1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары


Қайта өрлеу дәстүріндегі дәстүріндегі діни реформация. Ж:Кальвин



Pdf көрінісі
бет43/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53
философия сессия

55.Қайта өрлеу дәстүріндегі дәстүріндегі діни реформация. Ж:Кальвин, 
М.Лютер 
Реформация (лат. reformatio - қайта құру түзеті) - римдік католиктік 
шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан 
түсіндіруге қарсы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16 
ғасырдағы діни - қоғамдық қозғалыс. 
Реформацияның көсемдері және негізін салушылар - М. Лютер мен Ж. 
Кальвин. 
Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы -
 протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-католиктік 
шіркеуден бөлінуін Папа тағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде 
шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне 
айналады. Зұлымдық - діни надандықтың синонимі, ол Құдай сөзін білмеудің 
салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы 
түзетуге болады. 


56.философиядағы адам мәселесі.Антропология 
Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды 
мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі 
антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы -“адам дегеніміз не” 
мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген 
ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары 
адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке 
қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп 
анықтайды. Ол адамды барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының 
өзіндік рухани - практикалық іс - әрекетінің біртұтас жүйесі ретінде, 
көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді. Адамның табиғаты мен мәні туралы 
сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде орын алған. Адам 
проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын 
экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияның басқа 
да көптеген ағымдарын қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, 
структурализм, аналитикалық философияда, социобиологияда адам 
тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық 
немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта адам төңірегіндегі мәселелердің 
алдыңғы қатарға шығып, Әлемнің барлық түкпірінде өзекті мәселеге 
айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінде кездесіп 
отырған өмірлік мәселелердің ұдайы шешіліп отырылуы қажеттігінен 
туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың күннен-күнге көбейе түсуі, табиғи 
ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын сағатына әкеліп, апырау, осы 
адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген үрейлі сұрақтарды жиі-жиі туғыза 
түсуде. Генетикалық инженерияның даму бағыты, әртүрлі органдарды 
трансплантация жасау мүмкіндіктері адамның биологиялық табиғаты туралы 
үйреншікті көзқарастарды өзгерте түсуде. Сонымен қатар, адам 
биологиясының біз білмейтін қаншама терең сырлары бар екендігіне де 
күмән жоқ. Адамдар өз мүмкіндігін қоғамдық ортада басқалармен қарым-
қатынас жасау арқылы іске асырады. Қарым-қатынастың алғашқы түрі “мен” 
және “сен” деп бөлінуден басталады да, әр адам өзінің “менін” басқалармен 
қарым-қатынаста танытуға тырысады. 
Адам болмысының толыққандығының маңызды белгісі оның өткенімен және 
болашағымен байланысуды тек сезіну - түсіну ғана емес, бұл рухани қарым-
қатынастық адамның қазіргі болмысының жан-жақтылығымен, тереңдігімен 
өлшенеді. Бұдан бұрынғы дәстүрге сүйенсек, ғылыми әдебиеттерде адамның 
әртүрлі қасиеттерін көрсететін “личность”, “индивид”, “индивидуальность” 
ұғымдарын қазақ тілінде “тұлға”, “индивид”, “индивидуалдылық” деп айтып 
жүр еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет