Қазақ тілінде кездесетін шығыс тілдері элементтерінен қатары молырағы араб текті сөздер. Соның бір саласы кісі есімдері


Құрбанбике (а-қ). Алдымен Құрбанбикенің



бет14/21
Дата24.04.2016
өлшемі2.09 Mb.
#78152
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

Құрбанбике (а-қ). Алдымен Құрбанбикенің алға қойған арман-мақсатын барлап алайық («X. М».).

Құрман. Құрманов Ақан (1918-43) — Кеңес Одағының Батыры («Қ. С. Э».).

Құрманай (а-қ). Олар бер жаққа өткенше, Құрманай ұзап кетті («Жалын»).

Құрманбай (а-қ). Ізғұтты Құрманбайұлы Айтықов — Кеңес Одағының Батыры (А. Закарин).

Құрманбек (а-қ). Құрманбектің қимылында батырға лайық қайрат, кеуде кернеген ерлік, ызаның екпіні жақсы көрінеді (М. Қаратаев).

Құрманкелді (а-қ). Құрманкелді сөніп қалмасын деп отқа әлсін-әлсін сексеуіл тастайды («Л. Ж».).

Құрманқұл (а-қ). Кеше ғана туған жердің топырағын тәуап етуге зар болғандықтан ба, көргенімнің бәріне де қызығам!—деді Құрманқұл (Ж. Арыстанов).

Құрмантай (а-қ). Қарағым, Құрмантай дегенді білмейсің бе?— деді (Т. Ахтанов).

Құрманхан (а-қ). Құрманхан Әмірмен анда-санда хабарласып тұратын (Ә. Құлымбетов).
قربان اصيل (қурбан асил; кұрбан — қар. قربان ; асил — қар. اصيل )б. т. е. құрбан + асил: Құрманасыл. Құрманасыл - қызыл ізшілер жорығының белсенді мүшесі («Л. Ж».).
قربان على (қурбан ‘али; курбан — қар. قربان ; али — қар. على )б. т. е. қурман + али: Құрманәлі. Құрманәлі шопан әр жүз саулықтан 140-150 аралығында төл алып, мал санын көбейтуге сүбелі үлес қосып келеді (Б. Бейісбаев).

Құрбанғали. Қазақтың белгілі тарихшысы һәм этнографы Құрбанғали Халидовтың (1846-1913) — саяхатнама және тарихнама түрінде жазған «Тауарих нама» аталатын кітабындағы (1910 жылы Қазандағы «Өрнек» баспасында жарық көрген) қазақ әдебиетіне қатысты мәліметтерді қамтитын бұл зерттеудің танымдық мәні бар (К. Сейдеханов).

Құрманалы. Құрманалы — совхоз қорығына түскен малдарды иелеріне табыс етті («Л. Ж».).

Құрманғали. Құрманғалиев Ғарифолла — қазақ әншісі (тенор), халық артисі («Қ. С. Э».).

قربان غازى (қурбан ғази; кұрбан — қар. قربان; ғази — қар. غازى ) - б. т. е. қурбан + ғази: Құрманғазы. Құрманғазы Сағырбайұлы (1806-1879) — қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық музыканың, (күйдің) классигі («Қ. С. Э».).


قرمزى (қирмизиқызыл, алқызыл). Қырмызы. Қаршығадай әдемі, қызыл сары келіншек Қырмызы да Таңатардың сұрықсыз жүзіне әбігерлене көңіл аударып, өбек ұшқан пейілмен қабыл алды

(Ә. Әзиев).
قرنفل (қаранфулбот. хош иісті өсімдік және оның дәні). Қалампыр.— Аумин!— деп Қалампыр бір тізерлеп отыра қалып, кемпірдің батасын демдеп, қолын қосыла жайысты (X. Есенжанов). Сілем қатып өлгелі отырсам,— деп Қалампырды оқты көзімен атып, ожырая сөйледі (А. Хангельдин).
قسيم (қасимәдемі, сұлу, сүйікті, шырайлы, жүзі жылы). Қасым. Қасым Қайсенов — Ұлы Отан соғысының ардагері, парти­зан жазушы («Қ. С. Э».).

Қасымбек (а-қ). Назира өзінің күйеуі Қасымбекпен таныстырды (Т. Тоқбергенов).

Қасымхан (а-қ). Батырбектің кейінгі ағасы Қасымхан да өзі тіленіп, майданға аттанды (Н. Хасенов).
قضية (қадииа1) мәселе, проблема; 2) іс, жағдай; 3) іс (заң), іздену процесі; 4) теорема; 5) хал, тезис). Қазия. Үйге Қазия шешей кірді (Ж. Кәрменов).
قطار (қитар1) тізбек; 2) керуен, поезд). Қатар. Айттың ғой Қармақ пенен Қатаровты, Малды олар салқындықпен қаңтарыпты (Ержан).

Қатарбай (а-қ). Мінезі ауыр Қатарбай ішкі ойын әлі де білдірген жоқ («Л. Ж».).
قطيفة (қатифа1) барқыт; 2) масаты). Қатифа шешей жұмыстан шаршап қайтқан келінін айналып-толғануда Л. Ж».).
قلعة (қала1) бекініс, қорған, қамал; 2) ауыс. ірі елді мекен, шаһар).

Қалабай (а-қ). Б. ҚалабаевҚарқаралы ақыны (Р. Бердібаев).
قلم (қаламқалам.) Қаламбай (а-қ). Жаппас Қаламбаев (1909—70)— Қазақстанның өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, атақты қобызшы («Қ. К».).

Қаламқас (а-қ). Айттым сәлем, Қаламқас, Сенен артық жан тумас, Туса туар артылмас (Абай). Жүректі шерткен Абайдың Қаламқасы екен (Ғ. Орманов).

Қаламқұл (а-қ). Менің көргенімді жан адамның басына бермесін,—деп Қаламқұл зәрезап болды

(Қ. Қасымбеков).

Қаламұш (а-қ).— Тәйт әрі! Бұл саған ойыншық деп пе едің...— деп Қаламұш оны тыйып тастады

(Т. Ахтанов).
قمر (қамар1) күнге көз шағылысу; 2) ай; 3) астр. серік, спутник). Қамар. Талайы бозбаланың болған ғашық, Уай шіркін! Болсайшы деп бізге нәсіп. Егер де Қамарменен тіл қағысса, Құдай ұрып жым болар кара басып (С. Торайғыров).
قمر الدين (қамар-уд-дин; қамар — қар. قمر ; дин — қар دين ) б. т. е. қамар + ад-дин: Қамариддин. Қамариддин (т. ж. белгісіз — 1930 ж. ) — Дулат тайпасының әмірі, іс жүзінде Моңғолстанды (ХІV ғасырдың 70-80 жылдары) билеушілердің бірі («Қ. С. Э».).
قمرية (қамарииаайлы, айдай, ай тәрізді сұлу). Қамария. Қамария жұмысын қалай мактаса да сияды,— деді нық сеніммен (С. Шөмшеков).
قناعة (қана aсабырлық, барына ризалық). Қанағат. Ел ортасының қадірлі де қасиетті шаңырағы сияқты көрінген шағын шаруалы Қанағат қария ірі алпауыттар тізіміне қосылып, елден бөлектеніп қалды (К. Сыздықов). Қанағат және Жақып ақсақал секілді ел адамдарының өмірі, күнкөрісі арқылы қарапайым ауылдағы әлеуметтік тартыс ашыла түседі (Е. Байтоқов).
قند (қандмұз секілді шекерден жасалған тәтті кәмпит). Қант. Жұмағұл қария мен Қант шешейдің отасқанына елу жыл толған алтын тойы атап өтілді («Б. О».).

Қантбек. Ашылып қалған балаларын қымтап жауып, Қантбек те шықты («Жалын»).
قهار (қаһһараса құдіретті, ең күшті, барлығын қолында ұстаушы). Қаһар, Қахар. Қаһар баспалдақта тұрып айқайлап бірдеме деп еді, сөзін жел естіртпеді («Л. Ж».).
قوة (қууакүш, құдірет, жігерлілік, қайраттылық). Қуат. Ауылда Тойшыбай дейтін оташы болушы еді, сол келіп Қуаттың әкесінің сынған аяғын таңып берді (Ғ. Мұстафин).

Байқуат (қ-а). Байқуат салпы ернін бұрынғыдан да көнтите жиып ап, желкесін күдістендіре бере, бояуы оңған нұрсыздау көзін Дәуренге тосырайта тікті (3. Қабдолов).

Ерқуат (қ-а). Ерқуат бұрын көп жыл мұғалім болған кісі екен (Д. Әбілев). Етікші Ерқуатпен құрбы шығып, Қалады жатын үйге кіші отауды (Б. Адамбаев).

Кеңқуат (қ-а). Болмай ма жазсын барып, көріп түрін, Тарысын отақ басқан Ибагүлдің. Күріші Кеңқуатов, Тәжбеновтың, Иіні көтермей тұр «артқан жүгін» (Тілеген).

Қуатбай (а-қ). Қуатбай кандидаттығын қорғаған соң басқа жұмысқа ауысты («Жалын»).

Қуатбек (а-ң). Қуатбек күзеттен шолпан туа орнына келіп жатты («Л. Ж».).


قوم (қаумұлт, халық; қоғам, ұйым). Қауымбай (а-қ). Тойғанбай Қауымбаев — батыр атағын алады («Жұлдыз»).
قومة (қаума1) көтерілу (намаз оқығанда сәждеден кейін басын көтеру); 2) ауыс. күш, жігер, қуат). Қаумет. Әріп Көкбай, Қаумет, Қуанышбай тәрізді ақындармен айтысады (Б. Кенжебаев,

Ө. Есназаров).
قوية(қауииакүшті, қуатты, жігерлі, мықты әйел). Қауия. Бекеннің анасы Қауия апай — өте ақылды, ақжарқын, дана кісі еді (Ә. Бектасов).
قيصر (қайсар1) тар. Рим патшасы Юлий Цезарьдың аты, ол кейін патша титулына айналған; 2) патша, әмір, мәлік; 3) ауыс. өжет, табанды). Қайсар. Тәштитов Қайсар (1904-38) — Қазақстан комсомол ұйымы басшыларының бірі («Қ. С. Э».).

Қайсарбай (а-қ). Қайсарбай әрбір қыстаққа барып, шопандардың қашан, қайда көшетіндігіне дейін түсіндіріп кетті (С. Тұрғынбаев).

Қайсарбек (а-қ). Қайсарбек пен Нұрлан әлденеге қызыл кеңірдек болады да жатады, осы,—деді («Жалын»).
قيمة (қима1) бағалылық; бағалы, қадірлі зат; 2) баға, құн; 3) адамгершілік, сапа). Қымбат. Дәкен, Зәрия, Уақыт, Қымбат, Зәфура дегендер — біздің бойжеткендер (Ә. Дәуітов).
قيوم (қайум мәңгілік, өзгермейтін). Қайым.— Қайым әлгіндегі көріп шыққан спектакльдің әсерінен арыла алмай келеді («Л. Ж».).
(ك)
كاشيفة (кашифақұтылу, азат болу). Кәшипа. Өргенде жайылысқа ертемен мал, Болады ферма басы бейне базар. Күніне он литрдей сүт алады, Сауыншы Қибат пенен Кәшипалар (Қисса).
كافل (кафил1) қамтамасыз етуші, кепіл болушы, кепілге алушы; 2) қамқоршы; тәрбиеші). Кепілбай (а-қ). Қарсақбайдан ағайынды Бизаевтер, Кепілбай мен Толыбайлар екен (М. Қаратаев).
كامل (камил1) толық, тұтас; 2) жетілген, маңдай алды; 3) жетік). Камил, Кәмил. Камил атына қалмақы қара үзеңгілі биік қасты ер салды (Ш. Әбілтаев). Дей берме, «Өзім білем», өзеуреме, Тұрарлық бір Кәмилдің айтуына-ақ. Аппазды қаралаған қайсы сезім? Түрің бар сол кісімен шағыстырмақ («Айтыс»).

Кәміл. Кәміл ұйыған аяғын жазып, рахаттана керілді («Жұлдыз».).
كاملة (камила1) толық, тұтас; 2) жетік, жетілген). Кәмила, Кәмилә. Туған апасы Кәмиламен дидар көріспегеніне де отыз жылдың жүзі болыпты (Т. Әлімқұлов). Кәмилә апаңды көр де, шешеңді көр,—деді Құлнияз ағам (С. Омаров).
كاهن (қаһин1) абыз; 2) пайғамбар; болжаушы). Кәкен. Кәкен демалмастан бүлінген коршауды жөндей бастады («Л. Ж».).
كبيرة (кабираүлкен, зор, ұлы). Кәбира. Кәбира екіқабат болды да, мезгілді күнін өткізіп, егіз ұл тапты (Қ. Әбдіқадыров).
كتاب (китаб кітап). Кітапбай (а-қ). Әкесі балам оқымысты болсын деп, бұның атын Кітапбай қойыпты («Жалын»).
كثيرة (касира - мол, көп, маңызды). Касира.— Рас, педагогикалық бағыттағы газет, журналымыз бар, әдеби газет жөні бөлек,—деді Касира Қ. Ә».).
كراء (киражалдау; кіре). Кіребай (а-қ). Тарап барамыз. Мұнымыздың қандай бастама екенін, енді өзіңіз сараптап қараңыз!—деді Кіребай («Л. Ж».).
كرامة (карама1) құрмет; 2) жомарттық; 3) ғажап). Кәрамат. Совхоз зоотехнигі болып жас маман Кәрамат сайланды Л. Ж».).
كريم (каримжомарт, мырза, ақкөңіл, игі, шарапатты). Кәрім. Кәрім шықты жасынан, Қайратын жұрттан асырған (Сарбас). Кәрім мен сол жағындағы Рақима қосыла сөйледі (Ғ. Мүсірепов).

Әйгерім, Айкерім (қ-а). Бұның Шүкіман деген аты сұлу емес, сай емес! Жаңа ат қоямыз. Шүкіман аты қалсын, енді аты Әйгерім! Әйгерім болады,— деді (М. Әуезов).

Кәрімбай (а-қ). Жаздым мұны Ахмет Кәрімбайға, Ер жігіт түк болмайды жүрсе жайға (Жүсіп қожа).

Кәрімбек (а-қ). Қарсы жолыққан кісі өзіміз іздеп келген Кәрімбек ағай екен («С. Қ»).

Кәрімберді (а-қ). Кәрімбердінің өмір жолы Ұлы Отан соғысының отты жылдарында басталды

(М. Исаев).

Кәрімқұл (а-қ). Кәрімқұл «Кертайлақ» әнін шебер орындады («Л. Ж».).

Кәрімтай (а-қ). Еңбек ардагері Кәрімтай — ардақты әке, жұбайы Бақтыбала екеуі алты бала тәрбиелеп өсірді (К. Малдыбаев).

Керім. Керім менің көмекшім еді,— дейді ЬІдырыс (Ж. Хасенбаев).

Керімбала (а-қ). Керімбала рояльдың тілдерінде нәзік саусақтарын жүгіртіп ойната бастады

(С. Омаров). М. Әуезов суреттеген Тоғжан, Керімбала... Үмітай сықылды сұлу қыздардың портреттері біркелкі емес, алуан түрлі («Қ. Ә. Т».).

Керімбек (а-қ). Байларды конфискациялау, колхоздастыру, Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі кезеңдер Керімбектің көз алдына келіп, көңілінде кинолентадай оралып жатты (Б. Есжанов).

Керімберді (а-қ). Осы дырдудың ішінде ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін қу жақ шал Керімберді де бар (О. Сәрсенбаев).

Керімқұл (а-қ). Керімқұл атын сипай қамшылап, егістікке келе жатыр («Л. Ж».).

Керімтай (а-қ). Керімтай - ашуланшақ, шақар кісі («Жалын»).

Керімхан (а-қ). Күрішті аралап жүрген Керімхан екен (Б. Мәтенова).
كريم اللـه (карим-ул-лаһ; карим — қар. كريم ; аллаһ — қар اللـه )б. т. е. карим + аллаһ: Кәримолда, Кәримолла, Кәримулла. Кәримолда — көпті көрген, іс үстінде ысылған, өз жұмысына шебер жан Қ. Ә».).
كريم على (карим али; карим — қар. كريم ; али على ) б. т. е. карим + али: Кәрімғали. Кәрімғали арба үстінде келе жатқан керуен басы мен оның түйе бағатын жас бала жігітін ғана білетін

(X. Есенжанов).
كريمة (каримажомарт, мырза, игі, шарапатты). Кәрима. Кәрима — уылжыған жас қыз

(«Т. С».). Кәрима болса, жасыратын не бар, қынай белдің өзі (М. Қабанбаев).
كشاف (кашшаф1) ашушы (ғажаптың сырын), табушы; 2) барлаушы, шолғыншы). Кашаф. Ғизатлу уа хұрматлу ата-анамызға, бауырым Кашафқа дұғай сәлем,— деп бастады ол (Д. Әбілев).
كلمة (калима1) сөз 2) нақыл; 3) қысқа сөз). Кәлима. Бас бәйгеге ие болған Кәлима сияқты көптеген жүлдегер шеберлердің аттары белгілі (С. Қасиманов).
كمال (камалтолықтық, толық аяқталған, мүлтіксіз, жетілген). Камал. Жетім үй боп біз қалдық, Камал төртте, Сыңар бұтақ секілді қалған өртте. Арқам - бесік, етегім — төсек болды, Жылай-жылай шалындым өзім дертке (А. Тоқмағамбетов).

Камел. Алматыны жер жаннатына айналдыруға тиіспіз,— дейді Камел (Ж. Өмірбеков).

Кемал. Балықтың бар жерін барлап, біліп алмайынша кез келген аймаққа ауды үйіп-төгіп құруға әсте болмайды, — деді Кемал (Ш. Дармағамбетов).

Кемел. Кемел Тоқаев — қазақ совет жазушысы («Қ. С. Э».).

Кемелбай (а-қ). Кемелбайдың қатынымен Раушан Тасқараның тойында әлдеқалай табақтас болып, етке таласқандықтан араздасқан еді (Б. Майлин).

Кемелбек (а-қ). Қасында қой жайыстым Кемелбектің, Көз тастап кей биіктен, өлеңдеттім

(Ғ. Орманов). Кемелбек Мәслейге жолықты (I. Жансүгіров).

Кемелтай (а-қ). Кемелтай қыздың басындағы желмен үлбіреген үкісіне қарады («Жалын»).

Кемелхан (а-қ). Рабиға мен Рәшай, Кемелхан мен Күләш-ай, Ахау, Айнагүл, Сандуғаш, Қош есен бол, Қарлығаш (Қали).
كمال الدين (камал-уд-дин; камал — қар. كمال ; дин — қар. دين ) — б. т. е. камал + ад-дин: Камалиддин. Жамал Қаршидың айтуынша, ғұлама ақындардың көп шыққан жері — Сырдарияның жағасы. Солардың бірі Камалиддин Сұғнаки, екінші аты — Шайқыбаба («Қ. С. Э».).

كمالى (камалисалтанаттылық, молшылық, әдемілік, шаттық заты). Кәмали. Көшті Кәмали бастады («Л. Ж».).


(ل)
لازم (лазимқажетті, керекті). Ләзім. Ләзім мен Нағима өмірден өз орындарын тапты («С. Қ».).
لائق (лаиқ лайық, тұрарлық, ыңғайлы, қолайлы). Лайық. О, менің алтын заңым, ақ арманым, Санамның сен паш еттің жаңарғанын. Сәуледей сенің әрбір тарауыңнан іздеген ізгі үмітін табар жаным,— дейді Лайық («Қ. Ә».).
لذة (лаззат1) тәттілік, шырындық; сүйкімділік; 2) көңіл, ықылас). Ләззат, Ләззәт. Ләззаттың әсіре кызылға бой ұрмай, әлем-жәлемге бармай, өнер көрсетіп отырғаны халайыққа қатты ұнады

(Қ. Сәрсекеев). Ләззәт азынаған бойы жылығандай бұйығып, анасының бауырына тығыла түсті

(Т. Ахтанов).
لذيذة (лазизатәтті, шырын; тамаша, ең жақсы, өте әдемі) Ләзиза. Әзірге байырғы журналист Ләзиза Серғазинаның Қаракөз рөлінде ойнағаны өте әсерлі түрде есімде қалыпты (Қ. Бекхожин).
لطيف (латиф1) ашық жүзді, жайдары, жылы шырайлы, сыпайы, құрметті, сүйкімді, рақымды; 2) әсем, көркем, нәзік). Латиф, Латып, Латип. Біз Латифті көп жылдан бері білеміз (Т. Шынтасов). Иә, қазір мұнда Латип сияқты бірнеше таңдаулы дәрігер жұмыс істейді (Ә. Айдаров). Латып комбинатқа жолдамамен келіпті («Л. Ж».).
لطيفة (латифа 1) жіңішкелік, нәзіктік; 2) өткір сөз; 3) тарту, сыйлық). Латифа, Латипа. Коңырау соққан Латифаға есікті кішкентай кекілді бала ашты («Л. Ж».). Кенен айтыстарының ішінде, әсіресе, оның Ләтипа деген қызбен айтысы айрықша аталады («Қ. Ә. Т».). Айтысып, әзілдесіп қағысатын, Ортасында Ләтипа туған айдай (К. Әзірбаев).
لعل (ла ‘л1) рубин (қызыл түсті асыл тас); 2) ауыс. қызыл ерін сұлу). Лағыл. Ә.Әбішевтің драматургиялық шығармасындағы Лағыл, Сәуле сияқты замандас қыз-келіншектер есімін еске түсірмей өте алмаймыз (Ә. Сығаев).
لفظ (лафз1) үн, дыбыс шығару; 2) сөз, сөз айту). Лепес. Лепес майданға Қалжан ағаммен бірге аттаныпты (3. Шүкіров).

Ерлепес (қ-а). Ерлепестің ойқы-шойқы жаралған үлкен денесі толы қайрат («Л. Ж».).
لقمان (лукманжалқы есім). Лұқбан. Қылышев Лұқбан Қылышұлы — ғылым қайраткері

(«Қ. С. Э».).

Ұлықбек. Ұлықбек өлеңдері сыр мен сезімге бай болып келеді («Қ. Ә».).

Ұлықпан. Профессор талас тудырған сұрақтардың философиялық мән-мағынасына тоқталды,—деді Ұлықпан («Л. Ж».).
ليلى (лайла1) түнгі, кешкі уақыт; 2) жалқы есім). Ләйла, Ләйлә, Лейла, Ләйлі. Сөйтіп, Ләйла менің басымнан нәпсі-құмарлықтан туған жеңілтек ой тұманын осылай ыдыратып, лезде қуып шығатын

(Ә. Нұршайықов). Ләйләнің жұбайы осында істейді екен (К. Әміров).

--------------------------------------------------------------------------
(م)
مال(мал1) байлық; 2) мүлік; 3) ақша, капитал; 4) ауыс. төрт түлік). Малбағар (а-қ). Меңдіқұлов Малбағар — Қазақстанға еңбек сіңірген архитектор («Қ. С. Э».).

Малдыбай (а-қ). Найманбай, Малдыбай мен Қарасайлар, Әділ би айтқан сөзі ем болады

(К. Әзірбаев).

Малдыбек (а-қ). Малдыбек табан астында нілдей бұзылды («Жалын»)

Малтабар (а-қ). Біреулер Малтабар құлдырап кетті, тұрмыста азып-тозуға ұшырай бастады деп тіл тигізді (Р. Әбутәліпов). Үй ішін жинастыру жабдығында жүрген қыздар, әсіресе, Айжан Малтабардың үйге кіріп келгенін аңғармай қалды (С. Мұқанов).

ماهر (маһир1) шебер, епті; 2) аса көп білуші). Макир. Макиров Қуаныш Аманбайұлы — қазақ эпидемиологы... («Қ. С. Э».).


ماهرة (маһира1) шебер әйел; 2) көп білетін әйел). Мағира. Олар — Айгүл, Мағира, Жұмагүл, Сара (Ә. Тарази).

Мағираш (а-қ). О, тоба, өзен бе, әлде, өзге ағыс па, Бұлдырап көрінеді, көзге алыста. Бір келіншек барады көшті бастап, Келіншектау, тынымсыз қозғалыста,— дейді Мағираш Сарикова («Қ. Ә».).

Майра. Майра Уәлиқызы (1896-1926) — қазақтың әншісі, ком­позиторы («Қ. Қ».). Ыбырай, Әсет, Майра, Ақан сері Қазақтың өткен талай әншілері (К. Әзірбаев).

Махира. Төлеу мен Махираның азғыруына ерген Раяның анасы Әйнек бір аяғы жерде, бір аяғы көрде отырған Мұратбектің шешесіне тыныштық беруді қойды («Л. Ж».).
مبارك (мубарак1) бата алған, 2) аман-есен, сәтті, қүтты, бақытты; 3) ауыс. қадірлі, қасиетті, қайырлы). Мүбарак, Мүбәрәк. Мүбәрак баланы көтере бергенде аяғы тайып, оңбай жығылды («Жалын»). Мүбәрак «Шықпаймыз» деп болмады (І. Жансүгіров).

Уа, жігіттер!деді Мүбәрәк (Ә. Сәрсенбиев).


مبين (мубинайқын, анық, ақиқат). Мүбін. Мүбін «Ил-18» әуе кемесінің баспалдағымен төмен түсіп келеді («Л. Ж».).
مبينة (мубинаайқын, анық, ақиқат). Мубина, Мүбина, Мұбина. Қазақ қыздарының ішінен алғаш рет таң шолпанындай жарқ еткен тұңғыш дәрігерлер — Аққағаз Досжанова, Мағрифа Қойбағарова, Мубина Ниязовалар (Ә. Жәкетова). Мүбинаны өнерсүйгіш қауым айрықша қадір тұтады (М. Сатыбалдиев).
متين (матинберік, орнықты, нық, мықты). Мәтен. Төр алдында Мәтен шалқасынан түсіп, ұйықтап жатыр («Жұлдыз»).
مثر (муср1) бай; 2) миллионер). Мүсір. Мүсір шал есегіне мініп, күнде осы арадан өтеді («Жалын»).
مثر على (муср ‘али; муср — қар. مثر ; али — қар. على ) — б. т. е. муср + али: Мүсірәлі. Мүсірәлі мен Түркеш Динаға Салауаткерейден де басқа көрінді (С. Бақбергенов). Оразтай, Оразалы, Мүсірәлі деген үш інісі бар (Ж. Арыстанов).
مجيد(мажиддаңқты, атақты, мақтаулы). Мәжит. Қасында Мәжит Дәулетбаев бар екен

(М. Хакімжанова).

Мәжитбек (а-қ). Мәжитбекке осылай деп дүрсе қоя берді (Е. Ахатов).

محاط (мухатқоршалған). Мұқат. Бүгін ойымнан Мұқат шықпай қойды («Жұлдыз»).


محبوبة (махбубасүйікті; ұнаған). Махбуба, Макбуба. Араб қызы Махбуба, Сөз айтпадым шешіліп. Сен ұқсадың аққуға, Теңіз жатты көсіліп (Қ. Салықов).
محسن (мухсинигілікті, рақымды; жарылқаушы, есіркеуші). Мұхсын. Баубек Бұлқышев 1940 жылдың 6 наурызынан бір топ жолдастары Ғазиз Әбішев, Мұхсын Ермековпен... Отан алдындағы қасиетті борышын өтей бастады (С. Асқаров).
محسنة (мухсинаигілікті, рақымды (әйел). Мұхсина. Жайласып отырып, алдарына Мұхсинаның ас жаулығы жайылған кезде... (І. Жансүгіров).
محفوظة (махфуза1) сақталған; 2) жадында қалған, есте сақталған). Махфуза, Мақфуза, Мақпуза. Махфузасы мен Ертісін мәз-мейрам етіп келе жатқан Исаны көрдім (К. Омарұлы). Махпузаның атасы ертегілерді, батырлар жырын жатқа білуші еді («Л. Ж».).
محكم (мухкамжақсы істелген; жетілген; берік, орнықты, нық, мықты). Бекем. Жат кісіге кішкене Бекем тесіле қарайды («Жалын»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет