Қазақ мемлекеттік қыздар


АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ



бет15/17
Дата02.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#172885
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Ысқақ Г.Т -. Оқытушысы (Алматы қ.,Қазмемқызпу)
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жоғары оқу орнындағы сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми-педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, студенттердің біліктілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы студенттерді ізгілікке, елжандыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Инновациялық әдістерді студенттің білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.

Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана студенттердің алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.

Оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де, тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға да үлесін қосты. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:


  1. Олар студенттерге тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

  2. Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

  3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың таралымдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.

Студенттер электронды оқулықтарды пайдаланып, электронды оқулықтағы көрнекіліктерге, деректерге сүйене отырып студенттер интернеттен қосымша материал іздеу, алынған материалдарды саралау, талдау жасау арқылы тарихи объективизм принципін ұстанып өз бетімен ізденуге дағдыланады.

Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, оқытушы тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар студенттің өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталады.

Бүгінге дейін кеңестік дәуірдің дәстүрлі білім беру ісі сапалы деп келгенімізді ешкімнен жасырмаймыз. Дегенмен тәуелсіздігіміздің арқасында еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары білім беру жүйесінде ірі реформалар мен өзгерістер еніп отыр. Білім сапасына қойылатын талап күшейіп, оқытудың жаңа технологияларына бет бұрған кезде, студенттерді оқыту процесін жетілдіру, оның оқуға қызығушылықтарын арттыру мәселесі туындайды.

Осындай мәселеге қатысты мынадай сұрақтар туындайды:



  • Бүгінгі таңда ЖОО-да өзекті мәселе не;

  • Студенттердың оқуға деген ынтасы қандай;

  • Студенттерді оқуға қызықтыру үшін оқу процесін қалай ұйымдастырған жөн.

Бірінші сұрақ бойынша көптеген оқытушылар, заманның алға озуымен білімге қойылатын талаптың күшейгенін айта отырып, мақсатымыз- білім берудің нәтижелі болуына бағытталғанын, оқытушы жауапкершілігінің артқанын білдіреді. Екінші сұрақ бойынша менің ойымша қазіргі таңда біріншіден студенттің қабілетіне байланысты, екіншіден заманнның ыңғайына сай ойлау қабілеттеріне байланысты және де қазіргі заманғы студенттердің оқуға деген ынталары қанағаттанарлықсыз. Үшінші сұраққа жауап берер болсақ оқытушы шебер, жан-жақты бола білу керек.

Алғашқы кезде оқыту процесін адамдар арасындағы әңгіме ретінде құрылған. Бұл жерде әңгімелесушіге қатысатын адамдардың тобын таңдау ерекше мәнге ие болған. Ол кезде адамдардың санының аздығына байланысты әрбір адамға жеке қатынас жасай алған. Ал қазіргі уақытта оқыту бұқаралық сипатқа ие. Оқу процесінің өзінің бірнеше формалары бар- лекциялық сабақ, семинарлық сабақ, лабораториялық практикум және бақылау іс-шаралары.

Дегенмен де қазіргі таңда оқытудың инновациялық әдістерін қолдану кеңінен өріс алуда.

Оқытуды бағдарламалау облыстарындағы эксперименталды алғашқы жұмыстар 60-жылдары Америкада өріс алды. Бұл жұмыстар техникалық құралдарды орта мектептерде және кәсіби училищилерде қолдану мүмкіндігін тексеруге бағытталған болды.

Алғашқы компьютерлердің пайда болуы оқытушыларды компьютерді, студенттерді оқыту процесін автоматтандыруды бақылау құралы ретінде пайдалануға, оқыту процесінде қолдану идеясына алып келді. Есептеуші құралдарды жетілдіру бойынша күрделі функцияларды да жүзеге асырыла бастады. Компьютер материалдарды ұсынуда кодоскоп, видеомагнитофон сияқты көмекші құрал пайда бола бастады.

Қазіргі таңда педагогикалық іс-әрекет студенттер үшін оқытудың электронды құралының барлық түрін пайдалануды талап етеді. Электронды оқулықтарды пайдалану студенттерге оқытушылардың көмегімен, лекция және практикалық сабақтарды оқытушылардың жетекшілігімен жете меңгеруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты тағы бір маңызды аспект туындайды,- бұл оқылған материалдарды тексеру бағдарламасын құру. Сондықтан да қазіргі кезде бағдарламалық құралдар екі бөлімді байланыстыру керек: оқыту және өзін-өзі бақылау.

Соңғы жылдары ақпаратты компьютермен ұсынудың мүмкіндігі мәнді өсті. Ол енді әдетке айналды

Ашық білім жүйесінің дамуы, оқу процесін индивидуализациялауға мән беру, оқу мотивациясының өзгеруі оқу процесін өзгертуді талап етеді, бірінші кезекте, негізін электорнды оқулық құрайтын оқу процесін және оқушылардың танымдық іс-әрекетін оқулық және ақпараттық қамтамасыз етуді кеңейтуді. Білім беретін электронды басылымдарды құру Республикадағы білім берудің барлық формалары мен деңгейлерін ақпараттантандыру бағдарламасының бір бағыты болып табылады.

Электронды оқулықтың қарапайым оқулықтардан:


  • білімнің мазмұнымен,

  • білім мазмұнының ұсынылуымен,

  • білім мазмұнының орналасуымен ерекшеленеді.

Электорнды оқулық Мелекеттік білім стандартына және оқытудың қазіргі технологиясына сәйкес болуы керек және оқу процесінде компьютерлік техниканы белсенді қолдану қажеттілігін ескеру керек.

Көптеген пәндерді оқу барысында гипермәтінді пайдалануға, видео және аудио қосымшаларды пайдалануға бағытталған мультимедиалық оқулықтар негізгі болып табылады. Мультимедиақосымшалар білім беру тиімділігін максималды күшейтуге мүмкіндік береді.

Электронды оқулықтың ерекшелігі оның көмегімен студенттерде дүниеге деген көзқарас, жалпы мәдениет қалыптасады.

Электронды оқулықтарды құруда Интернет желісі үлкен мүмкіндік береді. Интернет желісі арқылы жер шарының кез-келген жеріне кез-келген ақпаратты тарата алады және сондай-ақ кез-келген ақпаратты алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар студенттердің ақпаратқа деген іздеуші оқу іс-әрекетін қалыптастыруға негіз болады.

Барлық пән бойынша электронды оқулықтар тек оқулық сияқты емес, сондай-ақ лабораториялық-практикалық сабақтар, сөздік, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларын қамтитын оқу-әдістемелік кешен ретінде құрылуы тиіс. Бұл жердегі маңызды жағдай бір ұжымдағы авторлармен құрылған жөн.

Электронды оқулықтардың негізгі түрлері оқу процесінде олардың мәні мен орнын анықтайтындай функционалды белгісі бойынша таратылған мәтіндік басылым.



  1. Бағдарламалық - әдістемелік электронды оқулық: оқу жоспары, оқу бағдарламасы.

  2. Үйретуші электронды оқулық: мультимедиалық оқулықтар, электронды мәтіндік оқулық, электронды оқу құралы, лекциялар электронды нұсқасымен.

  3. Қосымша электронды оқулықтар: практикум, құжаттардың және материалдардың, сөздіктердің жиынтығы

  4. Оқу-әдістемелік электронды оқулық: әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік ұсыныстар.

  5. Бақылаушы электронды оқулық: тестілейтін бағдарлама, бақылау сұрақтарнының және тапсырмаларының бланктері.

  6. Оқу-әдістемелік материалдар оқу іс-әрекетінің барлық түрін қамтамасыз ету керек.

Оқу процесіне ақпараттық технологияларды енгізу студенттердің өзіндік жұмыстарын көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Студенттердің өзіндік жұмысының сферасын кеңейту оның оқу процесінде үлесін ұлғайтуға алып келеді.

Әсіресе электронды оқу басылымын ағымдық және аралық бақылауда қоладану тиімді. Электронды оқу басылымы арнайы құрылған тесттік тапсырмадан тұратын тестілеуші бағдарлама негізінде немесе мәліметтер базасында бақылаудың барлық түрін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Теоретикалық материалды оқытуды ұйымдастыру үшін электронды оқулықтардың келесі түрін пайдалануға болады.


  • Бейнелікдәріс. Оқытушының лекциясы видеопленкаға жазылады. Ол мультимедиалық қосымшалармен толықтырылуы мүмкін. Мұндай толықтырулар тек лекцияның мазмұнын толықтырып қана қоймайды, сондай-ақ лекцияны студенттер үшін тартымды болып ұсынылады. Мұндай тәсілдің артықшылығы лекцияны ыңғайлы кез-келген уақытта тыңдауға мүмкіндік береді.

  • Мультимедиадәріс. Лекциялық материалдармен дербес жұмыс жасау үшін интерактивті компьютерлік оқытушы бағдарламаларды жасауға болады. Бұл, мультимедиалық құралдарды қолдану арқылы әрбір студент материалды игеруде өзіне қолайлы нұсқасын, курс бойынша ыңғайлы қарқынды және өзінің қабылдауының психофизиологиялық ерекшелігіне сәйкес келетін оқу тәсілін таңдауға болады.

Тәжірбиелік сабақтар- теоретикалық білімді сұрақтарды талқылау және нақты тапсырмаларды шешу жолы арқылы бекітуге бағытталған, пәнді тереңдетіп оқуға, кәсіби іс-әрекет дағдысын игеруге бағытталған оқу процесінің ұйымдастыру формасы.

Сонымен білім беру саласында электронды оқу басылымын пайдалану ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуымен байланысты және білім беру процесінің интенсификациясын қабілеттендіреді, оқу процесінде өз бетінше жұмыс жасаудың рөлін ұлғайтады.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Благодатских В.А., Енгиборян М.А. и др. Экономика, разработка и использование программного обеспечения ЭВМ. - М.: Финансы и статистика, 1995.

  2. Уинстон П. Перспективы развития вычислительной техники. Кн.2. Интеллектуализация ЭВМ.- М.,1989.

РЕЗЮМЕ
В данной статье расматриваются вопросы эффективного использования электронных средств обучения.


ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада оқытудың электронды құралдарын пайдаланудың тиімділігі туралы сұрақ қарастырылады.

М А Г И С Т Р А Т У РА
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҚИЫН ЖЕТКІНШЕКТЕРДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫН ЖҮЙЕЛЕУ
Баймырзаева Ж 4-курс студенті ,

Бапаева М.Қ – пс.ғ.к, доцент (Алматы қ., Қазмемқызпу)


Оқу-тәрбие ісінде қиын балаларға педагогтар мен психологтар ерекше назар аударуда. Кімді болса да қиын бала деген кім, ол қалай пайда болады деген сұрақ толғандырады. Міне, сол үшін пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген психологиялық-педагогикалық жүйе болуы керек. Қалыпты отбасынан «қиын» бала шыға қоймайтыны белгілі. Алайда, Л.Толстой жазған: «барлық бақытты отбасылар бір-біріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір-біріне ұқсамайтын әрқилы бақытсыз», десе ал ұлы Абайдың сөзі қайта тәрбиелеу ісін жігермен бастауға дем береді: «баланы ең алдымен қоршаған ортасы, көшесі тәрбиелейді», - деп тұжырымдайды.

Психолог-педагог ғалымдар А.Выготский, П.Блонский «қиын» балалар мәселелерін жан-жақты зерттей отыра зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша «қиын» балалардың шығуына үш фактор себепші болады деп көрсетеді:

Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, тұрмыстағы ұрыс-керіс, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы.


  1. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер, яғни жеке оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, қызығуын, талап-тілегін ескермеу.

  2. Жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие үрдістеріне дұрыс көңіл бөлмеуі.

«Қиын» балалар кім және оның нақты анықтамасын қалай тұжырымдауға болады деген сұраққа ғалым психологтардың зерттеу нәтижесінде көздері жеткен мәселелеріне сүйенуге болады. Мәселен: В.Трифанов зерттеулеріндегі «қиын» бала анықтамасы – күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. А.Фортунов «қиын» бала ұғымына үлгірмеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады. В.А.Сухомлинский қиын балаларға тән мінез ызалылық, ашуланшақтық, дөрекелік, бірбеткейлік, ұрыс-жанжалға жақын, айқай-шу шығарып айналасындағыларға маза бермейтіндер, теріс ықпалға тез түсетіндер тобын жатқызады. Қиын бала дегеніміз П.П.Блонскийдің пікіріне жүгінсек, қиын оқушы мұғалім еңбегінің өнімсіздігінен туындайды. Л.С.Выготскийдің ойынша оқушы қиындығының негізінде баланың өсу жолындағы өтпелі шақтың аномаль құбылыстары жатады деп тұжырымдайды.

«Қиын» баланың шығу себептеріне XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары мен ағартушылары да назардан тыс қалдырмаған. Мәселен, Ж.Аймауытов, Ә.Жұмабаев, мектептің «қиын» оқушыларымен жұмыс жүргізу жүйесін жасады. Сондай-ақ ғалым-педагог Л.К.Керімов «қиын» балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеу бағдарламасын ұсынды.

Ғалымдардың анықтамасына сүйенсек, «қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, қозу күйін дәрі-дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәрбие бұзушы жасөспірімдер жатады.

Жеткіншектер аса еліктегіш келеді. Әке, шеше және отбасының басқа да мүшелері жеткіншектерге тек сөз арқылы ғана емес, жеке бастарының өнегесімен, іс-әрекетінің үлгісімен ықпал етеді. Осы ретте тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін отбасылық жағдайды мектеп өмірімен ұштастыру қажет. Кейде отбасының көп жыл бойы балаға жасаған ықпалы, оны қоршаған ортаның қоғамдық әсерінен басым түсуі әбден ықтимал. Сондықтан, отбасы тәрбиесіне теріс ықпал ететін жағдай жеткіншектің бойында ұнамсыз қасиеттердің болуына, қоғамға жат ой-пиғылдардың қалыптасуына әсер ететін басты себептердің бірі болып табылады. Елдегі эканомикалық-әлеуметтік жағдайдың нашарлауы отбасындағы күнкөріс, тіршілік ету жағдайына өз ықпалын тигізеді. Отбасындағы мұндай келеңсіздіктер балалардың оқуға бармай, дала кезіп, ұрлық, кісі тонау секілді қоғамға жат қылықтармен айналысуына әкеп соғады, нәтижесінде мектеп өмірінде мінез-құлқы күдік келтіретін «қиын» деген балалар қалыптасады. «Қиын» балалардың тағдырына қазіргі күнде қоғам, мемлекет ұйымдары ерекше көңіл аударып келеді.

ҚР-ның 2004 жылғы шілде айында қабылданған «Кәмелетке жасы толмағандар арасында заң бұзушылықтың алдын алу және балалар арасында қаңғыбастықты болдырмау» заңындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты:


  • кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық санасын және мәдениетін қалыптастыру жөніндегі мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;

  • кәмелетке жасы толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу үшін құқықтық негіздерді қалыптастыру;

  • кәмелетке жасы толмағандар ата-аналарымен және басқа да заңды өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасау;

  • балаларды оқыту , тәрбиелеу, емдеу, спорт және өзге де мекемелермен тиісті дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • кәмелетке жасы толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу;

  • балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және имандылық дамуына, оларды патриоттыққа, азаматтыққа және бейбітшілік сүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етуден тұрады.

Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын балаларда байқалатын белгілер: біріншіден, анамальды қажеттілік, екіншіден, тұрақты жаман қасиеттердің жиынтығы, үшіншіден, ата-аналарымен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары, төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін-өзі түзетуге қабілетсіздігі.

Белгілі психолог ғалым К.К.Платонов жеке адамның психологиялық болмысын төрт салаға бөледі:



  1. Баланың темпераменті және жыныстық ерекшеліктері мен жас ерекшелігі (физиологиялық ерекшеліктер);

  2. Жеке адамның дамып қалыптасуына негіз болатын психологиялық құбылыстар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығушылық, мінез, әдет- биологиялық ерекшеліктер;

  3. Баланың күнделікті өмір тіршілігі, білімі, әдет-дағдысы, икемділігі;

  4. Ұстанған бағыттары мен адамгершілігі.

Негізінен, барлық мәселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытының орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігінен, ыстық ықыласынан айырылған балалар көшесінің қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі. Жасөспірімдердің осындай келеңсіз оқиғалардан аулақ болуын жан-жақты тұрғыда қарастырып, бірлесіп іс-әрекет жасағанда ғана іске асыруға болады. Осы орайда қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру орталығында және жалпы білім беретін орта мектептерде психологиялық қызметті ұйымдастыруды жүйелі жолға қойса, мектеп психологы ата-аналармен және мектеп инспекторларымен етене жұмыс жүргізсе, қиын бала мәселесі біршама орнымен шешілуі мүмкін болар еді деп ойлаймыз. Осы тұрғыда біз төменде қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру орталығында психологиялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдық жүйесін ұсынып отырмыз:

Қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру мақсатында психологиялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдық жүйесі

ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Выготский Л.С. Проблемы возраста. П.С.С. Т.4. М,.1982.

  2. В.Г.Баженов, В.П. Баженова. Психолого-педагогическая диагностика и коррекция девиантного поведения школьников. Тараз, 2003.

  3. Л.С. Байсеркеев. Нравственные основы правового воспитания школьников. Алматы, 1999.

  4. //Сыныптағы тәрбие . №5-2004ж. 12б.

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру орталығында және жалпы білім беру мектептерінде «қиын» бала проблемасының туындауы және оны болдырмаудың себептері анықталып, қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру мақсатында психологиялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдық жүйесі ұсынылған.
РЕЗЮМЕ

В этой статье рассматривается работа с трудными подростками в психологическом коррекционном центре и среднеобразовательной школе, профилактика причин появления «трудных» подростков, организация коррекционных работ с трудными подростками.



ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
Боканова А.М 2-курс магистранты, ғ.ж. Әбеуова И.Ә. п.ғ.к., доцент

(Алматы қ., Қазмемқызпу)


Девиантты мінез-құлық–ортада қабылданған нормалардан ауытқыған мінез-құлық. Девиантты мінез-құлыққа мыналарды жатқызуға болады: алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелік, суицид және т.с.с. Бүгінгі күнде девиантты мінез-құлықты зерттеу мен негіздеуге ғалымдар әр тұрғыдан қарайды. Э.Дюркгейм мен оның ізбасарлары қалыпты жағдайдағы социумда девиациялар қарама-қарсы жағдайларға қарағанда (қоғамдағы құлдыраулар, әр түрлі дау-жанжалдар) сирек кездеседі деген жорамал жасайды. Р. Мертон өзінің аномия теориясы тұрғысынан алғанда девиантты мінез-құлықты девиация мәселелеріне салқынқандылықпен, бей-жай қарайтын қоғамда ғана жиі кездесетін құбылыс деп санайды.

ХХ ғ. 60-жылдары кең танымал болған стигматизация тұжырымдамасы ұсынылды. Бұл теория бойынша, девиантты мінез-құлық қандай да бір тәртіпсіздік жасаған адамды жазаға тартқанда пайда болады.

Қазіргі уақытта көптеген мамандар девиантты мінез-құлықты адамдарға психологиялық көмек көрсету мен түзету жұмыстарын жүргізудің әр түрлі құралдарын жасаумен айналысуда.

Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептеріне қатысты негізгі үш теорияны қарастыруға болады. Олардың әрқайсысының негізінде девиация табиғатының мәні жайлы белгілі бір теориялық тұжырымдамалар жатыр.

Біріншісіне физикалық типтер теориясы жатады (Ч.Ломброзо, В.Шелдон, Э.Кречмер). Оларға ортақ көзқарас: дене конституциясы белгілі бір типке жататын адамдар антиәлеуметтік қылықтарға бейім болады. Алайда тарихи деректерге сәйкес, заңдылықты жүз пайыз дұрыс деп айтуға болмайды, өйткені қылмыстық істер тәжірибесінен періште болып көрінетін адамдардың жан түршігерлік қылмыс жасағандары туралы көптеген мысалдарды табуға болады.

Екінші түрі: психоаналитикалық теориялар. Оларға З. Фрейдтің жұмысы негіз болды. Негізгі идея – девиацияның пайда болуы санасыздық пен сана арасындағы қорғаныс механизмінің бұзылу нәтижесі болып табылады. Қорғаныстың бұзылуы индивид санасында Мен мен санасыздық немесе жоғары - Мен мен санасыздық арасында болатын ішкітұлғалық конфликтілерге негізделеді.

Үшіншісі: әлеуметтік (немесе мәдени) теориялар. Бейімделуге қатысты туындайтын мәселелер индивидтің әлеуметтену (әлеуметтену – индивидтің өзі өмір сүріп жатқан қоғамда қабылданған қажеттіліктерді, мотивтерді, құндылық бағдарлар мен мінез-құлық нормаларын игеруі) процесінде болатын бұзылыстардың салдарынан пайда болады. Егер әлеуметтену сәтті жүрсе, онда қоғамдағы нормалар индивидтің нормаларына айналады.

Жеткіншектік жаста құрдастарымен қарым-қатынас алдыңғы орынға шығады, алайда, жеткіншектің топтағы алатын орны (статусы) көп жағдайда отбасы ішіндегі қатынастармен және тәрбие стилімен анықталады.

Жеткіншектік кезең балалық шақтан жауапты ересектікке өту кезеңі болғандықтан, бір жағынан, физикалық, оның ішінде жыныстық жетілудің аяқталуы, ал екінші жағынан, әлеуметтік кемелденуге қол жеткізу болып есептеледі.

Отбасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қатынастар жеткіншектің құрдастарымен өзара қатынастарына ықпалын тигізеді, яғни, отбасындағы өзара қатынастар құрылымы социуммен өзара қатынасқа ауысудан көрініс табады.

Осы жас кезеңіндегі басты қажеттіліктердің бірі бақылау, қадағалау мен қамқорлық көрсету объектісі болудан арылу. Бұл кезеңде жеткіншек өзінің отбасымен қатынастарын жаңаша бағалай бастайды.

Сондай-ақ, жеткіншектерде девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына ықпал ететін факторларға мыналарды жатқызуға болады:

• әлеуметтік-экономикалық қолайсыздықтар;

• кәмелетке толмағандарды оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқыту мекемелерінің жауапкершіліктерінің төмендеуі;

• бұқаралық ақпарат құралдарының (кино, радио, телевидение, публицистика), адами құндылықтарды елемеуді, күштеуді, пайдакүнемдік мақсаттарды көздейтін тұлғааралық қатынастардың тұрақсыздығын насихаттайтын ұждансыз әдебиетердің ықпалы;

• әлеуметтік тұрғыда мақұлданған мақсаттар мен оған қол жеткізу мүмкіндіктері арасындағы қайшылық.

Еникеева Д. жеткіншектерге тән девиациялардың мынандай түрлерін бөліп көрсетеді:

1) бас тарту реакциясы – қарым-қатынасқа түсуден, ойнаудан, тамақ ішуден, үй шаруашылығындағы міндеттерді орындаудан бас тарту (ата-аналары оларға құрбысымен/досымен немесе құрдастар қауымдастығымен қарым-қатынасқа түсуге тыйым салған жағдайларда болады);

2) қарсылық көрсету реакциясы (оппозиция) – таңдамалықпен және бағыттылықпен сипатталады; ата-аналар арасындағы конфликтілі қатынастар, қорлайтын немесе әділетсіз жаза қолдану, үйде, мектепте тым жоғары талаптар қойылған жағдайларда пайда болады;

3) имитация реакциясы – біреуге толық еліктеуге ұмтылу;

4) құрдастарымен топтасу реакциясы – жеткіншектің еркін түрде құрылған топқа немесе бұрыннан бар топқа қосылуы (асоциалдық топтар мен әлеуметтік тұрғыда мақұлданған топтар болады, мысалы, спорттық секциялар);

5) делинквентті мінез-құлық – әр түрлі тәртіпсіздіктер, теріс қылықтар, айыпты болу, мектептегі сабақтарға үнемі кешігу;

6) эмансипация реакциясы – жеткіншектің өз дербестігі, еркіндігі, тәуелсіздігі, өзін таныту үшін күресуі;

8) дромомания – қаңғыруға бейімділік – саяхат жасауға деген арынды ұмтылыс – психиатрлар оны қарқынды ниеттерді басқара білудің бұзылуы деп қарастырады, ал шынайы дромомания өте сирек кездеседі;

9) елігу, әуестену реакциялары;

10) компенсация және гиперкомпенсация реакциялары – жеткіншектің өзінің әлсіз жақтарын жасыруға көмектесетін мінез-құлық түрлерінің пайда болуы;

11) жыныстық елігулерге негізделген реакциялар – онанизм, оның ішінде топтық түрі, жыныстық қатынасқа түсудің ерте басталуы, ретсіз жыныстық байланыстар;

12) балғын қыз балалардың жезөкшелікке салынуы – психикалық аурудың негізінде жыныстық байланыстардан ұялуды да, қанағаттануды да, жиіркенуді де сезінбейді.

Сондай-ақ, девиантты мінез-құлықтың агрессивті, тәуелді, суицидальді, үйден қашу, аддиктивті дейтін түрлері кездеседі:

Агрессивті – басқа адамдарды өзіне бағындыру немесе оларға үстемдік ету мақсатында нақты немесе қиялынан туған мінез-құлықтан көрініс табатын тенденция, екі түрі болады: латентті (жасырын) және айқын;

Тәуелді – қанағаттану, рахатқа бөлену немесе бейімделу мақсатында біреуге немесе бірдеңеге міндетті болуға ұмтылу, симбиотикалық тәуелділік;

Суицидальді – өзіне қол жұмсау бағытындағы саналы әрекеттер. Жеткіншектердің суицидальді мінез-құлқы отбасындағы, сондай-ақ, құрдастарымен қатынастардағы жағдайларды қабылдамау салдарлары болып табылады. Немқұрайдылық, селқостық, жек көрушілік, әділетсіздік атмосферасы үмітсіздік, жалғыздық сезімін туғызады. Кінәні сезіну, ата-аналар мен педагогтар тарапынан қойылған талаптарды орындау мүмкіндіктерінің болмауы, өзін-өзі бағалаудың төмен болуы да суицидтің алғышарттары болып табылады.

Үйден қашудың себептері әр түрлі. Әдетте, отбасы арасында немесе мектеп ішінде қандай да бір қорлауға, моральдық немесе физикалық күш көрсетуге қарсыласу сезімінен туындайды.

Жеткіншектік жастағы аддикциялар. Аддикция – addiction (ағылшынша) – зиянды әдеттер, әлденеге немесе әлдекімге тәуелділік. Тек қандай да бір затқа (темекі, алкоголь, наша) емес, сондай-ақ, құмар ойындарға немесе субъект үшін сол сәтте маңызды болып табылатын адамға (ғашық болу, табыну, жалған құрметтеу) да тәуелділік болады. Соңғы кезде компьютерге тәуелділік жөнінде көп айтылып жүр.

Жеткіншектерде аддиктивті мінез-құлықтың пайда болуына себепші болатын факторлар:

• отбасындағы жағымсыз, қолайсыз атмосфера;

• жеткіншектің араласатын құрдастар тобының арасындағы мінез-құлықтың қандай да бір түріне қатынас;

• жеткіншектің интеллектуалдық деңгейінің жеткіліксіздігі;

• жағымсыз ықпалдарға қарсы тұруға мүмкіндік беретін тұлғалық сапалардың болу, болмауы;

• тұқымқуалаушылық;

• жағымсыз салдарлар жөнінде ақпараттардың аздығы;

• мінез акцентуацияларының типтері.

Жеткіншектердің девиацияларына үңілу, көңіл аударып талдау кезінде тұлға акцентуацияларын ескеру қажет.

Сонымен, жеткіншектің қалыпты дамуы үшін жеткіншек үшін маңызы бар ересектердің олардың бойында физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік деңгейлерде өтетін өзгерістерге құрметпен қарауының және оған қоятын өз талаптарын, онымен қарым-қатынас стилін өзгертудің маңызы өте зор.

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Змановская Е.В. Девиантология, М., 2003.

2. Клейберг Ю.А. Психология девиантного поведения. М., 2001.

3. Григорова З.Н. Теория и практика теоретической профилактики девиантного поведения несовершеннолетних в условиях пенитенциарной системы. Санкт-Петербург 2003.

4. Беличева С. Дети и семьи группа риска как объекты социальной профилактики, М., 1993.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының проблемалары қарастырылады.

РЕЗЮМЕ

Рассматрриваются проблемы девиантного поведения подростков.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет