Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет21/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

мен Симонның тестілер сериясының алғашқысы 1905 жылы 
пайда болды. Бине – Симон шкаласы 1908ж басылымға шықты. 
А.Биненің шкаласы кейін,1908-1911 жылдары неміс және 
ағылшын тілдеріне аударылды. Шкаланың екінші басылымында 
балалардың жас шамасының мөлшері 13 жасқа дейін ұзартылып, 
тапсырмалар санының көлемі ұлғайып, әрі ақыл-ойдың 
кемелдену жасы туралы түсінік енгізілді. Биненің тестілік 
әдістемесінің екінші басылымы Стэнфорд университетінің 
(АҚШ) Л.М.Терменнің жеткшілігімен жүргізілген жұмысында 
басшылыққа алынды. Биненің тестілеу шкаласының бұл нұсқасы 
1916 жылы алғашқы нұсқасымен салыстырғанда біршама 
өзгерістерге толы еді және Стэнфорд-Бине шкаласы деп аталды. 
Биненің тестісінен негізгі айырмашылығы: екі өзгеріс енгізілді, 
тест бойынша көрсеткіш сапасы интеллектуалдық коэффицент 
(IQ) және ол ақыл-ой мен хронологиялық жас ерекшелігі 
арасындағы байланысты анықтау, тестілеуді бағалаудың 
критерийлерін пайдалану. IQ коэффиценті В.Штерн теориясы 
арқылы ұсынылды. Ол ақыл–ой мен хронологиялық жастың 


37 
байланысын анықтауда 
әртүрлі жас сатысының түрлі 
болатындығын ескерудің қажеттігін түсіндіру. Интеллект 
тестілеу XX ғасырдың алғашқы онжылдығында Бине-Симон 
тестісінің дамуымен байланысты болды. Тест бойынша барлық 
индивидуалды көрсеткіштер 84-тен 116-ға дейін «қалыпты», жас 
ерекшелігіне сай келеді деп есептелді, тестілеу көрсеткіші 116-
дан асқанда, бала дарынды деп саналса, ал 84-тен төмен болса, 
ақыл-есі төмен және кем деп танылады. 
ХX ғасырдың алғашқы онжылдығында құрылған тестілердің 
бәрі индивидуалды сипатта болды. Оларды тек арнайы 
мамандандырылған, яғни жоғары психологиялық білімі бар 
адамдар жүргізе алады. Тұңғыш тестілердің бұл ерекшеліктері 
олардың таралуына шектеу қойды. Тәжірибе осы салаға 
мамандарды қалың бұқара арасынан дайындауды талап етті. 
ХХ ғасырда топтық тестілеудің дамуына себепші болып, 
негізін салған Л.Терменнің аспиранты Артур Отис (1886-1964) 
болды. 1917жылы «Армияны психологиялық зерттеу комитеті» 
психологиялық ассоциациясы құрылды. Оның құрамында Мак 
Дж.Кеттелл, Г.Стенли, Холл, Торндайк сияқты көрнекті 
психологтар болды. Зерттеу барысында әскери адамның тегіне, 
қызметі мен атағына басты назар аударылды. «Альфа» және 
«Бета» тестілері көмегімен белгілі бір ерекшеліктерін анықтады. 
Бірінші дүние жүзілік соғыстан соң да АҚШ-та Бине-Симон 
шкаласының стэнфордтық нұсқасы қолданылуымен қатар, басқа 
да түрлері шыға бастады. Соның ішінде көпке танымал Кульман 
(1922), Йеркс(1923) және Геринг (1922) шкалаларын ерекше атап 
өтуге болады.
XIX ғ. соңында адамның индивидуалды-психологиялық 
қасиеттерін анықтауда бөлек ғылым саласы болып қалыптасқан 
психодиагностика келесі ғасырға гальтондық шкаламен, Бине 
тестілерімен, интеллектіні зерттеу тарихымен келіп, қысқа уақыт 
аралығында танымал болды. ХХ ғасыр да көптеген зерттеулер, 
тұжырымдамалар мен концепциялар, теориялар, пікірталастарға 
толы болды. 
Генри Годдард (1866-1957) американдық психолог. Бине 
тестісімен таныса отырып, оны интеллектуалды даму деңгейі 
төмен 
адамдар 
классификациясын 
анықтауда 
және 
психодиагностикада қолданды. Оның негізгі мақсаты психикалық 
дамуы кешеуілдеген балаларға жан-жақты көмек көрсету. Жалпы 


38 
білім беретін мектепте Бине тестісін қолданған ең алғашқы 
психолог осы Генри Годдард болды.
Л.Термен интеллект даму деңгейі классификациясы мен 
жоғары IQ интеллектілі дарындылықта теңдестірудің негізін 
қалады және Гальтон идеясын ғылыми дәрежеге көтерушілердің 
бірі болды. Сонымен, интеллектілі дарындылық әрқашан 
интеллектілік іс-әрекеттік аса жоғары көрсеткіштерінде байқалады. 
Интеллект анықтау тестілерімен қатар тұлғаның когнитивті 
диагностикасының әдістемелері де дамыды. Гальтонның еркін 
ассоциациялық идеяларын негізге ала отырып, тұлғалық сұрақ–
жауаптар қолданылды. Тұлға мінез-құлқын зерттеудегі сұрақ-
жауаптың алғашқы өкілі американ психологы Роберт Вудвортс 
(1869-1962) болды. Р.Вудвортс жалпы және эксперименттік 
психологияның негізін салушы. Осы кезде ағайынды Флойд және 
Гордон Олпорттар (1921-1922) тұлғалық ерекшеліктерді анықтауда 
рейтнгілік бағалау шкалаларын қолданса, Дж.Довней (1875-1932) 
адамның импульстік әрекеті, ерік-жігері, шешімге келгіштік, 
зейінділік және т.б. сапалық белгілері мен темперамент қасиеттерін 
зерттеді. Дж.Довнейдің жазбаша тапсырмалардан тұратын тестісі 
«ерік-темперамент» деп аталады.
1937 жылы Стэнфорд-Бине шкаласының 2 жастан бастап 
ересек жасқа дейін зерттеуді қамтитын жаңа басылымы шықты. 
Тестілер екі эквивалентті формалы шкала ретінде қарастырылды. 
Тест авторлары Льюис Термен және Мауд Мериллдің есімдеріне 
байланысты L және M шкаласы деп аталады. Бұл бағытты 
көптеген психологтар қолдады. Олардың бірі американ 
психологы Кьюик Мак-Нимардың Терменмен бірігіп ұсынған 
жаңа шкаласы Терман-Мак-Нилмардың ақыл-ой қабілеті тестісі, 
оның алғашқы еңбегі «Психологическая статистика» деп аталды. 
Батыстық 
психологияда 
интеллектілі 
дарындылықты 
стандартты психометрлік тестілер негізінде бағалау ағымы 
басымдылық көрсетіп, оларда шамамен 2% барынша жоғары баға 
алғандарды «дарынды интеллект» категориясына жатқызады.
Деңгейлік қасиеттер, ең бастысы, тестологиялық бағыт 
шеңберінде 
зерттеледі. 
Олардың 
айқындық 
дәрежесі 
репродуктивті типтегі конвергентті бағалауға мүмкіндік береді. 
Интеллектінің дәл осы қасиеттерін Л.Терстаун "алғашқы ақыл-ой 
қабілеттері" 
деп 
атаса, 
Дж.Кеттелл 
"ағымдық" 
және 
"кристалданған" интеллект деп бөлді. Интеллектілі іс-әрекеттің 


39 
Векслердің немесе Амтхауэрдің интеллектілі шкалалары 
көмегімен болжам жасалатын ерекшеліктері интеллектінің 
деңгейлік қасиеттерінің типтік мысалы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет