ЖИЫРМАСЫНШЫ ХИКАЯ УЗАЙР – АЛЛАҺТЫҢ МҰҒЖИЗАСЫ Аса Мейiрiмдi, ерекше Рақымды, Аллаһтың атымен бастаймын. «Әлде бiр кiсi (Узайр) туралы бiлмедiң бе? Ол төбелерi құлап, қирап қалған бiр ауылдан өткен еді. (Ол): «Аллаһ бұл ойран болған ауылды қалай тiрiлтер екен?» – дедi. Сонда Аллаһ оны жүз жылға өлтiрдi. Сосын тiрiлтiп: «Қанша жаттың?» – деп сұрады. Ол: «Бiр күн әлде жарты күн», – дедi. Аллаһ: «Жоқ, жүз жыл өлiп жаттың. Ендi тамағыңа, сусыныңа бiр қара, бұзылған емес. Ендi есегiңнiң (шiрiп, сүйектерi
шашылып жатқанын) көр. (Бұл оқиғаны Аллаһтың құдiретiн көрсету) және сенi үлгi қылу үшiн жасадық. Бұл сүйектердiң қалай құрастырылып, сосын оған ет кидiруiмiздi көр», – дедi. Оған бұл жағдайлар анық көрiнгеннен кейiн: «Расында, Аллаһтың әр нәрсеге күшi жететiнiн бiлемiн», – дедi» («Бақара» сүресі, 259-аят) .
Шындығында, Ұлы жаратушы Аллаһқа бала телу туралы ойдың өзі-ақ
нағыз ақымақтық болар еді. Және ол – жаратылыс заңына қарсы пікір.
Мұндай ой-пікірлер тек күмәнді әрі ақылы аз пенделердің ойына ғана кіруі
мүмкін. Осындай адасушылықтар мен теріс пікірлерді дұрыс жолға салу
мақсатында Аллаһ тағала әр қауымға, әр ұлтқа әртүрлі дәуірлерде Өз
елшілерін жіберіп отырған.
Ұлы Жаратушы Аллаһқа бала телу – кеңінен етек жайған, үлкен
адасушылықтардың бірі. Себебі «Ықылас» сүресінде түсінікті тілмен-ақ:
«Айт: Ол Аллаһ – Жалғыз, Аллаһ – Мәңгі, Ол тумайды және туылмайды, Оған еш нәрсе де тең келмейді», – деп айтылған жоқ па?!
Бірақ бұрынғы және қазіргі тарихи шындықтар бойынша, Ібіліс
шайтанның азғырындысы көптеген адамның әлсіз санасы мен босаған
жүрегіне тереңінен бойлап енген. Мұның бір ғана мысалы Құран Кәрімде:
«Яһудилер «Узайр – Аллаһтың ұлы», – деді», – делінген