Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет7/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94
Абайдың-таксономиясы

Қорғау құжаттары:
•авторлық куəлік № 16745, 2021 жылғы «19» сəуір. Дадебаев Ж. 
«Абай ілімін білу, түсіну жəне қолдану тұжырымдамасы»; 
•авторлық куəлік № 18670, 2021 жылғы «14» маусым. 
Абдикулова Р.М. «Абайдың қара сөздері жанры: білу, түсіну, 
бағалау парадигмалары»; 
•авторлық куəлік № 27243, 2022 жылғы «15 маусым. 
Дадебаев Ж. «Абайдың таксономиясы». 
Өндіріспен және бизнеспен келісім-шарттардың болуы: 
Гранттық қаржыландыру бойынша № 343 келісім-шарт («25» 
қараша 2020 ж.). Тапсырыс беруші – ҚР Білім жəне ғылым 
министрлігі Ғылым комитеті. Орындаушы – əл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті. 
1. Зерттеу нәтижелері 
Зерттеу нысаны. Абай ілімін білудің, түсінудің жəне 
қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері.
Зерттеу мақсаты. Жобаның мақсаты Абай ілімін білудің, 
түсінудің жəне қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық 
тетіктерін анықтау болып табылады. Жоба мақсатына сай 
мына мəселелерді зерттеу көзделеді:
1) Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми 
негіздері мен теориялық тетіктерін зерттеудің методологиялық 
қағидаларын анықтау: ғылыми қордағы теориялық қағи-
даларды саралау; зерттеудің методологиялық ұстанымдары 
мен қағидаларын негіздеу;
2) Абай ілімінің құрамдас бөлімдерінің құрылым-жүйесі мен 
негіздерін пайымдау: а) Абай ілімінің құрамдастары мен негіздері 
туралы теориялық ойлар мен пікірлерді сараптау; в) Абай ілімінің 
құрамдас бөлімдері мен негіздерін анықтау; с) Абай ілімінің 


12 
құрамдас бөлімдері мен негіздерінің құрылым-жүйесін 
негіздеу. 
3) Абай ілімінің басты категорияларының мазмұнын, өзара 
байланыстарын жүйелеу: а) Абай ілімінің басты кате-
горияларын анықтау; в) Абай ілімінің басты категорияларының 
мазмұнын анықтау; с) Абай ілімінің басты категорияларының 
өзара байланыстарын жүйелеу.
4) Қоғамдық-əлеуметтік қарым-қатынастың барлық салалары 
мен деңгейлері үшін Абай ілімін білудің, түсінудің жəне 
қолданудың ғылыми негіздерін зерттеу: а) Абай ілімін білу, 
түсіну жəне қолдану мақсаттарының иерархиялық жүйесін анықтау; 
в) Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың қоғамдық-
əлеуметтік өмірдің əр саласы мен деңгейіне арналған мағыналық-
құрылымдық модельдерін жасаудың ғылыми негіздерін 
анықтау.
5) Абай ілімінің өлшеу құралын сараптау, оның құры-
лымын анықтау, ғылыми сипаттамасын жасау: а) Абай ілімінің 
өлшеу құралының құрылысын сипаттау; в) Абай ілімінің 
өлшеу құралының жұмыс ретінің ғылыми жүйесін анықтау.
6) Абай ілімінің, Абай ілімін білудің, түсінудің жəне 
қолданудың мағыналық-құрылымдық модельдерінің теория-
лық сипаттамасын жасау: а) мағыналық-құрылымдық 
модельдер теориясын негіздеу; в) мағыналық-құрылымдық 
модельдің ғылыми сипаттамасы; с) мағыналық-құрылымдық 
модельдің үлгісі.
7) Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми-
əдістемелік тетіктерін жасау: а) ғылыми-əдістемелік тетіктердің 
қызметін қамтамасыз ету амалдарын негіздеу; в) ғылыми əдіс-
темелік тетіктердің жұмыс үдерісі кезеңдерінің логикалық жүйесін 
анықтау; с) Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың 
ғылыми-əдістемелік тетіктерін жасау.
8) Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғы-
лыми-ақпараттық ресурстар базасының əдістемелік негізін 
жасау: а) ақпараттық ресурстар базасының ғылыми-əдісте-
мелік негізін қалыптастыру. 
Зерттеу əдістері. Тарихи-салыстырмалы талдау əдісі. 
Пəнаралық зерттеу; Жүйелі зерттеу əдісі. Кешенді зерттеу əдісі. 


13 
Қол жеткен нəтижелер жəне олардың жаңалығы. Ғылыми 
талдама. Əдіс. База. Модель. Абайтану ғылымында ғылыми 
ойлар мен қағидалардың мол қоры бар. Бірақ Абай ілімін 
білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми негіздері мен 
тетіктері біртұтас іргелі, күрделі құбылыс ретінде бұған дейін 
ғылыми жобаларда арнайы мақсат немесе зерттеу нысаны 
ретінде қарастырылған емес. Абай ілімін білудің, түсінудің 
жəне қолданудың ғылыми негіздері мен тетіктерін зерттеу 
мақсаты пəнаралық мазмұнымен маңызды. Онда қоғамдық-
гуманитарлық ғылымның барлық салаларының мəселелері 
тоғысқан. Зерттеуде пəнаралық зерттеудің методологиялық 
принциптерінің қолданылуының мəнісі осында. Жобаны 
орындау пəнаралық зерттеу ұстанымдарын қолдану арқылы 
жүзеге асырылды. Зерттеу кезеңдерінде əр мəселе бірнеше 
тұрғыдан сараланды: стратегиялық тұрғыдан; тактикалық 
тұрғыдан; концептуалдық 
тұрғыдан; методологиялық 
тұрғыдан. Зерттеу жұмысын осындай ретпен жүргізу жоба 
нысанын пəнаралық бірбүтін күрделі құбылыс ретінде саралап, 
қойылған мақсат пен міндеттерді тиянақты шешуге қол 
жеткізді. 
Өндіріске енгізілу деңгейі. Зерттеу нəтижелері ғылыми 
басылымдарда мақала, монография, жинақ түрінде жарық көреді, 
білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалану 
мақсатында сынақтан өтуде. 
Тиімділік. Зерттеу нəтижелері қоғамдық сананың кемелде-
нуіне, қоғамның интеллектуалдық жəне тұрақты дамуына қызмет 
етеді. 
Қолданылу аясы. Білім жəне ғылым саласы. 
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми 
негіздері мен тетіктерін зерттеуде қажетті ғылыми əдісті дұрыс 
таңдау мен дұрыс қолданудың маңызы айрықша зор.
Зерттеу жұмыстары жоғарыда көрсетілген мақсат пен 
міндеттер шегінде жүргізілді.
Жоба аясында көрсетілген міндеттерді шешудің маңызы өте 
зор. Негізделген əр міндетті шешудің нəтижелері келесі мін-
деттерді шешудің негізі жəне шарты болып табылады. Осы 
реттен келгенде, жоба бойынша күтілетін түпкі нəтижеге 
жетуде алға қойылған міндеттердің əрқайсысын тиісті 


14 
методологиялық, ғылыми жəне практикалық талаптарға сай 
шешудің əлеуметтік маңызы үлкен. 
Зерттеудің өлшемді көрсеткіштерінде зерттелген мəселе-
лердің əрқайсысы бойынша аналитикалық талдау негізінде қол 
жеткен нəтижелер жинақталып, лайықты түрде көрініс тапты. 
Зерттеу нəтижелері бұрын зерттеу нысаны болмаған жаңа жəне 
өзекті ғылыми мəселелердің баламасы жоқ шешімі болып 
табылады.
Жобаның күнтізбелік жоспарына сай орындалған жұ-
мыстардың жалпы сипаттамасы мынадай: Абай ілімін білудің, 
түсінудің жəне қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық 
тетіктерін зерттеудің методологиялық қағидалары анықталды; 
ғылыми қордағы теориялық қағидалар сараланды; зерттеудің 
методологиялық ұстанымдары мен қағидалары негізделді; 
зерттеу нəтижелері жинақталды; Абай ілімінің құрамдас 
бөлімдерінің құрылым-жүйесі мен негіздері пайымдалды; 
Абай ілімінің құрамдастары мен негіздері туралы теориялық 
ойлар мен пікірлер сарапталды; Абай ілімінің құрамдас бөлімдері 
мен негіздері анықталды; Абай ілімінің құрамдас бөлімдері 
мен негіздерінің құрылым-жүйесі негізделді. 
Көрсетілген міндеттерді шешу мақсатында орындалған 
жұмыстардың нəтижелеріне назар аударайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет