Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет72/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78
Учебник Теор. этнология

Федерализм (французша federalism, латынша foedus - келісім, одақ) – 
біріншіден, қағида, мемлекеттік құрылымның түрі; екіншіден, саяси ағым, 
сондай 
құрылымды 
орнатудағы 
қозғалыс, 
үшіншіден, 
қоғамдық 
бірлестіктердің, партия, кәсіподақ және басқа да қоғамдық ұжымдардың саяси-
ұйымдық түрі.
Федерализм теориясының негізін қалаушы И. Альтузиус (1563-1638) деп 
саналады, ол одақтастық қағида не келісім негізінде «халықтық суверенитеттің 
федералдық теориясын жасап шығарды». Ол федерацияны сатылы өрлеу 
нәтижесінде азғана көлемдегі одақтастардан жаңа пайда болған одақтастыққа 
яғни семьядан мемлекет деңгейінде қалыптасқан деп санайды.
Сонымен, федерализм екі маңызды функцияны: вертикал бойынша 
билікті бөлу арқылы децентрализация жасайды және территориалдық (кейде 
әртектес) қауымдастықты интеграциялайды. Федерализм осы қызметтерді 
жүзеге асыра отырып, мемлекеттің территориалдық бөліктеріне (провинция, 
облыс, жер, республика, штат) әлеуметтік-мәдени және саяси автономия береді. 
Сөйтіп, бір кезеңде саяси, экономикалық және әскери интеграцияға қол 
жеткізеді.
Федеративті мемлекеттер – конфедерацияға қарағанда көбіне мығым 
болады, 
оның 
мемлекеттік-құқықтық 
бірлігін, 
құрамдас 
бөлігін. 
территориалдық тұтастығын ешкімнің бұзуға құқығы жоқ. Федерациядағы 
субьектілер бір жақты қарап одан шығып кете алмайды. Дегенмен ондай 
жағдайлар іс жүзінде болып тұрады.
Көбіне федеративті мемлекеттер – елдің халқы мен территориясы 
бойынша ірілігімен, өзінің территория бөліктерінің әртүрлі табиғат, 
экономикалық, 
ұлттық-мәдени 
ерекшелігімен 
айқындалады. 
Мұндай 
федеративті мемлекеттерге – АҚШ, Канада, Ресей,Индия, Мексика, 
Австралия,Нигерия, ФРГ және т.б. елдер жатады.
Халық тарихи субьект; қоғамдық топтар мен әлеуметтік топтар бірлестігі 
мемлекет елдің тұрғындары. Халық көп мағыналы термин 1) кең мағынада ең 
алдымен өзінің келген (тұрған) орнынан – жай жұрттан мемлекет тұрғыны 
болып саналатын адамдардың үлкен тобы; 2) әлеуметтік-философиялық және 
тарихи мағынада – тарихтың субьектісі, қоғамдық дамудың қозғаушы күші, 
тарихи тағдыры бір, берілген қоғамның тап, ұлт, әлеуметтік топ жиынтығы.
Халық –қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде әртүрлі әрекеттермен 
шұғылданатын әлеуметтік топтар жиынтығы. Сонымен бірге Халық – бір 
әлеметтік тұтастық, себебі, ортақ тарихи тағдыры бір, тұрмыс салты мен әдет 
ғұрпы белгілері ұқсас, сондай ақ бір тарихи қауымға жататын адамдар тобы; 3) 
метаэтникалық қауым ретінде – тарихи қалыптасқан барлық этникалық 
қауымдастық – тайпа, халық, ұлт (мәселен, папуас халықтары, Африка 
халықтары, т.с.с.); 4) этносаяси мағынада – әлеуметтік, экономикалық және 
мәдени қатынаста жақын әр елдердің этностары (мәселен, индия халқы, 
көпұлтты Ресей халықтары, америка халықтары, т.с.с.).
Ұлт (латын тілінде natio - тайпа, халық) – адамзат қауымдастығының бір 
түрі. Ұлт термині тарихи даму барысында өзінің мағынасын бірнеше рет 
өзгертті. Бүгінде де әлемдік ғылымда ол көп мағыналы, оның шығу тегінің 


көптеген ерекшеліктері бар. Алғашқы «ұлт» терминін сол кезеңдегі әр түрлі 
тайпаларды атау үшін римдіктер қолданды. Ортағасырда латын тілімен natio 
сөзін де қабылдады. Бұл термин кейінгі Ортағасырда кең тарала бастады, бірақ 
бұл термин қоғамдық организмді белгілеу үшін ғана айтылды. Мәселен, 
университетте ұлт деп, студенттік корпорацияларды, шіркеу соборларын, 
атақта адамдар мен көпестерді бөлі үшін де айтылды. Кейінірек ұлт деп 
берілген территория не мемлекеттің халықтарын атады. К.Маркс, Ф. Энгельстің 
еңбектерінде «ұлт» ұғымы жөнінде өздерінің тұжырымдамаларын береді. 
Капитализмнің тууы және нығаюымен байланысты қоғамдық дамудың ұлттық
түрінің пайда болуын айқындады, бұл жерде шешуші роль экономикалық 
факторларда. Олардың пікірінше, ұлттың қалыптасуында тіл мен территория 
ортақтығы маңызды. Ал, В.И. Ленин «ұлт» мәселесімен айналыса отырып, 
өзінің назарын экономикалық негіз бен әлеуметтік мәнге, сондай ақ этникалық 
белгілерге: тіл, территория, ұлттық мәдениет ерекшелігіне аударады.
Қазіргі ғылымда және саяси әдебиеттерде «ұлт» термині бірнеше 
мағынада қолданылады. Батыс социологияда ұлт – бұл бір мемлекет 
азаматтарының, 
отандастарының, 
сондай 
ақ 
территориалдық-саяси 
қауымдардың жиынтығы. Бұл пікірге сәйкес, мәдениет, шығу тегі мен тіл 
екінші орынға шығады. Мұндай ұғымда этникалық тегіне қарамастан сол елдің 
барлық халқы ұлт болып саналады. Мысалға, Францияның барлық халықтары – 
этникалық француздар, Шығыс Европадан, африкан және азиялық елдерден 
шыққандардың барлығы француз ұлты саналады.
Сонымен, шығысевропалық дәстүрге сәйкес, «ұлт» территория 
ортақтығы, экономикалық байланыс, тіл, мәдениеттің кейбір ерекшелігі, 
психикалық және этникалық өзіндік сана негізінде қалыптасады және дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет