баласы аттап кете алмастай» деген жолдың мағынасын ашыңыз.
Төлеген:
Алты ай болды-ау, әке,
Екі дай боп үй-іші 
Жауығысып тұрғалы,


17
Қайыспадың бір.
Ісің тентек болса да,
Қарсы кеп сөз айтқам жоқ,
Байланғандай тіл.
Озбыр әке жарлығы
Тозар кезі бар шығар,
Кесімді күнім таянды,
Мен аттанам бүгін,
Ендігісін өзің біл. - Төлеген шешімі туралы өз көзқарасыңызды білдіріп талдаңыз. 
Қатал әке әрекетінің Төлеген өміріне тигізер әсері қандай? Төлегеннің өліміне себеп бола 
ала ма? Себеп болса, қандай дәлел арқылы көрсете аласыз?
Айтқаным – айтқан,
Одан, сірә, қайтпан,
Қалдым қатып сонымда!
Кіммен құда боларым
Сендейлерден сұраман,
Өзім білем онымды!..
Қатын алар сен болсаң,
Қалың бере мен болам!
Көз жұмылмай тізгінді
Бере алмаймын балаға,
Көк алалы жылқымды 
Шаша алмаймын далаға,
Тоқтат жынның ойнағын! - кімнің сөзі? Бұл кейіпкерге мінездеме беріңіз.
Сонымен қатар үзіндіден ескі салт-дәстүрді сипаттайтын детальді табыңыз. Бүгінгі 
өмірмен байланыстырып талдаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет