Қосымша мәліметтер
Рефлексия
|
оқушылар кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттады, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалады, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтады.
Оқушылар еңбек етуді, талаптылықты, шыдамдылықты, адалдықты, уәдеге берік, сертте тұра білу керек екенін үйренді.
Сабақ өз дәрежесінде мақсатта жетті. Оқушылар бүгінгі тақырыпты толық түсінді.
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша нақты ауызша және жазбаша түрде жауап берді. Жоспарланған саралаушылар тиімді болды.
Сабақ уақытын тиімді пайдаландым, барлығы үлгерілді.
Жоспардағы сабақ мақсаты мен оқу мақсаттарымен бірге
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы туралы ақпарат кірістірдім.
|
1. Қолданылған әдістер табысты болды.
2. Жұптық жұмысқа арналған тапсырмалар табысты болды.
1. кері байланыстың орнауы мұғалім мен оқушы арасында, тапсырмалардың жүйелілігі сабақты жақсарта алды.
2. Оқушылар жауабын бағалау түрлері мен қорытынды марапаттау сабақты жақсарта алды.
Сабақ барысында мен оқушылардың қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді түрлендіре қолдану, жеке оқушының дарындылығы мен қабілетін насихаттау, ширату жаттығулары келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім.
Бұл үрдістің тағы бір ерекшелігі сыныпта өткізілген сабақ барысында болған жұмыстардың сол мезетте бағаланып отыратындығы. Олар алған білім, білік, дағдылары бойынша бағаланып отырады. Әсіресе өзін өзі бағалау, оқушының арнайы қателерді бағалауы. Сол арқылы оқушыны бағалай отырып, мынаған көз жеткіздім. Біріншіден, оқытудың қиындықтары анықталды; екіншіден, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс жүрді; үшіншіден, сабақтың сапасы артты; төртіншіден, оқушы өзін тұлға ретінде сезіне алатын дәрежеге жетті.
Жалпы оқушыларды бағалаған кезде өздерінің бағалауын назарда ұстап сенімді баға қоя білуде. Сондықтан сабақ барысында құрылған сабақ жоспарыма сай бағалау бетшелерін дайындаймын. Бағалаудың өзін екі түрде қолданамын. Күнделікті сабағымда қалыптастырушы бағалауды қолдансам, тарауды қорытындылау сабақтарымда негізгі бағалауды қолданамын.
Бұл сабақта қол жеткізген нәтижем: оқушылар өз бетінше ізденіп, мәселені шешуде қызығушылық танытты. Проблемалық сұрақтарға жүйелі, дәлелді түрде жауап берді. Өзіндік ой-пікірлерін қағаз бетіне түсіріп, оқушылардың тіл байлықтары дамыды, қорытынды жасай білуге дағдыланды.
Қорыта келгенде, жоғарыда көрсетілген оқу-тәрбие үрдісіндегі инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдері болашақ ұландардың жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылықпен шыңдауға, қарым-қатынас қабілеттерін арттыруға толық мүмкіндік береді. Шәкірттерімнің тұлғалық ерекшеліктерін зерттей отырып, нәтижеге бағытталған жұмыстарымның қорытынды жемісі төмендегідей болмақ. Бұл жұмыстар нәтижесі: шәкірттерімнің алғашқы шығармашылық жұмыстарының газетке материал дайындауы. Яғни, шығармалар, эссе, сурет салу, альбомдар. Атап айтатын болсам, 2019 жылы түлегім Халидолла Исламның оқушысы жылдың атануы, 2019-2022 жылдардағы қазіргі оқушыларымды да ізденімпаз, шығармашыл, белсенді деп айта аламын. Оның дәлелі түрлі республикалық байқаулардың жүлделі орын иегерлері. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен қатар келген ерекше туған күнін Еңбегі ұстаздың газетіне Амангелді Камал өзінің эссесін жариялады.
Достарыңызбен бөлісу: |