Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет20/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   143
Кітап Тәрбие

Ұлтжандылық - әдеп
Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, ұлттық салт–дәстүрлері мен мәдениеті жеке тұлғаның жанын жадыратып, жүзін нұрландырады. Сондықтан өз ұлтын (қазақ ұлтын) сүймейтін пенде болмайды. «Халқын сүймегеннің қары сынсын», «у ішсең, руыңмен», «Отаның үшін отқа түс - күймейсің», «ер ел үшін туады, ел үшін өледі», «қарға тамырлы қазақ» деген мақалдар ұлтжандылықты бейнелейді. «Қазақпыз - әлемге танықпыз. Азатпыз ерлік пен алыппыз» деп мақтанады ақын.
Ұлтжанды қазақ ең әуелі ұлтық тілді жоғары бағалайды, ұлттық әдебиетті, мәдениетті сүйеді. «Ана тілім – байлығым. Сана, білім, айбыным» деп, ол ұлттық тілді қастерлеп, шешендікке бейім болады.
Ұлтжандылық – ұлтшылдық, яғни тек өз ұлтын сүйіп, басқа ұлттарды жек көретін тұлға емес, нағыз адами асыл қасиеттерді игерген тұлғаның беделді белгісі.
Ұлтжанды тұлғаның қозғаушы күші – ұлттық намыс. Ұлттық намыс – ержүрек, қайырымды, мейірімді, өнерпаз, шешен қазақ халқының ғасырлар бойғы қайсарлық күрестері мен қажырлы еңбектері арқылы қалыптасқан ұлттық кредосы. Ер жүрек, жеңімпаз, әмбебап халықтың ғаламға танытқан биік туы – ұлттық намыс әрбір тұлғаның жүрегіне арнап, қанына сіңген құдіретті қуат.
Ұлтжандылық - перзенттік парызды өтеудің ұлттық белгісі: әрбір ұлттың перзенті өз ұлтын сүймесе, оған қызмет етпесе, ол ұлтжанды емес, яғни ол отансыз, опасыз жан. Басқа ұлттық ортада өсіп, өз елін, ұлттық тілін білмейтін тұлға – ұлттың өкілі емес. Ол өз халқына қызмет ете алмайды, қазақпен қаны бір болғанмен жаны бөлек тұлға ұлты үшін қызмет ете алмайды.
Ұжымшылдық - әдеп
«Бірлік болмай, тірлік болмас», «Көп түкірсе – көл», «Көпке топырақ шашпа», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Жұптасып көтерген жүк жеңіл», «Көппен көрген – ұлы той», «Көп көтереді, терең батырады» дейді қазақ.
Қоғамда ұжымды ардақтап, оның мақсаттары мен дәстүрлерін бұлжытпай орындау - әдептілік, адами қадірлі қасиет. «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», деп қазақ халқымыз ұжымшыл болуды ол бастан уағыздап келеді.
Ең әуелі ұжымның әрбір мүшесі ұжымдық жауапкершілікті берік сақтауға міндетті. Ұжымдық жауапкершілікті жеке бастың тіршілігінен жоғары қою – ләзім. Жалпы ұжымдық міндеттер мен мақсаттар жеке тұлғаға үлестемей, тұтастық жауапкершілікті жүктейді.
Ұжымдағы дәлдік дәстүр әрбір іс-әрекетті белгіленген уақытта орындауды талап етеді. Уақытты пайдаланудың дәлдік дәстүрі ұжымдағы тәртіптілік әдебін қалыптастырады.
Ұжымдағы қамқорлық дәстүрі ұжым мүшелерінің бір–біріне қамқорлық жасау әрекетін міндеттейді және қалыптастырады. Ұжымдық қамқорлықтың түрлері көп, ол ұжымдасқан топтың қасиетті борышы болып табылады.
Ұжымдық салтанат жеке тұлғалардың ынта–ықыласы мен еңбектенуі арқылы өз нәтижелерін береді.
Әсіресе, ұжым өнерпаздығы, еңбекшілдігі ұжымшылдық қасиет арқылы өрнекті, өнегелі жемістерін береді. Жеке тұлғаның өнерпаздық, еңбекшілдік қасиеті өз ұжымында дамиды.
Ұжымдағы зерттегіштік, білімдарлық дәстүрлер арқылы жеке тұлғаның біліктілігі дамып, қалыптасады.
Ұжымдық тәрбие жеке тұлғаны ұжымшылдыққа баулу арқылы, оның адамгершілігін, еңбексүйгіштігін, әдептілігін, көпшілдігін қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет