Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануын жіктеу кестесі.
Химиялық ластану түрлері
|
Табиғи ортаға тигізетін әсері
|
Адамға тигізетін зардабы
|
1. Ауыр металдар
|
Автокөліктерден бөлінетін зиянды газдар.
|
Улы газдар адам өмірін бірнеше жылға қысқартады
|
2. Қышқыл жауындар
|
Көмірқышқылының көбеюі, оттегігің азаюы
|
Адам баласына зияны тиеді, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар зардап шегеді.
|
3. Радиация
|
Химиялық улы заттардың ауаға жиналуы
|
Адам баласы сәуле ауыруына ұшырайды.
|
4. Биологиялық, бактериялық жолмен ластану.
|
Биологиялық қару сынаған жер Қазақстанда Арал теңізі
|
Адам биологиялық ластанудан оба, шума, алапес, т.б. ауыруларына шалдығады
|
5. Космосты игеруге байланысты қоршаған ортаға келетін зияндар
|
Ракеталардың ұшырылуы, атом қаруларын сынау
|
Азон қабатының жұқаруына байланысты ультракүлгін сәулелер тіршілікті жояды
|
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы
Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электромагниттік сәле шығару мен зарядталған бөліктерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы – радиоактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектермен шығарылған сәулелер адамның оргаизміне түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.
Радиациялық ластанудың негізгі көздері – альфа, гамма және бэта сияқты радиоактивті сәулелер.
Адамның іс әрекеті нәтижесінде биосфераның ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиоактивті заттар өте кең өолданылуда. Осы элементтерді тасымалдауға болатын немқұрайдылықтың нәтижесінде өте радиациялық ластану болады. Мысалы, атом қаруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеп соғады. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, түрлі атом электростанциялары, мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір қайықтарды кең түрде пайдалана бастады. өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дұрыс жұмыс істегенде қоршаған ортаның радиоактивті нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Осы атомдық энергияны пайдаланатын мекемелерде авария болған кезеңде жағдай өзгеше болады. Радиациялық ластану нәтижесінде түскен радиоактивті шөгінділердің өзі бірнеше мыңдаған км-лерге дейін таралады. Қазіргі кезде әскери өнеркәсіптің радиоактивтік қалдықтарын сақтау мен жою мәселесі тұр. Ол қалдықтар жыл санап қоршаған орта үшін аса қауіпті бола түсуде.
Радиоактивті ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергиясын Американдықтар соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан бұрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт мақсатта пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сақтандыру шаралары қоса жүргізіледі, өйткен, атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде адам өміріне қауіпті радиоактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес. Радиоактивті қалдықтарды теңізге, мұхитқа, өзенге тастау рұқсат етілмейді. Қалдықтар баллондарға салынып, цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Атом энергетикасының мәселелері миллиондаған адамдарды ойландыруды. Атом электростанцияларындағы аппараттарға немқұрайлы қарауға болмайды. Олардың ойламаған жерден апатқа ұшырауы – объективтік шындық. Солардың бірі Чернобыль ядролық апаты. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы ешуақытта болмаған апат. Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиоактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған.
Біздің республикамызда Семей ядролық сынағы аймағына тоқталып кетейік. Мұнда 40 жылдан астам уақыт ішінде 500-ден астам жер асты және жер бетінде түрлі жарылыстар болып, жарылған заттардың қуаты Чернобыль апаты кезіндегі жарылғыш заттардың қуатынан бірнеше мың есе асып кеткен. Осы жарылыстың 27-сі атмосферада, 113-і жер бетінде, ал қалғаны жер астында жүргізілген. Олардың радиоактивтік қалдықтары жарты миллион адамға зиянын тигізгені белгілі болып отыр. Семей полигонынан басқа Қазақстан жерінде 27 әртүрлі термоядролық сынақтар өткізілетін әскери полигондар болғанын жасыруға болмайды. Олар негізінен Батыс Қазақстандағы Азғыр, Тайсойған, Нарын полигондары.
Атмосфераның азон қабатының жұқаруы күн радиациясы сәулелерінің жер бетіне өту қаупін туғызады. Міне, осы кезде ядролық энергияны пайдалану адамзат алдында көптеген мәселелерді шешуде.
Достарыңызбен бөлісу: |