12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері


• Кроме того, превалирование интерактивных форм работы резко повышает значение авторских курсов; •



бет12/16
Дата16.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
#139830
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Кроме того, превалирование интерактивных форм работы резко повышает значение авторских курсов;

Необходимость внедрения в обучение интерактива требует от преподавателя высокого уровня владения инновационными технологиями обучения.

Смысл инновации в ее целесообразности, то есть они должны быть не «модными», а нести заряд эффективности, когда то, что придет «после» должно быть лучше, качественнее, чем было «до». И, наконец, инновациями занимаются люди, для которых нет этапов «по-старинке» и «по-новому». Эти люди мобильные, всегда имеющие инновационный заряд внутри, т.е. подходящие к процессу образования как к творчеству. Чтобы преподаватель мог подходить к процессу образования как к творческому акту, ему необходимо предоставить больше академической свободы.

Необходимо ослабить административные барьеры, не позволяющие университетам вести поиск собственных оригинальных решений организации учебного процесса.



Академические свободы несут в себе большое конструктивное начало, но при этом сопровождаются не менее высокой степенью ответственностью.

В данной статье нами рассмотрены лишь некоторые аспекты, относящиеся к формированию профессиональной подготовки студентов высшей школы в условиях реализации компетентного подхода. Естественно, что необходимым условием компетентного подхода в массовой практике становится формирование нового поколения государственных образовательных стандартов, примерных учебных программ и учебных пособий, тестов для повышения эффективности усвоения материала при изучении дисциплины. Конечно, создать все перечисленные условия для выпуска компетентного специалиста – дело непростое, но, не используя компетентностный подход достигнуть нового качества образования вряд ли возможно.


ЛИТЕРАТУРЫ

  1. Байденко В.И. «Компетентностный подход (К проектированию государственных стандартов высшего образования)». Методическое пособие. М., 2005

  2. Лебедев О.Е. Компетентностный подход в образовании // Школьные технологии – 2004. №5, с. 3-12.

  3. Глямина И.Г. Проектирование государственных образовательных стандартов / Материалы к четвертому заседанию методологического семинара. М., – 2004.

  4. Хуторский А.В. Ключевые компетенции. Технология конструирования // Народное образование – 2003. – №5. – с. 55-61.

  5. Зимняя И.А. Ключевые компетентности как результативно-целевая основа компетентного подхода в образовании М.: Исслед. Центр пробл. качества подготов. специалистов, – 2004.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада жоғары оқу орнында құзіретті маман даярлау мәселесінің кейбір қырлары қарастырылады. Құзіретті маман даярлауда жаңа оқу бағдарламалары мен стандарттардың, оқу құралдарының пәнді игертудегі ықпалы, тәжірибедегі көрінісі сараланады.
РЕЗЮМЕ

В данной статье рассматриваются лишь некоторые аспекты, относящиеся к формированию профессиональной подготовки студентов высшей школы в условиях реализации компетентного подхода. Естественно, что необходимым условием компетентного подхода в массовой практике становится формирование нового поколения государственных образовательных стандартов, примерных учебных программ и учебных пособий, тестов для повышения эффективности усвоения материала при изучении дисциплины.



с п о р т ж ә н е д е н е т ә р б и е с і

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ
Жүрсінбекова Ғ.А.- оқытушы, Құспанова А.М. – оқытушы

(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Адамның дене тәрбиесі - аса бағалы қазына. Дене сау, жан-жақты шыныққан адам- елдің шын мәніндегі байлығы.

Алайда, біз кейде осы байлықты жете бағаламаймыз, содан барып материалдық мүлікті дамытуды қаражаттың қалдығы бойынша жоспарлау, ұйымдастыру және теория мәселелеріндегі елеулі оқлықтарды жіберіп толып жатқан себептерден көп нәрседен айырылып қаламыз.

Бүгінгі таңда экологияның зияны, дене тәрбиесіне дұрыс назар аударылмау салдары жастардың денсаулығына қаншалық әсер ететінін терең сезіне бастағанымыз жөн. Көңіл алаңдататын көрсеткіштердің кейбіреулерін ғана атап өтейік:


  • мектеп оқушыларының 62%- қозғалыс тірегі бұзылғандар:

  • жасөспірімдердің 30-40% - қан айналым жүйесі қызметіндегі ауытқуы барлар:

  • қыздардың 50% мен ұлдардың 20% - артық салмағы бар:

  • бойжеткен қыздардың ағзасындағы өзгерістері бұзылу салдарынан арқа жауырын сүйектерінің дұрыс қалыптаспауы - 40% құрайды.

Бұл әбден дәлелденген ақиқат, дене тәрбиесі әр адамның күнделікті тіршіліктегі негізгі қозғалыс құралы болуы керек. Дене тәрбиесі орасан зор тәрбиелік және қабілеттілік қуаты бар пән болғандықтан, спортпен шұғылдануу адамның жеке басының дене шынықтыру мәдениетінің жиынтығы болады.

Денсаулықты нығайтудың негізгі құралы ретінде дене тәрбиесі мен спорт жас ұрпақтың адамгершілік және әлеуметтік жағынан қалыптасуына ықпал етеді, олардың бойына салауатты өмір салтының берік дағдыларының дәнін егеді.

Дене тәрбиесінің мағынасын түсіну, спортқа деген кемсітушілік пен немқұрайлылыққа қоғамдық пікірдің төзбеушілігі біздің де шет елдердің тәжірбиесін толық пайдалануға да негіз бар.

Мысалы, Жапонияда жас мамандарды жұмысқа қабылдағанда дене шынықтыру даярлығынан тексеріледі, жыл сайын халықтың дене шынықтыру даярлығының байқаулары өткізіледі, ал АҚШ- та арнайы дене шынықтыру шарттарын сақтамаған офицерлер әскер қатарынан босатылады.

Қазіргі заман талабына сай біздің тәуелсіз елімізге толық қанды тұлға қалыптастыруымыз қажет. Тәрбиесіз жан- жақты дамыған тұлға қалыптастыру

мүмкін емес. Сондықтан адам бейнесі, жеке тұлға бейнесі маңызды. Тұлғаның ішкі көрінісі мен сыртқы бейнесі бір- бірімен үндесіп жатқаны дұрыс.

Осы тұлғаның сыртқы бейнесін қалыптастырудың негізгі- дене тәрбиесі.

Дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері:

Шаруашылық пен әлеуметтік мәдени құрылымның түрлі салаларындағы шығармашылық еңбекке қабілетті, дене тәрбиесі мен спорт дағдыларын Отан қорғау жолында пайдалануға әзір, жан- жақты жетілген шымыр, мықты, дені сау тұлға және физиологиялық жағынан толық дамыған ұрпақтарды өмірге алып келетін болашақ аналарды тәрбиелеу.

Осындай мақсатқа жету үшін дене тәрбиесінен студенттердің – мектептен, жоғағы оқу орнынан алған дайындығы да өзінің тиісті үлесін қосады.

Дене тәрбиесі бағдарламасы білім беру міндеттерін толық шешуді анықтайды, атап айтқанда:



  • идеялық және адамгершілік сенімнің сапасын қалыптастыру;

  • тәрбиелік және еңбексүйгіштік;

  • спорт және дене шынықтыру жаттығуларымен ықылас қойып шұғылдану;

  • жастарды өмірге белсенділікке тәрбиелеу;

  • денсаулықты нығайту, қозғалыс тірегін және тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру;

  • салауатты өмір сүру мен демалысты ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;

  • таңдаған спорт түрінен шеберлікті жетілдіру;

  • спорт жүйесінде насихатшы, қоғамдық ұйымдастырушы, нұсқаушы, төреші болу үшін қажетті теориялық, әдістемелік және тәжірибелік біліммен қарулану;

  • болашақ кәсіптік мамандықтың ерекшеліктеріне байланысты, еңбекке деген психикалық даярлықты қалыптастыру. Бұл бағыт - өскелең ұрпақтың нашақорлыққа, маскүнемдікке, шылым шегуге әуестенбеуі үшін, оларды өлім мен өмір арасындағы проблемаларға әкелмеуі үшін жасалынған.

Споттық үйірмелер, дене шынықтыру клубтары, мектептегі секциялар, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептер оқушыларға қоршаған ортадағы жағымсыз әрекеттерден қорғауға көп көмектерін тигізеді. Бірақ, өкінішке орай бұл көмек өте аздық етіп отыр. Мектептерде дене шынықтыру пәніне, спорттық жарыстарға, сабақтан тыс өткізілетін әр түрлі спорттық іс-шаралар мен жарыстарға көп көңіл бөлінуі керек.

Бұл сабақ мамандырылған педагогтардың көмегімен баланы өз бетімен өмір сүруіне, өзінің алтын уақытын бағалай білуіне, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруына, өз- өзіне бақылау жасап, сын көзбен қарауына жол ашады.

Дене шынықтыру сабағындағы әр түрлі ойындар баланы тек татулық пен бірлікке ғана шақырып қоймай, оның санасезімін өмірдегі әр түрлі жағдайлардан оңай шығып кетуіне көмектеседі. Ал егер бала жеке бір спорттың түрімен айналысса, ол өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, мінез- құлқын дұрыстап, жасаған қателіктерін сараптап, оны қайталамауға үйренеді. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу баланы адал, ар-намысы жоғары, ішкі де сыртқы дүниесі бай болуына әсер етеді. Тек қана спорт алаңдарында емес, өмірде де өз күштерінің жемістерін көретін болады. Мұндай қасиеттер қазіргі егемен Қазақстанымыздың жас ұрпақтарына өте қажет.

Осы тұрғыда студенттерге жүктелетін міндеттер:



  1. Дене тәрбиесі сабақтарына оқу кестесі бойынша тұрақты түрде қатысу.

  2. Студенттік емхана белгіленген мерзімде дәрігерлік тексерістен өту және денсаулық пен дене шынығуының дамуына өзіндік бақылау жүргізу.

  3. Шынығу және жүйелі дайындығын анықтау үшін белгіленген даму денгейінің көрсеткіштерін орындау.

  4. Ұсынылған қозғалыс тәртібін ескере отырып, таңертенгілік бой жазу жаттығуларымен, спортпен, туризммен, тұрақты түрде өз бетінше шұғылдану.

  5. Денсаулықты нығайту, дене шынықтыру дайындығымен спорттық шеберлікті арттыру.

  6. Күн тәртібіндегі оқу, демалыс пен тамақтанудың тиімді ережесін сақтау.

  7. Студенттер арасында ауданда, облыста, қалада және Республикада өткізілетін сауықтыру жарыстары мен іс-шараларына белсенді қатысу.

«Барлық Қазақстандықтардың өсіп- өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы туралы» Республика Президентінің халыққа жолдауы (Қазақстан-2030) осы міндеттерді шешуге бағыттайды. Онда «бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны», сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілік туралы да айтылған. Қазақстанның болашағы- қазіргі жеткіншек жастардың денсаулықтарына, оны нығайту ісіне айрықша назар аударылып, салауатты өмір салтын тұрмысқа толық енгізу көзделген. Салауатты өмір салтының бір белгісі әрбір адамның дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысуы болып табылады. Спортшы болу студенттердің барлығына бірдей мақсат болмас, бірақ дені сау, қоғамымызға пайдалы азамат болып өсу- барлық азаматтың парызы. Елімізді көркейту үшін, өркениетті елдер қатарына қосылу үшін ең басты құрал- осы студенттеріміздің денсаулығы, жандары мен тәндерінің тазалығы болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Мектептегі дене тәрбиесі және оны бақылаудың әдістері. Төтенай Б. Алиев А. Алматы -1996.

  2. Мектептегі дене шынықтыру. Республикалық ғылыми- әдістемелік журнал. Алматы-2004.

3. Дене шынықтыру. Асылов Ұ. Дайырова Ә.Алматы- 2002.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада дене тәрбиесінің адам ағзасының дамуына әсері қарастырылып, студент жастарға дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеті туралы сараланған.


РЕЗЮМЕ

В статье говорится о пользе физической культуры и ее влиянии на развитие организма человека, а также дана полная информация студентам о цели и задачах физической культуры.



М А Г И С Т Р А Т У Р А

КӘСІПТІК ОҚЫТУ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ШАРТТАРЫ
Адилчиева Қ.С., Толыбаева Ж.Ж. - магистрант

(Алматы қ-сы., Қазақ ұлттық аграрлық университеті)


Қазақстан Республикасы білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтарының, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау-білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда. Білім беру саласында мамандарды даярлаудың қазіргі ұйымдастырылуының негізінде жүйелі білім берумен қатар, оқу материалын ұғынуда қиындықтар тудыратын бөлек–бөлек тұрғылар да бар.Мұндай жағдайдың негізгі себебі, біздің ойымызша, білім беру процесі негізгі оқу пәндерін оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми ұсыныстарға негізделмейтіндігінде, ал оның өзі білім берудің барлық деңгейлерінде оқу–білім беру процесінің өрістеуіне кері әсер етеді. Кез келген пән бойынша оқу бағдарламаларын жасаушыларға оларды неғұрлым жандандырудың логикалық – психологиялық негіздерін жаңаша етіп іздестіру мәселесі қойылады. Бұл курсты оқыту курсының ерекше жағдайы, оның логикалық негіздерін байланыстыру қажеттілігімен де, адамның онтогенетикалық даму заңдылықтарын оқыту психологиясы тұрғысымен де анықталады. Жаңа оқулықтар, бағдарламаларды жасауда негізгі қиындықтар бірнеше объективті факторларды: психиканың бейнелендіргіш және реттегіштік қызметін, психологиялық феномендерді сипаттаудағы көпнұсқалықты, курстың субъект–субъектілік әрекеттестікке көшкендегі педагогикалық процеске қатысушылардың бәрінің де психикалық дамуына ықпал етіп, әсіресе студенттердің психикалық дамуы мен бағдар алуына пайдалы әсер етуін де қамтиды.

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Л.С.Выготский қазіргі кездегі оқыту процесінің маңызды қағидаларының бірін атап көрсетті: «Оқыту дамудың соңында жүрмейді, керісінше оны жетелейді» /1/.

Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов зерттеулері дамытпалы оқыту қағидасының психологиялық негіздерін қалады /2/.

Л.В.Занковтың дамыта оқыту эксперименталды жүйесі бірнеше принциптерге: қиындықтың жоғарғы деңгейінде оқыту принципі, теориялық білімдердің жетекшілік принципі, оқушының өз оқуын ұғыну (рефлексия), оқушылардың дамуын қалыптастыру принциптеріне негізделген. Л.В.Занковтың жүйесінің негізгі ерекшелігі: оқытудың жоғарғы қиындық деңгейінде өткізілуі /3/.



Тұлға белгілі бір даму деңгейіндегі кемелді дамыған санасы бар, мінез- құлық салыстырмалы түрде тұрақты, сондай –ақ өзінің қалыптарын және әлеуметтік ортамен қатынасын реттеуге қабілетті адам.

Айтылғанға орай тұлға қандай да бір керемет жетістіктермен байланысты болуы міндетті емес. Әрбір қарапайым ересек адам – тұлғаның негізгі және анықтаушы белгілері мыналар: сана-сезім, даралық сипаттар, өзін-өзі меңгеру ,активтілік, басқа адамдармен дұрыс қатынас жасау.



Индивид жеке тұлға бір адам. Даралық – бұл адамның өзіндік ерекшелігі. Даралық қайталанбайтын, тек бір адамға ғана тән қасиеттері мен ерекшеліктері, бір адамда өзгелерден ажыратып тұратын қасиеттер. Даралық белгілі бір деңгейде тұлғаны басқалардан ажырататын мәнді ерекшеліктермен ажыратылады. Бұл адамды ынта қабілеттіліктер, мінез – ерекшеліктері. Адамның жекелеген қасиеттеріне негізінен оның кәсіптік жарамдылығы бағынышты. Адамның даралық ерекшеліктері индивидтің даму барысында қалыптасады. Осы процесс кезінде нерв жүйесінде, ақыл – ой сезімде және жігерде ынтада, бейімділікте қабілеттер, дарында, темпераментте, мінез – құлықта өзгешеліктер байқалады. Бұл ерекшеліктердің бәрі адамның мінезіне, яғни оны оқудағы және жұмыстағы жетістігі мен сәтсіздігі бағынатын тұрақты психикалыө қасиеттерге ықтимал. Адам дамуына бірнеше белгілі факторлар әсер етеді. Мұндай факторлардың бір тобы биологиялық факторлар тобы деп атауға болады. Оған тұқым қуалаушылық факторлар, туа біткен қылықтары жатады. Даму факторларына екінші тобы әлеуметтік факторлар деп аталады. Және оған өмірдің қоғамдық шарттары өмір сүріп отырған орта және мақсатқа бағытталған тәрбие жатады. Әрбір ересек адам күрделі ішкі құрамы бар тұлға. Жасөспірімге мамандық ұсынғанда оның қандай да бір жеке қасиетіне емес, қайта тұлғалық қасиеттеріне сүйенгені дұрыс. Жеке адамның дамуына туа біткен және әлеуметтік факторлар әсер етеді.

Тұлғаның әр түрлі қасиеттерін қалыптастыруда тұқым қуалаушылық факторлардың және қоршаған ортаның рөлі бірдей емес, сондықтан тәрбие жолымен нені жасауға болатынын әрдайым есте сақтаған жөн.

Кәсіби бағдар жұмысының нәтижесі оқушыларда қалыптасқан кәсіби таңдаудың болуы. Сондықтан кәсіби бағдарда басқару тетігі жеке адамның кәсіби таңдауын дамыту арқылы іске асады.

Бұл дамудағы бірінші кезең жеке кісіге қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік жағдайдың әсерінен болатын, өз мақсатын белсенді түрде іздеу кезеңі.

Екінші кезең - өмірдегі өз орнын таңдау және өз мақсатын толық, терең түсіну.

Үшінші кезең - өмірлік құндылықтарды жеке тұлғаның жүзеге асыру кезеңі.

Мамандық таңдауда ықпал ететін күштер жеке адамның барлық шағын қамтып отырғанда ғана тиімді болады. Жас жеткіншектердің мамандық таңдау - өзінің кәсіби бағдар іс - әрекетінің субъектісі ретінде анықталады. Оқушының мамандық таңдауы табысты аяқтау үшін оған кәсіби қажетті қасиеттер болуы шарт. Кәсіби қасиеттер дегеніміз – сол таңдаған мамандығына орай психикалық, физиологиялық және физикалық түрдегі әзірліктің бар болуы және сол мамандық талап ететін шарттарға икемді таныту.

Мамандық таңдау процессінде кәсіби сана – сезім көп әсер етеді. Жеке кісінің өз мақсаттарына, ұстаған идеясына ойлаған құндылықтарына өз мүмкіндіктерінің сайма – сай келгені дұрыс.

Сана – сезімнің нақты формасы, өзін - өзі бағалауы. Бұл қасиет ішкі реттендірудің басты шарты болып табылады. Сол арқылы оқушы қай кәсіпті таңдайтынына зер салып әрекет етеді.

Жоғарғы сынып жасындағы оқушылар үшін жетекші іс - әрекет білім алумен қатар болашақ мамандығына қажетті пәндермен білімге көп көңіл бөле отырып жұмсайды.

Оқушылардың барлық іс - әрекеттері өзара байланысты болса және оған ұйымдасқан психологиялық ықпал жасаса, ол өз мамандығын таңдау жолында кездесетін қарама – қайшылықтарды шеше алады. Оқушы жастардың кәсіби бағдар таңдауына тиімді басшылық жасау үшін белгілі бір көрсеткіштерді негіздетіп алу қажет. Олар:

- кәсіп жайлы хабарлануы (таңдаған мамандығын оқып-үйренетін оқу орындарын, сол кәсіптің мазмұнын, экономикалық аймақтың мамандарға сұранысын білу);

- кәсіп таңдауынан қоғамдық маңызды мотиві (оқушы мемлекет мұқтаждығын ескеріп мамандық таңдауы);

- кәсіби қызығушылықтың қалыптасуы;

- белгілі бір кәсіпке арнайы қабілеттердің бар болуы (жараиылыстану ғылымдарына, қоғамды ғылымға, өнерге, спортқа, т.б);

- таңдаған мамандық бойынша өмірлік тәжірибесі (үйірмелерге, факультативтік пәндер тобына қатысуы, т.б);

- кәсіптік ойындарға қатысуы;

- кәсіптік икемділіктің нақты дәрежесі;

- денсаулық жағдайы (дәрігерлік көрсеткішке сәйкес кәсіпке жарамдылығы).

Оқушылардың кәсіби таңдауы әр сатыда әр қилы көрінеді. Сол себепті кәсіптік бағдардың психологиялық мәнін білу жеткіншектердің психологиясын және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оның даму сатыларын анықтауға мүмкіндік береді. Мамандық таңдау сатылары: а) ізденіске бағыттаушылық (1- 4 сыныптар); ә) субъективті құндылықтарға сүйену (5 – 8 сынып); б) әлеуметтік негізде (9 -11).

Оқушыларда кәсіби таңдаудың қалыптасуы негізгі кәсіби шарттардың орындалуы болып саналады. Ол шарттарға мыналар жатады: таңдаған мамандықтың елдің кәсіби мұқтаждықтарына сай келуі, таңдаған кәсіптің оқушының ынтасына келуі, түлектердің өндірістік және қоғамдық белсенділігін жоғарылығы мамандығына қанағаттануы, өз икемділіктері мен мүмкіндіктерін қоғам мұқтаждығымен бірге қарастыруы, осы процесті көңіл – күймен сезінуі.

Мектептегі оқу процесіндегі кәсіби бағдар мақсаты мен міндеті оқушының дүние танымдық көзқарастарымен қатар дамып, ұштасып отыру керек. Жасөспірімдердің кәсіби бағдар процесінің дамуында оқу, еңбек, қоғамдық саяси жұмыстар жетекші орын алады.

Ғылыми – техникалық прогресс жағдайдағы өндірістік күштердің жедел дамуы, өндірістің автоматтандырылуы мен жаңа технологиялардың өмірге енуі және нарық қатынастарына бейімделген қазіргі экономикаға зәру мамандарды даярлау күн тәртібіне қойылып отыр. Сол себепті жастардың кәсіби мамандық таңдау жолында қоғам мақсатты түрде ықпал ету қажет болып отыр. Ол маңызы бар шараға айналып отыр. Кәсіби бағдардың оқушылар арсындағы қоғамдық рөлінің ұлғайуы осы процесті басқарудың ғылыми жүйесін құруды талап етеді.

Кәсіби бағдарды басқарудың тиімді тәсілдерін дұрыс таңдау адамның еңбегіне деген қажетін анықтайтын мынадай факторларға тәуелді:

1. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық құрылымы;

2.Белгілі бір еңбек түрінің технологиялық және функционалдық ерекшеліктерінің мазмұны;

3.Жас адамның бойындағы белгілі бір кәсіби бағдар негіздерін – қызығушылықта, икемділіктерді қабілеттерді дамытып, қалыптастыру үшін жеке кісіге психологиялық әсер ету.

Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудың ең басты міндеті балаға өмірде қажет болатын білім беру, оны алдын – ала белгілі бір мамандыққа дұрыс даярлау, икемдеу. Оқушының ел ертеңі үшін нағыз азамат болып тәрбиеленіп шығуы үшін мектептерде қоғамдық пайдалы еңбектің маңызы зор. Кейбір мектептердегі шағын цехтар өнім шығарумен айналысып,оны өткізіп табыс табуда. Осыған орай мектеп жасындағы балалардың еңбекке араласуы жасына қарап анықталып, арнайы бағдарлар жасалып, еңбек сабақтарын көбейтуді қажет етеді. Мектеп тек қана орта білім беру ғана емес, сонымен бірге жасөспірімдерге арнаулы еңбек сабақтарын көбейтуді қажет етеді. Мамандық таңдау үшін әртүрлі іс-әрекеттер процестерінде даму динамикасында негіздей қарауды талап етеді.

Ол іс - әрекеттер мыналар: танымдық, қоғамдық пайдалы еңбек, коммуникативті әрекеттер.

Мектеп оқушыларының кәсіби қызығушылықтары негізінен алғанда оқу іс - әрекет кезінде қалыптасады да, «күшті сынау», яғни өндірістік еңбекте бекітіліп кейіннен мамандық таңдауға айналатын икемділіктер дәрежесіне көтеріледі. Сонымен қатар жасөспірімнің санасында өзінің болашақ кәсіпкер мамандық иесі ретінде сезінуі, өндірістің әр саласында қызмет жасап жүрген адамдарға еліктеу мамандық таңдауын жетілдіреді. Бұл жұмыстар ортақ жүйе ретінде қарастыруды талап етеді. Кәсіби бағдар жүйесінің құрылымдық элементтері оң мақсаттарын орындауға бағытталған. Сонымен бірге әрбір элементті басқа дәрежедегі жүйе ретінде қорғау болады. Ол өз кезеңінде өз міндеттерін шешеді. Сатылық принципі көп дәрежелі және көп баспалдақты күрделі және үлкен жүйелерді қарастырады. Әрбір саты төменгі сатыны басқарады да бір мезгілде жоғары дәрежедегі сатының басқару объектісі болып табылады. Негізінен алғанда кәсіби бағдарды басқару мына үш сатыда жүзеге асады: әлеуметтік, ұйымдастырушылық, педагогикалық – психологиялық.

Әлеуметтік сатыда кәсіби бағдарды басқару қоғамдық масштабта жүзеге асырылады. Бұлар жекелеген шаралар мен байланыс құралдар арқылы жасалатын үгіт – насихат. Ұйымдастырушылық сатыдағы кәсіби бағдарды басқару оқу – тәрбие процесі үстінде жүзеге асады. Педагогикалық, психологиялық сатыдағы кәсіби бағдарды басқару сынып жетекшінің, кәсіби бағдар беруші мамандардың, мектеп психологтарының оқушымен тікелей қарым – қатынас жасауы нәтижесінде жүзеге асады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Йовайша Л.А. Проблема профессиональной ориентации школьниклв. – М.: Педагогика, 1983. – 128 с.

  2. Даулетова Н. Жаңа типті мектептердің басты мақсаты – кәсіби бағдарлы білім. Дарын, 2006 № 6. – 93-97 б.

  3. Қойшыбаева А. Педагогикалық мониторинг – кәсіби сапасын арттыру құралы. Педагогикалық кеңес, 2005 .№ 4, №6. – 7-9б.

  4. Абуова Б. Қазіргі кездегі жоғарғы кәсіби білім берудегі мәселелер. Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы.2007. №1 – 232 – 234б

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада педагог мамандардың өз мамандығына қызығушылығын қалыптастыру жағдайы қарастырылады. Мамандыққа қызығушылықты оятудың бір шарты қоғамның сұранысына қатысты екендігі көрсетіледі.


РЕЗЮМЕ

В статье раскрыты условия формирования профессиональных интересов у будущих педагогов профессионального обучения. Управление профессиональной направленностью регламентируется в связи с потребностями общества.



КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА КӘСІПТІК ОҚЫТУ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Азатбақыт А.А.- магистрант. (Алматы қ., Қазақ ұлттық аграрлық университеті)
Қазіргі кезеңде тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің кепілі ретінде білім беру жүйесін реформалауды ойдағыдай жүзеге асырудың маңызы артып отыр. Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығынан, жылдам өзгеріп отыратын өмірге бейімделген, өзін-өзі көрсете алатын, қоғам өміріне белсене қатысатын, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдау арқылы өзін-өзі өмірде жүзеге асыруға, дамытуға қабілетті жеке тұлғаны субъект ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Студенттердің кәсіби бағыттылығын қарастыратын ғылыми, психологиялық, педагогикалық әдебиеттердің талдуы - кәсіби бағыттылық проблемасының кәсіптік бағдар беру жұмысының теориясы мен практикасына өзіндік үлес қосатынын көрсетеді. Сонымен қатар, болашақ кәсіптік оқыту мамандықтарында оқитын студенттер кәсіптік бағдар беру жұмысын дұрыс жолға қоюда, өздерінің бұл процестегі орны мен рөлін дұрыс анықтауда, оқушылардың кәсіби бағыттылықтарын жеке – дара ерекшеліктеріне сәйкес қалыптастыруда, кәсіби бағыттылықты қалыптастыру процесін дұрыс ұйымдастырып басқаруда көптеген қиындықтарға тап болатынын көрсетеді.

Жеке тұлға бағыттылығының проблемасы қазіргі кезеңдегі психологиялық-педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бағыттылық – жеке тұлға құрылымының өзегі, негізгі құрамдас бөлігі, оның «ең жоғарғы деңгейі» екені көптеген ғылыми зерттеулерде анықталған. Бағыттылықтың жоғарғы деңгейі жеке тұлғаны іс - әрекекттің барлық түріндегі жоғары белсенділікпен және олардың арасындағы өзара қатынастар үйлесімділігімен сипатталады. Мұндай жеке тұлға өзінің іс-әрекетіндегі еңбектің әртүрінде кездесетін қиындықтарды жеңе отырып, іс-әрекет түрлерінің бір –бірімен толықтыратын деңгейге жеткізе алады. Қазіргі біздің еліміздегі кредиттік оқыту жүйесіне енуі кезеңінде мамандарды шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық, педагогикалық және практикалық тұрғыдан дайын – біртұтас, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу жоғарғы оқу орындарының негізгі мақсаты. Республикамыздағы жоғары оқу орындарының кредиттік оқыту жүйесіне өтуіне байланысты кәсіби бағыттылықты қалыптастыру проблемасы да өзгеріп отыр.

Бағыттылық проблемасы өте күрделі және жан –жақты проблема болғандықтан, алдымен бағыттылық түсінігін, оның сипаттамасы мен құрылымын айқындау қажет.Жалпы қазіргі кезеңде кредиттік оқыту жүйесінің негізі – студенттердің өз бетінше дамуына барынша мүмкіндік туғызу. Яғни, бұл дегеніміз – дәстүрлі оқытудағыдай, студенттердің дайын білімді оқытушыдан алып, меңгеруі емес, өз бетінше ізденуі арқылы білім деңгейін жетілдіру, өзін-өзі дамыту қабілеттіліктерін қалыптастыруға бағыттау деген сөз. Ал, мұндай қабілеттер еңбек нарығындағы бәсекелестік жағдайында өте қажет.

Дегенмен, кредиттік технологияны Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінде студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту мәселелерін ескеру қажет. Себебі, жеке тұлға құрылымындағы бағыттылықтың маңызын, оның іс-әрекет деңгейіне әсерін, жеке тұлғаның негізгі жақтарының бірі ретіндегі мәні мен бағыттылықтың динамикасын ғалым-педагогтар, психологтармен қатар, инженер-педагогтар да белсенді түрде зерттеуде. Ол өмірлік және кәсіби дұрыс айқындалу мәселесінің қажеттілігінен туындайды. Психологиялық әдебиеттерде жеке тұлғаның бағыттылығы оның құрылымындағы негізгі компонент түрінде қарастырылады. К.К. Платоновтың анықтауы бойынша, жеке тұлғаның бірінші құрылымында – бағыттылық, қатынастар және моральдық қасиеттер бар. «Бұл құрылым тәрбиелеу арқылы қалыптасады... Тұтастай алғанда бағыттылық иерархиялы түрде байланысқан бірнеше форманы қамтиды: бағыттылықтың ең қарапайым формасындағы әуестік, ынтаға айналатын тілек; қызығу, дүниетаным, сенім».

В.О. Мерлиннің айтуынша, жеке адам сипаттамасында ең маңыздысы және негізгісі - оның бағыттылығы, яғни жеке адам өмірінің жалпы бағыты мен барлық белсенді шығармашылық іс-әрекеті соған байланысты. «Жеке адам бағыттылығына мінезінің қасиеттері, тіпті қабілеттерінің дамуы да байланысты, жеке адам бағыттылығына әлеуметтік және адамгершілік құндылықтары да жатады».

Қазіргі кезде жеке тұлғаның жалпы бағыттылығы, оның бейнесін құрушы факторы ретінде қарастырылады. Мәселен, С.Л.Рубинштейннің, А.И.Леонтьев, Б.Г.Ананьев, К.К.Платонов және т.б.жеке тұлға тұжырымдамаларындағы әр түрлі сипаттамаларды талдай келе, Б.Ф.Ломов былай дейді: «Жеке тұлғаны зерттейтін талдаулардың жоспарларының әртүрлілігіне қарамастан ... барлық көзқарастар жеке адамның негізгі сипаттамасы ретінде оның бағыттылығын баса айтады... Нақ осы қасиетінде, жеке адам мақсаты, оның мотивтері, болмыстың әртүрлі жақтарына субъективті қатынасы: оның бар сипаттамаларының жүйесі көрінеді». Осы проблема бойынша адам бағыттылығына деген мұндай кең көзқарас, оны іске асыруда нақты қиындықтармен байланысты болады.

Бағыттылық дегеніміз – жеке тұлғаның сыртқы жүйесінің қарапайым проекциясы (кескін-сұлбасы) түрінде қалыптасқан құрылымы емес, сыртқы әсерлердің жеке тұлғаның ішкі жағдайларына әсер етуі нәтижесінде құрылатын күрделі құрылым деп айтуға болады.

Жеке тұлғаның жалпы бағыттылығына іс-әрекет мазмұны, оның өзгешелігі әсер етеді. Жеке тұлға бағыттылығының негізгі типтері: қоғамдық, ұжымдық, жеке бастық, өзімшілдік, кәсіби, эстетикалық, т.б. бағыттылықтар деп қарастырылады.

Бұл мәселе бойынша педагогтар көзқарасы бойынша, жеке тұлға бағыттылығы – оқу, оқудан тыс іс-әрекет формаларының баршасының әсерінен қалыптасатын, оқушы жастардың болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындығын тәрбиелейтін күрделі жеке тұлғалық құрылым деген түсінікке саяды. Егер де, бағыттылық жеке тұлғаның ерекшеліктерін тұтастай анықтайтын болса, онда кәсіби бағыттылық жеке тұлғаның жалпы бағыттылығының маңызды бір бөлігі болып табылады.

Кәсіби бағыттылық – адамның таңдап алған мамандыққа көзқарасын сипаттайтын, кәсіби іс-әрекетке дайындығы мен оның табыстылығына әсер ететін жеке тұлғаның интегралды қасиеті деп қарастырылады. Кәсіби бағыттылықтың жан-жақтылығы, жеке тұлғаның жүйесін құрайтын қасиеті ретінде П.А.Шавирдің анықтамасында көрсетілген. Ол бойынша кәсіби бағыттылықтағы іс-әрекетті артығырақ көретін мотивтер жүйесі, оның өзі жеке адамның танымдық және құндылық-бағдарлық іс-әрекеті негізінде өтетін кәсіби әсерлер жүйесімен қарым-қатынас процесінде қалыптасады.

Кәсіби бағыттылықтың психологиялық-педагогикалық аспектісін, кәсіби шеберлікті дамыту бағытында, кәсіби бағыттылықты қалыптастыруды жетілдіру және де жеке тұлғаның жалпы дамуы тұрғысынан өте терең және жан-жақты зерттеген А.П.Сейтешев. А.П.Сейтешевтің пікірінше: кәсіби бағыттылық дегеніміз – «жеке адамның маңызды жақтарының бірі, ол оның қызығулары, ниеттері, бейімділіктері, мұраты мен сенімдерінен көрінеді». Педагогика және психология білімінің қағидаларын және өз зерттеулерінің нәтижелерін негізге ала отырып А.П.Сейтешев педагогикалық-психологиялық сипаттамаларды – толығымен қарастырды, жас жұмысшылардың жеке тұлғасының кәсіби бағыттылығы дамуының кейбір заңдылықтарын, оны тәрбиелеу жағдайларын көрсетеді.

Кәсіби бағыттылықты болашақ маманның жеке тұлғасының біртұтас және жан-жақты қасиеті түрінде толық түсіну үшін, оның компоненттік құрамын, сапалы сипаттамалары мен динамикасын анықтау қажет.

Студенттердің саналы түрде мамандық таңдауын мотивтейтін өз кәсіби қызығуларын түсінуі, арман-тілектерін іске асыру үшін саналы мақсат қойып, іс-әрекетін жоспарлауы – кәсіби бағыттылық қалыптасуының маңызды факторлары болып табылады.

Кәсіби бағыттылық әсерлілігі студенттердің сол мамандықты меңгеруге деген белсенді ұмтылыстарымен, қойылған мақсатқа жетудегі табандылығы, саналылығымен айқындалады.

Бұл ретте оқытудың кредиттік жүйесі бойынша болашақ маманның жеке тұлғалық қасиетін – кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға деген талаптар жоғары, әрі өзекті болып отыр.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. И.Ә.Әбеуова. Кәсіби бағыттылықты қалыптастыру.

  2. Сейтешов А.П. Воспитание профессиональной направлености личности молодых рабочих как педагогическая проблема: Дис.док.пед.наук. – Фрунзе, 1974.

  3. Сейтешов А.П. Пути профессионального становления учащейся молодежи. – М.: Высшая школа, 1988. – 336 с.

ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада оқытудың кредиттік жүйесі бойынша оқйтын жеке тұлғаның кәсіби бағдары зерделеніп,болашақ мамандықтың басты құрылымдық жүйесін таңдау мәселесін шешу көзделген.

РЕЗЮМЕ
В данной статье рассмотрены вопросы профессиональной направленности личности при обучении по кредитной технологии. Раскрыты основные системообразующие факторы выбора будущей професси.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет