Аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Сарысу аудандық мәслихатының Грамотасы туралы



бет2/5
Дата13.06.2016
өлшемі289.5 Kb.
#133812
1   2   3   4   5

Сарысу аудандық мәслихатының Грамотасы туралы

ЕРЕЖЕ




І БӨЛІМ

Негізгі ереже




  1. Аудандық мәслихат Грамотасы мәслихат марапаты болып табылады.

  2. Аудандық мәслихаттың Грамотасын аудандық мәслихат Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 8 баптарына сәйкес тағайындайды.

  3. Грамота туралы Ереже, сипаттамасы және марапаттау жөніндегі комиссия құрамы аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

  4. Аудандық мәслихаттың Грамотасымен марапаттау туралы аудандық мәслихат хатшысының өкімі қабылданады, ол жергілікті баспасөзде жарияланады.

ІІ БӨЛІМ

Аудандық мәслихат Грамотасы



  1. Аудандық мәслихаттың Грамотасымен өндірістік және қоғамдық-саяси қызметте, ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, дене тәрбиесі және спорт саласында, халыққа қызмет көрсету аясында, жоғары көрсеткіштерге жеткен, сондай-ақ заңдылық және құқықтық тәртіпті, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту ісіндегі жеке үлестері үшін өз саласында кем дегенде 5 жыл қызмет істеген аудан азаматтары марапатталады. Аудандық мәслихат Грамотасымен ауданға сіңген қызметі үшін басқа да тұлғалар марапатталуы мүмкін.

  2. Еңбек етіп жүрген кездерінде мерейтойға байланысты марапаттау жүргізілмейді. Қала мен ауылдық округтер, елді мекендер, сондай-ақ еңбек ұжымдары аудандық мәслихаттың Грамотасымен марапатталмайды.

  3. Аудандық мәслихаттың Грамотасымен гастрольдік сапарлары кезінде мәдени байланыстарды, достықты және халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтқаны үшін жекелеген шығармашылық ұжымдар марапатталуы мүмкін.


ІІІ БӨЛІМ

Аудандық мәслихаттың марапаттау комиссиясы

  1. Аудандық мәслихаттың марапаттау комиссиясы аудандық мәслихат депутаттары арасынан марапаттау ісі жөніндегі ұсыныстарды алдын - ала қарау мен дайындау үшін құрылады.

  2. Комиссия тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады, ол мәслихаттың өкілеттік мерзіміне бекітіледі. Комиссия 5 (бес) депутаттан құрылады. Комиссияның қызметіне басшылықты сайланбалы түрде аудандық мәслихат депутатының бірі жүзеге асырады. Комиссия құрамынан хатшысы сайланады.

  3. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және оған комиссия құрамының жартысынан астамы қатысқан жағдайда құқықты болып саналады. Комиссия отырысына қатысып отырған комиссия мүшелері көпшілік дауыспен шешім қабылдайды.

  4. Комиссия отырысы үшін материалдар дайындауды және оған тиеселі қызметтерді атқаруды аудандық мәслихаттың ұйымдастыру-бақылау бөлімі жүзеге асырады.


ІV БӨЛІМ

Аудандық мәслихаттың Грамотасымен марапаттауға ұсыну тәртібі





  1. Аудандық мәслихаттың Грамотасымен марапаттау үшін ұсынысты аудандық мәслихатқа кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, аудандық өкілетті және атқарушы органдар енгізеді. Ұсыныс Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихатта 1-ОЛ бағдарламасы арқылы тіркеледі.

  2. Марапатталатын үміткерлер еңбек ұжымдарында қаралып, ұсынылады.

  3. Аудандық мәслихаттың Грамотасына ұсынылған әрбір адамға белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы толтырылады. Марапаттау қағазында марапатталатын тұлғаны сипаттайтын мәліметтер, сол саладағы және өз ұжымындағы жалпы еңбек ету өтілі, оның нақты жетістіктері, жұмысының сапалы және тиімділігі туралы мәліметтер, оның нәтижелері жазылады.

Марапаттау қағазына кәсіпорын, ұйым және мекеме басшысы қол қояды. Марапаттау қағаздары кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің мөрімен бекітіліп, компьютерде басылады. Дұрыс толтырылмаған марапаттау материалдары қарауға қабылданбайды.

  1. Рәсімделген марапаттау материалдарын еңбек ұжымдары аудандық мәслихатқа жолдайды.

  2. Марапаттау ісі жөніндегі ұсыныстарды алдын ала қарау және әзірлеу үшін аудандық мәслихатта марапаттау жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Комиссия қараған ұсыныстың қорытындысы туралы үміткерді ұсынған органға Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес хабарлайды.


V БӨЛІМ
Аудандық мәслихаттың Грамотасын тапсырудың тәртібі


  1. Аудандық мәслихаттың Грамотасын салтанатты және жариялы жағдайда марапатталған күннен бастап кем дегенде бір ай мерзім ішінде тапсырады.

  2. Аудандық мәслихат Грамотасын аудандық мәслихаттың хатшысы немесе тұрақты комиссияларының төрағалары тапсырады.

  3. Аудандық мәслихаттың Грамотасын тапсыру салтанатты жиын барысында немесе еңбек ұжымдарында жүргізіледі.

  4. Аудандық мәслихаттың Грамотасы жоғалған жағдайда оның орнына көшермесі берілмейді.

Сарысу аудандық мәслихатының

2012 жылғы 12 наурыздағы

№2-3 шешіміне 2 қосымша


Сарысу аудандық мәслихат Грамотасының

СИПАТТАМАСЫ

Аудандық мәслихаттың Грамотасы көгілдір мұқабадан және ішіне салынатын грамота парағынан тұрады. Мұқаба көк түсті қалың қатырма қағаздан жасалып, ішкі айқара бетіне ақ қағаз бен тоқыма бау желімделеді. Мұқабаның көлемі 224 х 310 мм (ашылған кезде 448 х 310 мм).

Сыртқы мұқабаның тең ортасынан сәл жоғары Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналасады, ал ортадан сәл төмен:
« ГРАМОТА» деген сөз жазылады.
Мұқабаның ішіне салынатын грамота парағының көлемі 208 х 295 мм. Оның жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген, төрт қанаты қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген.

Ішкі бетіндегі мәтін қазақ тілінде жазылады.

Сарысу аудандық мәслихатының

2012 жылғы 12 наурыздағы

№2-3 шешіміне 3 қосымша

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының Грамотасымен марапаттау жөніндегі комиссиясының



ҚҰРАМЫ


Сұлтанбеков Нұраш

-

№9 Жаңаталап сайлау округінің депутаты, комиссия төрағасы

Комиссия мүшелері

Асанова

Лаура Қырықбайқызы



-


№13 Қамқалы сайлау округінің депутаты

Сәдуақасов

Болат Маликайдарұлы



-


№12 Жаңаарық сайлау округінің

депутаты


Абдималиков

Сейдмұхаммед Көпбосынұлы



-


№6 Құрылыс сайлау округінің депутаты

Оразбаев

Темірхан Жаппарұлы



-


№1 Жаңатас сайлау округінің депутаты, комиссия хатшысы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 2 - 4 12 наурыз 2012 жыл

(кезектен тысекінші сессия)

Сарысу аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8, 9 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қоса беріліп отырған Сарысу аудандық мәслихатының регламенті бекітілсін.

2. Аудандық мәслихат депутаттары және аппарат қызметшілері осы регламентті өз жұмысында басшылыққа алсын.

3. Сарысу аудандық мәслихатының 2007 жылғы 23 қарашадағы №3-5 «Төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешімі жойылсын.

4. Осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету Сарысу аудандық мәслихат хатшысы Болатбек Дондаұлына жүктелсін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет