Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет19/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Сульфаниламидті препараттар – мал салмағына шаққанда норсульфазол, сульфадиметоксин, сульфазол,
Иммуностимуляторлар-нұсқауларға сәйкес тималин, тимоген.
Жүрек препараттары
Новокаин блокадалары, жылу лампалары, қыша сылақтары, жылу орамалары, диуретиктер, микробқа қарсы аэрозольдермен емдеу пайдалы.



  1. Ас қорыту жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері.



Азық қорыту аппараты (пищеварительный аппарат) — apparatus
digestorius — азықты қабылдау, оны механникалық өңдеуден өткізу (ұсақтау,жібіту, араластыру), мүшелерден мүшелерге жылжыту, биологиялық(микроорганизмдердің көмегімен бактериялар, қарапайымдар,саңырауқұлақтар) жəне химиялық өңдеулерден өткізіп, қорытылған қоректікзаттарды сіңіру, азыққалдыған сыртқа шығару сияқты қызметтерді атқаратынішкі мүшелерден тұрады. Азық қорыту аппараты сыртқы ортамен жануарларденесіндегі екі табиғи дене тесіктері (кіреберіс тесік — ауыз саңылауы,шығаберіс тесік — аналь тесігі) арқылы қатысады. Ол негізінен жүйелі түрде кезектесе орналасқан түтікше мүшелерден жəне олармен өзектер арқылы
байланысқан ірі ас қорыту бездерінен құралған. Азық қорыту аппаратын фило-онтогенездік тұрғыдан төрт бөлімге бөледі. Олар: бас, алдыңғы,ортаңғы жəне артқы бөлімдер.
1. Бас бөлімге ауыз қуысының мүшелері мен жұтқыншақ жатады. Олар
бірігіп, ауызжұтқыншақты құрайды.
2. Алдыңғы бөлім оңеш пен қарыннан тұрады.
3. Ортаңғы бөлімге ащы ішек (он екі елі, аш, мықын ішектер) пен ірі ас
қорыту бездері (бауыр, ұйқы безі) жатады.
4. Артқы бөлім жуан ішектен (бүйен, тоқ, тік ішектер) тұрады.



  1. Ас қорыту жүйесі ауруларының жіктелуі. Синдромдары.



Асқорыту аурулары келесі бес топқа біріктірілген:
1. Ауыз қуысы, жұтқыншақ және өңеш аурулары-стоматит, фарингит, өңеш және жұтқыншақ аурулары т. б.
2. Күйіс қайыратын малдарың ұлтабаралды қарындар аурулары-ұлтабаралды қарындардың гипотониясы мен атониясы, қарындардың жынға толып кетуі,мес қарынның кебуі, мес қарынның ацидозы және алкалозы, тыртықтың тимпаниясы, травматикалық ретикулит, қатпаршақ қарынның бітелуі
3. Асқазан аурулары – гастрит,асқазанның ойық жарасы
4. Ішек аурулары-гастроэнтерит, энтерит, энтероколит.
5. Колик синдромымен жүретін асқазан мен ішек аурулары: асқазанның жіті созылуы, ішек метеоризмі,ішектердің түйілуі,ішектерде жынның іркелуі,странгуляциялық илеус,тромбоэмболиялық шаншу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет