Атырау облысы білім беру басқармасы


Буаз-көтерем (paraplegia gravidатит)



бет15/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
акушер умк

Буаз-көтерем (paraplegia gravidатит). Буаз мал туға 1,5-2ай қалғанда аяғынан тұра алмай жатып қалады. Ауру көбінесе сиырларда қыстыгүні, көктемде кездеседі. Аурудың нақтылы себептері әлі анықталған жоқ, дегенмен малдын жемшөптен кысылып, сыртқа шықпай ұзақ ұсталуы, суықтан шалдығуы әсер етуі мүмкін. Алғашқы кезде сиырдың жүргенде теңселгендігі байқалады,кейіннен жатып-тұруы қиындап, бір жерден , екінші жерге сүйретіліп жылжитын болады. Жемшөпке тәбеті бұрынғыдай, дене қызуы да қалыпты жағдайда. Туғанға дейін шыдаса, туғаннанкейін аптаның ішінде тұрып кетеді. Ал енді көп жатып қалса,12 ас қорыту органдарында атония, тимпания болып жатқан жанғы тесіліп, ақыры интоксикациядан, не болмаса септишемиядан өледi. Малды аман сақтап қалу үшін рационға оңай қорытылатын витамин, минералды заттары, белогі көп азықтарды кіргізеді,атап айтқанда, ұннан атала жасап береді өндірілген сұлы (50-100 гр.), балық майын сәбіз, құрғақ көк пішен береді. Жатқан жері жұмсақ, құрғақ болуы керек, үстін, аяқтарын, жамбасын,укалап сүртіп 2-3 рет аударып тұрады. Венаға 100-150 мл хлорлыкальцийдің 10 пайыздық ерітіндісін, 200-300 мл. глюкозанын 20пайыздық ерітіндісін кофеин қосып жібереді.В. С. Кириллов малдың төрт емшегінің де үрпісінен 250 мл жаңасауған сүт жіберген дұрыс дейді.
Остеомаляция (osteотalatia gravidатит). Остеомаляция немесе дистрофия, остеопатия деп аталады. Бұл ауру негізінен фосфор-кальций тұздарының алмасуы бұзылғандықтан, минералды заттардың жетіспеуінен болады. Көбінесе, сиыр мен ешкі қысты күндері ауырады. Жем-шөптің сапасы нашар құрамында кальций фосфораз, каротиндәрумен Д мүлдем жоқ болып, мал күн көзіне шықпаса, жаппай ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудын негізгі белгілері: малдың іші өтеді, лас-сасық суды ішеді, тісі былқылдап түсе бастайды, жүргенде ақсайды, буындары iседi соңғы құйрық омыртқалары әбден жұқарып жоғары көтергенде бүктеліп тұрады, әлсіз ғана соққыдан аяқтары сынып кетеді.
Ауруды емдеу үшін ең алдымен, рационның құрамын жақсарту керек минералды тұздар, әк, балық майын, дәрумендер, шырша қылқындарының ұнын қосады. Венаға хлорлы кальций ерітіндiсiн салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет