Қазақ филологиясы в15. 110 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде педагогикалық зерттеу



бет1/50
Дата20.05.2022
өлшемі295.85 Kb.
#458423
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
аза филологиясы в15. 110 аза тілі мен дебиеті п нінде педаг



ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ
«В15.110 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде педагогикалық зерттеу
әдіснамасы мен әдістемесі» пәнін меңгеруге арналған лекция тезисі
(5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы үшін)

1 – дәріс:




1.Дәріс тақырыбы: 1-модуль. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымы. Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі


2.Дәрістің жоспары:
1.Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы
2.Пәннің мақсаты мен міндеті, зерттеудің негізгі бағыттары.
3.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары


3.Дәрістің мақсаты: Студенттерге оқытылатын пәннің мақсаты мен міндеттерін түсіндіру, теориялық негіздерін, негізгі бағыттарын меңгерту. Студенттерге оқытылатын пәннің тіл білімінің басқа салаларымен байланысын және зерттеу мақсаты мен міндеттерін түсіндіру


4. Дәріс мазмұны: Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласына жатады. Методология – гректің metodos – зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерінен алынған термин. Жер бетіндегі ғылымдар өзінің негізгі қарастыратын обьектісіне қарай екіге жіктеледі: 1.Жаратылыстану ғылымдары; 2.Қоғамдық ғылымдар. (Жаратылыс құбылыстарын жаратылыстану ғылымдары (фиизка, математика, химия, биология т.б.) зерттесе, адам баласы қоғамындағы құбылыстарды қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, саяси экономия, заң ғылымдары, педагогика және тіл ғылымдары) зерттейді). ҚТОӘ мына мәселелерді зерттейді: 1.Мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2.Мазмұны (нені оқыту керек?); 3.Ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4.Құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5. Оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері.
Әдістеме ғылымының зерттеу обьектісі мен пәні, мақсаты мен міндеттері, мазмұны.Қазақ тілін және қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің методологиялық – теориялық негіздері.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы. Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар. Білім беру мазмұны - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі. Мемлекеттік білім беру стандарты – мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.
Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.
Оқу бағдарламасы - оқу пәніне байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады.
Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.
Дидактика - («didaktikas» - оқытушы, «didasko» - оқушы) грек тілінен аударғанда оқыту мен үйрету деген мағынаны білдіреді,білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы.
Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын – ала жоспарланған іс - әрекет. Оқыту - қазіргі заман талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалаптастару мен дамыту процесі.
Оқыту процесі - бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушыарасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс - әрекет.
Білім -адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады.
Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетінің іске асырылуы. Білімсіз қандай болса да іскерлік болуымүмкін емес. Дағды -бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетте машықтандыру. Заңдылық дегеніміз құбылыстар мен процестер арасындағы объективті, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанап отыратын өзара байланыс. Дидактикалық принциптер – оқытудың негізгі мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдерін, әдістерін мақсатына, заңдылықтарына сай орындайтын қағидалар жүйесі. Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекетінің сыртқы көрінісі. Сабақ – мазмұны, уақыты, ұйымдастырылуына қарай аяқталған оқыту үрдісінің бөлігі. Сабақ- ол ұжымдық оқыту формасы, оған оқушылардың тұрақты құрамы, шектелген оқу уақыты (45 минут), алдын-ала құрылған сабақ кестесі, оқу жұмысын бір ғана материал төңірегінде ұйымдастыру тән. Сабақ құрылымы - сабақтың барысында оның құрамдас бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы. Оқыту әдістері - оқытудың мақсатты міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы. Оқу тәсілдері - оқыту әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы «әдіс» түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктерді қалыптастыру көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу және көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар және т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға көмекші жағдаяттардың бәрі деп түсінеміз, яғни оқыту әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды.
Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді. Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Сынақ – қорытынды бақылаудың айырықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады.
Емтихан – оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Педагогикалық технологиялар - теориялық білімдерді тұтас педагогикалық үрдістің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол үрдіс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені.
Әдістеменің міндеттері мыналар: бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, еркшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір – бірімен ұштасу мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу; оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді (мұғалім мен оқушының күшін, уақытын үнемдеу) және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс – әсіл варианттарын) зертеу және сипаттау және т.б Оқыту теориясының даму принциптері, оның ішінде қазақ тілі әдістемесінің методологиялық негіздері қоғам өмірімен тығыз байланысты. Қазақ тілінің оқыту методикасының зерттеу әдістері теориялық методиканы жасауда жиі қолданылады.
ҚТОӘ педагогикаға, психология мен логикаға байланысты. Тіл білімімен байланысы. Методиканың негізгі тірегі - қазақ тілінің фактілері. Сондықтан методика қазақ тілі фактілерімен тығыз ұласып жатады. Методика қазақ тілінен берілетін мәліметтерді мектеп оқушыларының ойына лайықтап оқыту қағидаларын қарастырады. Мысалы тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады.
Әдістемелік мұра және оны талдап – талдау әдістері мен жолдары, қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері және әдістеменің дамуындағы ғалымдар еңбектерінің орны. Біздің дәуірімізге дейінгі заманда-ақ ұлы Конфуций (б.д.д. 551-479) былай деген екен: «Өткенді әспеттей отырып, жаңаның мәнісін түсінген кісі ғана, мұғалім бола алады». Ұлы философтың бұл тұжырымы қашанда өзекті деп ойлаймыз. Себебі, әдістеме ғылымының даму тарихында, оның ғылыми тереңдігін ашуда ғалым - әдіскерлердің алатын орны ерекше. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымын дамытуда, оның ғылыми тереңдігін, мән-маңызын айқындауда, қазіргі күні де өзекті мәселелерін көрсетуде, тың теориялардың негізін қалауда жеке тұлғалардың - ұстаздардың қосқан үлесі айрықша. Елімізде қазақ тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Ы.Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясы” және “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бстауыш құралы” оқулықтарын жазды.Ол қазақ тілі мен әдебеитін пән ретінде қазақ тілінде тұңғыш баяндаушы адам. Осы күнгі қолданылып жүрген терминдердің баршасы, сөз таптары лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А.Байтұрсыновтыкі. А. Байтұрсынұлы алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарды дүниеге келтірумен бірге, осы оқу құралдарын практикада қалай пайдалануға болады, әліппе, тіл құралдарындағы материалдарды шәкіртке қалай ғылыми тұрғыда меңгертуге тиіспіз деген мәселе жөнінде де ойланған. Бұл бағыттағы мол жазбаларынан «Баяншы», «Әліппе астары», «Нұсқаушы» (қай жылы жазылғаны белгісіз), «Тіл жұмсар» секілді әдістемелік еңбектерінжәне «Баулу мектеп», «Жалқылау»(айырыңқы) әдіс, «Қай әдіс жақсы?», «Дыбыстарды жіктеу туралы» мақалаларын атауға болады. Сейіл Жиенбайұлының көрнекті ғалым әдіскер ретінде қалыптасуына, орта мектепке, арнаулы орта және жоғары оқу орындары үшін оқулықтар мен оқу құралдарын кешенді түрде жазуына қазақтың ұлы ұстаздары Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынұлының еңбектері мен тәжірибелік мол ықпалын тигізді. Сейіл Жиенбайұлы - Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектеріне алғаш әдістемелік тұрғыда талдау жасап, өз тұжырымдамаларын түзеген ғалым - әдіскер.Үшінші мыңжылдықтың табалдырығына таяп тұрған шақта Қазақстан Республиксы білім беру саласы, оның ішінде оқыту технологиясы саласы түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Жаңа әлеуметтік қоғам жағдайында қазақ тілін оқыту әдістемесіне ерекше талаптар қойылуда. 
Бүгінгі таңда оқшыларды ХІХ ғасырда дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімдерін өмірді қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденістерді талап етеді.Оқыту сапасын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, оқуға деген қабілетін, зейін, сөйлеу дағдылары, шығармашылық ойлау сияқты қабілеттерін дамыту өте маңызды. Сыныптағы әр бір оқушы ақпаратты әр түрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақты тиімді стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Жаңа сабақты түсіндіруде, аудио, бейнемәтіндер болса, қолдану сатысында топтық әдісті қолдану ұтымды болады. Себебі топтар бір –бірлеріне сұрақ қоя алады, бір-бірлерінің жұмыстарын бағалай алады, өз идеяларын ұсынады,соның нәтижесінде біз «оқушының үнін» естиміз.Оқытудағы бірлескен, топтық оқыту әдістері бұл: Генерация, Шаттық, Тапсырмалар, Ізденіс,Қарама-қайшылықтар, Тәжірибе, Шабыт, Анықтылық, Белсенділік, Нәтиже, Аралық даму,Қарым-қатынас, Шығармашылық, Анализ.
Топтық жұмыс не береді? Бірлескен әрекет, Сұрақ қоя білу, Мәселелерді шешу, Келісім жасай білу,Рольдер мен жауапкершіліктерді жүктеу, Өзгелерді тыңдау, Өзгелерді өзіңе сендіру Өзін үшін жауап беру.
Топтық жұмыстың келесідей түрлері бар: Жұптардағы жұмыс «Миға шабуыл», «Жалғастыр» ойыны, «Қазына іздеу», «Дельфи» әдісі, Мозаикалық топтар «Зигзаг» әдісі (Ара әдісі).
«Миға шабуыл» әдісі- идеяларды басқару үшін қолданылады, қатал регламент , жүргізуші, хатшы, хронометрист рольдері белгіленеді. Яғни топ ішінде шешім қабылданған соң, баяндама немеесе хабарлама жасалады.
«Жалғастыр» ойыны- топ ішінде «тізбек» әдісін қолдану арқылы жасалады. Яғни бірінші оқушыдан бастап соңғы оқушыға дейін барлығы бір тақырып шеңберінде ойларын айтады. Мысалы, шығарма немесе қандай да бір оқиғаны баяндау кезінде қолдану тиімді. «Бір әріп шығармасы» ойыны- әңгімені бір әріптен басталатындай етіп құрастырып шығу.
«Қазына іздеу» — мұғаалім сұрақтар құрастырады. Сұрақтар білім мен танымды қажет етеді. Топтар интернет көздері мен кітап мәлімметтерін қолданады.
Мозаикалық топтар-мұғалім материалды бірнеше бөліктерге бөледі. Әр топ өз тақырыбында жұмыс жүргізеді. Топтарға қажетті мәліметтер беріледі. Әр топ өзге топтарға өзінің тақырыптары мен игерілген білімдерімен бөліседі. Жұмыс соңында резюме жасалынады.
«Зигзаг» әдісі (Ара әдісі)- топ 6 адамнан құралады, сұрақтар белгілі бір фрагменттерге бөлінеді, әр оқушы немеес топ сол сұрақты қарастырады, жалыпылама түрде белгіленген келесі топтың сұрағымен танысады. «Эксперттер кездесуі» әдісі де осы негізде құралады, яғни бір оқушыдан шығып өз сұрақтарын талқылайды, алған жауаптарды топ ішінде қарастырады. Оқуды жақсарту үшін оқушылардың білімдеңгейі қай дәрежеде, оның дамуына ықпал ету жолында бағалаудың да бірнеше түрлері бар. Өзара бағалау көбіне үй тапсырмасын тексеру кезінде қолданылады, оқуышылар бағалап қана қоймай ,сонымен қатар қай тақырыпты қайталау қажеттілігін де жазады. Топтық жұмыста өзін-өзі бағалау, кей тапсырманы критерий бойынша бағалау кең қолданылады.
Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:

  • Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі

  • Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады

  • Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласын

  • Оқуышлардың көбін бағалауға мүмкіндік

  • Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді

  • Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады

  • Жеке тұлғалық сипатын дамытуға,шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген сенімін қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет