3 І тарау. Қосымшалардың түбірге кірігу әрекеті тілдің ішкі даму заңдылығы



бет26/27
Дата08.10.2024
өлшемі5.04 Mb.
#504437
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Тәуелдік жалғау туралы түсінік (4)

Семантикалық карта



р/с

сөйлемдер

І жақ

ІІ жақ

ІІІ жақ

1











2













3












Сабақты қорытындылау кезеңінде әдеби-шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. Ол сабақты бекіту мақсатында ұйымдастырылады.


Оқылған сөйлемдерден тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазу.
Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан өзге тілдермен теңдесе алатын ана тілің бар екенін ұмытпаңдар, жастар!
Сол тілменен дүниені аттадым.
Таптым бүкіл тіршіліктер атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
Сол тілменен махаббатқа тіл қаттым,
Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.
Сол тілменеи сәбилерді сөйлетіп,
Талайлардың көз жастарын құрғаттым.
Тілім менің – ерлігім де елдігім,
Кемеңгерлік,
Кемелдігім,
Кеңдігім.
Тілім менің – мөлдірлігім, пәктігім,
Ойлылығым,
Тереңдігім,
Теңдігім.
Үйге тапсырма: "Ана тілім – ар, намысым, ардақтым" тақырыбына шығарма жазу.


Қорытынды
Тәуелдік жалғауының түбірге кірігу әрекеті тіл біліміндегі өзекті мәселелердің біріне жатады. Себебі, тәуелдік жалғауы түркі тілдерінде өте ертеден келе жатқан қосымшалардың бірі болғандықтан, оның қызметі түрлі өзгерістерге ұшырап, ол сөзжасамдық маңызды қызметті де атқаратын болған.
Бірінші тараудың бірінші бөлімінде тілдегі жалпы қосымшалардың түбірге кірігу әрекетіне қатысты айтылған ой-пікірлерге шолу жасалды.
Шолуда қосымшалардың түбірге кірігу әрекетіне байланысты айтылған ой-пікірлер мен болжамдар көрсетіліп, талданды. Біз бұл тараудан қосымшалардың түбірге кірігу мәселесі, соның ішінде тәуелдік жалғауының кірігу, көнеру жайы ғалымдар назарын өзіне аударып келгенімен, бүгінге әлі де айқындай түсетін, ашып көрсетер тұстары мол тақырып екенін байқадық. Қазақ тілінің деректері басқа түркі тілдерімен салыстырыла отырып, сөз болды. Әр қосымшаның кірігу әрекетінің тілдегі көрінісіне жеке-жеке тоқталып, қысқаша түрде талдаулар жасалып отырды. Қосымшалардың кірігу әрекеті: қазіргі кезеңде өлі түбір саналатын сөздерге қосымшалардың кірігуі және түбірі сақталған сөздерге қосымшалардың кірігуі түрінде екіге бөлініп қарастырылды.
Тәуелдік жалғауының түбірге толық және жартылай түрде кірігу әрекетіне жеке-жеке тоқталып, негізгі ерекшеліктері анықталды. Осы тәсіл арқылы пайда болған сөздердің жүйелі тізбегі берілді және сөйлем ішіндегі байланысу тәсіліне сәйкес ол сөздерді ілік жалғаулы сөздерді керек етпейтіндер және ілік жалғаулы сөздерді керек ететіндер түрінде екіге бөліп қарастырдық. Тәуелдік жалғауының түбірге кірігу әрекетіне тән басқа тұстары да (түбірі сақталған немесе өлі түбір саналатын сөздерге тәуелдік жалғауының кірігу әрекеті; түбірге тікелей кіріккен, қабаттаса кіріккен және жалғаудан не жұрнақтан кейін кіріккен тәуелдік жалғаулары) толық қамтылды.
Тәуелдік жалғауының түбірге кірігу әрекеті арқылы пайда болған қос сөздер тұсында бір сыңары кірігу әрекеті арқылы жасалған және екі сыңары да кірігу әрекетінен немесе бір сыңары тәуелдік жалғауының түбірге кіріккен күйінде нөлдік формада келген түрлері сөз болды. Екінші тарау тәуелдік жалғауының мектепте оқытылуына арналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет