С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д


Очерк – жаңаның жаршысы, оқиғасы да, кейіпкері де шындық  оқиғадан алынатын газет жанрының түрі.  «



Pdf көрінісі
бет87/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Очерк жаңаның жаршысы, оқиғасы да, кейіпкері де шындық 
оқиғадан алынатын газет жанрының түрі. 
«
Өзен мектебі» (ағылш. lake - өзен) - Англияда да романтизм 
қарқынды дамыды, әсіресе бұл поэзияда айқын көрінді. Ағылшын 
романтизмінің алғашқы кезеңі «Өзен мектебінің» қызметімен байланысты. 
«
Өзен мектебіне» Водсворт, Колдридж, Саути т.б. романтиктер кірді. Олар 
өзендер көр орналасқан аймақта өмір сүрді, сондықтан оларды лейкистер 
(ағылшынша өзеншілер) деп атады.
Өлең – ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, белгілі бір тәртіпке 
бағынатын көрікті сөз тізбегі.
Параллелизм – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар 
қойып, жұптап суреттеу. Абай өлеңінен бір үзінді: Көк ала бұлт сөгіліп, 
Күн жауады кей шақта. өне бойы бойың егіліп. Жас ағады аулақта. Жауған 
күнмен жаңғырып, Жер көгеріп, күш алар. Аққан жасқа қаңғырып, Бас 
ауырып, іш жанар. 
Пастораль – латын тілінде бақташы деген мағынаны береді. 
Қарапайым бақташының өмірін мал бағу жайын бейнелейтін лирикалық 
өлең және драмалық шығарма. 
Пафос – көне дәуір эстетикасында пафос күшті толқу сезімімен 
байланысты жағдайды білдірген болатын. Аристотель үшін пафос – 
жанның қасиеті, кең мағынасында құштарлық деген мағынада. Қазіргі 
әдебиеттануда «пафос» термині «трагедиялық», «жоғарғы» ұғымдарына 
жақын тұрады. 
Плеоназм – грек тілінен енген сөз – артық, керексіз, орынсыз басы 
артық сөз деген мағынаны береді. Мағыналық жағынан сәйкесіп, үйлесіп 
тіркескен, алайда логикалық тұрғыдан қисынсыз, шұбарлық тудыратын сөз 
орамы. 
Повесть – орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі. Повесть мазмұнындағы 
ең өзекті шындық бас қаһармандікі. 
Поэма – (грекше – туынды) - өлеңді повесть, өмірде болған не болуға 
тиіс күрделі құбылыстар мен күрделі оқиғаларды, алуан-алуан адам 
тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық 
сипаттағы өлеңмен суреттеу. 
Пролог – (грекше – алғы сөз) – көркем шығармаға кіріспелердің бір 
түрі. Мұнда негізгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін. 
«Менің құрдастарым» алғашқы тарауларын пролог түрінде бастаған. 
«Сұлушаштағы» кіріспе, «Бақытсыз Жамалдың» кіріспесі, «Шұғаның 
белгісінің» басы, т.б. прологтың сипаты әр түрлі болады, көне Грекияда 


217 
пролог көрермен көңілін сахнаға аудару, арнау, жарлау мағынасанда да 
қолданылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет