С. А. Козлова, Т. А. Куликова


біледі, оның сәтті шыққанына қуанады. Сонымен балалар қардың қасиеттері туралы түсінік алады. Ал 4 - 6 жастағы балалар



бет176/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

406
біледі, оның сәтті шыққанына қуанады. Сонымен балалар қардың қасиеттері туралы түсінік алады. Ал 4 - 6 жастағы балалар қардан құрылыс салудың жаңа амалын үйренеді - домалатып үлкен қар кесектер жасау. Адамның фигураларын (Аяз ата, Ақшақар), қамал жасайды.Қар домалақтаған кезде балалар ылғал қардың тағы бір қасиеті - салмақтылығын түсінеді. Қар кесектерінен істеген құрылымдарға су құйса, олар бекитінін (бұны балалар педагогпен бірге істейді), кесектердің арасындағы тесіктерді қар қамырмен бітеуге болатындығын (қарды шелекке салып сумен араластырады) біледі.

Қар қамалын салуды Масленицаға көздеген жөн. Бұл балалардың ерте орыстың дәстүрімен мектепке дейінгі жастағы балаларды таныстыруға мүмкіндік береді: Масленицаны шығарып салу күні ''Қар қалашығын басып алу'' ойынымен белгіленеді.


Мектепке дейінгі жастағы балаларға тапталған қардан қамал салу тәсілдерімен таныстырады. Ол үшін балабақша ауласындағы белгіленген жерде белгілі бір кезең бойы қар жинайды. Ұзақ жатқан тығыз қар құрылыс үшін керемет материал. Педагог бүлдіршіндерге үшкір күректің көмегімен жануардың, адамның мүсінін сомдауға болатынын көрсетеді. Мектепке дейінгі үлкендеу балалар бұны үлкендердің қадағалуымен (ата-ананы тартуға болады) өздері жасайды. Балаларды қар мүсіндеу мен архитектураға қызықтыру үшін, оларды Вьюговей мерекесімен (соңғы жылдары халықаралық мереке ретінде, Мәскеуде де өткізіледі) таныстыру пайдалы.


Тапталған қардан кірпіштер кесіп жасап және оларды ғимараттар, қоршау салуға және т.б. қолданады.


Мектепке дейінгі үлкен балалар төбешік жасауға қатысады. Оның негізіне жәшіктер қойып, ал бетін баттауға тақтайларды қолдануға болады. түрлі материалдарды комбинациялау бастаманы (инициативаны), тапқыштықты, шығармашылықты дамытуға стимул болады.


Қалалық мектепке дейінгі мекемелерде құммен ойнауға




407
арналған жағдайлар үнемі жасалған болмайды: құм аздау, жағдайы нашар (кір, құрғақ), құмқұйған қораптар тар, сәйкес ойыншықтар аз және т.б. құммен ойнайтын ойындар негізінен құмды жағажайларда, өзен жағасында жүреді.

Балалар қуана қамалдар мен бекіністерді салады, арналар мен терең құдықтар қазады, құм мүсіндері бар парктар мен бақтар өсіреді. Құм – төзімсіз құрылыс материалы: сәл күн қызса, жел соқса болды: сарай, бекіністер тозды, мүсіндер, қоршаулар, орлар сусып шашылды! Ал кішкене жасаушылар? Олар қайтадан жұмысқа кіріседі! Міне қайда қажырлық, ерік, шығармашылық, өнертапқыштық!


Баланың мектепке дейінгі шағында бала құмнан құрылыс жасаудың бірнеше амалдарын игереді. Олардың кейбіреуі қармен жұмыстеген кездегі тәсілдерге жақын. Педагог бүлдіршіндерге дымқыл құмнан сомдауды үйретеді. Қонақтарға арналған ас-шәйдан, тамақтан басқа осы тәсілдермен тәрбиеші салған үйдің айналасына қоршау жасауды, құм гүлзардың борттарын (ернеуін) жасауға ұсынуға болады. Бөбектер сүйсініп құмды қалыптау тәсілін меңгеріп алады. Тек ең бастысы қалыптарды іздеп табу, олар баланың алақанына жеңіл сиятындай болуы қажет, кішкентай шелектер қосу керек, дайын «құйылған өнімдерді» жайғастыратын орынды сайлау керек. Балаларды құйған қалыптарының формасына, өлшеміне, биіктігіне қарай салыстыруға тартып педагог олардың сенсорлық тәжірибесін, белгілерін дұрыс атауды үйретеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет