Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет82/96
Дата22.02.2023
өлшемі1.11 Mb.
#469915
түріСабақ
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   96
аза cтан Республикасы білім ж не ылым министрлігі

Сауалнама№ 1.
Мақсаты: Мектепте мұғалімдердің оқуын, дамуын, өзін-өзі дамытуын ынталандыратын және кедергі жасайтын факторларды анықтау.
Сіздің оқуыңызды және дамуыңызды ынталандыратын және кедергі жасайтын факторларды бес баллдық жүйемен бағалаңыз:
5 — иә, (кедергі жасайды немесе ынталандырады);
4 — жоқ дегеннен гөрі, иә;
3 — иә да емес, жоқ та емес;
2 — иә дегенен гөрі, жоқ;
1 — жоқ.
Кедергі жасайтын факторлар
1. Өзіндік салғырттық.
2. Бұрын болған сәтсіздіктердің нәтижесіндегі түңілу.
3. Осы мәселеге басшылар тарапынан қолдаудың және көмектің болмауы.
4. Сіздегі өзгерістер мен жаңаға деген ұмтылысты жақтырмайтын айналадағыларыңыздың қастығы (күншілдік, қызғаншақтық).
5. Ұжым мүшелерімен және басшылармен бірдей емес кері байланыс, яғни өзіңіз туралы объективті ақпараттың болмауы.
6. Денсаулық жағдайы.
7. Уақыттың жетіспеушілігі.
8. Шектеулі ресурстар, қиналған өмірлік жағдайлар.
Ынталандыратын факторлар
1. Мектептегі әдістемелік жұмыс.
2. Курстардағы оқу.
3. Әріптестердің өнегесі мен ықпалы.
4. Басшылардың өнегесі мен ықпалы.
5. Мектепте еңбектің ұйымдастырылуы.
6. Басшылардың осы мәселеге көңіл бөлуі.
7. Сенім.
8. Қызметтің, жұмыс жағдайының және эксперимент жүргізу мүмкіндігінің сонылығы.
9. Өз бетімен білім алумен айналысу.
10. Жұмысқа деген қызығушылық.
11. Жауапкершіліктің артуы.
12. Ұжымда қадірлеушілікке ие болу мүмкіндігі.


Микрозерттеудің деректерін өңдеу
Мұғалімнің оқуы, дамуы және өзін-өзі дамытуы

Мұғалімнің өзін-өзі дамытуға қабілеті

Мұғалімнің Т.А.Ә.

Ынталанды-ратын факторлар

Кедергі жасайтын факторлар

Шаралар жүйесі

1. Белсенді өзін-өзі дамыту













2.Жағдайларға байланысты қалыптаспаған өзін-өзі дамыту













3.Тоқтатылып қалған өзін-өзі дамыту













Сауалнамаларды өңдеу нәтижесінде мұғалімдердің үш санаты анықталады, тектері мұғалімдердің өзін-өзі дамытуға дайындығының дәрежесіне сәйкес кестеге енгізіледі. Кедергі жасайтын және ынталандыратын факторлар да орташа балл көрсеткіштері көмегімен салыстырылып (ранжируются), кестеге енгізіледі.


11. тақырып. Педагогтың беделі .


Беделді мұғалім қандай болу керек? Шығарма жазу.
Шынайы беделге ие болу үшін мұғалімде қандай қасиеттер болуы керек?
Қасиеттерді екі топқа бөліп жазып келіңіздер. Оң жаққа беделді болуға қажетті қасиеттерді, сол жаққа жағымсыз, беделді түсіретін қасиеттер тізбегін.
Педагогикалық жағдаяттарды саралау.
7 сыныпта басқа мектептен үш қиын оқушы қабылданды. Сыныта оқушылар аралықтарында іріткі туып, оқушылар топ-топқа бөліне бастады. Тәртіпте те төмендеді. Сынып жетекшісі сыныптағы беделді балаларға сүйеніп, қиын балаларды тәртіпке шақырып, сынып дәстүрін мойындауды талап етті.
Бұл жағдайда басқа сынып жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап, балалар коллективі бұл істен сырт қалды. Сынып жетекшілердің іс әрекеттерін салыстырыңыз, сіз не істер едіңіз?

12. тақырып. Педагогтың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.


№1 жаттығу. Келесі сөздерге синонимдер келтіріңіз:әдемі, тез, естен кетпес, нәзік.
№2 жаттығу. Бірнеше мағынасы бар бір сөзбен бірнеше сөйлем құру.
№3 жаттығу. Бір сөйлемді түрлі көңіл күйде айтып беру.
№4 жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құру.
№5 жаттығу.Қанатты сөздердің мағынасын түсіндіру.
№6. жаттығу. Келесі сөздерден әңгіме құру: қолтырауын, жаңбыр, қайық, қолшатыр, кілт, раушан гүл, күзетші, бөлме, терезе.

13. тақырып. Кәсіптік шеберліктің құрамдас бөлігі педагогикалық карым- қатынас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет