Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары



бет21/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Перитонит.Іш перденің қабынуын перитонит дейді. Түрі: жайылмалы (диффузды), жергілікті (шектелген жэне қоршалған).
Іш қуысындағы сұйықтықтың түріне қарай бөлінуі:
сірнелі, фибринозды, фибринозды - ірінді, іріңді, қанды.
Қоздырғыш затына қарай бөлінуі:
стрептококкты, ішек таяқшалы, стафилакоккты,пневмококкты,гонококкты анаэробты,туберкулезді т.б.
Этиологиясына қарай: асептикалық, бактериалық:а)біріншілік,б)екіншілік.
Төмендегі перитонитке әкеліп соғатын аурулар:
жедел аппендицит, холецистит,панкреатит,асқазан жэне 12 елі ішек тесілген жарасы,ішектің механикалық түйілуі,жарықтың қысылуы,
іш қуысындағы мүшелердің зақымдалуы.
Перитониттің ағымының байланыстығы:
аурудың мінездемесіне,аурудың ұзақтығына,ағзаныңреактивтігіне,қолданылған емдердің түріне. байланысты.
Перитониттің ағымы өте ауыр. жас балаларда найзағай тәрізді. Өйткені оларда іштегі шарбы майы жетілмеген. Үлкен жастағы адамдарда айқын көрінуі мүмкін.
Жедел іріңді перитонит
Клиникалық ағымының кезеңдері:

  1. реактивті кезеңі, бұл 1-2 тәулік арасында пайда болады.

Белгілері:
зақымдалған ағзаның тұсындағы іштің ошақталған қабынудан ауруы (іштегі сүйықтық сірнелі және фибринозды),мәжбүрлі жағдайда болуы (қырынан, шалқасынан жатып, аяқтарын ішіне жинап жатуы),асқазан сөлі мен аралас құсу. Ол құсық аурудың жағдайын жақсартады (ол бір рет немесе өте сирек
болады),ҚҚ-100/90, егерде іште қуыс ағзалары тесілсе онда тамыр соғуы сирек болады, іштегі қуыс ағзалар тесілсе, жараланса (тромбоз,
панкреонекроз, іштің түйіліп, есеңгіреу пайда болуы),дәретке жиі отырады, зәр шығысы бүзылады (жамбас қуысында орналасканда), дене қызуы 38°С жоғарлайды.
Объективті тексергенде:
іштің алдыңгы беті дем алуға қатынасуының тежелуі,
іштің пішіні өзгеріп, бір келкі болмауы (ассиметрия),
іштің алдыңғы бүлшық етінің қатайуы, оны дефанс немесе «тақтай тәрізді» іш деп атайды.Шеткин-Блюмберг белгісі оң.Қанында - лейкоцитоз, нейтрофилез,
ЭТЖ - жылдамдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет